Жұмыс бағдарламасы мамандықтың 04. 19-2008 ж мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бағдарлама негізінде әзірленген. 5В010801 «Дене шынықтыру және спорт»



Дата25.02.2016
өлшемі216.6 Kb.
#21480
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті



Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Шаңғы спорты пәнінен

5В010801 Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және

типтік бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31








БЕКІТЕМІН

Декан ФХТиЕ

___________ Ахметов К.К.

«___»_____________201_

Құрастырушы: _________ аға оқытушысы Аблеев Ж.Ш.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Шаңғы спорты пәні бойынша

5В010801 Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың 5.04.19-2008 ж.мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бағдарлама негізінде әзірленген.5В010801 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы үшін С.Торайғыров ат. ПМУ оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілд

201 ж. «___»____________№_____ хаттама.

Кафедра отырысында ұсынылды 201 ж. «___»____________№_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________ Мастобаев Ю.А. 201__ж. «____» __________ (қолы)

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 201__ж. «_____»____________ №____ хаттама

ОӘК төрағасы _____________ Нургожин Р. 201__ж.

1.Пәннің мақсаты шаңғы спортындағы технико-тактикалық,

2.психологиялық және теориялық дайындығының нысандары, тәсілдері мен құралдары.


Пәннің міндеттері:

Дене шынықтыру және спорт теориялық және әдістемелік негіздері туралы білік-дағдылар негізінде жоғары спорттық нәтижелер мен тиімді дене дайындығына қол жеткізумен шаңғышылардың дене, техникалық және тактикалық дайындығын ғылыми-дәлелді басқарудың білік-дағдыларын үйрету, білім беру.

Осы тәртіпті зерделеу нәтижесінде студенттердің:

түсініктері болуы керек:

– шаңғы спортының даму тарихы туралы;

– шаңғы спортының түрлері мен терминологиясы туралы;

– орындаудың тактикасы мен техникасы туралы;

– қажетті дене қабілеттері туралы;

– спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз ету туралы.

білулері тиіс:

– шаңғы спорты теориясының негіздері және спорттық дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері;

– оқыту мен білім беру әдістемесі;

–ақпаратты жинау, өңдеу және пайдалану тәсілдері;

–дене қабілеттерін дамытуға арналған құралдар мен тәсілдер және қызметтік дайындықты тиімдету;

қабілетті болуы тиіс:

–жаттығу үрдісін жоспарлау, бақылау және басқаруға;

–жасы, жынысы және спорттық маманданымды ескере отырып, шаңғы спортындағы оқытудың құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

–спорттық таңдау, жобалау тәсілдерін пайдалана алуға.

практикалық дағдылары болуы тиіс:

–шаңғы спортындағы жарыстарды өткізу бойынша;

– сайыстарға төрелік жасау бойынша.
2. Алғышарттар:

Осы пәнді игеру үшін педагогика, анатомия, информатика және физиология, дене шынықтыру мен спортының теориясы және әдістемесі сияқты пәндерді зерделеуде алған қажетті білік-дағдылар.


3. Қолданылу аясы:

Осы пәнді зерделеуде алынған білік-дағдылар келесі пәндерді игеру үшін қажетті: дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі, спорт биомеханикасы, спорттық құрылғылар, спорт физиологиясы, спорттық медицина, спорт гигиенасы, емдеу дене шынықтыруы.



4 Тәртіптің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары



№ р/с

Тақырыптардың атаулары

Сабақ түрлері бойынша сағат саны

Күндізгі оқу түрі




дәрістер

практикалық (сем)

СӨЖ










1

Шаңғы спортының даму тарихы. Түрлері, жүйесі және терминологиясы.

4

4

10










2

Оқытудың теориясы және әдістемесі.

4

4

10










3

Ағзаның дене қабілеттері, техника, дене және психикалық қасиеттер

5

5

20










4

Спорттық-педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортына қажетті білік-дағдылар.

5

5

20










5

Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

5

5

20










6

Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз ету.

5

5

20










7

Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

5

5

20










Барлығы :

30

30

120











4.2 Пән тақырыптарының мазмұны.


1 тақырып. Шаңғы спортының даму тарихы. Маманданымы, жүйесі мен терминдері.

Дене тәрбиесі жүйесіндегі шаңғы спортының алар орны; халықтың дене тәрбиесі үшін шаңғы спортының міндеттері мен маңызы. Шаңғы спортының федерациясы, міндеттері, жарғысы, құрылымы, жұмысты жоспралау және ұйымдастыру.

Шаңғының шығу тегі және алғашқы қолдануы. Ежелгі шаңғылардың типтері мен түрлері; археологиялық белгілер: тау үстіндегі суреттер. Алғашқы жазба құжаттары. «Ски», «нарты», «шаңғы» терминдерінің пайда болуы. Шаңғы спортының пайда болуы. Русьте шаңғыларды пайдалану: аңшылық пен соғыста; XV және X ғасырдың шаңғылары. Одан кейінгі жүз жылдықтарда шаңғыны пайдалану; Минин және Пожарский әскерлері, Пугачев бастаған шаруалар соғысы, 1812 жылғы Отан соғысында. Төңкеріске дейінгі Ресейдегі шаңғы спорты. Алғашқы шаңғы клубтары. Спорттық сайыстар. Ауысулар. Шаңғы спортының техникасы. Халықаралық кездесулер.

2 тақырып. Оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Жаттығу үрдісін басқару. Спорттық жаттығу жүйесінің мүмкіндіктерін кешенді пайдалану (заңдылықтары, принциптері, ережелері, құралдары, әдістері және т.б.). Спорттық дайындық жүйесінің жаттығудан тыс және сайыстан тыс факторлары (арнайы құралдар, жабдықтар мен тренажерлер, қалпына келтіру құралдары, климаттық факторлар, ұйымдастыру сәттері және т.б.)

Білім беру, қалыптастыру, дағдыны бекіту және жетілдіру кезеңдері. Мақсаттары мен міндеттері. Стандартты-қайталау жаттығулары, қайталау-ауысу жаттығулары және олардың қатысы тәсілдері.

3 тақырып. Техника, дене қасиеттері, ағзаның қызметтік және психикалық қасиеттері.

Шаңғышының негізгі дене қабілеттері. Төзімділік негіздері. Төзімділік көрсеткіштері. Шаңғы спортындағы шаршау. Жалпы және арнайы төзімділіктің дамуы. Шаршағанды басу. Жүктемені анықтайтын негізгі факторлар. Аэробты мүмкіндіктердің ұлғаюы. Жылдамдық, күштік және арнайы төзімділік.

4 тақырып. Спорттық–педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортына қажетті білімдер, біліктер, дағдылар.

Оқыту пәні. Оқыту міндеттері. Қозғалыс білік дағдылары. Анықтау. Спортшыларды дайындауда олардың маңызы. Шаңғы спортының айырмашылық ерекшеліктері. Дағдының оңтайлы және кері ауысуы және оның оқыту құрудағы есебі. Шаңғы спортындағы оқытуда дидактикалық дағдыларды пайдаланудың ерекшеліктері. Оқыту мінездемесіне тәрбие береміз. Сауықтыру бағыты. Білім алушылардың санасы мен белсенділігі. Қол жетімділік пен жекелік. Көрсетушілік пен беріктілік.

5 тақырып. Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

Педагогикалық бақылау, оның мәні мен мазмұны, бақылау түрлері: ағымдағы, жедел, кезеңдік, тереңдетілген. Педагогикалық бақылау тәсілдері. Есеп түрлері: алдын ала, ағымдағы, қорытынды.

Судьялардың республикалық коллегиясы: міндеттер, жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру. Шаңғы спорты федерациясының халықаралық байланыстары, жұмыстың құрылымы мен жоспарлау. Сайысты өткізу туралы құжаттар. Сайыс туралы ереже және сайыстың хаттамасы.

6 тақырып. Спорттық құрылғылар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Оқытуда қозғалудың техникалық құралдарын: ролик конькилерін, шаңғыроллерін, тайғақ жапқыштарды, тренажерлерді, электр және жарық құралдарын пайдалану. Дайындықтың техникалық құралдарын: шаңғы сайыстарында – шаңғыроллері, жүгіру жолы, шаңғы, қозғалудың түрлеріне арналған бәтеңке мен таяқшалар; шаңғымен секіруде – допингтер, әткеншектер, имитациялық құрал, түрлі қуатты трамплиндер, секіру шаңғы мен бәтеңкелері; таушаңғы спортында – шаңғылар, түсудің түрлеріне арналған бәтеңкелер мен таяқшалар, көтергіштер мен қар құралдары.

7 тақырып. Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

Оқыту үрдісінің құрылымы: бастапқы оқыту кезеңі (дағдыларды игеру); дағдыны бекіту кезеңі; дағдыны жетілдіру кезеңі. Бастапқы оқыту кезеңі. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері. Мүшеленген тәсіл. Оның мәні мен пайдалану шарттары. Бөліктерді бірегей қабылдауға бірігудің жолдары. Әрекет тынысын игеру. Сенсорлық модельдеу, көшбасшылық пен қозғалыстарды бағдарламалау тәсілдері.
4.3 Практикалық (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтардың тізімі мен мазмұны.

1) 1 тақырып. Шаңғы спорты дамуының тарихы. Маманданымы, жүйесі мен терминологиясы.

Ұлы қазан социалистік төңкерісінен кейінгі шаңғы спортының дамуы. Шаңғы спорты дамуындағы жалпы оқытудың рөлі. Шаңғы спорты дамуындағы Қызыл әскердің жетекші рөлі. Жекелік дене шынықтыру ұйымдарындағы шаңғы спорты. АТҚ кешені негізіндегі шаңғы спортының дамуы. Кәсіподақтық және комсомолдық жаппа кросстар. Ұзақ шаңғы жүрістері. Ақ финндармен, Ұлы Отан соғысында шаңғы бөліністерінің қатысуы. Соғыстан кейінгі жылдардағы шаңғы спорты. Шаңғы спортының өсуі. Кеңес шаңғышылары спорттық жетістіктерінің өсуі. Халықаралық кездесулер. Кеңес шаңғышыларының қысқы Олимпиада ойындарында және дүниежүзілік біріншіліктерде қатысуы. Қазақ шаңғышыларының қысқы Олимпиада ойындарында және дүниежүзілік біріншіліктерде қатысуы. Техниканың эволюциясы, оқыту методикасы мен жаттығудың дамуы.

2) 2 тақырып. Оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Жүріс, көтерілу, түсу, тежеу және айналуды оқытудағы бірізділік. Жеке жаттығуларға оқытудың тәсілдері (тұрақталуы, бекітілуі және дағдыны жетілдіру). Жақындататывн жаттығуларды пайдалану.Оқытудағы кешенділік. Жеке жаттығуларды оқытуда орынды таңдау.

3) 3 тақырып. Техника, дене қабілеттері, ағзаның функционалдық және психикалық қасиеттері.

Жылдамдық. Жылдамдықты бағалау. Жай және күрделі қозғау реакциясының жылдамдығы. Жылдамдықты дамытудың құралдары. Жылдамдықты дамытудың тәсілдері: қайтарымдық, интервалдық, ауысу жаттығулары. Қозғаушы мінездемелері (жол ұзақтығы, жаттығуларды орындаудың тиімділігі, демалыс интервалдары, қайтару саны және т.б.).

4) 4 тақырып. Спорттық–педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортында қажетті білімдер, біліктер мен дағдылар.

Қозғаушы әрекеті техникасының қайтақұрылуы, әдістеме. Тиімділікті бақылау және бағалау: автоматтандыру нәтижелері, шаршауға төзу дағдысы, жеңілдететені фактолар іс-әрекеттің нұсқалары.

5) 5 тақырып. Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

Шаңғы спортындағы дене дайындығының тесттіленуі мен бақылауы.

Сайыс пен спорттық күрес шарттарының ерекшеліктері. Мақсатты орнатудың мманданымы; нәтиже бағаларының жүйесі; спортшылардың қызметін реттейтін ережелердің мінездемесі: олардың күрделілігі, спортшының қызметіне әрекеттесудің мінезі. Шаңғы спотындағы сайыстарды өткізудің әдістемесі.

6) 6 тақырып. Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз етуі.

Оқу фильмдері, кинотүсірілімдер, бейнемагнитофондық жазбалар және т.б. көрсету. Сенсорлық көрсетілім: метрон, магнитофон, электрлампалары жүйесі және т.б. көмегімен қозғалыстың жеке параметрлерін қалпына келтіру. Кардиолидерді пайдалану, ЧСС сигналдары бойынша спортшының жұмыс тиімділігін басқару; қозғалыстың тиімді тыныстық құрылымын қалыптастыратын ритмолидерлер (жарықтық және дыбыстық). Спорттың түрлі түрлерінде қозғалыстың тиімді динамикалық құрылымын қалыптастыру (қозғалыстың берілген сәтінде негізгі жүктемені әкелетін бұлшықеттің қысқартылуын қамтамасыз ететін электр лидерлері).

7) 7 тақырып. Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

Жүріс, жоғары көтерілу, төменге түсу, тежеу, бұрылу, секіру оқытудағы бірізділік. Жеке жаттығуларға оқыту тәсілдері (тұрақталу, бекіту және дағдыны жетілдіру). Жаттығуларды пайдалану. Оқытудағы кешенділік. Жеке жаттығуларды оқытуда орынды сайлау.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі

ЖБМ негізіндегі оқытудың күндізгі нысаны




СӨЖ түрі

Есеп нысаны

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістік материалды өңдеу

дәптер

Сабақтарға қатысу

10

2

Дәрістік сабақтар мазмұнына енбейтін материалдарды зерделеу

дәптер

Сабақтарға қатысу

10

3

Практикалық сабақтарға дайындалу және тапсырмалар бойынша есеп дайындау

дәптер

Баяндама

20

4

Ғылыми баяндамаларға дайындалу, рефераттарды орындау (көлеміне байланысты)

Есеп

Баяндама

20

5

Тақырып бойынша тесттілеуге дайындалу

Тесттермен жұмыс жасау

Ағымдағы бақылау

20

6

Сабақтардың тақырыбы бойынша мәтіндерді құрастыру, жоба бойынша жұмыс жасау

Тесттер

Тесттерді тексеру

20

7

Бақылау іс-шараларына дайындалу (МБ1, МБ2, емтихан)




МБ1,МБ2

емтихан


20




Барлығы





120













































4.4.2 Студенттердің өзіндік зерделеуіне шығарылған тақырыптар тізімі.



  1. 1 тақырып. Шаңғы спортының даму тарихы. Маманданымы, жүйелілігі мен терминологиясы.

Құралдар эволюциясы. Шаңғы спорты жеке түрлерінің дамуы; шаңғы жүрістері, шаңғымен трамплиннен секіру, биатлон, таушаңғы спорты. Шаңғы спортының шетелдегі жағдайы мен дамуы.

Нұқсауланған әдебиет: [1] 89–93 бб.



  1. 2 тақырып. Оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Қателіктерді алдын алу және жою; а) кездесетін қателіктер; б) қателіктердің негізгі себептері. Қателерді жою бойынша іс-шаралар. Қозғалысын техникасын игеру бойынша бақылау және өзін-өзі бақылау. Оқыту тиімділігін бағалау, демалыс интервалдары, жаттығу арасындағы интервалдар. Тереңдетілген оқытудың кезеңдері. Мақсаттар мен міндеттер. Жалпы бағыттылық. Жаттығу тәсілі, оның мәні, оны пайдаланудың тиімділік шарттары.

Нұсқауланған әдебиет: [6] 244–245 бб., [7] 20–25 бб.



  1. 3 тақырып. Ағзаның техникасы, дене қасиеттері, қызметтік және психикалық қасиеттер.

Күш. Жеке-күштік қабілеттер. Жылдамдық–күштік қабілеттер. Жалпы және күшті дамытатын жеке міндет. Күш дамытудың құралдары. Күш дамытудың тәсілдері: шекті емес ауыртпалықтар және қайталанудың шекті саны және т.б.

Нұсқауланған әдебиет: [2] 84–99 бб.

4) 4 тақырып. Спорттық–педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортына қажетті білімдер, біліктер, дағдылар.

Шаңғы спорты бойынша жаттығуларды ұйымдастыруда оқытушының рөлі, мәні мен міндеттері. Оқытудағы метеорологиялық жағдайдың есебі. Оқыту үстіндегі жергілікті жерді таңдау, құралдар, киім мен аяқ киімге қойылатын талаптар. Жарақаттылық пен суық тиюдің алдын алу.

Нұсқауланған әдебиет: [6] 23–25 бб., [9] 169–170 бб.

5) 5 тақырып. Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

Заманауи техникалық құралдар. Спортшыларға арналған жедел тіркеу, қозғалыстың динамикалық және кинематических қозғалыстары туралы ақпарат, негізгі қызмет жүйелерінің реакциялары, берілген мінездемелерге сәйкестігі.

Нұсқауланған әдебиет: [2] 144–165 бб., [5] 20–28 бб.

6) 6 тақырып. Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамсыздандыру.

Түрлі электрондық және фотоэлектрондық ақпарат берушілер көмегімен түзету немесе берілген міндеттемені сақтау мақсатында жүрістің барысы туралы (жедел ақпарат тәсілі) шынайы мәліметтерді электрондық тұрғыдан алу.

Нұсқауланған әдебиет: [3] 244–245 бб., [7] 20–25 бб.

7) 7 тақырып. Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

Қателерді алдын алу және жою. Негізгі, қайтара және кездейсоқ қателер. Қателердің пайда болу себептері, оларды жою және алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Шаңғы спортымен айналысуда ерекше талаптардың мәні. Шаңғы спортымен айналысуда ерекше талаптарды жүзеге асырудың оқытушы рөлі. Шаңғыда жүрудің тәсілдеріне тиімді оқыту үшін жергілікті орынды бағалаудың мәні. Сабақтарды сәтті және эмоционалдық тұрғыда өткізу үшін құралдарды дұрыс таңдау және дайындаудың мәні. Нақты сабақтар үшін киімнің дұрыс таңдалуын бағалау.

Нұсқауланған әдебиет: [3] 15–45 бб., [6] 71–85 бб.

5. Әдебиет тізімі

Негізгі:

1.Браун, Н. Подготовка лыж:полное руководство/Н. Браун; [ағылш. тіл. ауд. А. Немцов].- Мурманск:Тулома,2005.-167 б.

2. Аблеев, Ж.Ш. Шаңғы спорт:әдiстемелiк нұс•аулар Аблеев, Ж.Ш.


-Павлодар:С. Торайғыров атындағы ПМУ,2008.-21 б.

3. Горные лыжи и сноуборд: карвинговая техника/А. Горяйнов.2006.-124б.

4.Матвеева Л.П. Основы общей теории спорта и системы подготовки спортсменов. – Киев, 2003., –317 б.

Қосымша:


5.Раменская, Т. И. Юный лыжник:учеб.-попул. кн. о многолетней
тренировке лыжников-гонщиков/Т. И. Раменская.-М.:СпортАкадемПресс,
2004.-204 б.

6.Смирнов,Г.А.Все русские звезды мировой лыжни/Г.А. Смирнов.- М. : Спорт Академ Пресс,2004.-112 б.

7. Якенда, Д. Горные лыжи: курс для начинающих/Д. Якенда, Т.
Росс; кіріспе П. Стрит.-М.:Астрель: АСТ,2006.-224 б.


Мамандықт(ард)ың жұмыс оқу жоспарынан үзінді




Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.3/32


5В010801 Дене шынықтыру және спорт



мамандығының жұмыс оқу жоспарынан үзінді
Пән атауы Шаңғы спорты


Оқыту нысаны

Пән сағаты

Семестрлер бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестрлер бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

Академиялық сағаттар

кредиттер

Дәрістік сабақтар

(ак. сағаттар)



СӨЖ

(ак. сағаттар)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сын.

АБ


МБ







барлығы

дәр.

тәж.

зертх.

барлығы

СОӨЖ

ЖБМ негізіндегі күндізгі

2

90

30

60

4






4

2

30

15

15



60

30

























ОКБ негізіндегі сырттай

2

90

12

78

4






3







6












4

2

12




6



78

12


























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет