Жұмыс бағдарламасы Жасақталды



бет25/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
karzh umk

Салық салуды ұйымдастыру

Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастарының түрлерінен, яғни салықтар түрлерінің нақты атауларынан, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі мен әдістерінен, әрекет ету тәсілдерінен тұратын салық механизмінің құрылуына және жұмыс істеуіне келтіріледі. Салық механизмінде өзара байланысқан элементтерден арнайы инструментарий қолданылады. Салық салу элементтеріне мыналар жатады: субъект, қолданушы, салық көзі, салық салу бірлігі, салық мөлшерлемесі, квота, салық айлығы, салықтық жеңілдіктер, төлеу мерзімдері мен тәртібі, салық төлеушілердің және салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салықтардың төленуін бақылау, салық заңдарының бұзылғаны үшін санкциялар. Салық субъектісі (салық төлеуші) – бұл салық төлеу міндеті заңмен жүктелген жеке немесе заңды тұлға.

Салықты қолданушылар – оларға нақтылы салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

Салық объектісі – салық салу негізі болып табылатын (олардан салық есептелетін) табыс, мүлік, қызмет түрі, қызметтер көрсету, ақша операциялары, заттар (тауар-материалдық құндылықтар). Сондай-ақ салық салу объектісі мүлікті беру, табиғи  ресурстарды пайдалану, өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің қосылған құны, шаруашылық айналымы және т.б. болып табылады.

Салықтар номенклатурасы (олардың түрлері және тізбесі) салық салу объектілерінен басталады. Салық көзі одан салық төленетін кіріс болып табылады; кейбір салықтар (мысалы, пайдаға салынатын салық) бойынша объектісі және көздері сәйкес келеді; кейбір жағдайларда салық көзі салық төлеуші салық төлеу үшін сататын мүліктің бір бөлігі болуы мүмкін.

Қазақстанның салық заңдарында салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект ұғымдары ажыратылған. Сонымен бірге «салық базасы» ұғымы атап көрсетілген, ол салық салу объектісінің және салық салумен байланысты объектінің құндық, жеке немесе басқа сипаттамасын білдіреді.

Салық салу бірлігі –  салық объектісінің өлшем бірлігі, ол есептеу үшін белгіленген  (1 теңге, 1 гектар, 1 метр, тауардың өлшем бірлігі және т.б.)

Салық мөлшерлемесі – бұл салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салықтың шамасы; ол салық салу нормасын сипаттайды, салық төлеушінің табысына пайызбен есептеледі, салық квотасы деп аталады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет