СЭҚ-тағы қаржылық қатынастар
СЭҚ жүзеге асырғанда әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясатын есепке алу қажет, оның әсерінен басқа елдермен қатынастарды реттейтін негізгі бағыттар құрылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сыртқы саудаға мемлекеттік монополия жоқ, соған қарамастан, жоғарғы мемлекеттік заң органдары (парламенттер, ұлттық жиналыстар, конгрестер) елдің сыртқы экономикалық саясатын анықтайды, сауданы реттеу бойынша заңдар шығарады, мемлекеттік шарттарды ратификациялайды.
Үкіметтік органдар СӨҚ реттеумен және іске асырумен айналысады. Қазіргі уақытта әлемде әр түрлі елдерден СЭҚ қатысушылардың өзара әрекеттесуінің алуан түрлі аспектілерін реттеудді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың көп саны құрылды. Сонымен бірге әлемнің көптеген елдерінің халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында осы халықаралық ұйымдармен жасалған негізгі ережелерді, қағидаларды, әр түрлі нормативтер мен регламенттерді өз практикасында пайдаланады.
СЭҚ реттеу мақсатында мемлекеттік басқару органдары контрагенттердің өзара қатынастарын құқықтық реттеу актілерін, акционерлік заңдарды, кеден кодекстерін, қаулыларын шығарады, олар импортерлер мен экспертерлерді оларды орындау негізінде сыртқы рынокта өзара әрекеттесетін мемлекеттердің мүдделерін сақтауды орындауға міндеттейді.
Халықаралық сауда шарттары. Олар мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың жалпы жолдарын, өзара әрекеттесудің саяси режимін анықтайды, өзара есеп айырысу шарттарын, ынтымақтастық мерзімдерін және т.б. көздейді. Шарттарда сауда және өзара әрекеттесудің барлық шарттары туралы ұзақ мерзімді келісімдер – 5-10 жыл және одан көп болып белгіленуі мүмкін. Сондай-ақ өзара тауарлар жеткізу туралы жыл сайынғы хаттамалар жасасу қолданылады. Келісімдер мен хаттамалар, бір-бірін толықтырып, тұрақты өзара ұтымды ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызады.
Кедендік нысаншылықтар. Олардың негізінде заңды органмен бекітілетін кеден кодексі жатады. Кеден кодексі мемлекеттің кеден саясатына сәйкес құрылады. Ол кеден органдарының жалпы міндеттері мен функцияларын, тарифтерді әзірлеу, бекіту және пайдалану тәртібін, баждарды, кеден ережелерінің бұзылғаны үшін санкциялардан босатылуды, шағымдарды қарастыру тәртібін анықтайды. Кедендік нысаншылықтар СЭҚ реттеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Лицензиялау – бұл мемлекеттік органдармен тауарлар экспорты мен импортына берілетін жазбаша рұқсаттар жүйесі. Лицензиялау жалпы мемлекеттік тағайындалған өнімгің тізбесіне енгізілген жеке тауарлар бойынша белгілі уақыт кезеңдеріне қолданылады. Мерзімі бір жылға дейінгі бас лицензияларды мемлекеттік экспорттық-импорттық тапсырмаларға сәйкес арнайы сыртқы экономикалық ұйымдар алады. Бір реттік лицензиялар бір жылға, бірақ одан артық емес мерзімге беріледі.
Техникалық процедуралар. Олар заңды тәртіппен мемлекеттік ұйымдармен анықталады және импортталатын өнімнің халықаралық және ұлттық стандарттардың, салалық нормалар және техникалық алғышарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша шаралар кешенін білдіреді.
Техникалық тосқауылдар түрлерінің бірі елге әкелінетін өнімнің, тауарлардың сертификатталуын талап ету болып табылады. Ол үшін оларды арнайы зертханаларда техникалық, санитарлық, технологиялық, дәстүрлі көрсеткіштер бойынша стандарттардың талаптарына олардың қасиеттерінің сәйкестігін сынауға ұшыратады.
Егер сертификаттауды дер кезінде жүзеге асырмаса, берілген процедура бірқатар тауарларды өткізуді күрделілендіруі мүмкін.
Импорттық процедуралар. Мемлекеттік сатып алу кезінде импорттық операциялар жүргізу ережелерін білдіреді. Көптеген елдерде бұл жағдайларда сатып алушы аса ұтымды сатушыны айқындау мақсатында халықаралық сауда жүргізуі тиіс. Кейде сатып алушыға егер ол қарсы экспорттық операцияларды жүзеге асыру бойынша талаптарды орындаған жағдайда ғана лицензия береді.
СЭҚ жедел реттеу. Сапасыз өнім және тауар жеткізілген, ұқсас тауарларды басқа түрде бір мезгілде экспортқа шығарғанда міндетті экспорттық жеткізу орындалмаған, негізделмеген төмен бағалар бойынша экспортқа немесе жоғары бағалар бойынша импортқа шығарылған, жарнамада, кедендік, валюта-қаржылық және тіркеу құжаттамасында жалған ақпарат хабарланған жағдайда СЭҚ қатысушыларының операцияларын Үкімет, Индустрия және сауда министрлігі, ҚМ кеден комитеті уақытша тоқтатуы мүмкін. Сыртқы экономикалық операцияларды уақытша тоқтату отандық СЭҚ субъектілеріне де, заңдарды бұзған шетелдік субъектілерге де қолданылады.
Экспертерлерді тікелей қаржыландыру. Өнмінің өзіндік құны мен пайда алу үшін экспорттық бағалар арасындағы айырмашылықты жою үшін фирмалар мен компанияларға бюджеттен дотациялар түрінде жүзеге асырылады. Көбінесе мемлекет зерттеу және жаңа тауарларды экспорттық өндіріске ендіру мақсатында ғылыми, зерттеу, конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 30%-ға дейін қажетті қаржы бөлінеді. Мемлекеттік қаржыландыру нарықтық экономикасы бар елдерде тек ірі компанияларды ғана емес, сонымен бірге қысқа мерзімдерде әлемдік рынок талаптарына сәйкес экспорттық өндірісті жаңартуға және қайта құруға қабілетті орташа және шағын фирмаларды қолдауға бағытталған.
Экспортерлерді жанама қаржыландыру. Мемлекет экспортердің несие мөлшерлеме-лерін азайтуына арнайы дотациялар беретін жеке банктер желісі арқылы жүргізіледі. Экспортерлерге шикізатты әкелу кезінде төленген баждарды қайтаруды, сондай-ақ экспортерлерге үкіметтік, соның ішінде әскери тапсырыстарды тұрақты, тәртіп бойынша, жоғары бағалар бойынша беруді жаңа қаржыландыру деп есептеу керек.
Экспортерлерден алынатын салықтарды азайту. Олардың өндірісіндегі экспорт үлесіне байланысты фирмалардан, компаниялардан салықтардың тікелей азайтылуы аса кең таралған. Экспортер-фирмаларға салық салынбайтын пайда бөлігінен экспорттық өндіріс дамуының резервтік қорларына аударымдарды жүзеге асыруға рұқсат жиі қолданылады.
Экспортерді несиелендіру. Несиелендіру ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Ішкі несиелендіру ұлттық және еркін конверсияланатын валютада экспорттық өндірісті дамытуға орташа мерзімді (5 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (20-30 жылға дейінгі) несиелер беру арқылы мемлекеттік банктер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге несиелерді беру қолайлы жағдайларда тұрақты мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |