Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 050204 «Мәдениеттану»



Дата08.06.2016
өлшемі292.02 Kb.
#122345
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасының

титулдық парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Философия және мәдениеттану кафедрасы

«Дүниежүзілік көркемдік мәдениет» пәнінен


5В020400 «Мәдениеттану» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс оқу Бағдарламасы

Павлодар


Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/33


БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор

________ Н.Э.Пфейфер

2012 ж. «____»_______

Құрастырушы: аға оқытушы Уызбаева А.А.

Философия және мәдениеттану кафедрасы



«Дүниежүзілік көркемдік мәдениет» пәні бойынша

5В020400 «Мәдениеттану» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 050204 «Мәдениеттану» ҚР МЖБС 3.08.274-2006 негізінде әзірленді және С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің

Ғылыми кеңесінің отырысында 20__ж.«___»____,№___Хаттамамен бекітілді.


Кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «___»__________ № __ хаттама.
Кафедра меңгерушісі________________ Ахметова Г.Ғ. 2012 ж. «___»_______
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «___»__________ № __ хаттама.


ОӘК төрағасы ___________________ Батталов К.К. 2012 ж. «___»_______

КЕЛІСІЛДІ
ТжҚ Факультет деканы ________________Акишев А.А. 2012 ж. «___»______


МАҚҰЛДАНДЫ
ОҮЖжӘҚБ бастығы________________ Варакута А.А. 2012 ж. «___»______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «___»__________ № __ хаттама.


1 Пәннің мақсаты – студенттерді әлемдік өнер ескерткіштерімен таныстыру. Студентті өнертанымдық талдауға деген талабын қалыптастыру, көркемдік – эстетикалық ағымдарды, стилдерді дұрыс жүйелей білуге, әртүрлі өнер түрлеріне қатысты жекелеген тұлғалар творчествосымен таныстыру.

Пәннің міндеті:

Осы пәнді нәтижесінде студенттердің:

- әлемдік өнер тарихына қажетті жүйелі білім қорын жинақтау

-өнерді әлемді көркемдік тұрғыдан меңгеру процесі ретінде қарау

-әрбір мәдени кезеңдердің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік бағыттарын, спецификасын, стилін және көркемдік эстетикалық жүйелері ерекшеліктерін терең түсіндіру;

- өнер тарихының негізгі кезеңдерін;

- әлемдік өнер ескерткіштерін;

- негізгі оқу құралдарындағы материалдарын;

- өнер тарихы мәселелері турасындағы негізгі монографиялық жұмыстарды. білу керек;

- әлем өнеріндегі программалы шығармаларды талдай білуге,

- әрбір кезеңдердің өнерінің негізгі ерекшеліктерін атай білуге,

- өнер тарихының мәдени процестермен байланысын,

- әлемдік өнер ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктерін әрбір дәуірдің эстетикалық, танымдық, қоғамдық – саяси проблемасы контексінде істей-білуге тиіс.


  1. Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

  • Философия,

  • Ежелгі Шығыс мәдениеті,

  • Эстетика,

  • Антика мәдениеті.




  1. Постреквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған

білім, икемділік және дағдыр-машықтар қажет:



  • Қайта өрлеу және Жаңа заман мәдениеті,

  • Постмодернизм эстетикасы,

  • Постмодерн және мәдениет,

  • Дүниежүзілік көркемдік әдебиет.


  1. Пәннің мазмұны

    1. Пәннің тақырыптық жоспары




№ р/с

Тықарыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәріс

тер


Прак

тикалық


СӨЖ

1

Кіріспе. Алғашқы қауымдық қоғам өнері

2

1

6

2

Ежелгі Мысыр өнері. Ежелгі Месопотамия өнері

2

1

6

3

Үнді өнері

2

1

6

4

Ежелгі және ортағасырлық Қытай өнері

2

1

6

5

Антик дүниесінің өнері. Ежелгі Греция өнері. Ежелгі Рим өнері

2

1

6

6

Сақ – скиф өнері

2

1

6

7

Византия өнері.

2

1

6

8

Мұсылман өнері

2

1

6

9

Ортағасырлық Батыс Еуропа өнері

2

1

6

10

Батыс Еуропалық Қайта Өрлеу дәуірінің өнері

2

1

6

11

XVIIғ. Батыс Еуропа өнері. Батыс Еуропа өнерінің XVIIIғ. негізгі даму тенденциялары

2

1

6

12

Батыс Европаның XIXғ. өнері. Импрессионизм

2

1

6

13

XXғ. өнері

2

1

6

14

Орыс өнерінің тарихы

2

1

6

15

Қазақ өнері

2

1

6

Барлығы

30

15

90

4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны



Тақырып 1 Кіріспе. Алғашқы қауымдық қоғам өнері

Қазіргі жетілген қоғамымыздың адамы өзінің бүкіл адамгершілігі, ақыл– парасаты, рухани мәдениеті жағынан бұған дейінгі қай кездегіден болса да, еңсесі биік тұратын, рухани жан-дүниесі мейлінше жетілген болу керек. Жаңа адамның рухани дүниесі бай болуы үшін өнердің алатын орны ерекше. Өнер – қоғамдық сананың бір түрі. Өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді. Өнердің тәрбиелік және қоғамдық мәні де айрықша. Өнер ескерткіштерін жақсы түсініп, оны өмір қажеттілігіне жарату үшін көп іздену шарт. Өнер тарихымен жан – жақты танысу үшін көп оқу керек. Өнер тарихы дегеніміз – адамзат тарихы. Өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден – бір белгі болып табылады.

Өнердің бастапқы нышандары немесе оның пайда болуы. Өнер тарихы- адамзат тарихы. Палеолит дәуірінің алғашқы кескіндеме ескерткіштері: Альтамира, Ляско, ле-Комбатель, фон-де-Гом үңгірлеріндегі тасқа таңбаланған суреттер мен мүсіндер. Бейнелеу өнерінің түрлері: графика, кескіндеме, силуэт (контрлы суреттер), мүсін өнері.

Тақырып 2 Ежелгі Мысыр өнері. Ежелгі Месопотамия өнері


Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері. Мысыр өнер ошақтары. Бедерлеме өнері. Нармер тақтасы. Перғауын Джосердің пирамидасы – Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы. Ең көне қала – Мемфис. Пирамидалар алқабы. Перғауын Хуфудың пирамидасы. Хефрен сфинкісі. Фивыдағы Карнап және Луксор храм – ғибадатханалары – сәулет өнерінің маржандары. Монументальды сурет өнері. Мүсіндеу мен сурет өнеріндегі шарттылық. Перғауын Тутонхомонның қабірінен табылған көркем өнер қазынасы.

Қосөзен алқабы – ірі мәдениет пен өнердің тоғысқан жері. Шумер-Акклад, Вавилон мемлекеттері. Сирия, Финикия, Палестина, Ассирия, Урарту, Иран, Хет патшалықтары кезіндегі ғасырлар бойы жасалған өлмес өнері. Шумердегі монументальды сәулет өнері, бейнелеу өнері (мүсін, бедерлеме, мозаика, әртүрлі әсемдік бұйымдар). Шумерлік сына жазуы. Әйгілі қалалар: Ур, Урук, Сузы, Киш, Лагаш, Эль-Обейд, Мари, Джемдет-Наср. Вавилоннан табылған мәдени ескерткіштер. Бедерлеме өнері. Эанантума стелласы. Хаммурапи заңдар жинағы. Шумер таблицасы (Эрмитаж).


Тақырып 3 Үнді өнері.


Өнердің алғашқы көне кезеңі (б.з.д. III-II ғасырлар). Ерте үнді өнері. Хараппа және Мохенджо-Даро. Инд цивилизациясы. Үнділік мүсін өнері. Буддизм кезеңінің өнері. Паталипутра сәулеті. Буддизмдік – символикалық күмбездер (Бхархут, Санча). Буддалық бедерлеме – бейнелеу стилі. Ең ежелгі храм – чайтья. Будда бейнесі. Гандхара, Матхура мектебі. Амаравати өнері. Үнді өнерінің гүлдену кезеңі. Гупттар кезеңінің классикалық өнері. Буддалық мүсін өнері. Үнді өнерінің теориясы. Аджанта храмы. Сәулет, пластика, мүсін, бедерлеме, кескіндеме, портреттік өнер. Гупттар кезеңіндегі сәулет өнері. Жартастық храмдар. Храмдық мүсін өнері (Шива құдайының бет – бейнесі). Жоғары үнді өнерінің кемелденген кезі. Кхаджурахо, Бхуванешвар– храм қалалары.

Тақырып 4 Ежелгі және ортағасырлық Қытай өнері


Қытай – адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамасының бірі. Б.э.б. III-II ғғ. Ғажайып сансыз өнер туындылары. Иероглифтік жазу, құмыра жасау, керамика, жібек орамындағы алғашқы суреттер. Жартастағы храмдар. Қорғандардағы қабірлік бедерлеме (рельеф). Керамикалық ыдыс жасау әдісі. Қытай өнерінің гүлдену кезеңі (VII-XIII ғғ). Таң империясы. Сарайлар мен храмдар құрылысы. Император сарайы. Көп ярусты Қытай пагодалары. Үңгірлік будда храмы (Юньган, Лунмынь). IV-VI ғғ. Жартастық храм – цяньфодун. Вайрочаны Буддасының алып мүсіні. Қытай көркемдік стилінің сыры. Аллегория, символ, поэтикалық образ. Сәулет өнері, кескіндеме, мүсіндік бедерлеу, монументальды бейнелеу.
Тақырып 5 Антик дүниесінің өнері. Ежелгі Греция өнері. Ежелгі Рим өнері

Эгей өнері. Б.э.д. III-II ғғ. Б.э.д. Хеттер патшалығы. Крит аралындағы Эгей мәдениеті мен өнері. Қалалар мен сарайлар: Троя, Кносс, Фест, Маллия, Пелапоннес түбіндегі – Микены. Кносс сарай – қаласы (лабиринті). Кносс сарайынан табылған өнер туындылары. Көзе жасау өнерінің сыры. Фрескалық кескіндемелер.

Грек архаикасы өнері. Б.э.д. VII-VI ғасырлар. Архаика кезеңі – грек өнерінің түп-тамыры, негізі. VIII ғасыр Грециядағы материалдық мәдениеттің дамуы. Финикийлік жазу – грек алфавитінің негізі. Сәулет ғимаратының ордерлері. Грек сәулетіндегі бағаналы сарай храмдары. Коринфтегі Аполлон, Гера сарайлары. Олимпиада. Жалаңаш мүсіндер – “Куростар”. Архаикалық көзе жасау өнері.

Грек классикалық өнері (б.э.д. VI-V ғғ). Афины – элладаның мәдени орталығы. Сәулет өнерінің озық үлгісі – Гера, Зевс ғибадатханалары. Классикалық мүсін өнерінің туындысы – Афины бейнесі. Посейдонның сом бейнесі.

Б.э.д. V ғ. әйгілі мүсінші, сәулетші – Фидий. Жеңімпаз Афины мүсіні. Зевстың мүсіні. Афины акрополі. Сәулетшілер: Иктинд және Калликрат. Парфенон храмы. Әлемнің бір кереметінің бірі – Фидийдің Афиныға орнатылған ескерткіші. Мүсіншілер Мирон мен Поликлет. Артемида ғибадатханасы. Галикарнас мавзолейі. Эпидаврдағы театр. Этрустар өнері (б.э.д. VII-VI ғғ). Әйгілі қалалар: Цере, Тарквиний, Клузий. Этрустар храмы: Капитолий, Юпитер (VI ғ). Терракоталық тас табыттар. Мүсін жасау өнері. Этрурия шеберлерінің керамикасы. Қолдан құю тәсілі. Құмыра жасау, метал өңдеу, зергерлік өнер, фантастикалық бейнелер (химера). Капитолий ана қасқыр мүсіні. Римдік сәулет өнері. Аппий жолы. Рим форумы. Бейнелеу өнері. Портрет жасау.

Тақырып 6 Сақ – скиф өнері

Көшпенділер мәдениеті мен өнер ерекшеліктері. Қазақстан территориясын мекендеген сақ тайпаларының жазу таңбалары. “Есік обасы”. Скиф-сақ өркениетінің “Хайуанат” стилі. Зооморфтық скиф – сақ өнері және табиғат. “Аң бейнелі” әдіспен әсемделген нәзік – нақышты дүниелер. Скиф-сібірлік хайуанат тәсілінің гүлденуі. “Бұғы тастар” бедерлемесі. Тамғалы шатқалы. Бұғытас қорымы. Шілікті қорғаны, Саймалы Таш, Ешкі өлмес аңғарларындағы петроглифтік суреттер. Тас бетіндегі антроморфтық кескіндер.

Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” – ғажайып өнер туындысы. Бедерлеме - өнер тарихындағы айшықтау тәсілінің озық үлгісі. Қола құйма өнерінің тамаша мектептері. Құйма және тастан қашау тәсілі. Құрбандық ыдыс жақтауларын көркемдеу әдістері. Ақсай шатқалынан табылған түйе мүсіншесі (б.э.д. IV-III ғғ).

Тақырып 7 Византия өнері

Византия мәдениеті Греция мен Рим мәдениетін жалғастырушы – мирасқор ретінде. Византия өнері және оның өзіндік көркемдік стилі. Екінші Рим – Константинополь – София ғибадатханасы. Византиялық сәулетшілер мен суретшілер. Меровингтік және Каролингтік әулеттері кезеңі өнері (V-X ғғ). Ұлы Карл франктер мемлекеті. Римдік базилик жобасындағы шіркеулер. Мүсіндеу мен сәулет өнері. Кресті – күмбезді тип (Константинополь). Әулие София храмы – византия сәулет өнерінің жетістігі. Византиялық көркемсурет пен мозаика, фреска, икон жасау, кітап миниатюрасы.



Тақырып 8 Мұсылман өнері

VIII ғ. басындағы бір орталыққа бағындырылған мемлекет – Араб халифаты. Қалалардың дамуы. Аббасидтер тұсындағы үлкен құрылыстар. Қаланы бөліктерге бөлу – басқарушы цитадель, шахристан және рабад.

Мешіттер мен медреселер типтері. Сирия, Египет, Иран (VII-X ғғ) мешіт типі. Ирандық сәулет дәстүріндегі мешіт типі. Көп қырлы, мұнаралы мешіт – мавзолей типі. Кабус, Марага, Самас, Радкен, Исфахандағы көп қырлы, мұнаралы мешіттер. Мұсылман сәулет өнеріндегі әртүрлі көркемдік мектептер мен ағымдардың көрініс табуы. Сирия, Ирак, парсы, византия, алдыңғы Азия өнерінің ықпалы. Сарайлық құрылыс комплексі. Гранадтағы Альгамбр сарайы (VIII-VI ғғ) - Испаниядағы мұсылмандық сәулет өнерінің інжу – маржаны. Арабтардың храмдық сәулет өнеріндегі ою-өрнек: күйдірілген кірпіш, алебастр, фаянс, керамика, мозаика. Қолданбалы өнердің гүлденуі: шыны үрлеу, қару-жарақты әшекейлеу, алтын мен күмістен апталған бұйымдар, бронзалық бұйымдар, парча, алтын-күміс жіптерден тоқылған жібек маталар, жібек, жүннен тоқылған кілемдер.

Тақырып 9 Ортағасырлық Батыс Еуропа өнері

Батыс Еуропалық романдық көркемөнер ағымы (X-XII ғғ). Роман стиліндегі діни құрылыстар. Құрылыс принциптері және негізгі стилистикалық белгілері. Роман сәулет өнеріндегі базиликалық тип. Крестті-аркалы тәсіл. Крестті-күмбезді тәсіл. Роман өнеріндегі бедерлеме бейнелер және мүсін. Роман стиліндегі ою-өрнек пен бейнелеу пластикасы. Діни “інжіл” мазмұнына құрылған бедерлеме айшықтар, витраждық өрнектер. Флоренцияда салынған Сан Миньято аль Монте шіркеуі және оның құрылысының басты ерекшелігі. Германия сәулет-кешендері-Майнц, Шпаер, Вормс. Байе кілемі.



Тақырып 10 Батыс Еуропалық Қайта Өрлеу дәуірінің өнері

Қайта Өрлеу кезеңінің мәдениеті мен өнерінің жалпы сипаттамасы және оны кезеңдерге бөлу. Еуропалық мәдениет орталығы-Италия.

Кескіндеме – негізгі өнер түрі. Көркемсуреттегі әлемді танудың ренессанстық ұмтылысы және оның заңдылықтары. Сызықтық перспектива және адам анатомиясы мен пропорциясын зерттеуге негізделген бейнелеу тілінің жаңа принциптерінің қалыптасуы.

Флоренция сәулетшілерінің жаңа кескіндеме негізі. Джотто-итальяндық кескіндеме реформаторы. Мазаччо Джоттоның реалистік дәстүрін жалғастырушы; Бранкаччи капелласының әшекейі. Сандро Боттичелли-Флоренцияның XVғ. аяғындағы ірі сәулетшісі. “Көктем”, “Венераның тууы”, атты қолтаңбасындағы идеялық қарама-қайшылықтары. Ерте Қайта Өрлеу дәуірінің сәулет өнері. Қайта Өрлеу сәулетшілерінің готикалық принциптерден бас тартып, антикалық мұраларға бой ұруы; үндестік, анықтылық, тектатоникалық принциптеріне ізденіс. Филиппо Брунеллески – сәулет өнерінің реформаторы. Леон Баттиста Альберти және оның ренессанстық сәулет пен бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін талдаудағы көрнекті рөлі.



Тақырып 11 XVIIғ. Батыс Еуропа өнері. Батыс Еуропа өнерінің XVIIIғ. негізгі даму тенденциялары

XVII ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінің жаңа тарихи және мәдени даму кезеңі. Өнердегі ұлттық мектептердің пайда болуы. Негізгі стильдік жүйелердің дамуы: барокко және классицизм. Итальян бароккосының тууы және оның Батыс Еуропа елдеріне тарауы. Барокко өнерінің негізгі белгілері мен көркемдік ерекшеліктері. Бастаушы сәулет өнері: оның негізгі жетістіктері. Л. Бернинидің барокколық ансамбль принципі. Бернинидің мүсіндік туындыларындағы сезімдік және патетикалық образдары. Франческо Борромини. Оның күрделі композициялық тәсілі, кеңістікті қолдану шешімдері, көркемдік және пластикалық эффектілігіне негізделген ізденісі. “Құбылмалы” фасадтар үлгісі.

Франциядағы XVIIғ. өнеріндегі классицизмдік бағыт. Оның негізгі белгілері: антикалық мұраларды үндеуі. Қоғамдық мұраттар мен жоғары адамгершілік принциптерінің бекуі. Үндестік және түсініктілік бірлігі. Көркемсуреттегі дамыған дербес жанрлар жүйесінің қалыптасуы.

Әртүрлі өнер стильдерінің өмір сүруі – осы кезең сипатының белгісі. Италиядағы, Германиядағы, Австриядағы, Шығыс Еуропадағы соңғы барокко үлгісі. Сарайлық құрылыстар мен репрезентативтік ансамбльдердің белең алуы; ондағы декоративтілік пен эффектілік. Сарайлық-парктік ансамбльдердегі көрнекі-декоративті принциптердің орнығуы.

Рококо- XVIIIғ. Сарайлық өнердің бөлмелік – интимдік жаңа стилі. Сәулет өнері және интерьердің декоративтік принципі; Ж. Бофран, Ф. Буше творчествосы: рококолық көркемсурет.

Тақарып 12 Батыс Европаның XIX ғ. өнері. Импрессионизм

Европа мен Американың XIX ғ. әлеуметтік-тарихи даму ерекшеліктері және ұлы Француз революциясы идеясының әсері.

Өнердің идеялық, қоғамдық күреспен байланысы және ондағы жаңа кезеңнің қарама-қайшылықтарының көрініс табуы. Ұлттық көркемөнерлік мектептердің гүлденуі.

Романтизмнің көркемдік ерекшеліктері, тақырып спецификасы, композициялық түсінігі, көркемдік проблемалары. Бейнелеу өнеріндегі романтизмнің көрнекті өкілдері: Т. Жерико, Э. Делакруа және т.б.

XIX ғ. әдебиет пен өнердегі реализм бағытының дамуы, реализм өнерінің прогрессивті қоғамдық ойлармен тығыз байланысы: оның әлеуметтік проблемаларды ұғынуға деген терең қызығушылығы. Реализмнің көркемөнерлік әдісі.

Импрессионизм өнерінің 1860-1870 жылдар аралығындағы көрінісі, оның реалистік өнермен байланысы және салондық академизмге қарсы тұруы. Қоршаған ортаның тікелей әсері, суреткердің көз алдында болып жатқан құбылыстарды дәл сол қалпында айнытпай беруге деген ұмтылыс. Көркемдік әдістер арқылы жарық пен ауа ортасын тудыру. Композициялық жаңа мүмкіндіктер. Пленэрлік программа. Осы бағыттың екі кезеңі. Түр-түсті, жарық пен ауа эффектілігін берудегі таза локальды (формальды) ізденістердің күшейе түсуі. Импрессионистер творчествосындағы этюдқа құрылған композициялардың жаңа әдістері (К. Моне).



Тақырып 13 XX ғ. өнері

Тарихи үрдістердің күрделенуі мен жылдамдана түсуі; дәуірдің негізгі қарама-қайшылықтарының өзгеріске түсуі. XIX ғ. мәдениеті мен өнерінің тоқырауы және оның ғылыми-техникалық прогресс дамуымен, дәуірдің глобальдық оқиғаларымен байланысы. Адамдар қатынасындағы жаңа әлеуметтік, моральдық жағдайлар; олардың өнердегі көріністері. Өнердегі жаңа тенденциялардың (интеллектуализациялық, рационализмдік, экспериментаторлық) пайда болуы. Өнердің философиямен және психологиямен байланысы.

Модернизм - XIX ғ. мәдениеті мен өнерінің негізгі бағыттарының бірі; оның философиялық-эстетикалық түп негізі. Модернизмнің ішкі ағымдарының көптүрлілігі: модерн немесе югендстиль, символизм, экспрессионизм, фовизм, кубизм.

Тақырып 14 Орыс өнерінің тарихы

Киев Русі өнері; орыс мәдениетінің қайнар бұлағы және византия мәдениетінің үндестігі. Сәулет өнері: Киев және Новгородтағы София соборлары. Киев София соборының фрескалары мен мозаикалары, икон жасау.

Феодалдық бөлшектену кезеңіндегі сәулет өнері (XII-XIII ғғ). Үш өнер мектебінің қалыптасуы: Владимир-Суздаль, Ұлы Новгород пен Псков сәулеті өнері. Кескіндеме Ф. Грек және А. Рублев творчествосы.

Москва княздігінің маңайындағы орыс жерлерін біріктіру. Сәулет өнерінің біртұтас мектебінің қалыптасуы және оның ерекшеліктері.

Көне қалалардың радиалды-дөңгелек жобасы. Монастырлар мен бекіністер. Москва Кремлінің сәулеттік комплексінің құрылысы (XV-XVI ғғ). Кескіндеме. Дионисия творчествосы. Ағаш шатырлы ғибадатханалар (X IV-XIX ғғ), оның өзіндік дәстүрлері және тас шатырлы сәулет өнеріне тигізген ықпалы. Тас шатырлы мұнара- ғибадатхана (XVI-XVII ғғ); Василий Блаженныйдың храмы. Москва сәулетінің басқа да қала сәулетіне тигізген әсері (Кремлдер, монастырлар).

XVI-XVII ғғ. Кескіндеме. Ярославльдің, Ростовтың, Москваның фрескалары мен икондары. XVIIғ. Орыс кескіндемесінің жаңа белгілері (С. Ушаков творчествосы). Портреттік өнердің қалыптасуы.



Тақырып 15 Қазақ өнері

Қазақстанның Ресейге қосылуының бейнелеу өнерінің туындауындағы мәні. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуындағы орыс реалистік мектебінің тигізген ықпалы. XX ғасырдың 20-шы жылдарындағы көркемөнерлік өмірдің жандануы. 30-40жж. Қазақ бейнелеу өнерін ұйымдастыру қорының қалыптасуы. 1938ж. Алматы көркемөнер училищесінің ашылуы. Қазақстанның көркемөнер галереясын ұйымдастыру жөніндегі шешімін қабылдау (1935ж). Қазақстанның республикалық суретшілер Одағының Съезінің өткізілуі (1940ж). Москвада Шығыс халықтарының мәдениеті музейінде тематикалық көрменің ашылуы; “Қазақстан өнерін советтендіру” девизімен. Ұлттық өнер қалыптасуындағы Н.В. Крутильниковтың, А.И. Бортниковтың, А.В. Гербановскийдің, Ф.И. Болкоевтың, А.С. Пономаревтың, Г.А. Брыловтың ролі. Алғашқы ұлттық суретшілердің пайда болуы. Ходжиахмет және Құлахмет Ходжиковтар, Аубакир Исмаилов, Абылхан Қастеев, олардың творчествосы. Қастеевтің Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуындағы басшылық ролі; оның жұмыстары: “Сүт фермасы”, “Бие сауу”, “Түрксиб”, “Бесжылдықтың құрылысы”, “Қазақстан байлықтары”.

Қазақстандағы классикалық авангард дамуының ерекшелігі және оның өкілдері: В.В. Стерлингов, Т.Н. Глебов, Е.А. Говоров, С.Калмыков, И.Я. Иткинд, П.Я. Зальцман
4.3 Тәжірибе сабақтарының тізімі

Тақырып 1 Кіріспе. Алғашқы қауымдық қоғам өнері

1. Әйел кейіптегі мүсіндер.

2. Пиктограммалық жазу сыры.

3. Тәсімдік абстракциялы бейнелеу. Рельеф.

4. Перигорд, Салютре, Мадлен кезеңдері өнері.

5. Мезолит пен неолит дәуірі өнері.


Тақырып 2 Ежелгі Мысыр өнері. Ежелгі Месопотамия өнері


1. Амарндық өнер. Нефертити бейнесі.

2. Ежелгі Мысыр көркемөнерінің негізгі түрлері: сәулет өнері, портреттік бейнелеу, әсемдік жазулар, сөз қорыту өнері, мүсін, сфинкс.

3. Мысыр өнерінің өзіндік канондары.

4. “Ақ храм”, “Қызыл үй” – алғашқы сәулет құрылыстары.

5. Шумерлік мүсін өнері (Иштар бейнесі).

6. Хеттік мүсін өнері. Иштар қорғаны.

7. Зиккурат – қоғамдық ғимарат типі. Этеменанки зиккураты.

8. Ахменидтер иранындағы сәулет өнері (Персеполь сарайы).


Тақырып 3 Үнді өнері


1. Орта ғасырлардағы индуистік сәулет өнері мен пластика (Махабалипурам).

2. Джайндық құрылыстар. Индуистік үңгір – храмдар (ратха).

3. Үнді – мұсылман өнерінің ерте дәуірі. Сәулет өнері мен қол өнері.

4. Ұлы Моғолдар кезеңінің өнері. Агра. Тәж-Маһал ескерткіші.

5. Жаңа Үнді өнері (XVIII, XIX, XX ғасырлар).

Тақырып 4 Ежелгі және ортағасырлық Қытай өнері

1. Таң және Сун империясы кезеңіндегі поэзия мен көркем сурет.

2. XVIII ғасыр өнерінің жаңа түрлері мен жанрларының пайда болуы.

3. Сарайлық – бақтық ансамбль және декоративті – қолданбалы өнер.

4. Ұлы Қытай қорғаны. Пекин сәулет өнері.

5. Императордың “жабық қаласы”.

6. Б.э.д. IV ғасырдағы кескіндеме өнері.

7. Гу-Кай-Чжи. Қытайдың қол өнері.

8. Қытай форфорының жасалу тәсілі. Таң, Сун кезеңіндегі керамика.

Тақырып 5 Антик дүниесінің өнері. Ежелгі Греция өнері. Ежелгі Рим өнері

1. Эллинизм өнері (б.э.д. IV-I ғғ). Александриядағы Фарос маягы. Алып мүсін құдай – Гелиос (Харес - мүсінші). Самофрака аралындағы жеңіс тәңірісі – Никаның бейнесі (Леохар).

2. Перғам акрополіндегі Перғам михрабы. Мелос Венерасы. Атесандр, Атенодор, Полидор – “Лаокоон мен оның ұлдарының опат болуы” – мүсіндер тобы.

3. Ұлы мүсіншілер: Скопас, Пракситель, Лисипп. Леохар – “Аполлон, Бельведерский”.

4. Қоғамдық ғимараттар – базиликтер.

5 Фрескалық сурет (I-IV ғғ).

6. Коллизей амфитеатры. Гладиаторлық ойындар. Гард көпірі. Император ТИТ аркасы. Өлі қала Геркуланум мен Помпейдің қалдықтары. Фавн үйінен табылған мозаика (филоксен).

7. Римдік сәулет кешендері – Троян қорымы. Император Троянның мұнарасындағы бедерлеме. Құдайлар храмы – Пантеон.

8. Атақты сәулетші Аполлодор. Ежелгі көшпенділердің сәулет өнерінің (күмбезді сәулет) рим өнеріне тигізген ықпалы. Каракалла термдік комплексі. Әулие Максенцийдің базаликасы. Портреттік аттылы мүсіндер. Марк Аврелийдің салт атты сом бейнесі.

Тақырып 6 Сақ – скиф өнері.

1. Скиф-сақ, сармат, аландардың өнерінің басқа елдерге ықпалы (Греция, Италия). 2. “Аң бейнелі” стилінің этрустарға әсері.Капитолий ана қасқыр мүсінінің жасалу

әдісіндегі ежелгі көшпенділер өнері ағымының нышаны.

3. Б.э.д. “аң бейнелі” ағымының орнына безендіру әдісінің келуі (асыл тастармен

айшықтау). Қарғалы шатқалынан табылған алтын диадема.

4. Полихрондық өнер ағымы.

5. Көшпенділердің күмбезді сәулет өнерінің әлем өнеріне тигізген ықпалы.

6. Қазақ шеберлерінің тұйық оюы “тасбақа”.



Тақырып 7 Византия өнері.

1. Мозаика техникасы. ьРавеннадағы Сан-Витале, Галлы Плацидин, Сант Аполлинаре, әулие София шіркеулеріндегі мозаикалар.

2. Византиялық көркемөнер канондары.

3. Көркемдік стилдің екі бастамасы.

4. Византия көркемдік дәстүрінің басқа елдерге ықпалы (Киев, Новгород, Владимир).

5. Феофан Грек. Владимир құдай анасы (икон).


Тақырып 8 Мұсылман өнері.

1. XIII – XIV ғғ. Парсы миниатюрасы. Парсы қолжазбаларындағы миниатюралық көркемсурет иллюстрациясы.

2. XIV - XV ғғ. Тумиридтік немесе Хераттік суретші – миниатюрашыларының мектебі. Кітап өнерінің академиясы.

3. Миниатюра, каллиграфия және кітап шығару техникасы.

4. Парсы миниатюрасының ұлы шебері – Бехзат (1455 - 1533).

5. Иран сәулет өнері және оның даму жолдары.

6. Қолданбалы өнер (керамика, метал өңдеу, тоқыма, кілем тоқу).

Тақырып 9 Ортағасырлық Батыс Еуропа өнері

1. Готикалық өнер. XII-XVI ғғ. Готика стилінің сәулет, мүсін өнерімен, сәндік-қолданбалы өнерімен байланысы.

2. Франция готикалық өнерінің үш кезеңі. Париж-Құдай-ана соборы, Рейм, Амьен, Мон-Сен-Мишель, Шартр, Сент-Шапель соборларының өрнегі.

3. Сәулет өнері мен мүсін өнерінің өзара үндестігі. “Готикалық өнердің тәжі” – Кельн соборы. Фрейбург соборы.

4. Франция және неміс мәдени дәстүрлер сабақтастығының куәгері – Страсбург соборы. Италия сәулетшілерінің үшкір мұнаралы, жебе тәрізді аркалары, тор көзді терезелері бар ғимараттары.

5. Санта Мария Новелла шіркеуі (XIII-XIVғғ).

6. Англиядағы готика стилі. XIVғ. Готика өнерінің тоқырауға ұшырауы.

Тақырып 10 Батыс Еуропалық Қайта Өрлеу дәуірінің өнері

1 Италиядағы Жоғары Қайта Өрлеу. XVIғ. Италиядағы тарихи жағдайдың

күрделенуі. Жоғары Қайта Өрлеу өнерінің жалпы сипаттамасы және осы өнердегі сол

кезеңнің бүкіл идеалының көрініс табуы.

2 Флоренция өнерінің Рим мен Венецияға қарай ойысуы. Жоғары Қайта Өрлеу өнерінің гүлденуі және оның көркемдік идеалының тоқырауы.

3 XVIғ. сәулет өнері. Браманте – Жоғары Қайта Өрлеудің ірі сәулетшісі. Римдегі Брамантенің құрылыстары.

4 Ватикандағы қасиетті Петр соборының композияциясы.

5 Леонардо да Винчи творчествосы.

6 Рафаэль және Микеланджело; олардың әлемдік өнер дамуына қосқан үлесі.

Тақырып 11 XVIIғ. Батыс Еуропа өнері. Батыс Еуропа өнерінің XVIIIғ. негізгі даму тенденциялары

1 XVIIғ. өнеріндегі реализм; оның ерекшеліктері: Қайта Өрлеу кезеңіне қарағанда күрделілігі, әлем мен жеке тұлғаның ара-қатынасы, жеке бастамаға, адамды қоршаған ортаға деген қызығушылық. Реалистік өнер мәні.

2 Италиядағы Караваджо творчествосы. Голландиядағы Халс творчествосы. Рембранд творчествосы т.б.

3. Реализм. Суретшілер творчествосындағы тұрмыс-тіршілік және адамгершілік тақырыбы.

4 Англиядағы XVIIIғ. тұрмыстық жанрының дамуы.

5 Ульям Хогарт – ағылшын ұлттық көркемсуретінің негізін қалаушы, суретші-реалист.

6 Ағылшын портрет мектебі.

7. Дж. Рейнольдс және Т. Рейнсборо творчествосы.



Тақырып 12 Батыс Европаның XIX ғ. өнері. Импрессионизм

1 XIX ғ. ортасы мен II жартысындағы еуропалық көркемсуреттің реалистік бағытының кең таралуы.

2 Импрессионизмнің көрнекті өкілдері: Ренуар, К. Моне, А.Сислей, К. Писсаро.

3. Постимпрессионизм - XIX ғ. мен XX ғ. өнері аралығындағы өтпелі кезең.

4. Ірі постимпрессионизм өкілдері творчествосының негізгі проблематикасы

(П. Сезанн, П. Гоген, Ван-Гог).

Тақырып 13 XX ғ. өнері

1. Сюрреализмнің пайда болу негіздері: Творчестволық процестің көркемдік тұжырымдары.

2 С. Дали-сюрреализмдік бағыттың көрнекті өкілі.

3. Абстракционизм және оның екі түрі: оның негізін қалаушылар: В. Кандинский және П. Мондриан. Абстракционизмдік тұжырымдардың көркемдік ерекшеліктері.

4. Постмодернизм көркемөнерлік ағым және оның бағыттары: поп-арт, гиперреализм, хепенинг.

Тақырып 14 Орыс өнерінің тарихы

1 XVIIIғ. өнер. Сәулет өнері, оның жаңа талаптары мен жаңа белгілері. Радиальды-дөңгелек жобадан-ретті жобаға көшу. Орыс дәстүрлерінің қайта қаралуы және XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасыр басындағы Москва сәулетіндегі еуропалық өнердің ықпалы.

2 Москва мен Петербург сәулет өнеріндегі екі стилдің бірлігі: барокко және классицизм.

3 XIXғ. өнер. XIXғ. Орыс сәулет өнерінің даму ерекшеліктері. Қалалық ансамбльдердің құрылуы; А.Д. Захаров, А.Н. Воронихин, Тома де Томон творчествосындағы сәулет өнері мен мүсін өнерінің синтезі.

4. Бейнелеу өнері. Ф.Ф. Щедриннің, В.И. Демут-Малиновскийдің, С.С. Пименовтың, П.К. Клодтың монументальды-декоративті жұмыстары. И.П. Мартос творчествосы.

5 Кескіндеме О.А. Кипренский, В.А. Тропинин, К.П. Брюллов, И.Н. Крамской творчествосындағы портреттік өнер. Крамскойдың “жылжымалы көркемсурет көрмесінің серіктестігі”. К.А. Савицкийдің, В.Е. Маковскийдің, Н.А. Ярощенконың, В.Г. Перовтың, И.Е. Репиннің және тағы басқалардың шығармалардың халықтық және реалистік белгілерінің дамуы.

6. XIXғ. аяғы мен XXғ. басындағы өнер тарихы. Ресейдің көркемөнерлік өміріндегі күрделі кезең; өнердің көпқырлылығы. Дәстүрлер және жаңа бағыттар. Көркемөнерлік мектептер.

Тақырып 15 Қазақ өнері

1 Социализм кезеңінің өнері. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан суретшілерінің патриоттық шығармашылығы. Соғыс тақырыбына арналған көркемсурет көрмесінің өткізілуі.

2 Соғыстан кейінгі суретшілер творчествосының белсенділік танытуы.Жылжымалы

көркемсурет көрмелерінің ұйымдастырылуы. Бейбіт әлем тақырыбы: А. Исмаиловтың индустриялық пейзаждары, А. Қастеевтің портреттері, А.М. Черкасскийдің Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейсовалардың образдарын жасауы.

3. Л.П. Леонтьевтің еңбек тақырыбына, коллективизмге арналған жанрлық композициялары және оның қоғамдық-әлеуметтік мәні (“Түнгі ору”, “Кілем тоқушылар”, 1949ж). М.С. Лизодуб творчествосындағы камералық-тұрмыстық сценалар. К. Тельжанов творчествосы. Оның полотнолары: “Алғашқы рет”, “Әмина әже”, “Жамал”, “Бабалар топырағында”, Қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвадағы декадасына арнап салынған (1958) “Көкпар” (1960) және т.б.

4. М. Кенбаев және К. Шаяхметов творчествосындағы дала тақырыбы.

5. М. Мәмбеев творчествосы, оның жұмыстары: “Киіз үй”, “Көш”, “Менің қаламда”, “Студенткалар”.

6. Қазіргі Қазақстан өнерінің жаңа бағыттары, оның ерекшеліктері.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




п/п

СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістерді қайталау

материалды бекіту

Сабақтарға қатысу

10

2

Тәжіриебелік сабақтарға дайындалу

тәжіриебелітапсырмаларды орындау

Сабақтарға қатысу

25

3

Дәріс сабақтарға кірмеген материалдарды игеру

конспектер

конспекттер

50

4

Бақылау шараларына дайындық.

МБ1, МБ2

Тест


5




Барлығы







90

4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1 Ежелгі Мысыр өнері .

Әдебиеттер: [1- 22-45 бб.; 4- 35-48бб.; 9- 36-50бб.]

2 Ежелгі Месопатамия өнері

Әдебиеттер: [9 - 39-50бб.; 5- 70-79бб.; 7 - 36-42бб.]

3 Ежелгі үндінің бейнелеу өнері

Әдебиеттер: [3- 32-49бб.; 5- 35-49бб.; 7 - 36-49бб.]

4 Ортағасырлық үнді өнері

Әдебиеттер: [5- 47-49бб.; 6- 88-90бб.;24-26-30бб.]

5 Ежелгі Қытайдың бейнелеу өнері. Қытайдың пейзаждық кескіндемесі және оның негізгі бағытттары

Әдебиеттер: [2- 66-78бб.; 3- 23-35бб., 17- 24-29бб., 24-42-50бб.]

6. Эгей өнері.

Әдебиеттер: [3- 16-28бб.; 25- 33-45бб., 26-40-46бб.]

7. Ежелгі Грецияның сәулет өнерінің ерекшеліктері

Әдебиеттер: [6- 36-48бб.; 9- 36-45бб., 26-40-46бб.]

8 Ежелгі Грецияның мүсін өнері.

Әдебиеттер: [ 9 - 58-62бб.; 12 - 45-58бб.]

9 Этрусскілер өнері

Әдебиеттер: [2- 36-48бб.; 7- 45-68бб., 20-54-66бб.]

10 Скиф-сақ өркениетінің “Хайуанат” стилі

Әдебиеттер: [10- 26-38бб.; 37- 25-38бб., 39- 22-26бб.]

11 Сәулет өнері – рим өнерінің басты жанры Римдік пластика өнері және оның ерекшеліктері

Әдебиеттер: [9- 36-50бб.; 12- 40-68бб.]

12 Византия өнері

Әдебиеттер: [5- 36-58бб.; 24-16-23бб., 27- 45-58бб.]

13 Мұсылмандық өнер тарихы

Әдебиеттер: [7- 26-38бб.; 17- 45-58бб., 24-13-28бб.]

14 Романдық өнер Готикалық өнер

Әдебиеттер: [5- 36-58бб.; 9- 15-38бб., 27-18-29бб.,]

15 Кескіндеме – Қайта Өрлеу дәуірі өнерінің негізгі түрі Қайта Өрлеу сәулет өнері және оның ерекшеліктері

Әдебиеттер: [1- 35-38бб., 5-32-39бб., 18- 56-58бб.;]

16 Барокко өнері. Классицизм және оның бейнелеу өнеріндегі көрінісі мен ерекшеліктері

Әдебиеттер: [2- 86-90бб.; 8- 40-58бб.]

17 Импрессионизм. Постимпрессионизм

Әдебиеттер: [3- 66-78бб.; 14- 25-36бб., 19-17-20бб.]

18 Модернизм - XX ғ. негізгі өнер бағыты. Сюрреализм. Абстракционизм

Әдебиеттер: [6- 36-50бб.; 22-15-16бб., 31-25-48бб.]

19 Постмодернизм және оның негізгі бағыттары

Әдебиеттер: [31- 46-68бб.; 33-35-39бб., 34- 35-48бб.]

20 Қастеев творчествосы және оның қазақ бейнелеу өнерін дамытудағы басты ролі

Әдебиеттер: [10- 16-38бб.; 11- 55-68бб.]

21 Қазақстандағы классикалық авангард дамуының ерекшелігі

Әдебиеттер: [10- 26-38бб.; 11-13-38бб., 36- 35-48бб.]

22 Қазақстандағы графика өнерінің қалыптасуы және дамуы

Әдебиеттер: [10 - 80-95бб., 40- 26-48бб.]

23 М.Кенбаев және К. Мәмбеев творчествосындағы дала тақырыбы Кеңестік Қазақстан кезеңіндегі бейнелеу өнерінің ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [10- 26-48бб.; 11- 45-78бб.]

24 Қазақстанда жаңа өнер формаларының дамуы. Қазақстанның декоративті – қолданбалы өнері.

Әдебиеттер: [11- 16-28бб.; 39- 25-38бб.]

25 Қазақтың ою-өрнегі және оның ерекшеліктері

Әдебиеттер: [41- 26-58бб.; 42- 25-58бб.]


4.4.3 Курстық жұмыс тақырыптары

1 Постмодернизм көркем бағыт ретінде

2 Хепенинг - жаппай мәдениеттің құбылысы

3 Ежелгі Қытай өнері

4 Париж, Амьен, Реймстің атақты соборлары

5 Модернизм – ХХ ғ. өнер және мәдениеттің басты бағыты ретінде

6 Неомодернизм көркем қозғалыс ретінде және оның бағыттары

7 ХХ ғ. өнер және мәдениеттің дағдарысы

8 С. Дали – сюрреализм бағыттының көрнекті өкілі

9 Африка, Франция, Карелияның көркем сүреттері мен петроглифтер

10 ХХ ғ. 50 – 60 жж. Қазақстан мәдениеті

11 Леонардо да Винчи шығармашылық өнері

12 Афиналық Акропольдің ансамблі

13 Көркем сүрет – өнердің түрі

14 Классицизм – XVIII ғ. Франция өнерінің бағыты ретінде

15 Сандро Боттичелли - XVғ. аяғ. Флоренцияның көркем сүретшісі

16 XIX ғ. көркем өнерінің бағыттары

17 XVIII ғ. Америка құрама штаттарының өнері

18 Клод Моне шығармашылық өнері

19 Кубизм эволюциясы

20 Дадаизм және оның дәстүрлерден бас тартуы

21 Крит өнерінің дүниелік сипаты

22 Романтизмнің көркемдік ерекшеліктері

23 Діни-этикалық ілімдері: брахмандар, буддизм, индуизм және өнер дамуымен байланыс.

24 Роман сәулет өнері

25 Ерте христиан көркем өнерi

26 Сельджук және Осаман империя кезінің Турқия сәулет және қол өнері.

5 Әдебиеттер тізімі


  1. Всеобщая история искусств. В 6-ти т. - М., 2007.

  2. Гнедич П.П. Всемирная история искусств. - М., 2007.

  3. Гомбрих Э. История искусств. - М., 2008.

  4. Дмитриева Н.А. Краткая история искусств. В 2-х книгах. - М., «Искусство», 2007.

  5. История зарубежного исскуства. 3-е изд. Доп. - М., 2009.

  6. История искусства зарубежных стран. В 4-х т. - М., 2007.

  7. Мастера изобразительного исскуства Казахстана. - А., 2008

  8. ХХ век: история изобразительного исскуства Казахстана. - А., 2007

Қосымша:

17 Афанасьева В.К., Дьяконов И.М., Луконин В.Т., Матье М.Э. и др. Искусство Древнего Востока// Памятники мирового искусства. - М., 2005.

19 Божович В.И. Традиции и взаимодействие искусств: Франция, конец ХIX - нач. ХХв. - М., 2003.

21 Виппер Б.Р. Искусство Древней Греции. - М., 2004.

22 Зотов А.М. Русское искусство с древнейших времен до начала ХХ века. - М., 2003.

30 Сарабьянов Д. Стиль модерн: Истоки. История. Проблемы. - М., 2005.

31 Семенова Т.В. Экспрессионизм и современное искусство авангарда. - М., 2005.

34 Иконников А. Зарубежная архитектура. От «новой архитектуры» до постмодернизма. - М., 2007.

36 Реализм и художественные искания ХХ века. - М., 2006.

37 Козловски П. Культура постмодерна. - М., 2005.

38 Акишев А.К. Иссык: Искусство саков Казахстана. - М., 2002.

39 Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1., Т2. - Л., 2004.

40 Медоев А.Г. Гравюры на скалах. - Алматы, 2004.

41 Токтабаева Ш.Ж. Казахские ювелирные украшения. - А., 2005.

42 Ибраев К.Т. Казахский орнамент. - А., 2004


Мамандықтың жұмыс

оқу жоспарынан көшірме






ПМУ ҰС Н 7.18.3/32



5В020400 «Мәдениеттану»

мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Пән атауы «Дүниежүзілік көркемдік мәдениет»




Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша

бақылау түрлері



Семе

стр


Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

Кредит

тер


академиялық сағат

Кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

СӨЖ

Бар

лығы


ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖа

КЖс

Бар

лы

ғы




дәр

Пр.

зерт

барлығы

СОӨЖ

ЖОБ негізіндегі күндіз

гі


3

135

45

90

5










5

3

135

30

15




90

90



















































Кафедра меңгерушісі ____________ Г.Ғ. Ахметова 2012 ж. «___»______

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет