7және 8-кестелердің мазмұнын оқыңыздар. 16-кестенің соңғы қатарын қауіпті заттардан қорғану үшін қандай нұсқаулар беруге болады. (толтырыңыздар).
Өздеріңіздің өміріңізді экологиялық қауіпті заттар мен орта факторларының әсері тұрғысынан анализдеңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды ортаның қолайсыз факторларынан қорғау үшін қандай шараларды іс-жүзінде жасауға болады?
Экологиялық императив тұрғысынан тұрмыстағы өзіңіздің мінез-құлқыңызды сараптаңыз: қоршаған ортадан денсаулыққа зиянды факторларды атаңыздар: денсаулық жағдайын жақсарту үшін ең алдымен не істеу керектігін отбасы мүшелерімен талқылаңыздар.
Экологиялық қауіпті факторлар 7– кесте
Қауіпті заттың не заттар тобының аты
|
Қауіпті заттардың көзі
|
Ағзаға тигізуі мүмкін әсері
|
Қауіпті заттардан қорғауға нұсқаулар
|
1. Ауыр металдар (Hg, Pb, Cd, As, Cu, Zn, Mn, Co, және т.б.)
|
Бояулар, шайынды сулар, қалдықтарды жағу, сынапты шамдар, автомашиналардың газдары, жасанды мата, пластмасса.
|
Cd – қаңқада өзгерістер, бұйрек аурулары;
As -терінің қатерлі ісігі;
Hg - жүйке жүйесін зақымдайды;
Pb - бүйрек, бауыр аурулары.
|
Ауыз суды тазалғыш фильтрден өткізу; суда еритін бояуларды пайдалану, көліктерді қорғасыннан тазартылған бензинмен қамтамасыз ету.
|
2. Ұшқыш органикалық қосылыстар
|
Еріткіштер, тазалағыш құралдар, дезинфекциялаушы заттар, бояулар, желім, пестицидтер, ағаш сүрегінің консерванттары
|
Хлорлы еріткіштер – қатерлі ісіктер, ісіктер
Галогенді көмірсулар – жүйке және жүрек тамыр жүйесін, бүйрек, бауырды зақымдайды иммунитетті төмендететін диоксиндердің организмде түзілуі, кемістіктер мен мутациялар туғызады
|
Қауіпті заттардан бас тарту, жақсы желденетін бөлмеде жұмыс істеу.
|
3.Формальде
гид
|
Пресстелген плиткалар, желім, кілемді жабыңдар
|
Тыныс алу мүшелерінің ауруы қатерлі ісік, бас айналу
|
Формальдегидті жақсы сіңіретін бөлме өсімдіктерін өсіру, қабырғаларға шлак (табиғи смола) жағу
|
4.Пестицид
тер
|
Пестицидтердің барлық түрлері
|
Ағзалардағы көптеген заттармен реакцияға түсіп,белгісіз қосылыстар түзуі мүмкін
|
|
5. Жану өнімдері (СО, NO26 CO26 SO2 және т.б.)
|
Темеке түтіні, газ плиталары, автомобильдердің газдары
|
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, бас ауруы
|
Темекіден бас тарту, мөлмелерді жақсы желдету, автокөлік жұмысын бақылау
|
6. Шаң
|
Дизельді транспорт, жылу электростанциялары, қалдықтарды жағу, тазартқыш құралдары жоқ өндіріс орындары
|
Аллергия, тыныс алу мүшелерінің аурулары
|
Ылғалды тазарту, желдеткіштерге торлы перделер тұту, бұзылған шаң сорғыштарды пайдаланбау
|
7. Асбест
|
Құрылыс материалдары, жылу изоляторлары
|
Аллергиялар, тыныс алу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер (10 – 30 жылдан кейінгі эффект)
|
Асбесті тор материалдарды арнайы пленкалармен қаптау
|
8. Ауру туғызушы бактериалар
|
Ластанған және шаңданған бөлмелер
|
Асқазан, ішек аурулары
|
Сабынды ыстық сумен жуу, азық-түлікті жабық ыдыста сақтау, тоңазытқыштарды пайдалану
|
9. Күн сәулесінің жетіспеуі
|
Қалалар ауасының ластануы, күн тәртібінің (режим) дұрыс болмауы
|
Д витаминінің жетіспеуі
|
Таза ауада серуендеу
|
10. Радиация
|
Құрылыс материалдары, ядролық қаруды сынау, авариялар
|
Қатерлі ісік аурулары
|
Бөлмелерді желдету, таза азық-түлікті пайдалану, и ммунитетті күшейту.
|
8– кесте
Үйлеріңіздегі экологиялық жағдайды жақсарту жолдары
Орта факторлары
|
Факторлардың қолайсыз нәтижелерінін әсері
|
Зиянсыз құралдармен ауыстыру мүмкіндігі және зиянды әсерді жою жолдары
|
1. Тұрғын үйдегі температура
|
Жылу жоғалту, көп мөлшерде энергия жұмсау
|
|
2. Жасанды маталар мен кілем өнімдері (капрон, нейлон, полиэфирлі, полиакрилонитрильді, поливинилхлоридті, полилефинді)
|
Теріні тітіркендіру және ұшқыш улы өнімдердің бөлініп шығуынан аллергияның пайда болуы
|
|
Косметика және парфимерия:
иіс су (духи), далап (помада губная),
опа (пудра),
кремдер,
шампуньдер,
иіс сабын,
шаш бояу
тырнақ боятын лак,
шашқа арналған лак,
дене дезодоранты,
ауа дезодоранты.
|
Аллергия реакция
уақыты өтіп кеткен далаптағы висмут пен майлардың улы әсері
цинк қосылыстарының улы әсері
конъюктивиттер, дерматиттер, әкпенің зақымдануы
аллергияның пайда болуы
аллергияның пайда болуы
аллергияның пайда болуы
ацетон және басқа да еріткіштердің қан, жүйке және тыныс алу жүйесіне есіріткілік әсер етуі;
терінің тітіркенуі, канцерогенді әсер;
кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі, түншықтырғыштық әсер;
есеріткілік әсер;
|
| -
Жуғыш заттар
кір жуатын ұнтақтар
тазартқыш заттар
дақ кетірушілер
аяқ киім майы
|
Аллергия, катаральдық өзгерістер, кілейгейлі қабықшалардың тітіркенуі
Аллергия, катаральдық өзгерістер, кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі; өзендер мен көл суларына түссе- тірі ағзаларды жояды;
көмірсулардың галогентуындыларын қара;
кілейгелі қабықшалардың қабынуы
|
|
5.Ағартушы және дезинфекциялаушы заттар
|
Тері мен кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі, сондай-ақ формалиннің канцерогенді әсері
|
|
6. Пестицидтер
|
Улы әсер (акометрин Н, диазинон, дибром, дихлор, карбофос, нафталин, мысты купорос, нитрафен, тиазон,
|
|
7. Құрылыс материалдары: желімдер,
майлы бояу,
майлы лактар, паркет лагы, эмаль-лактар нитроэмаль
линолеум,
жиһаз маталары мен перделер.
|
Тері мен кілегейлі қабықшаларды тітіркендіреді: «Момент», «Феникс» жүйке жүйесін зақымдап, қатерлі ісік туғызуы мүмкін;
ауыр металлдар мен органикалық еріткіштердің улы әсері;
улы және канцерогенді заттардың әсері;
өрт қаупі, есірткі заттары бар, қан түзу мүшелерін зақымдайды;
хлорвинил мен пластификаторлар созылмалы улану туғызуы мүмкін;
химиялық талшықтар электрленді, ылғалды нашар сіңіреді, улы қоспалары бар;
|
|
8. Қаптау материалдары:
металдық
полиэтиленді, полистриролды және т.б.
көп қабатты және көп компонентті қаптау материалы
|
Қоршаған ортаны ластайды, қымбат материалдарды бүлдіреді;
Бактериялар ыдырата алмайды және ерімейді, қыздырғанда улы қосылыстар түзе отырып ыдырайды;
қайта өңдеуге жатпайды, қоршаған ортаны ластайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |