Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды Хаттама № 2011 ж. Кафедра меңгерушісі: Әшірбаев О. А



жүктеу 227.75 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі227.75 Kb.
044-34к\15 ( )
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Тж КББФ деканы

Отыншиев М.А. __________


«_____»__________2011 ж.

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Дене шынықтыру (валеологияны қосқанда)


Мамандығы: 0306000 – фармация
Курс: II
Семестр: 3 - 4
Cағат саны: 124

Шымкент 2011


Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №530 бұйрығымен 15.11.2009 жылы бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №__________ «_____»___________2011 ж.
Кафедра меңгерушісі: Әшірбаев О.А.

Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік Кеңесінде бекітілді


Хаттама №__________ «_____»___________2011 ж.
Әдістемелік Кеңестің төрайымы: Джуманкулова Н.Р.

Дайындаған оқытушы: ____________________________



Жұмыс оқу бағдарламасы

1. Алғы сөз

Дене тәрбиесі бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының барлық мамандықтарына арналып әзірленген бағдарламаның ең басты мақсаты білім алушыларды белсенді өмір сүруге, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, батылдыққа, табандылықпен шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.


Оқушылардың білуі тиіс:

- денешынықтыру мен спорттың әлеуметтік қызметін;

- дене тәрбиесі жүйесін;

- дене шынықтыру мен спорт теориясы және әдістемесінің негіздерін;

- түрліше дене белсенділігі мен жұмыс қабілетінің тәртібіне ағза реакциясының ерекшеліктерін;

- кәсіби қызметке әсер ететін елеулі психофизикалық және қызметтік көрсеткіштер мен оларды реттеу әдістері мен тәсілдерінің негізгі түрлерін;

- денсулықты басқарудың гигиеналық негіздерін;

- кәсіби алулардың алдын алуды;

Оқушылардың пайдалануы тиіс:

- денешынықтыру мен спорт әдістері мен тәсілдерін арнайы кәсіби жұмыс қабілетін, денсаулықты қолдауға және кәсіби аурулардың алдын алуға пайдалануды;

- дене және қызметтік дайындықты жоспарлау, бақылау және басқаруды;

- ертеңгі және өндірістік гимнастика кешендерін құрастыруды;

Оқушылардың дағдылануы тиіс:

- денешынықтыру жаттығуларын көрсету мен орындауға, берілген жүктемелердің ағзаның физиологиялық мүмкіндігіне лайықтылығын бағалауға;

- дене дайындығын басқаруға; Ертеңгі және өндірістік гигеналық гимнастикалық сабағына;

- тұлғаның, отбасының салауатты өмір салтына;

- өзі таңдаған және спорттың қолданбалы түрлерінде жарыстарды орындаудың тактикасы мен ережелері бойынша.


2. Тақырыптық жоспар




Сабақтың түрі

Бар

лық сағат



Барлығы

Теориялық

сабақ


Тәжірибелік сабақ

1

Валеология –денсаулық туралы ғылым

2

2

-

2

Жеңіл атлетика. Жалпы ұғым

2

2

-

3

ЖДД, АДД үйрету.


2

2

-

4

Арнайы жүгіру жаттығуларын үйрету.


2

2

-

5

Қысқа аралыққа жүгіруді үйрету.

2

2

-

6

Старт, старттық жүгіру.

2

2

-

7

Ұзақ аралыққа жүгіруді үйрету.

2

2

-

8

Тынысты қалпына келтіру жаттығулары.

2

2

-

9

Ұзындыққа секіруді үйрету.

2

2

-

10

Жүгіріп келіп секіруді үйрету.

2

2

-

11

Эстафеталық жүгіруді үйрету

2

2

-

12

Эстафеталық таяқшалар мен жұмыс жасау.

2

2

-

13

Бақылау нормативтерін қабылдау.

2

2

-

14

100м, кросс, секіру.

2

2

-

15

Денсаулық туралы ұғымдар

2

-

-

16

Ұлттық ойындар. «Арқан тартыс», «Қазан»


2

2

-

17

Баскетбол. Орын ауыстыру техникасын үйрету.

2

2

-

18

Қозғалу, секіру, ауысуды үйрету.

2

2

-

19

Допты алып жүру техникасын үйрету.

2

2

-

20

Допты бір қолмен, ауыстырып алып жүруді үйрету.

2

2

-

21

Допты алып жүру және беру техникасын үйрету

2

2

-

22

Қарама-қарсы қимылдарды үйрету.

2

2

-

23

Шабуыл тактикасын үйрету.

2

2

-

24

Үштікте ойнауды үйрету.

2

2

-

25

Қорғаныс тактикасына үйрету.

2

2

-

26

Себетті қорғауды үйрету.

2

2

-

27

Ойын техникасын үйрету

2

2

-

28

Оқу ойындарын үйрету

2

2

-

29

Шабуыл техникасын үйрету

2

2

-

30

Топтық шабуылға үйрету

2

2

-

31

Қорғаныс техникасын үйрету

2

2

-

32

Топтық қорғанысқа үйрету

2

2

-

33

Оқу ойыны.

2

2

-

34

Ұлттық ойындар. «Соқыр теке», «Қамалды қорғау»

2

2

-

35

Бақылау нормативтері.

2

2

-

36

Денсаулық сақтайтын факторлар

2

-

-

37

Волейбол. Ойыншының тұрысы, орын ауыстыруға үйрету.

2

2

-

38

Допты ойынға қосуды үйрету.

2

2

-

39

Допты астынан беруді үйрету. Допты беруді үйрету.

2

2

-

40

Допты жоғарыдан және төменнен қабылдап, беруге үйрету.

2

2

-

41

Шабуылдап ұруды үйрету.

2

2

-

42

Бірлеп және топтасып ұруға үйрету.

2

2

-

43

Шабуыл тактикасын үйрету.

2

2

-

44

Топтық шабуылға үйрету.

2

2

-

45

Қорғаныс тактикасын үйрету.

2

2

-

46

Топтық қорғанысқа үйрету.

2

2

-

47

Ойын техникасын үйрету.

2

2

-

48

Оқу ойындарына үйрету.

2

2

-

49

Волейбол тәсілдері. Қозғалмалы ойындар

2

2

-

50

Бақылау нормативтерін қабылдау

2

2

-

51

Допты жоғарыдан ойынға қосу

2

2

-

52

Денсаулық бұзатын факторлар.

2

-

-

53

Гимнастика. Сапқа тұру, қайта тұру.

2

2

-

54

Акробатикалық жаттығуларды үйрету.

2

2

-

55

Алға аунау, жауырынға тік тұруды үйрету.

2

2

-

56

Екпінді секіруді үйрету.

2

2

-

57

Жүгіріп, кедергіден секіруді үйрету.

2

2

-

58

Акробатика, екпінді секіру, бөренедегі жаттығулары

2

2

-

59

Алға аунау, жауырынға тік тұруды үйрету.

2

2

-

60

Гимнастикалық орындықтағы жаттығуларды үйрету

2

2

-

61

Жатқан күйде көпірге тұру, артқа құлауды үйрету

2

2

-

62

Бақылау нормативтері

2

2

-

Барлық сағат саны: 124


3. Пәннің мазмұны
Дене тәрбиесі - дене даярлығын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтымен саналы түрде жүру қажеттілігін тәрбиелеу жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру құралдарының бірі, денсаулықты нығайтудың факторы.

Климаттық жағдайларға байланысты кафедрада волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика және гимнастика спорт түрлерінен өткізіледі




    1. Теориялық сабақ

3.1.1. Денсаулық туралы ғылым. Валеологияның анықтамасы, әдістерімен үйрену объектісі. Валеологияның мақсаттары мен міндеттері. Валеолгияның басқа ғылымдармен байланысы. Қазақстан Республикасы халықтың денсаулығы. Валеологияның дәстүрлі ғылымдар мен қазіргі ғылыми білімдер жүйесіндегі орны. Валеология дамуының жетістіктерінің қазіргі кезеңіндегі бағыттары. Валеология дамуының көздері. Жаңа уақыт кезеңдеріндегі валеологиялық көзқарас. Валеологияның негізгі қалаушылар. Адам мен адамзаттың негізгі құндылықтары.


3.1.2. Денсаулық туралы негізгі ұғымдар. «Денсаулық», «Үшінші күй», «Ауру» ұғымдарының анықтамалары. Денсаулықтың сыңарлары мен өлшемдері. Қалып түсінігі. Іс жүзіндегі дені сау адам. Денсаулықтың табиғатпен үйлесімділігі. Денсаулық қоршаған орта мен адам ағзасының тепе-теңдігі ретінде. Денсаулық өзін-өзін реттейтін күрделі кибернетикалық жүйе есебінде. Денсаулықтың жас және жыныстық ерекшелері. Донозоологиялық диагностика. Денсаулық қажеттілігін қалыптастыруда педагог пен психологтың рөлі.
3.1.3. Денсаулық сақтайтын факторлар. Салауатты өмір салты. Дене белсенділігі, органдар мен ағза жүйелеріне әсер ететін тетіктер, дене белсенділігінің түрлері, оларды сауықтыру тиімділігінің ерекшеліктері. Ағзаның өзін-өзі емдеу тетіктері (саногенез), иммунитет, иммунитет түрлері. Табиғат пен денсаулық. Биоырғақтар мен денсаулық. Денсаулық кодексі (Салеранский, С. Смит, Н. Амосов, Л. Тель және т.б.).
3.1.4. Денсаулық бұзатын факторлар. Денсаулықтың тәуекел факторлары туралы ұғымдар. Негізгі тәуекел факторлары (гиподинамия, дененің артық салмағы, артериялық гипер және гипотензия; анемия, гипошинемия). Стресс және денсаулық. Зиянды әдеттер; темекі тарту, алкаголь пайдалану, аркомания, таксикомания. Ауа райы және денсаулық. Инфекция және жұқпалы аурулар, оларды болдырмаудың жолдары мен әдістері.
3.2. Тәжірибелік сабақ

      1. Жеңіл атлетика.

Жеңіл атлетика дене тәрбисі жүйесінде. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың жіктелуі.

Жүгіру. Жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған жүгіру дайындығының деңгейін арттыруға арналған жалпы дамыту және арнайы дене жаттығулары: бірлікті - ауыспалы қарөынмен жүгіру; ұзақ уақыт жүгіру ; біркелкі-жылдам жүгіру; 800 м аралыққа орташа қарқынмен жүгіру; 2000-3000 м арлыққа орташа қарқынмен кросс жүгіру.

Қысқа қашықтықтарға жүгіру. Арнайы дене жаттығулары: ауыспалы жүгіру; 30-50 м қашықтыққа бірден орташа және барынша жылдамдықпен жүгіру; төменгі сөре; 60 м қашықтыққа төменгі сөреден жүгіру; 60 м қашықтыққа еркін жүгіруден кейін жүгіру жылдамдығын ұлғайту; мәре белгісінен барынша жылдамдықпен жүгіріп өту; уақытты ескере отырып, төменгі сөреден барынша жылдамдықпен 100м жүгіру; эстафеталық жүгіру 4 * 100.

Ұзындыққа секіру. Орнынан ұзындыққа секіру техникасы: қол сермеу және табандарын айналдыру; серпілу, ұшу, тізелерді кеудеге таман көтеру, жерге түсуге дайындалу.

Баскетбол дене тәрбиесі жүйесінде. Ойын ойнау және сайыс өткізу ережелері.


      1. Баскетбол

Баскетбол дене тәрбиесі жүйесінде. Ойын ойнау және сайыс өткізу ережелері.

Шабуылдағы ойын техникасы: орын ауыстыру, жай және адымдап жүгіру, бағыт пен жылдамдықты өзгерту, сөрелер, секірулер, кідірістер, бұрылулар.

Қорғаныстағы ойын техникасы: орын ауыстыру, қорғаныс тұрысы, артымен алдыға карай қозғалу.

Допты меңгеру техникасы: допты бір орыннан және қозғалыс барысында беру; допты бір орыннан және қозғалыс барысында оң және сол қолмен жүргізу; допты бір орыннан, жақын және орта қашықтықтан кеудеден екі қолмен лақтыру; екі қолмен кеудеден айыптық лақтыру. Оқу-үйрену ойыны.




      1. Волейбол

Волейболдың дамуына қысқаша шолу. Волейбол ойнау ережелері

Волейболшылардың орын ауыстыруы (адымдап, айқас қадаммен, волейболшы тұрысымен алға - артқа). Волейболдық тұрыс (жоғары, төмен )

Допты жоғарыдан беру. Тура жоғарыдан; жұппен; қабырғамен ойнау; үштікпен ойнау; қысқа пас, артқа пас беру, ұзын пас; доп беру - орын ауыстыру - доп беру.

Допты төменнен беру - білекпен пас беру; серіктеске пас беру; мақсатты пас; қимыл барысында пас беру.

Допты беру: төмендете түзу беру; жоғарыдан жоспарлы беру; бүйірмен төмендете беру.

Допты беру және оны қабылдау: қабырғаның жанында қабылдау; допты білекпен беру және пас беру; берілген допты артқы сызықта қабылдау; допты мақсатты беру. Допты аяқпен қабылдау және беру. Оқу - үйрену ойыны.




      1. Гимнастика.

Гимнастика дене тәрбиесі жүйесінде; гимнастика міндеттері мен құралдары; гимнастика сабақтарындағы техника қауіпсіздігі.

Гимнастика түрлері.

Гимнастиканың сауықтыру түрлері: негізгі, гигиеналық, емдік гимнастика, ырғақты гимнастика және оның түрлері.

Сауықтыру гимнастикасының дәстүрлі емес түрлері: стретчиг (дене күйлері гимнастикасы), каланетика (статикалық жаттығулар гимнастикасы), шейпиг (компьютерлік сынамалаудан кейін жаттығулао таңдау), гимнастиканың шығыс сауықтыру жүйелері.

Гимнастиканың білім беру - дамыту түрлері: негізгі гимнастика, өндірістік, атлетикалық гимнастикалар.

Гимнастиканың спорттық түрлері: спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика.

Гимнастиканың қолданбалы түрлері: өндірістік (кіріспе, дене тәрбие минутасы, дене тәрбие кідірісі, белсенді демалыстың шағын кідірісі, жұмыстан кейін қалыпқа келу), кәсіптік - қолданбалы, әскери - қолданбалы, спорттық - қолданбалы гимнастика.

Саптық жаттығулар. Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау және бекіту. Қозғалу түрлері: тізені жоғары көтере, аяқтың ұшымен жүру, тізесін бүгіп, алдыға ұмтыла, аяқтарын айқастырып және ауыстыра отырып, алдыға және қапталға қарай қозғалу. Жүрудің түрлерін басқа қол қимылдары мен кездестіру, жүруді секірумен үйлестіру, тізені жоғары көтеру, аяқты артқа қарай бүгу, шапшаңдата отырып, қолдары мен денесін түрлі бағыттарда 360о-қа айналдыра жүгіру. Қимылдар: қиғаш сызық бойымен, орталық арқылы, зал бұрыштарымен нүктелеріне қарай, кері жүру, ирелең және спираль тәрізді жүру. Дұрыс дене мүсінін қалыптастыру.

Жалпы даму жаттығулары. Кешендерді құрастыру мен өткізудің мақсаты, жіктелуі, әдістемесі. Иық белдеуі мен қолдарға арналған жаттығулар, аяққа арналған жаттығулар, денеге арналған жаттығулар, отырулар, тірелулер. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар, гимнастикалық орындықтағы жаттығулар. Көрсету, айту, бөлу, ағымдық тәсіл бойынша ЖДЖ кешендері. Шұғылданушылардың түрлі контингентіне арналған жалпы дамыту жаттығуларының кешендерін құрастыру және өткізу.

Қолданбалы жаттығулар. Доп, секіргіш, таяқша және басқада нәрселерді тапсыру, жүгіру, секіру, кедергілерден өту, заттардың орнын ауыстыруымен байланысты қарқынды сипаттағы түрлі эстафеталар.

Акробатикалық жаттығулар. Топтасу: отырып, жатып, тізе бүгіп. Аунау: топтасуда- тізе бүккен күйде артқа және кері аунау, артқа аунап, жауырынға тұру, тізерлеп отырған күйден алдыға қарай аунау. Домалау: алдыға- тізе бүккен күйден аяқтарын алшақ қойып, қадам жасай, алдыға қарай ұзақ домалау, қатарынан бірнеше домалау; артқа қарай домалау. Тіреліп тұрулар: жауырынмен, баспен, қолмен тіреліп тұру (қабырға маңында және көмекпен). Аударылу: орнынан бір жақ қапталға, вальсеттен. Тепе - теңдік: бір аяқпен тұрып, қапталдық. Жатқан күйден көпірге тұру, артқа құлау. Жартылай шпагат, оң және сол жақ шпагат.

Секірулер. Жай секірулер: таңбалау бойынша, ұзындыққа, биіктікке секіру. Таянып секіру: ағаш ат аяқтарының арасын ашып секіру, аяқтарын бүгіп секіру, ағаш ат снарядының ені арқылы жанымен секіру.




      1. Президенттік көпсайыс

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру Президенттік сынамалары туралы» Қаулысын жүзеге асыу мақсатында Президенттік көпсайысты дене тәрбиесі бағдарламасына енгізу. Жыл сайын білім алушылардың дене дайындығының деңгейін тексеру мақсатында 60 м 100-ге жүгіру, 1000 м, 2000 м, 3000 м-ге жүгіру, 1,5 милиге жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, граната лақтыру сынамалар жарысын өткізу.


      1. Ұлттық ойындар

Қазақ ұлттық спорт түрлері, халық және қимыл – қозғалыс ойындары.

«Тымақ ұру» қимыл - қозғалыс ойыны. Тағанға тымақ орнатылады. Ойыншы тағаннан 10 қадам санап алшақтайды. Бетімен таған жаққа қарап, көзін жабады. Төреші ойыншының көзін ормалмен байлайды.

«Аударыспақ». Екі шабандозды таңдап алмыз, олар бір-бірін итеріп, жерге түсіруге тырысады. 1-ші нұсқа: шабандоздар жылқыны бейнелейтін ойыншылардың арқасына мінеді. 2-нұсқа: шабандоздар ойын доптарына немесе орындыққа мінеді.

«Асық». «Хан талапай». Ойыншылар шеңбер бойымен орналасып, асық арасынан басқаларынан ерекшеленетін хан асықты таңдайды, сосын барлық асықтарды ортаға тастайды. Асықтың қай жазғымен түсетіні өте маңызды, себебі асықты түскен жағына сәйкес келетін асық қана ойыннана шығара алады. Тәйкені Тәйке, Алшыны алшы шығара алады. Егер ойыншы тимеген болса, кезек басқа ойыншыға оуысады. Хан асық кімнің қолында қалса, сол жеңіске жетеді.

«Көтермек». Балалар шеңберге тұрады. Сайысқа түскісі келген екі бала ортаға шығып, бұйрық бойынша бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, олардың әрқайсысы қарсыласын арқасына салуға тырысады.

«Қындық сандық». Кілемге екі қарсылас шақырылып, тізелеріне тұрғызылады. Белгі берілген сәттен бастап, олар бір-бірінің иығынан тартып, қарсыласын кілемге құлатуға тырысады. Кілемге тиген ойыншы жекпе-жекте жеңіліске ұшырайды.

Басқа ойындар: «Жаяу көкпар», «Теңге алу», «Аларман» және т.б.

Ұлттық спорт түрлерінен «қазақша күрес» лақтыру техникасын үйрету қажет.



«Лапта», «Үшінші артық», «Кісен салыну», «Штандр», «Қағып шығару» неғұрлым қимыл – қозғалысты халық ойындары болып табылады.



  1. Оқу әдістемелік жабдықталуы


Ұсынылатын әдебиеттер

негізгі:

  1. Қасымбекова С, Герасименко В. Дене тәрбиесі. – А.. Мектеп, 2005.

  2. Горанько М.И., Құлназаров А.Қ., Қанағатов Е.Б. Президенттік сынамалар. – А.: Аль-Фараби, 1997.

  3. Жуманова А.С. Нетрадиционные виды и новые формы гимнастики. – Алматы, 2002.

  4. Мамиев Н.Б., Марков И.Б.,Самойлова Т.К. Казахские национальные подвижные игры – Кустанай: /Куст.гос.ун-т, Куст.обл.институт усоверш. врачей, 1994.

  5. Кузнецов В.С., Колодницкий Г.А. Прикладная физическая подготовка. 10-11 кл./ Учебно-методическое пособие.- М.:2003.

  6. Купер К. Акробатика для хорошего самочувствия.-М.:ФиС, 1987

  7. Лисицкая Т.С. Ритмическая гимнастика. – М.: ФиС, 1986

  8. Мустафина Т.К. Основы волеологии. /учебное пособие – Алматы: Класс сик, 1999.

  9. Программа по физической культуре : раздел «Ритмическая гимнастика». -Алматы, 2007

  10. Теория и методика физического воспитания. Учебник для институтов физ. культуры./Под общей ред. Л.П. Матвеева и А.Д. Новикова. Изд. 2-е, испр. И доп. М.: Физкультура и спорт, 1976.

  11. Загорский Б.И., И.П. Залетаев, Ю.П. Физическая культура / Практическое пособие.-М.

қосымша:

  1. Джим Дрюэт. Баскетбол-спорт для начинающих. 2006

  2. Э. Дарден. Бодибилдинг без стерсидов. 2007

  3. Л. Виера, Б.Д. Фергюсон. Волейбол-шаги к успеху. 2008

  4. Григ Чайлдерс. Великолепная фигура за 15 мин в день. 2002

  5. Кульназаров А.К. От Древней Эллады до Афин. 2004

  6. Пеганов Ю.А. Создай себя. – М.: Знание, 1991

  7. Президентские тесты – Департамент г. Алматы, 2002

  8. Кузнецов В.С. Прикладная физическая подготовка. 2003

  9. Кунчинов Р.И. Физическое воспитание. 2006

Көрнекілік құралдары ОТҚ:

  1. Гимнастикалық құрал-жабдықтар

  2. Атлетикалық тренажерлер

  3. Спорт түрлерінен құрал-жабдықтар

  4. Видео және аудио аппаратура

  5. Компьютерлік оқыту бағдарламалары

  6. Видеофильмдер (спорт түрлерінен оқу-әдістемелік құралдар, ырғақты гимнастика, аэробика, шейпингтен оқу құралдары).


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет