1-бөлімі: Cisco Packet Tracer-мен танысу
Жұмыстың мақсаты: симулятордың интерфейсімен танысу, нақты уақыт тәртібін, құрылғымен негізгі әрекеттерді зерттеу.
Жұмыс бағдарламасы:
Жұмысты орындау:
1-тапсырма: Қарапайым желілік топология құру (1-сурет).
Cisco Packet Tracer бағдарламасын іске қостым. Бағдарламаны іске қосқан кезде тренажердің негізгі терезесі ашылды.
Желілік топологияны құру.
Қажетті құрылғылар мен қосылымдарды таңдадым. Connection бөлімінен 4 түйін (РС), 1 концентратор (hub), 1 коммутатор (switch) пайдаландым.
2. Түйіндерді қостым және топологияны құрдым.
Ол үшін Copper straight-though тіке кабельді пайдаландым.
Хосттарда IP-мекен-жайын және ішкі желі маскаларын бердім.
Ол үшін түйіннің қасиеттер терезесінен Config бөлімінен Fast Ethernet-ті таңдадым. Сол терезеде хостқа ІР адресін, ішкі желі маскасын теңшейміз (1-кесте).
Хост
|
IP адресі
|
Ішкі желі маскасы
|
PC0
|
192.168.1.2
|
255.255.255.0
|
PC1
|
192.168.1.3
|
255.255.255.0
|
PC2
|
192.168.1.4
|
255.255.255.0
|
PC3
|
192.168.1.5
|
255.255.255.0
|
1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |