Жұмыс бағдарламасы ф со пгу 18. 3/30 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Дата01.07.2016
өлшемі2.55 Mb.
#171254
түріЖұмыс бағдарламасы
Оқу жұмыс бағдарламасы Ф СО ПГУ 7.18.3/30


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы
Қазақстанның шалғынды жайылма өңірін пайдаланудың экологиялық негіздері пәнінен
5В060700- Экология мамандығының күндізгі оқитын студенттеріне арналған
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар




Жұмыс бағдарламасы жұмыс оқу жоспары және элективті пәндерінің каталогы негізінде әзіренген оқу жұмыс бағдарламасының бекіту парағы






Ф СО ПГУ 7.18.3/34

БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

___________Н.Э.Пфейфер

«___»___________ 20__ ж.


Құрастырған: аға оқытушы Сейтжанова Д.Д _______________

Биология және экология кафедрасы

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстанның шалғынды жайылма өңірін пайдаланудың экологиялық негіздері пәні бойынша

5В060700 - Экология мамандығының күндізгі оқитын студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы жұмыс оқу жоспары және 5В060700 мамандығының элективті пәндерінің каталогы негізінде әзірленген және С.Торайғыров атындағы ПМУнің ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілді «__» _____ 20___ж. № ____ хаттамасы


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» ___ 2012ж. хаттама № __


Кафедра меңгерушісі _____________ Жумадина Ш.М « » ______2012ж.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды “___” ___ 2012 ж. Хаттама № __
ОӘК Төрағасы ____________ Р.Ж. Нұргожин « » ______2012ж.
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _______________ К.К.Ахметов « » ______2012ж.


ОӘБ МАҚҰЛДАНДЫ

ОӘБ бастығы ____________ А.А. Варакута « » ______2012ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінен құпталған. № __ хаттама

«___» ______ 2012ж.



Пәннің мақсаты мен міндеттері және оның оқу процесіндегі орны
Курстың мақсаты:

Шөптердің қоршаған орта мен пайдалану әсерінен туындайтын қолайсыз жағдайларға төзімділігі. Өсімдіктердің тіршілігінің барысы мен қайта жаңғыру ерекшеліктерін (биологиясын) білу; олардың сыртқы жағдайларға қарым қатынасын, былайша айтқанда, ылғалға, жылуға, жарыққа, қоректік заттарға, т.с.с. деген талаптарын (экологиясын) қарастыру.



Курс міндеттері:

  • шалғын шаруашылығы мен шабындық ісін жүргізудің биологиялық және экологиялық негіздерін;

  • шалғындықтарда өсетін өсімдіктер мен жекелеген шөптердін өндірістік қасиеттерін, ерекшеліктерін және құндылығын білу;

  • өсімдіктерді зерттегенде, олардың көптеген ұрпақтар бойы өз бойларына жинаған пайдалы қасиеттерін іздеу керек.

Студент нені білу керек:

  • шөптерді сыртқы көрінісі бойынша ажырату, аттарын білу;

  • барынша құнды және кең тараған шөптердің шаруашылық жағырапиясын: негізгі шабындық шалғындықтар мен жайылымдарда өте көп кездесетін және сол жерлерге мейлінше тән түрлерін білу;

  • шөптердің мына төмендегілермен айқындалатын шаруашылықтық құндылығын білу;

  • өсімдіктердің экологиясын, экологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін білу;

  • көпжылдық шөптердің биологиясын, былайша айтқанда, шөптердің орта мен пайдалану жағдайларына бейімделгіштік қасиеттерін ашу, өсімдіктердің түрлі жағдайларда да мол балауса және өнім беру қабілетін айқындау сияқтыларды білу.

Студент нені істей білу керек:

Экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс.



Пререквизиттер:

«Қазақстанның шалғынды жайылма өңірін пайдаланудың экологиялық негіздері» пәнін игеруге қатысты пәндер: топырақтану, зоотехния, ботаника, экология және т.б.



Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: орман шаруашылығы ісін.

Мамандықтың Ф СО ПГУ 7.18.3/32

оқу жоспарынан

көшірме
Қазақстанның шалғынды жайылма өңірін пайдаланудың экологиялық негіздері пәні бойынша

5В060700 - Экология мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Оқу түрі

Оқу жұмысының көлемі

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Курс және семестр бойынша сағаттардың бөлінуі

кредиттер

академиялық сағаттар

кредиттер

аудиториялық сабақтар

(ак. сағ)



СӨЖ

(ак. сағ)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сын

КП

БЖ

жалпы

дәр

тәж.

жалпы

СРСП

Кәсіби орта білім

3

135

45

90

5

-

-

-

5

3

45

15

30

90

22,5

Кафедра меңгерушісі _____________ Жумадина Ш.М « » ______2012ж.



Пәннің мазмұны

1 Пәннің тақырыптық жоспары


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Пән тақырыбының атаулары

Сағат саны

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

1

Кіріспе. Қазақстанның шалғынды жайылымдарды зерттеу ісінің алдында турған міндеттер

1

3




2

Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктерінің биологиясы мен экологиясы

1

4




3

Малазығындық шөптердің тұқымынан және вегетациялық жолмен жаңғыруы

1

3




4

Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктерінің экологиясы хақындағы мәліметтер. Өсімдіктердің жарықпен арақатынасы.

1

3

10

5

Өсімдіктердің ылғалмен арақатынасы.

1

3

10

6

Өсімдіктердің топырақпен арақатынасы.

1

1

10

7

Өсімдіктердің қыс пен қуаншылыққа төзімділігі.

1

1

10

8

Астықтұқымдас шөптер. Сыртқы құрылысы мен пішіндері.

1

2

10

9

Астықтұқымдастардың жағрапиясы мен экологиясы. Астықтұқымдастардың шаруашылықтық құндылығы.

2

3

10

10

Бұршақ тұқымдас шөптер. Сыртқы құрылымы мен пішіндері.

1

3

10

11

Бұршақтұқымдастардың өсетін өңірлері мен экологиясы. Шаруашылықтық құндылығы.

2

2

10

12

Шөп шабу, мал жаю және өртеу әсерінен өсімдіктердің өсіп жетілуінде болатын өзгерістер.

2

2

10




Барлығы

15

30

90

Пән бойынша барлығы 135



2 Пән тақырыптарының мазмұны
1 Тақырып Кіріспе. Қазақстанның шалғынды жайылымдарды зерттеу ісінің алдында турған міндеттер.

Шалғындықтарда өсірілетін шөптердің саны, олардың пішен, көк балауса, сүрлем түрі шаруашылықта құндылығы. Шалғындықтарда өсетін өсімдіктер мен жекелеген шөптердін өндірістік қасиеттерін, ерекшеліктерін және құндылығын білу. Малазығындық шөптер: сыртқы көрінісі, құндылығы, морфологиясы, қасиеттері және экологиясы. Шалғындық шөптердің шаруашылықтық топтары.



2 Тақырып Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктерінің биологиясы мен экологиясы.

Өсімдіктердің өсуі мен жетілуі. Өсімдіктердің тіршілік ету қалпын зерттеу (өсімдіктер тіршілігінің қаншалықты ұзақтығы мен олардың тұқымнан және вегетациялық жолмен жаңғару мәселелері; жылдың қолайсыз уақыттарын қалай өткізуі; вегетациялық кезең бойына өсіп жетілу). Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер.



3 Тақырып Малазығындық шөптердің тұқымынан және вегетациялық жолмен жаңғыруы.

Өсімдіктердің тұқымынан және вегетациялық жолмен жаңғыру қабілетінің шалғындық жайылымдық шаруашылық маңызы. Өсімдіктерді қолайсыз маусымды өткізу, қайта өсу және таралу тәсілдері.



4 Тақырып Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктерінің экологиясы хақындағы мәліметтер. Өсімдіктердің жарықпен арақатынасы.

Жарық, температура, су, топырақ және т.б. жағдайлар өсімдіктердің өсуі мен жетілуіне жақсы орта қалыптастырады. Өсімдіктердің тіршілігінде тәулік бойына түсетін жарықтың маңызы.



5 Тақырып Өсімдіктердің ылғалмен арақатынасы.

Ылғалдану жағдайларына байланысты, өсімдіктерді үш топқа бөледі: ксерофиттер, мезофиттер және гидрофиттер. Раңтәріздес өсімдіктер: шытырмақ, ақтаспалар және т.б. Ұшпашөптер: баданалы көде, құм өлеңшөбі, шөл өлең, шөбі, т.б.



6 Тақырып Өсімдіктердің топырақпен арақатынасы.

Өте құнарсыз топырақтарда тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер. Тек құнарлығы жоғары топырақтарда ғана айтарлығтай көлемді балауса беретін өсімдіктер. Аралық топ - құнарлығы шамалы және құнарсыз топырақтар өсімдіктері.



7 Тақырып Өсімдіктердің қыс пен қуаңшылыққа төзімділігі.

Өсімдіктер өз дамуының түрлі кезеңдерінде әртүрлі температураны талап етеді. Көпжылдық өсімдіктер көп уақыт бойы ауарайына байланысты түрлі жағдайларды басынан өткізе отырып, бұларға біртіндеп бейімделеді.



8 Тақырып Астықтұқымдас шөптер. Сыртқы құрылысы мен пішіндері.

Астықтұқымдастардың көпшілігінің малазығындық құңдылығы өте жоғары. Өндірістік тұрғыдан маңызды ерекшеліктері. Тамыр жүйесінің құрылыстық маңызы.



9 Тақырып Астықтұқымдастардың жағрапиясы мен экологиясы.

Астықтұқымдастардың шаруашылықтық құндылығы.

Шалғындықтардың мейілінше кең тараған түрлерінің шөп шүйгінінде жие кездесетін және көп болатын астықтұқымдастар. Аймаққа тән, кең тараған, жиі және көп кездесетін, бірақ өсетін жерлеріне қарай ерекше топтарға жататындар. Аймақ үшін дағдылы, бірақ сирек кездесетін және аздау болатын астықтұқымдастар.

10 Тақырып Бұршақ тұқымдас шөптер. Сыртқы құрылымы мен пішіндері.

Бұршақтұқымдастардың шалғындық пайдалану мен шалғындық шаруа шылығында маңызы бар жерүстіндік және топырақарасындық мүшелері құрлымының ерекшеліктері.



11 Тақырып Бұршақтұқымдастардың өсетін өңірлері мен экологиясы.

Шаруашылықтық құндылығы.

Бұршақтұқымдастардың өсетін жерлеріне қарай топтарға бөлінуі. Кейбір жағдайда болмаса, бұршақтұқымдастардың желінгіштігі өте жақсы. Бұршақтұқымдас шөптердің өнімділігі мен түсімділігі.

12 Тақырып Шөп шабу, мал жаю және өртеу әсерінен өсімдіктердің өсіп жетілуінде болатын өзгерістер.

Мал жаюдың өсімдіктерге әсері. Өртеудің өсімдіктерге әсері. Мал жаюдың әсерінен тың және бұрыннан тыңайған жерлердегі өсімдіктердің өзгеруі.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5)


  1. Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны


1 Тақырып Шалғындық мал азығы шаруашылығы. (3 сағат)

Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта табиғи шабындық пен жайылымның негізгі типтері. Мал шаруашылығындағы шалғынның мал азығын өндірудегі орны. Бүгінгі кезеңдегі табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы.

Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде шалғындың шаруашылығының дамуы мен келешегі. Еліміздегі және шет елдердегі шалғынтану ерекшеліктері.

Мал азықтық жерлерді жіктеу оның көлемі. Әртүрлі аймақтарда таралуы. Табиғатта өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына адамзаттың тигізетін әсері: шөп шабу, суары, минералды тыңайтқыштар пайдалану, гербицидтер пайдалану т.б. Табиғатты қорғау міндеттері.



  1. Тақырып Шалғынтанудың биологиялық және экологиялық негізері. (4 сағат)

Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілік жүйелері және олрдың жем шөптік ерекшеліктері. Өсімдіктердің өркен құру және тамыр жаю ерекшеліктері. Шабындық және жайылым өсідіктерінің өніп-өсу, даму кезеңі, оның ұзақтығы.

Өсу мерзімі. Өсу мерзімі кезінде өсімдіктердің дамуы, жапырақтардың орналасу ерекшеліктері. Алшынкөк шығу ерекшеліктері.

Өсімдік және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы және өзара әсері. Шалғын өсімдіктерінің ылғалға, жылуға, жарыққа және ауаға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігіне топырақтың тигізетін әсері.

Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін биологиялық және ортаның өзгеру факторлары.


  1. Тақырып Табиғи шабындық және жайлымның негізгі өсімдіктері. (3 сағат)

Табиғи өсімдіктердің мал азығын өндірудегі маңызы. Өсімдіктердің шаруашылық-ботаникалық топтары астық, бұршақ, қияқ-өлең және аралас шөптер. Мал азықтық өсімдіктерді желінгіштігі, химиялық құрамы, сіңімділігіне байланысты салыстырмалы бағалау.

Астық, бұршақ, қияқ-өлең, күрделігүлділер, шатыршагулділер, алаботалар, раушан гүлдер, айқышгүлділер, қырықбуындар тұқымдастарына жататын көп тараған өсімдіктердің түрлерінің қысқаша морфологиялық, экологиялық және өндірістік сипаттамалары. Олардың малазықтық қасиеттеррін, әр аймақта малға тиімділігін, сіңімділігін бағалау негіздері.

Шабындықтын өнімі турлы түсінік, жайылымның мал азықтық көлемі оны есптеу әдістері.


  1. Тақырып Астықтұқымдастар сабақшаларының құрылымы мен осу пініндері.

Астықтұқымдастардың биологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері. Шабындықтар мен жайылымдарда меілінше жиі кездесетін астықтұқымдас шөптердің сипаттамасы. (3 сағат)

5 Тақырып Бұршатұқымдастар мен басқа да тұқымдастар түрлері сабақшаларының құрылысы мен осу пішіндері. Бұршатұқымдастардың биологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері. Шабындықтар мен жайылымдарда кең тараған көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер. (3 сағат)

6 Тақырып Көпжылдық өсімдіктердің тамыр жүйелері. (1 сағат)

7 Тақырып Маусымдық даму кезеңдері және пайдалану маусымдылығы. (1 сағат)

  1. Тақырып Мал және мал өнімдеріне зиян келтіретін өсімдіктер. (2 сағат)

  2. Тақырып Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері. (3 сағат)

Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану. Шабындық пен жайылымға жеңіл-желпі мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу. Сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке қою.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту және алдын-ала себудің негіздері. Ауыспалы егіс қолдану. Шөп қоспаларының негіздері. Шөп тұқымдарын себу әдістері мен уақыты.Күтіп баптау негіздері.

Үстіртін жақсарту жүйесінің кейбір ерекшеліктері. Өзен алқаптарында екпе шабындықтар мен жайлымдар қолдану. Таулы жерлердің жартылай шөлейт және шөлейт аймақтарында екпе шабындықтар мен жайылымдар орналастыру.


  1. Тақырып Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану. (3 сағат)

Шабындық пен жайлымдарды тиімді пайдаланудың басты теориялық негіздері. Жайылым үлесі, жайлымдық шөптің қоректік құнарлығы және малды жазда жайылымда ұстаудың экономикалық тиімділігі.

Жайылымды және шабындақты тиімді пайдалануда қойылатын негізгі талаптар. Жайылым сыйылымдығы. Жайылымды пайдалану, шабындықты пайдалану жүйелері. Ауыспалы жайылым және шабындық жайлымын егізу.

Көк балауса конвейері, маңызы және түрлері. Көк шөп пайдалану әдістері. Мәдени жайылымдар мен шабындықтар.


  1. Тақырып Табиғи аймақтардың шабындықтары мен жайылымдары. (2 сағат)

  2. Тақырып Мал азықтық егін шаруашылығы. (2 сағат)

Мал азығын егістікте- жемшөп қорын жасап,мал шаруашылығының тікелей өркендететін, айыл шаруашылық өндірісінің негізгі бір бөлігі.

Танаптық дақылдар, оларды жіктеу қағидасы.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)
4 Студенттердің өзіндік жұмыс мазмұны

    1. СӨЖ түрлерінің тізімі




№ р/с

СӨЖ түрі

Есеп түрі


Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістік сабақтарға дайындық




Сабаққа қатысу

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

Конспект

ТС-ға жауап беру

30

3

Бақылау шараларына дайындық

Бақылау жұмысы

МБ1, МБ2

15

4

Аудиториялық сабақтарға кірмеген материалды зерттеу

Конспект

Аызша сұрау

30

БАРЛЫҒЫ:

90




    1. Студенттердің өздік оқуға арналған тақырыптар тізімі




  1. Қазақстанда жайылымдарды пайдаланужайлы тарихи анықтама.

  2. Шабындықтар мен жайылымдардың малазығындық өсімдіктері (қаз,. орысша, латын тілінде).

  3. Улы өсімдіктер.

  4. Шалғын жайылымдық малшаруашылығының мағызы.

  5. Қазақстанның жайылымдық шаруашылығы.

  6. Қазақтын көшпелілігінін маңызы.

  7. Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарындағы су қорлары.

  8. Пішеннің Қазақстан мал шаруашылығын өркендетудегі маңызы.

  9. Қазақстанда селекция жолымен шығарылған малазығындық көпжылдық шөптер сұрыптарының сипаттамалары.

  10. Көпжылдық шөптердің тұқымдарын өндеу мен сақтау.


Әдебиет

Негізгі:

  1. Жанұзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы» - Қызылорда, 2008

  2. Нұрғасенов Т.Н. Тұқымтану, сорттану, тұқым шаруашылығы. - Алматы 2005 ж.

  3. Қазақстан Республикасы облыстарында ауылшаруашылық жүйесін жүргізу ұсыныстары. - Алматы, 2001-2005ж.

  4. Төреханов А.Ә. И.И. Алимаев, С.Ә. Оразбаев Шалғындық - жайылымдық мал азығы өндірісі. Оқулық. - Павлодар, 2009.

Қосымша:

  1. Әрінов Қ.Қ. «Өсімдік шаруашылығы» - Ақмола, 1996

  2. Әрінов Қ.Қ. және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өндеу, сақтау және стандарттау» - Астана, 2001


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет