Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар



бет54/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
karzh umk

Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1. Қаржылардың сыртқы экономикалық қызметтегі ролі қандай?

2. Еркін экономикалық аймақтардың мәні және ролі неде?

3. Валюта курстарының экспорт пен импорт көлемдеріне әсері қандай?

4. Орталықтандырылған валюта қорларының тағайындалуы?

5. Қаржылардың СЭҚ-тағы ролі қандай?

 

 

Негізгі әдебиеттер:11-35, 36-45.



Қосымша әдебиеттер:1-14, 15-18

15 тақырып Қаржылар және инфляция

Дәріс жоспары:

15.1 Инфляция табиғаты, оның қаржылармен байланысы, инфляция түрлері;

15.2 Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.

 

Инфляция табиғаты, оның қаржылармен байланысы, инфляция түрлері

Инфляция – бұл айналымдағы ақша санының олардың тауарлық қамтамасыз етілуінен жоғарылауынан туындаған ақшаның құнсыздануы. Инфляция және инфляциялық процестер тауарлар мен қызметтерге бағалардың жоғарылауынан, халықтың төлемге қабілетті сұранысын қанағаттандырудан, ақшаның халықтың қолында, жинақ банкілерінде және кәсіпорындар шоттарында қалып қоюда тапшылық проблемасының күшеюі айқындалады. Инфляция ақша жүйесінің бұзылуын, қаржылық қиындықты тудырады және ақырында өмір сүру құнының өсуіне, алмасу  процестерінің табиғатшылдануына әкеледіғ жұмыскерлердің өз еңбегінің нәтижесінде мүдделілігін нашарлатады.

Инфляцияның келесі түрлері бар болады:

Шоқырақтаушы инфляция – ол экономикалық жағдайдың тұрақсыздығын көрсетеді және ақшамен қамтамасыз ету өсуінің тұрақсыз қарқындарынан білінеді (жылына 10-20 %-дан 200-300 %-ға дейін);

Бәсеңдетілген инфляция – оны сондай-ақ жасырын инфляция деп те атайды. Реттелетін бағалары бар экономика үшін де тән және ол тауар тапшылығында, өнім сапасының нашарлауынан, ақшаның мәжбүрлі жинақталуынан, көлеңкелі экономиканың, бартерлік мәмілелердің дамуынан айқындалады. Бәсеңдетілген инфляция мемлекеттік тауар бағаларын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі бағаларынан төмен ұстап тұруы салдарынан пайда болады, ол кезде ақша жалпыға ортақ сатып алу құралы және тауарлар мен қызметтерді үлестіру шамасы болуын тоқтатады (жылына 10 %-ға дейін);

Жылжымалы инфляция – ақша құнсыздануының шамалы қарқындармен сипатталады (жылына 10-20 %);

Несиелік инфляция – шамадан тыс несиелік экспансиядан тудырылған инфляция;

Ашық инфляция – баға белгіленуі еркін экономикаға тән. Тауарлар мен қызметтерге бағалардың созылмалы өсуін білдіреді;

Әлеуметтік инфляция – өнім сапасына, қоршаған ортаны қорғауға қойылатын жаңа қоғамдық талаптарға байланысты шығындардың өсуі әсерінен бағалардың өсуі;

Әкімшілік инфляция – әкімшілік (басқарылатын) бағалармен тудырылады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет