Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»


Дәріс 16. Ет өнеркәсібіндегі ығыстырғыштар конструкциясының жіктелуі мен ерекшеліктері



бет9/18
Дата09.06.2016
өлшемі7.28 Mb.
#124992
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Дәріс 16. Ет өнеркәсібіндегі ығыстырғыштар конструкциясының жіктелуі мен ерекшеліктері

Тегеурін туғызуға арналған құрылғылар немесе ығыстырғыштар төмендегідей жіктеледі:



  • сыйымдылықты ығыстырғыш-блоутанктер немесе айдағыш бактер;

  • механикалық ығыстырғыш-сораптар.

Ығыстырғыштар жұмысшы циклінің құрылымы бойынша мерзімді (поршенді және плунжерлі сораптар және т.б) және үздіксіз әрекетті болады.


Өніммен түйісуі бойынша:

  • жұмысшы органы айналмалы немесе ілгерілемелі-кейінді механикалық қозғалыс жасап, өнімге тікелей әсер ететін ығыстырғыштар, яғни сораптар;

  • ығыстырғыш орта өнімге әсер ете отырып, оны құбыр өткізгішке ығыстыратын ығыстырғыштар;

  • ығыстырғыш орта өнімге эластикалық қабырға арқылы әсер ететін ығыстырғыштар.

(Соңғы екі жағдайдағы ығыстырғыштарды блоутанктер деп атайды).
Блоутанктер су қосылған өнімдерді айдайды. Сораптар өнімді су қоспай-ақ сора алады.
Блоутанктерде ығыстырғыш орта ретінде сығылған ауа, бу, инертті газ және су қолданылады. Соңғы орта эластикалық қабырғалы ығыстырғыштарда ғана қолданылады.
Автоматтандыру деңгейі бойынша ығыстырғыштар қолмен және автоматты басқарылатын болып жіктеледі.

Қолмен реттеуде келесілерді қамтамасыз ету қажет:

а) техника қауіпсіздігін қатаң қадағалау;

б) орта вентильдерін беруді қосудың қатаң тізбектілігі.


Себебі, егер қысым кішкене жоғарыласа, онда қысылған ауа немесе газ блоутанкті жаруы мүмкін. Автоматты блоутанктер өте күрделі, бірақ неғұрлым қауіпсіз болып табылады.
Блоутанктердің конструкциясы әртүрлі болып келеді. Конструкциялардың біреуінің құрылымы төмендегідей:

  • түйіспелі сыйымдылықты блоутанк сфералы бүйірлік қабырғалармен жабдықталған көлденең цилиндрлі сыйымдылықты болып табылады;

  • сыйымдылықтың жоғарғы бөлігінде:

а) қарауға арналған люк;

б) айдалатын ортаны беруге арналған түтікше;

в) қысылған ауа немесе буды беруге арналған вентильді және манометрлі құбыр;

г) сақтандарғыш клапан.



  • сыйымдылықтың төменгі бөлігінде:

а) ығыстырылатын ортаға арналған құбыр өткізгішке жалғанған түтікше;

б) майды ағызуға арналған құбырдың түтікшесі.



  • сыйымдылықтың ішіндегі шарнирде ішкі қимасы әрқашан сұйық бетінде жататын (қалтқы есебінен) құбыр орналасқан;

  • бұл құбыр ерітілген майды қабылдауға арналған.

Дәріс 17. Ет өнеркәсібінде қолданылатын сораптар мен шприцтер


  1. Шприцтердің жіктелуі

  2. Мерзімді әрекетті шприцтердің конструктивті ерекшеліктері

3. Үздіксіз әрекетті шприцтердің конструктивті ерекшеліктері
Су сияқты тұтқырлығы аз өнімдерді сору үшін ортадан тепкіш сораптар ыңғайлы болып табылады.

Қою және тұтқыр өнімдер үшін ротационды сораптар қолданылады:

а) шестерналы - май, ет турамасы үшін;

б) эксцентрикті-қалақшалы - май, ет турамасы, шыжық, қан, сорпа үшін;

в) поршенді - ет турамасы, май, сулы жұмсақ конфискаттар, каныга үшін;

г) героторлы (немесе бір бұрандалы) - қан үшін;

д) стакандармен жабылған қалақшалы - май, қан үшін;

е) шлангілі және диафрагменді - қышқыл орта, еріткіштер мен экстракттар үшін.

Ығыстырғыштардың алғашқы төрт алғашқы типі шприцтердің жұмысшы органы ретінде де қолданылады.

Шприц - шұжық қабықшаларын ет турамасымен мәжбүрлі толтыруға арналған сорап.

Шприцтерге қойылатын негізгі технологиялық және конструктивті талаптар:


  • шприцтеу кезінде ет турамасының бастапқы құрылымды-механикалық қасиеттері өзгермеуі тиіс, ол үйкелмеуі қажет және ұсақталмауы керек;

  • шпиктердің кесек пішіні мен олардың ет турамасының жалпы массасындағы таралуы өзгермеуі тиіс,

  • ет турамасына ауа, май және басқа да бөгде бөлшектер түспеуі қажет;

  • ет турамасын беру үшін тиеу орнынан шыққанға дейін ет турамасы қозғалысының минималды жолында өстік қысым пайдаланылуы қажет;

  • шприцтің жұмысшы органының конструкциясында жұмысшы бөлшектерді бұзып-қайта құрау, ет турамасымен жанасатын барлық беттерді жуып-шаю мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс;

  • мүмкіндік болса ет турамасының өту жылдамдығын реттеу, жүктеу бойынша барлық операцияларды толық механизациялау, ет турамасын тегістеу мен тығыздау қарастырылуы қажет.

Шприцтердің жіктелуі


1. Өндірістік қолданылуы бойынша

а) әмбебап шприцтер;

б) арнайы мақсаттаға шприцтер.
Әмбебап шприцтер диаметрі мен шұжық батонының ұзындығы әртүрлі шұжық өнімдерінің кез келген түрін өндіруге арналған.

Арнайы мақсаттаға шприцтер шұжық бұйымдарының белгілі түрлерін өндіруге арналған машиналар. Мысалы:



  • сосиски, сарделки - «Донбасс» шприц-мөлшерлегіші, «Франк-а-Матик» автоматы және т.б.;

  • жыртылай ысталған және шикі ыстылған шұжықтар - «Кремер Греббе» пневматикалық шприцтер желісі және т.б.

2. Жұмысшы циклдің құрылымы бойынша

а) мерзімді әрекетті шприцтер;

б) үздіксіз әрекетті шприцтер.


3. Жұмысшы орган ығыстырғыштың конструкциясы бойынша

а) поршенді;

б) эксцентрикті-қалақшалы;

в) шестерналы;

г) бұрандалы (шнекті);

д) роторлы-поршенді ығыстырғыштар.


Ығыстырғыштардың бірінші типі мерзімді әрекетті, ал қалғандары үздіксіз әрекетті шприцтерге тән.

4. Шприц жетегінің конструкциясы бойынша

а) гидравликалық жетекті шприцтер (гидрошприцтер);

б) пневматикалық жетекті шприцтер (пневмошприцтер);

в) механикалық жетекті шприцтер - ескірген шприцтер;

г) электромеханикалық жетекті шприцтер.


Жетектердің алғашқы үш типі мерзімді әрекетті, ал соңғы типі үздіксіз әрекетті шприцтерге тән.
5. Ет турамасын деаэрациялау мүмкіндігі

а) ет турамасын аэрацияламайтын шприцтер (қарапайым шприцтер);

б) ет турамасын аэрациялайтын шприцтер (вакуумды шприцтер).
Мерзімді әрекетті шприцтердің конструктивті ерекшеліктері

Мұндай шприцтер:



  • бір мезгілде поршенді типті ығыстырғыш болып табылатын ет турамасын қабылдау шанағынан;

  • ет турамасын шығару құрылғысы - ішек қабықшасы киілетін ауыспалы құбыршадан;

  • шприц жетегінен тұрады.

Поршенді ығыстырғышты шприцтердің артықшылықтары:

  • жоғары өстік қысым мен өту жылдамдығын қамтамасыз етеді;

  • қою тұтқыр ет турамасын жақсы ығыстырады;

  • өнімге минималды әсерді қамтамасыз етеді, яғни шпик өз пішінін жоғалтпайды;

  • кез келген шұжық түрлерін өндіруге қолданылады (алдымен сервелат, салями және т.б. жоғары сапалы шұжықтар өндірісінде). Ет турамасының қысымы мен өту жылдамдығын өзгерту (қажет болғанда) мүмкіндіктеріне ие.

Үздіксіз әрекетті шприцтердің конструктивті ерекшеліктері
Үздіксіз әрекетті шприцтердің құрылымы төмендегідей:

  • ығыстырғышқа берер алдында ет турамасын қабылдауға арналған төңкерілген конус немесе пирамида түріндегі шанақ;

  • осы немесе басқа конструкциядағы ығыстырғыш;

  • ет турамасын шығаруға арналған құрылғы;

  • шприцтің жетегі;

  • ығыстырғышқа қызмет көрсететін механизмдер (фильтр, вакуум-сорап және т.б.).

Шприцтің жұмысы ең алдымен ығыстырғыштың конструкциясымен анықталады. Ығыстырғыштардың әрбір типінің өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оларға байланысты шприцтердің қолдану аймағы анықталады.



Шестерналы ығыстырғышты шприцтердің артықшылықтары:

  • олар шпиксіз тұтқырлығы аз ет турамаларын беруге арналған. Осыған байланысты сосиска және сарделка өндірісінде қолданылады.

Шприцтердің технологиялық есептеуі

Кеңінен тараған үздіксіз әрекетті екі шнекті шприцтердің өнімділігі ет турамасының жылдамдығы (0) мен оның жұмысшы камерасының көлденең қима ауданына (f) тәуелді:


М0 = 0·f, м3

Екі шнекті және екі бұрандалы ет турамасын ығыстырғыштардың конструкцияларын талдау нәтижесі ауданның үйлесімді мәнін анықтауға мүмкіндік береді.

f = (1,3 -1,4) ·(D2 - d2)/4, м2

Ет турамасы қозғалысының нақты өстік жылдамдығы бұрандалы немесе шнекті ығыстырғыш тудыруға қабілетті максималды жылдамдықтың кішкене үлесі ретінде анықталуы мүмкін:

0 = ··мах, м/с

мұнда  - ет турамасының саңылаулар арқылы өтуін ескеретін коэффициент, ол қоректену қысымына байланысты кең ауқымдағы 0-ден 1,0-ге дейінгі мәндерді қабылдайды;

 - бұрандалармен туындаған максималды мүмкіндік жылдамдықтан (0,28-0,35) ет турамасының қалуын ескеретін коэффициент;

мах - өстік жылдамдықтағы ет турамасы қозғалысының максималды мүмкіндік жылдамдығы:

мах = r tg с, м/с (4)

мұнда  - шнек немесе бұранданың бұрыштық жылдамдығы, с-1;

r - шнек немесе бұранданың максималды радиусы, м;

с - шнек немесе бұранда арнасының орташа бұрышы, град.
Дәріс 18. Ет өнеркәсібінде қолданылатын араластырғыштар

Ет өнеркәсібінде қосып араластыру және араластыру сияқты технологиялық операциялар кеңінен қолданылады.

Қосып араластыру дегеніміз өнімнің негізгі массасының көлемінде бір немесе бірнеше компоненттерден біртекті қоспа алу процесі. Араластыру - өнімге белгілі консистенция беру процесі.


Бұл процестер механикалық, пневматикалық және импульсті әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін.


Механикалық әдістер:

а) шнек немесе серіппелі бұрандалар сияқты айналмалы қалақшалар көмегімен;

б) араластырғыш (барабанды араластырғыштар) сыйымдылығының айналысы көмегімен;

в) сопла, саңылау және жылдам айналатын бөлшектер арқылы массаның өтуі арқылы жүзеге асырылады.


Пневматикалық әдістер қысылған ауа және бу арқылы, ал импульсті әдістер ультрадыбыспен дыбыстандыру немесе электрогидравликалық әсерлер көмегімен жүзеге асырылады.
Араластырғыштарда сұйық, сусымалы, сонымен қатар кесек, қамыр тәрізді өнімдер мен ет турамалары араластырылады.

Сұйық өнімдер үшін тік араластырғыштар қолданылады:

а) радиалды орналасқан түзу көлденең немесе пропеллерлі қалақшалы;

б) тік қалақшалы.


Сусымалы, қамыр тәрізді және кесек өнімдерді, сонымен қатар ет турамасын араластыру үшін мерзімді және үздіксіз әрекетті, конструкциясы бойынша алуан түрлі араластырғыштар қолданылады.

Оларда негізінен шнекті, бұрандалы, қалақшалы және барабанды жұмысшы органдар қолданылады.

Әрбір араластырғыш тұрықтан тұрады, онда төмендегілер орналасқан:


  • жұмысшы камера - науалы немесе сопақ тәрізді араластырғыш сыйымдылық (дежа);

  • араластырушы орган - шнек немесе серіппелі бұранда, қиғаш орнатылған көлбеу қалақшалы білік немесе Z тәрізді қалақшалар;

  • мерзімді әрекетті араластырғыштар үшін дежаны лақтыру механизмі;

  • үздіксіз әрекетті араластырғыштар үшін шығаруға арналған механизм;

  • қосалқы тораптар, мысалы араластырғыштар атмосфералық қысыммен немесе вакуумде жұмыс істейтіндіктен вакууммен қамсыздандыру жүйесі.



Дәріс 19. Біртекті емес сұйық, пластиналы және сусымалы денелерді (жүйе) механикалық бөлуге арналған жабдықтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет