ЖҰмыс бағдарламасы «Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар»



Дата17.06.2016
өлшемі222.12 Kb.
#141799
түріЖұмыс бағдарламасы

Рабочая программа




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Құрылыс материалдарың өндіру және стандарттау кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар» пәні бойынша


5В073000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру » мамандығының студенттеріне арналған


Павлодар


Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании государственного общеобязательного стандарта образования специальности и

типовой программы







Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/37



БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

Н.Э.Пфейфер

«___»________2012 ж.
Құрастырған: к.т.н., доцент Никифорова В.Г.

Оқытушы Баймульдинова К.С




«Құрылыс материалдарың өндіру және стандарттау кафедрасы

«Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар» пәні бойынша

050730 «Құрылыс материалдарың, бұйымдарың және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқыту формасы күндізгі жалпы орта білім негізінде.

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың ҚР МББС 3.08.356-2006 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және ҚР БжҒМ 2006 жылға 22 маусымында бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында ұсынылған 2012ж « » хаттама №
Кафедра меңгерушісі __________ В.Т.Станевич

Сәулет-құрылыс факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған «___»___________ 2012 ж. хаттама №___


ӘК төрағасы ____________ Г.А. Жукенова
КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы ___________ М.Қ. Кудерин «___»_______ 2012 ж.



ЖжӘҚБ МАҚҰЛДАҒАН


Жж ӘҚБ бастығы __________ Е.Н. Жуманкулова «___»______ 2012 ж.

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процессіндегі орны

    1. Пәнді беру мақсаты

«Жылу өткізбейтін және акустикалық материалдар» пәнін оқытудың мақсаты- заманауи азаматтық және өндірістік құрылыс талаптарына сай жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарын алу технологиясын және олардың қасиеттерін терең меңгерен; прогрессивті жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарын шығарудың жаңа технологияларын жүзеге асыратын мамандарды дайындау.

    1. Пәннің оқу міндеттері

Бұл пәнді оқу нәтижесінде мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес студенттердің:

- техникалық талаптарға сай жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарын өңдіру принциптерінің зауыттық тиімді технологиялық тәсілдері туралы; жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдары өндірісінде тиімді, энергия және басқа да қорларды қорғайтын технологиялар жасау туралы түсініктері болуы керек;



- жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдар мен бұйымдарын алудағы негізгі және қосымша шикізаттық материалдарды таңдаудың негізгі белгілерін; жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарын алу технологиясын және оларды өндіруге қажетті негізгі технологиялық жабдықтарды; жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарының функционалдық және құрылыстық-пайдалану қасиеттерін және олардың қолдану саласын білуі керек;

- әртүрлі инженерлік есептерді шығаруды; жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарының қасиеттерін бағалап және оларды анықтаудың әдістемелік принциптертерін; шикізатты зерттеуді; дайын өнім сапасын бақылауды қамтамасыз ететін жұмыстар орындауды; ғылыми әдебиеттерді, оның ішінде интернетті пайдалана отырып жаңа технологиялар мен материалдар жасауда дұрыс шешім қабылдауды меңгеруі керек.

Жылуөткізбейтін және акустикалық материалрдың өндіріс әдістерін үйрену кезіндегі ғылыми-зерттеулер –дағдыларымен колдану.

Жылуөткізбейтін және акустикалық материалрдың және бұйымдарың: қазіргі заманғы номенклатура және теориялық зерттеулер облысында хабардар болу



2 Пререквизиттер

Пәнді оқып үйрену алдында меңгерілетін пәндер тізімі.

Құрылыс материалдарының химиясы. Құрылыс материалдары-1, «Стандарттау және метрология».

Пәнмен қатар оқылатын және онымен байланысты пәндер «Процесстер мен аппараттар-1», «Процесстер мен аппараттар-2», «Көтеріп-тасымалдау және құрылыс машиналары».

«Құрылыс материалдары -1» пәні «Жылу өткізбейтін және акустикалық материалдар» пәнін терең меңгеру үшін әртүрлі құрылыс материалдары мен бұйымдары саласындағы білім негіздерін ұсынады. «Процесстер мен аппараттар – 1,2» пәндерін оқып үйрену шикізаттық материалдар әртүрлі технологиялық өңдеу кезеңдерінен өткенде, сондай –ақ жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдар мен бұйымдарды жылумен өңдегенде жүретін процесстерді терең меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Процесстер мен аппараттар-2» пәнін оқып үйрену пайдаланылатын сазды шикізат материалдар түріне, бұйымдардың өлшемдеріне байланысты ылғал материалдарды құрғатып, күйдіру тәртіптерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. «Құрылыс материалдары химиясы» пәнін оқып үйрену «Жылу өткізбейтін және акустикалық материалдар» пәнін оқумен тікелей байланысты және материалдарды дайындау кезінде жүретін процесстерінің химиялық негіздерін меңгеруге, шикізаттық материалдармен бірге дайын өнімдердің физика-химиялық, физика-техникалық қасиеттерін зерттеудің бұрынғы және жаңа әдістерін түсініп, дұрыс таңдауға септігін тигізеді. «Стандарттау және метрология» пәні бойынша білім бәсекелес жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдар өндірісін дамыту үшін қажет. «Көтеріп-тасымалдау және құрылыс машиналары» пәнін оқып үйрену қажетті жабдықтарды дұрыс таңдап алып, оларды жобаланып отырған кәсіпорында ыңғайлы орналастыруға жәрдемдеседі.


Тематический план дисциплины






Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/07


  1. Пәннің мазмұны





Пәннің тақырыптық жоспары

п/п

Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәр.

Тәжір.

Зерт.

Сөж

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

1

4

-

3

2

Бейорганикалық шикізатар негізіндегі жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдар

1

2

-


6

2.1

Минералдық мақта және оның негізіндегі бұйымдар

2

4

-

6

2.2

Шыны мақта және оның негізіндегі бұйымдар

1

2

-

6

2.3

Ұялы шыны (көбікшыны)

2

-

-

6

2.4

Сұйық шыны негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар

1

-

-

6

2.5

Күйбінген перлит және оның негізіндегі бұйымдар

2

-

-

6

2.6

Күйбінген вермикулит және оның негізіндегі бұйымдар

2

-

-

6

2.7

Ұялы бетондар

2

4

-

6

3

Органикалық жылу оқшаулағыш материалдар

1

-

-

6

3.1

Ағаш негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар

1

-

-

6

3.2

Полимерлер негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар (ПЖМ)

2

-

-

6

3.3

Жергілікті шикізаттар және өндіріс қалдықтары негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар

1

-

-

6

4

Отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдар

2

-

-

6

4.1

Құрамында асбест бар жылу оқшаулағыш материалдар

1

4

-

6

4.2

Керамкалық жылуоқшаулағыш материалдар

1

4

-

5

4.3

Отқа төзімді талшықтар

1

4

-

5

5

Акустикалық материалдар және бұйымдар

1

-

-

5

5.1

Дыбыс жұтқыш материалдар

2

2

-

6

5.2

Дыбыс оқшаулағыш материалдар

1

-

-

6

5.3

Декоративті –акустикалық материалдар

2

-

-

6



Барлығы

30

30

-

120



3.1 Теориялық курстың мазмұны

3.1.1 Кіріспе – 1 сағ.

Жылуөткізу және дыбыс өткізу туралы түсініктер. Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарды түрі және сыртқы көрінісі, құрылымы, қолданылатын шикізат түрі бойынша топтастыру. Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдардың негізгі қасиеттері. Пайдалану жағдайларының бұйымдардың қасиеттеріне әсер етуі. Жоғары кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: талшықты қаңқа жасау әдісі, газдандыру әдісі, кеуектендіру әдісі, жанғыш қоспалар пайдалану әдісі, шылқылдатып суландыру әдісі, кеуекті толтырғыштар еңгізу әдісі және т.б.



3.1.2 Бейорганикалық шикізаттар негізіндегі жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдар – 1 сағ.

Бейорганикалық шикізаттар классификациясы, оның негізгі касиетті және алыуы.



3.1.2.1 Минералдық мақта және оның негізіндегі бұйымдар- 2 сағ.

Жасанды минералдық талшық түрлері. Минералдық мақта өндіруге арналған шикізаттық материалдар және минералдық мақтаның қасиеттері. Шихтаны пештерде балқыту процесстері және сапалы балқыма алу мүмкіндіктері. Балқыма қасиеттері және оның тұтқырлығы мен беттік керілуіне әсер ететін факторлар. Балқыма қасиеттері және оның тұтқырлығы мен беттік керілуіне әсер ететін факторлар. Балқыманы талшықтарға өңдеу тәсілдері. Талшық түзу механизмі (үрлеу, ортадан тебу, фильерлік, ортадан тебуфильерлік, фильерлік-үрлеу, ортадан тебу-фильерлік-үрлеу тәсілдері). Минералдық мақта бұйымдарын алу технологиясы және олардың түрлері. Минералдық мақтаны бұйымдарын алу технологиясы және олардың түрлері. Минералдық мақтаны пайдалану.



3.1.2.2 Шыны мақта және оның негізіндегі бұйымдар. – 1 сағ.

Шыны мақта өндіруге арналған шикізаттық материалдар. Базальттық және аса жіңішке шыны мақта дайындау ерекшеліктері. Балқыманы шыны талшықтарға өңдеу тәсілдері. Шыны мақтаның қасиеттері. Бұйымдардың түрлері және пайдалану саласы. Минералдық және шыны мақта шығаратын кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.



3.1.2.3 Ұялы шыны (көбікшыны) – 2 сағ.

Ұялы шынының түрлері мен қасиеттері. Ұялы шыныны алудың физика-химиялық процесстерінің негіздері. Ұялы шыныны алуға арналған шикізаттар. Өндіріс технологиясы және пайдалану саласы.



3.1.2.4 Сұйық шыны негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар – 1 сағ.

Сұйық шыны алудың физика-химиялық негіздері және жылу оқшаулағыш және акустикалық бұйымдар алу тәсілдері. Бұйымдардың түрлері. Өндірудің технологиялық схемасы, қасиеттері және пайдалану саласы.



3.1.2.5 Күбінген перлит және оның негізіндегі бұйымдар – 2 сағ.

Жанартаулық шынылардың түрлері және негізгі қасиеттері (обсидиан, пехштейн, витрофир, перлит және т.б.). Жанартаулық сулы шыныларды күбіндіру процесстерінің термофизикалық және физика-химиялық ерекшеліктері. Күбінген перлит пен обсидиан өндіру технологиясы. Бұйымдарды өндіру технологиясы, қасиеттері және пайдалану саласы.



3.1.2.6 Күбінген вермикулит және ның негізіндегі бұйымдар - 2сағ.

Слюдалы минералдар түрлері, химиялық құрамы және негізгі қасиеттері. Вермикулиттің минералдық және химиялық сипаттамасы. Күбіну кезінде жүретін физика-химиялық процесстер, технологиялық параметрлер. Бұйымдарды өндіру технологиясы. Күбінген вермикулит пен оның негізіндегі бұйымдардың қасиеттері және пайдалану саласы.



3.1.2.7 Ұялы бетондар-2 сағ.

Ұялы бетондарды олардың функционалдық тағайндалуы, кеуектендіру әдістері, байланыстырғыш заттың түрі, кремнеземды компонент түрі, қатаю ерекшелігі бойынша топтастыру. Ұялы негізіндегі бұйымдардың пайдаланушылық қасиеттері. Кеуектіліктің негізгі сипаттамалары. Ұялы бетон қасиеттерінің кеуектілік ерекшеліктеріне байланыстылығы және оны анықтайтын факторлар. Газ-және көбікбетон бұйымдары өндірісінің технологиялық схемалары және жабдық түрлері. Қасиеттері және пайдалану саласы.



3.1.3 Органикалық шикізаттар жылу оқшаулағыш материалдар. – 1 сағ.

Органикалық шикізаттар классификациясы , оның негізгі қасиеттері және алыуы.



3.1.3.1 Ағаш негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар – 1 сағ.

Ағаш негізіндегі бұйымдарды топтасыру.

Сыртқы көрінісіне, өлшемдеріне және қасиеттеріне байланысты ағашталшық тақталарының (АТТ-ДВП) түрлері. Шикізаттық материалдардың сипаттамасы. Жылу оқшаулағыш АТТ дайындау технологиялық процесстерінің ерекшеліктері: жаңқа дайындау, ағаш талшық дайындау, ағаш талшық массасын желімдеп біріктіру, тақталарды қалыптау, тақталарды жылумен өңдеу. АТТ қолдану.

Ағаш-жоңка тақталар (АЖТ-ДСП), шикізат және оған қойылатын талартар. Шикізаттық материалдарды өңдеу тәсілдері. АЖТ өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы.

Фибролит: түрлері және шикізат сипаттамасы. Технологиясының физика-химиялық мәні. Фибролит тақталарының қасиеттері және пайдалану саласы.

3.1.3.2 Полимерлер негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар (ПЖМ) – 2 сағ.

Физикалық құрылымы (көбік-, кеуек-, ұяшықтыплассттар, талшықты, композитті), полимер түрі, функционалдық тағайындалуы бойынша топтастыру. Шикізат түрінің технологияға және негізгі қасиеттеріне әсер етуі. Полистиролдан көбікпласттар алу, қасиеттері және пайдалану саласы. Көбікполистиролын жоғары қысымсыз және жоғары қысым пайдаланып өндіру технолгиясы. Көбікполистиролының мерзімді және үздіксіз пресстеу технологиясы. Көбікполивинилхлоридін пресстеу, экструзиялық және пресстемей алу әдістері. Көбікпласттарды фенол-формальдегидті олигомерлерден алу. Көбікфенопласттардың түрлері мен маркалары. Қасиеттері және пайдалану саласы.



3.1.3.3 Жергілікті шикізаттар және өндіріс қалдықтары негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар – 1 сағ.

Торф тақталары: шикізаттық материалдар, өндіру әдістері. Қамыс тақталарын дайындау. Арболит, оны өндіруге арналған шикізат. Торф және қамыс тақталарының , арболиттің қасиеттері және пайдалану саласы.



3.1.4. Отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдар– 2 сағ.

Жоғары температуралы оқшаулау және оның тиімділігі туралы жалпы түсініктер. Отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдарды топтастыру принциптері және пайдалану саласы.



3.1.4.1 Құрамында асбест бар жылу оқшаулағыш материалдар – 1 сағ.

Асбесттің минералдық түрлері, химиялық құрамы және қасиеттері. Асбест-әк-кремнеземдік, асбестомагнезиалдық, асбестодоломит, асбестотрепел, асбестогипс, асботермосиликаттық материалдар, совелит өндіру схемасы. Бұйымдардың түрлері, олардың қасиеттері және пайдаланылуы.



3.1.4.2 Керамикалық жылуоқшаулағыш материалдар – 1 сағ.

Шикізаттық материалдардың түріне, кеуектендіру әдістеріне, функционалдық тағайындалуы бойынша топтастыру. Диатомитті, көбікдиатомитті, шамотты, корунд материалдар: шикізат, өндіру технологиясы, қасиеттері және пайдалану саласы.



3.1.4.3 Отқа төзімді талшықтар – 1 сағ.

Отқа төзімді талшықтарды микроқұрылымы, химиялық құрамы, талшық пішіні, талшықтүзу технололиясы бойынша топтастыру. Отқа төзімді талшықтар өндірудің физика-химиялық негіздері. Муллитокремнеземді мақта, оның негізіндегі бұйымдар. Отқа төзімді талшықты бұйымдарға арналған байланыстырғыштар. Тегіс нығыздалған отқа төзімді жылу оқшаулағыш бұйымдар. Қалыптау және күйдіру технологиясы, қасиеттері, пайдаланылуы.



3.1.5 Акустикалық материалдар және бұйымдар – 1 сағ.

Дыбыс туралы негізгі түсініктер және акустикалық материалдарға қойылатын талаптар. Дыбыстың мәні және оның түрлері. Кеуекті материалдардағы дыбыстың таралу жылдамдығы және сөну механизмі.



3.1.5.1 Дыбыс жұтқыш материалдар – 2 сағ.

Синтетикалық және крахмалды байланыстырғыштар негізіндегі минерал мақта тақталары: шикізаттық материалдар, өндіру технологиясы, қасиеттері. Қосқабатты ағашталшық тақталары, полиуретандық кеуекпласт тақталар. Беттері тесіктелген гипс және ағашталшық, асбестоцемент тақталары. Дыбыс жұтқыш сылақтар.



3.1.5.2 Дыбыс оқшаулағыш материалдар – 1 сағ.

Дыбыс оқшаулағыш материалдарды құрылымы, пішіні, қатынасты сығымдалуы бойынша топтастыру. Кеуекті-талшық, тесік-кеуекті, жұмсақ, жартылай қатты және қатты бұйымдар: құрастыру принциптері, қасиеттері, пайдаланылуы.



3.1.5.3 Декоративті-акустикалық материалдар – 2 сағ.

Техникалық көбікті құрғақтай минералдау жолымен алынатын көбікгипс жүйелері. Араласпалардың құрамдары. Шикізаттық материалдар мен жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар. Кеуектілікті реттеудің негізгі принциптері. Алу технологиясы, қасиеттері, пайдаланылуы.


3.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
3.2.1 Ғимараттардың қоршаулық конструкцияларының жылутехникалық есебі. – 2сағ

3.2.1 Өндірістік жабдықтар мен жылуқұбырларының жылуоқшаулау принциптерін есептеу. – 2 сағ

3.2.2 Жылу оқшаулағыш материалдардың жылуфизикалық және термомеханикалық қасиеттерін анықтау әдістерін зерттеу. - 2 сағ

3.2.2.1 Минералдық және шыны мақта өндіру үшін шихта құрамын есептеу әдісі. – 4 сағ

3.2.2.2 Шыны мақта өндіру үшін шихта құрамын есептеу әдісі. – 2 сағ

3.2.2.7 Ұялы бетон құрамының есебі – 4 сағ

3.2.4.1 Құрамында асбест бар жылу оқшаулағыш материалдар құрамының есебі - 4 сағ

3.2.4.2 Керамикалық жылуоқшаулағыш материалдар құрамының есебі – 4 сағ

3.2.4.3 Отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдар құрамының есебі - 4 сағ

3.2.5.1 Бөлмелік дыбыс жұтқыш материалдар мен бұйымдарды таңдауды негіздеу – 2 сағ

3.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

3.3.1 СӨЖ құрылымы және жалпы мазмұны.
1 Кесте – СӨЖ мазмұны

№ п/п

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағаттар саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық

-

Сабаққа қатысу

5

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу,үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Курстық жобаның кезендері орындау

Түеініктем хатпен, сызбалар тұрады

Қорғау жұмыстар

70

4

Аудиториялық сабақтарыны мазмұнына кірмеге материалды

зерделеу


Конспект

Тест РК1 РК2 –нің

20

5

Семинар жұмыстары дайындау.

-

РК1, РК2-НІҢ нәтижелері

10

Барлығы

120


3.3.2 Студенттердің өзіндік жұмыстарының ұсынылған тақырыптары.

Тақырып–1 Жылутехникалық кедергісінің техника-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері. Осы көрсеткіш бойынша материалдарды салыстырмалы түрде бағалау – 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 15 – 53], [11, с. 25 – 53].

1 Тақырып – Жылу оқшаулағыш материалдарға судың әсер етуі–1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет: [10, c. 13 – 57], [2, c. 12 – 27], [10, c. 22 – 77].

1 Тақырып – Жылу оқшаулағыш материалдарға жоғары температуралардың әсер етуі - 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет: [3, с. 36 – 78], [12, c. 117 – 141].

1 Тақырып – Жылу оқшаулағыш материалдардың деформациялануы – 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [4, c. 34 – 64].

1 Тақырып – Кеуекті құрылымды қалыптастыру негізінде жатқан процесстердің ерекшеліктері. – 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [5, с. 61 – 134], [13, c. 93 – 126].

1 Тақырып – Жылу оқшаулағыш материалдарының маркалары – 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [6, с. 80 – 114], [14, c. 113 – 166].

2 Тақырып Конструкцияларда жылытқыш ретінде қолданылатын минералдық мақта бұйымдарының түрлері мен құрылымдарының салыстырмалы тиімділігі - 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [8, с. 31 – 94], [15, c. 103 – 126].

2.1 Тақырып – Талшықтүзу камерасы – 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [7, с. 80 – 114], [16, c. 113 – 166].

2.2 Тақырып – Минералдық және шыны мақта өндірісі үшін қолданылатын балқыту пештерінің түрлері. – 2 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [9, с. 80 – 114], [17, c. 113 – 166].

2.2 Тақырып – Минералдық мақта қалаптау үшін қолданылатын байланыстырғыштар түрлері және оларды енгізу әдістері - 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [18, с. 80 – 114], [19, c. 113 – 166].

2.3 Тақырып – Ұялы шыныдан және базальт талшықтарынан жылытқыштарды алу технологиялық тәсілдері және қасиеттері туралы түсінік – 2 сағ

Ұсынылатын әдебиет : [10, с. 80 – 114], [18, c. 113 – 166].

2.5 Тақырып Күбінген перлит өндірісі үшін қолданылатын пештер – 2 сағ

Ұсынылатын әдебиет : [14, с. 80 – 114], [20, c. 113 – 166].

2.7 Тақырып «Силакпор» ұялы бетон тақталары – 1 сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [10, с. 80 – 114], [13, c. 113 – 166].

3.2 Тақырып Полимерлік жылу оқшаулағыш материалдар өндірісінде қолданылатын мономерлер, олигомерлер және полимерлердің негізгі түрлері -.2сағ.

Ұсынылатын әдебиет : [9, с. 80 – 114], [8, c. 113 – 166].

3.2 Тақырып Конструкцияларда қолданылатын органикалық жылытқыштардың қасиеттері және салыстырмалы тиімділігі (кеуекпласттар, көбікпласттар, мипоралар) -1 сағ

Ұсынылатын әдебиет : [4, с. 80 – 114], [16, c. 113 – 166].

4.1 Тақырып Асбест талшығының техникалық қасиеттері – 1 сағ

Ұсынылатын әдебиет : [1, с. 80 – 114], [17, c. 113 – 166].
3.4.3 Курстық жұмыстың мазмұны

Курстық жоба орындаудағы негізгі мәселе- студенттердің алдын-ала пайдаланушылық қасиеттері белгіленген нақты жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарын өндіру әдісін негізді таңдауға дағдыланып, меңгеруі.


Курстық жұмыс орындау кезеңдері:

1 Шикізат шихта құрамы есебі

2 Өндірістіқ технологиялық сұлбасы баяндау.

3 Жабдықтардың есебі.



4 Бас өніркәсіптіқ корпусының компановкасы.
Курстық жобалар тақырыптарының жуық тізімі

  1. Қарағанды металлургиялық комбинатының домналық қожы негізінде минералдық мақта өндіретін цех.

  2. Вагранкалық қож негізінде минералдық мақта өндіретін цех.

  3. Кірпіш сынықтарынан минералдық мақта өндіретін цех.

  4. Тау жыныстарынан минералдық мақта өндіретін цех.

  5. Жергілікті шикізаттар негізінде тығыздығы 350-400 кг/м3 жылу оқшаулағыш ұялы бетон өндіретін зауыт.

  6. Цемент фибролитін ндіретін зауыт.

  7. Көбікшыны өндіретін зауыт.

  8. Перлит өндіретін зауыт

  9. Ағашталшық тақталарын өндіретін зауыт.

  10. Минералдық мақта бұйымдарын (тығыздығы 200 кг/м3 қатты тақталар) өндіретін зауыт

  11. Синететикалық байланыстырғыштармен тығыздығы 125 кг/м3 минералдық мақта бұйымдарын ( тақталар) өндіретін зауыт

  12. Тығыздығы 125 кг/м3 минералдық мақта бұйымдарын өндіретін зауыт (жылу оқшаулағыш төсенштер, тік-қабатты, МемСТ 23307-78

  13. Бумен және ауамен үрлеу әдісі бойынша шыны мақта өндіретін зауыт.

  14. Шыны түйіршектерінен ұялы шыны өндіретін зауыт.

  15. Шыны сынықтарынан шыны мақта өндіретін зауыт.

  16. Вермикулит өндіретін зауыт.

  17. Пресстеу әдісімен газбен толтырылған пластмассалар өндіретін цех.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі оқулық

  1. Гершберг О.А. Технология бетонных и железобетонных изделий. – М.: Высшая школа, 1985.

  2. Глуховский К.Э. и др. Основы технологии отделочных, тепло- и гидроизоляционных материалов. Киев, Высшая школа, 1996.

  3. Горлов Ю. П. Технология теплоизоляционных и акустических материалов и изделий М.: Высшая школа, 1989.

  4. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник.- М.: Высшая школа, 2004.

  5. Хрулев В.М. Технология и свойств композиционных материалов для строительства. Учебное пособие для строительно-технологических специальностей ВУЗов.- Уфа:ТАИ, 2001.



Қосымша оқулық

  1. Байболов С.М., Джалгасбаев А.У., Орынбеков С.Б. Получение и исследования теплоизоляционных материалов из пенополистирола, Алматы, ААСИ, 1989.

  2. Вяжущие вещества для производства отделочных теплоизоляцонных и гидроизоляционных материалов. Под ред. Андрианова Б.Б., Алматы, Мектеп, 1983.

  3. Гиберов Э.Г., Вернер Е.В. Механическое оборудование предприятий для производства полимерных теплоизоляционных изделий,М.: Машиностроение, 1978.

  4. Горлов Ю.П. Лабораторный практикум по технологии теплоизоляционных материалов. М.: Высшая школа, 1982.

  5. Горяйнов К.Э., Бубенский К.Э., Васильков Б.Г. Технология минеральных теплоизоляционных материалов и легких бетонов. М.: Госстройиздат, 1976.

  6. Горяйнов К.Э., Горяйнова С.К. Технология теплоизоляционных материалов и изделий. М.: Стройиздат, 1982.

  7. Карахиниди С.Г. Определение коэффициента теплопроводности различных материалов методом расчета. М.: 1982.

  8. Карахиниди С.Г. Минеральная вата. М.: 1982.

  9. Композиционные материалы. Справочник/ Под.ред. Васильева Ю.М., Тарнопольского М.Ю., М.:Машиностроение, 1990.

  10. Куанышева С.Ш., Сейбулатов С.Ж., Бердская Т.Г. Технология и свойства теплоизоляционного пористого бетона. Алматы, КазГАСА, 1997.

  11. Материаловедение в строительстве. Под.ред. Рыбьева И.Е.. М.: Изд.цент «Академия»,2006.

  12. Методические указания к выполнению курсового проекта. Куанышева С.Ш., Наврезов Ш.А., Березовская Т.Г., Алматы, КазГАСА, 1993.

  13. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (Материаловедение и технология). Уч.пособие.-М.: ИАСВ, 2004.

  14. Сайбулатов С.Ж.,Куанышева С.Ш. Технология тепло- и звукоизоляционных материалов. Лабораторный практикум. Алматы, КазГАСА, 1997.

  15. Справочник по производству теплозвукоизоляционных материалов. Под ред. Спирина Ю.Л. М., Стройиздат, 1975.





Выписка из рабочего учебного плана специальности




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/32


5В73000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірмесі


Пәннің атауы « Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар»

Оқыту формасы

Бақылау формасы

Студенттің жұмыс көлемі сағатпен

Курстар мен семестрлерге сағаттардың таратылуы

емтих.

сынак.

к.жоб.

к.жұм.

егж

бақыл жұм

Барлығы

дір

тәж

осөж

сөж

жал

ауд.

сөж

Жалпы орта білім негізінде күндізгі

6

-

6

-

-

-

180

60

120

6 семестр

30

30

30

90


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет