Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу әдістері және қаржы саясаты



бет45/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
karzh umk

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу әдістері және қаржы саясаты

Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды  өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының  күшеюі мен тығыздылығының “сыртқы әсерлері” болып табылады. Адамдардың  өндірістік  тұтыну қызметінің сыртқы  әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің  шешімі ең  алдымен мемлекеттің  араласуын талап  етеді. Сонымен, мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі қандай?

Белгілі  шарттылықпен алғанда өзара байланысты  экономикалық көрсеткіштер  жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін - микраэкономикалық, ал жоғарғы  деңгейін  макроэкономикалық  көрсеткіштер  құрайтын  пирамида  түрінде елестетуге  болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің  бірқалыпты түйісуі  пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері  басым  болып  келеді.

Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу - мемлекеттің  макроэкономикалық  тұрғыда  қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек.  Бұл-үкіметтің болжамы емес, оның обьективті  қажеттілігі,  өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі   мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін  мемлекетке  қалдырады. “Макроэкономикалық тұрақтылық” түсінігі де толықтыруды талап етеді. Оның мағынасы  - макро көрсеткіштердің өзара байланысқан жүйесі экономиканың өткен кезеңге қарағанда  ілгерлеуін сипаттайды.            

Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың ғылымы негізделген мақсаттарына қол жеткізуін қарастырып отырған құралдар құрамына халық шаруашылықтың басымдықтары дәл осындай ғылыми негіздеу қажетті орнын алмағандығын еркше атап өту керек.  Ол экономика дамуының мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу арасында аралық жағдайды қамтиды. Осы тұста мақсатқа экономикалық басымдылықтар  бағынышты сипат алады және оның мәнісін білдіреді, ол мемлекеттік реттеуге қатысты – бастапқы  орында болады. Бұл реттеудің көптеген механизмдері, алдын ала белгілі экономикалық басымдықтарды қамтамасыз ету арқылы мақсатқа жетуге қызмет ететіндігін білдіреді.

Мемлекетітк реттеу типтері:

   экономикалық;

   әкімшілік.

Валюта-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады:

1) валюта курсы;

2) ақша капиталына пайыздық мөлшерлемелер;

3) халықаралық төлемдер мен бағалы қағаздар қаржылары;

4) валюталық тәуекелдерінен сақтандырудың алуан түрлі әдістері.

Макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайы төмендегілер сияқты маңызды экономикалық параметрлерді теңгеруді жорамалдайды:

1) сұраныс пен ұсыныс;

2) тауар және ақша массалары;

3) жинақталған ақшалар мен инвестициялар;

4) инфляциялар мен жұмыссыздықтар;

5) еңбек өнімділігі және оны төлеу;

6) қоғамның қаржылық ресурстары және әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер;

7) мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;

8) бюджет тапшылығының өлшемдері және оны жабу көздері;

9) төлемдік баланс активі және пассиві.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет