Жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе»



бет1/3
Дата26.06.2016
өлшемі325.5 Kb.
#159572
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ШӘКӘРІМ атындағы

СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-18-6.1.53/03-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

«Мамандыққа кіріспе»

№ 1 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ»
5В072300 – Техникалық физика» мамандығы үшін
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей 2013 ж.



Мазмұны

1 Глоссарий 3

2 дәрістер 10

3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 38

4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 44




1 Глоссарий



Академиямамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын, өз қызметінің салаларында ғылыми зерттеулерді орындайтын оқу орны; 

Академиялық ұтқырлық - бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО- да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі. Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық - білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

Атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия; 

Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады.бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже; 

Бакалавриат - 4 жылдан кем емес нормативтік оқу мерзімі бар сәйкес мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін беру арқылы мамандар даярлауға бағытталған жоғары білімнің кәсіби оқыту бағдарламасы.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартта көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім; 
интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары - білім беру деңгейі мен мазмұнының үздіксіздігін және сабақтастығын ескере отырып әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;  

Білім беру гранты - білім алушыларға кәсіптік білімге төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайда берілетін ақша қаражатының нысаналы сомасы; 

Білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;  

Білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау; 

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттілігіне сәйкестігін белгілеудің институционалды құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы; 

Білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;  



Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;  

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу - білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру, сондай-ақ оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тану рәсімі; 

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру қызметтерінің білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім; 
бірыңғай ұлттық тестілеу - орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау нысандарының бірі; 

"Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтарына күндізгі оқыту нысанында шетелдік оқу орындарында оқуы үшін тағайындайтын стипендиясы; 

Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртүтас жалпы - еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) қүрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат түтады. Болон процесінің басты мақсаттарының қүрамында еуропалық мәдени қүндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жүмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, үлттық жүйелерге сыйқүрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық түрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім қүжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.

Ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер

Ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

Ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер; 

Ғылыми мақала – аяқталған және логикалық біріккен,зерттеулерге қатысты мәселелер мен сұрақтар шешілетін шығарма. Ғылыми мақалада мазмұндаманы және дәлелдемелердің ең мәнді нәтижелеріне тоқталады

Дипломдық жұмыс - бұл кез келген студенттің ғылыми-тәжіребиелік жұмысы, оны оқуды бітіру кезінде жасайсыз. оны қорғау кезінде өз біліміңіз бен деңгейіңізді ұққан біліміңізді ұштарлайсыз.

Докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны; 

Доцент, профессор - тиісті жоғары оқу орны беретін академиялық атақ; жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымдардың өтініші бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган беретін ғылыми атақ

Жеке оқу жоспары - факультет деканы мен эдвайзердің көмегімен жұмысшы оқу жоспары негізінде әрбір оқу жылына құрастырылатын студенттің оқу жоспары. Эдвайзер әрбір студенттің оқу траекториясын анықтауға көмектеседі.

Инновациялық университет - идеялар кезін, іргелі және іздестіру зерттеулерін, қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізуді және өндіріске ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізуді қамтитын инновациялық қызметтің толық циклін іске асыруға қабілетті ғылыми-білім беру кешені; 
Институт - мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны; 

Институционалдық аккредитеу - білім беру ұйымының мәлімделген мәртебесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын сапалы ұсынуы жөніндегі қызметін бағалау; 

Интернаттық ұйымдар - белгілі бір санаттағы адамдардың жатын орны беріле отырып, білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін жалпы орта білім беретін ұйымдар; 

Интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын базалық медициналық білім беру шеңберінде бір немесе екі жылдық даярлау нысаны; 

Кафедра - студенттер арасында тәрбие жұмысын, бiр немесе бiрнеше ұқсас пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, әдiстемелiк, оқу жұмыстарын, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және олардың бiлiктiлiгiн көтерудi жүзеге асыратын жоғары оқу орнының негiзгi оқу-ғылыми құрылымдық бөлiгi болып табылады. 

Кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктері, мамандығы мен оқитын орнын еркін және саналы таңдау саласында оның құқықтарын іске асыруға ақпараттар мен консультациялық көмек беру; 

Кәсіптік даярлықты бағалау - техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылары кәсіптік даярлығы деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесін айқындау;  

Кәсіптік оқыту - техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегінің мамандарын жедел даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын кәсіптік білім беру жүйесінің бір бөлігі; 

Кешенді тестілеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны; 

Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, пәнді оқып зерделеу дәйектілігінің білім алушылардың таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту; 

Клиникалық база - материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын және ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін жоғары оқу орнының немесе жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының клиникасы;  

Колледж - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 

Кредит - студенттің оқу жұмысының көлемінің өлшем бірлігі. Бір кредит академиялық кезеңдегі бір пән бойынша студенттің оқу жұмысының 45 сағатына тең.

Қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан адамдар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары көлемінің шекті саны;  

Қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту; 

Қосымша білім беру - білім алушының білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі; 

Магистр - жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;  

Магистратура - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Университеттердің Ұлы Хартиясына еніп, үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен жоғары оқу орны болып саналады.

Мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау; 

Мемлекеттік аралық бақылау - оқыту сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі;  

Мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;  
  Мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету және білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі; 

Монография – белгілі бір тақырыпқа тоқталатын ғылыми жұмыс.Монографияда қаралатын сұрақтарға тоқталып,жаңа тұжырымдамалар мен шешулер қаралады.Монография аумақты библиографиялық тізбемен, ескертулермен және д т. қоса беріледі.

Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

Оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат; 

Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;

Оқу-клиникалық орталығы - кәзіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және/немесе медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған медициналық жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшесі;  

Оқу пәніне жазу оқу пәндеріне алдын-ала жазудың тәртібі бойынша факультеттің эдвайзері мен деканының көмегімен факультеттегі студенттердің қатынасуымен жүзеге асады;

педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;



Стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;   

Студент — жоғары оқу орнында (институт, университет т.б.) оқып білім алушы.

Тезистер- мақаланың, баяндаманың, курстық немесе дипломдық жұмыстың және д т. қысқа тұжырымдардың басты ойлар туралы жазылған ғылыми еңбек.

Университет - мамандықтың үш тобынан кем емес (медициналық университет - екіден кем емес) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметі саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын оқу орны; 

Факультет - бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар бойынша студенттер және аспиранттар дайындайтын, экономиканың, бiлiмнiң және мәдениеттiң тиiстi саласында басшы, инженер-техникалық және педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыратын және де кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық ететiн жоғары оқу орынының оқу-ғылыми және әкiмшiлiк бөлiгi. 

Философия докторы - тиісті мамандықтар бойынша докторантураның (Рh.D) кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін жоғары академиялық дәреже; 

Шағын жинақты мектеп - сынып-жинақтары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, білім алушылар контингенті шағын жалпы білім беретін мектеп; 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет