Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қр мжмбс 08. 258-2006 және 09. 01. 2006г. №779 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілеген типтік бағдарлама негізінде



Дата03.07.2016
өлшемі210.53 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы


Спорт медицинасы

5В010801 – Дене шынықтыру және спорт

мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар




Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э.Пфейфер

2011 ж. «___»___________



Құрастырушы: __________ аға оқытушы Шарипова А.К.

Биология және экология кафедрасы

Спорт медицинасы пәні бойынша

5В010801 – Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 5.08.258-2006 және 09.01.2006г. № 779 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілеген типтік бағдарлама негізінде әзірленген


2011ж. «17» 03 кафедра отырысында ұсынылған №9 хаттама

Кафедра меңгерушісі _________ Ж.М. Исимбеков 2011ж. «___»_____

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2011ж. “ 19” 05 №11 хаттама

ОӘК төрағасы ___________ У.Д.Буркитбаева 2011 ж. «___»_________



КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы ___________ К.К.Ахметов 2011 ж. «___»_________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А.Варакута 2011 ж. «___»_________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2011 ж. «___»______________ №____ хаттама


1 Спорттық медицина пәнінің мақсаты – болашак мамандарды дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт кұралдары мен тәсілдерін дұрыс колдану аркылы жаттығушыныц денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттырып, белсенді үзак өмір сүруіне бағытталған жағдайлар жасап және осы дағдыларды калыптастыру.

Пәннің міндеті:

  • дене бітімінің дамуы мен денсаулыкты бағалау ерекшеліктерін оқып білу;

  • спорт түріне байланысты ағзаның негізгі жүйелерінің жаттығу барысындағы қызметтік өзгерістерін, жалпы жұмысқа кабілеттілігін, энергия қорын анықтау және бағалау принциптерімен танысу;

  • спорт түріне, дәрежесіне және сауықтыру дене тәрбиесіндегі дәрігерлік-ұстаздық бақылауды (Д¥Б) ұйымдастыру түрлері мен жүргізу эдістерін білу;

  • оқыстан дамитын сыркаттық жайттар мен тірек-қозғалыс жүйелерінің зақымдарының пайда болу себептерін, клиникалық белгілерін, сақтандыру жолдарын және жедел медициналық көмек беру әдістерін білу;

  • жоғарғы қарқынды жаттығулар мен сайыстардан кейінгі шаршаган ағзаны
    калыптастыру принциптерін білу;

  • арнайы медициналық топтағы, сауықтыру дене тәрбиесімен шұғылданушылардың орындайтын жуктемелерінің көлемі мен қарқынын анықтау және жүргізу тәсілдерін білу.


2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: адам анатомиясы спорттық морфология негіздерімен, адам физиологиясы (жалпы және жасқа сай).


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:



4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


Тақырыптар атауы


Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәрістер

практи-калық (сем)

СӨЖ

1

Кіріспе

0,5




6

2

Дененің дамуы және денсаулық

0,5

1

12

3

Спортшы ағзасының қызметтік дайындығын пайымдау негізі

1

1

12

4

Спортшылардың жұмыс қабілетін анықтау негізі

1

1

12

5

Жаттығу сабақтары мен жастарды дәрігерлік бақылау

1

1

12

6

Жалпы патология негізі

1

1

12

7

Спорттық зақымдар

1

1

12

Жалпы пән бойынша:

6

6

78


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны

1 . Кіріспе

Спорттык медицинаның аныктамасы, зерттелу объектілері, оның кұрамдас бөліктері: дәрігерлік бакылау, жалпы және спорттык паталогия. Спорттық медицинаның дене тэрбиелеу мәдениеті мен спорт салаларындағы орны мен маңызы. Спорттык медицинаның максаты мен міндеттері, спорттық медицина көлемінде атқарылатын негізгі жұмыстардың мазмұны. Кешенді дәрігерлік тексеру тәсілі. Дэрігерлік бақылауды ұйымдастыру принциптері. Спорттык медицинаның даму кезеңдері. Спорттык медицинаның езекті мәселелері.



2. Дененің дамуы және денсаулық

«Дененің дамуы» деген ұғымға аныктама. Дененің дамуын сипаттайтын көрсеткіштер. Қалыптастырушы себеп-шарттар. Дене дамуының әр жастық кезеңдегі өзгерістері. Дененің дамуы-денсаулықтың сандык көрсеткіштерінің бірі. Әртүрлі спорт түрлеріндегі дене бітімінің ерекшеліктері.

Дененің даму дәрежесі мен уйлесімділігін аныктау және бағалау әдістері: соматоскопия - сырттай көзбен бағдарлау, антропометрия - өлшеу, дене салмағының кұрамын анықтау.

3. Спортшы ағзасының қызметтік дайындығын пайымдау негізі

Жүйке жүйесінің қызметтік мүмкіншілігінің жаттығу барысында өзгеруі. Жүйке жүйесінің ағзаның кызметтік дайындығын қалыптастырудағы маңызы, неврологиялык сауалдың тәжірибелік маңызы. Жоғары жүйке жүйесі кызметі түрлерінің жаттығу жүйесін тиімді жоспарлау, жүргізу үшін маңыздылығы. Орталык жүйке жүйесінің кызметтік күйін электроэнцефалография (ЭЭГ) т.б.

Талдағыштар (анализатор) сезімталдығынын жүйелі жаттығу барысында өзгеруі. Сезгіштік (сенсорлык) жүйенін маңызы. Кіреберіс талдамасын тексеру әдістері: ұйлесімділік сынамалары, айналмалы сынамалар (Яроцкий, Воячек т.б.). Кіреберіс талдамасын жаттықтыру эдістері (ерікті, еріксіз, аралас).

Қимыл талдағышының кызметтік күйін проприорецептиктік, кинестетикалық сезгіштік, теппинг-тест аркылы бағалау.

Вегетативті (козғылығы) жүйке жүйесінің ағзаның қызметтік күйін бағалаудағы маңызы. Вегетативтік сынамалар мен тітіркеністер (ортостатикалық, клиностатикалық, клиноортостатикалық сынамалар, Ашнер байқауы, дермографизм т.б.). Ортостатикалык сынама - өзін-өзі бакылау күнделігінің көрсеткіші.

Тыныс бұлшык еттерінің күшін аныктау әдістері: тура (пневмомонометрия) жэне жанама (пневмотахометрия, ЖӨТС).

Сырткы тыныс жүйесінің сынамалары (Розенталь, Шафрановский, Лебедев сынамалары).

Оттегінің тапшылығына төзімділік. Штанге және Генче сынамалары.

Сырткы тыныс жүйе көрсеткіштерінің көп жылдық жаттығу барысында калыптасу заңдылығы, олардың спорт түріне сәйкестігі.

Спирография, капнография, оксигемометрия, оксигемография эдістері туралы түсінік.

Кардио-респираторлык жүйе туралы түсінік. Жүрек-кан тамырлар жүйесінің оттегін тасымалдаудағы маңызы.

Физиологиялык «спортшы жүрегі», оның құрылымдык және қызметтік ерекшеліктері. Физиологиялык дилятация мен гипертрофия. «Спортшы жүрегінің» кызметтік ерекшеліктерінің кардиодинамикалык және гемодинамикалык көрсеткіштері. Физиологиялык өзгерістердің сыркат түрлеріне айналу себептері. Сыркат «спортшы жүрегінің» көрсеткіштері.

Тамыр соғу жиілігі (ТСЖ) мен артериялық кан қысымы (ҚК) - жүрек-қан тамырлар жүйесінің негізгі қызметтік көрсеткіштері. Олардың физиологиялық және сыркаттык езгерістері (брадикардия, тахикардия, синустык аритмия, гипотония, гипертония т.б.).

Жүрек-кан тамырлар жуйесін тексеру әдістері. Электрокардиография (ЭКГ), фонокардиография (ФКГ), поликардиография (ПКГ), ультрадыбыстық эхокардиография, телерентгенометрия әдістері туралы түсінік.

Оттегі тұтыну шегі (ОТШ) - кардио-респираторлык жүйенің ортақ көрсеткіші.

Спортшылардың кан кұрамының тыныштық кезінде және жүйелі жаттығу барысында өзгеруі. Спорттык анемия (кан азаюы). Миогендік лейкоцитоз (қанның ақтүйіршектерінің көбеюі).

Ішкі сөлініс бездерінің спортшы агзасының жаттыгуларға бейімделуін камтамасыз етудегі маңызы. Ішкі бөлініс бездері ауруларына қыскаша сипаттама.

Әртүрлі қарқынды жаттыгулардың ас корыту мүшелерінің қызметіне әсері. Зат алмасуы - жұмыс қабілетінің негізі. Ac қорыту мүшелерінің аурулары.

Несеп кұрамының спортшыларға тән ерекшеліктері, оларды бағалау принциптері.

4. Спортшылардың жұмыс қабілетін анықтау негізі

Спорттык медицинадағы сынау. Кибернетикадағы «кара қобди» принципін медициналык сынауда колдану. Сынаудың максаты. Сынамаларға қойылатын талаптар. Сынамаларды жіктеу. Сынау нәтижесін бағалау. Жұмыс кабілетінің сандык (эргометриялық) және сапалык (медициналык) көрсеткіштері. Сынау нәтижесін жаттығу барысында пайдалану мүмкіншіліктері.

Максимал қарқынды сынамалар. Оттегін тұтыну шегі (ОТШ) - аэробты жалпы жұмыс кабілетінің көрсеткіші. ОТШ аныктаудың тура және жанама тәсілдері (Астранд номограммасы, В.Л.Карпман және Добельн формулалары). Новаки сынамасы. Жүргізу және бағалау тәсілі.

Субмаксимал каркынды сынамалар. PWC17o сынамасы. Жүргізу және бағалау тәсілі. PWC17o сынамасын велоэргометр, сатыға көтеріліп-түсу және арнайы жаттығулар арқылы жүргізу тәсілдері. РШСпо мағынасы бойынша ОТШ анықтау. Гарвард сынамасы. Жүргізу және бағалау тәсілі.



5. Жаттығу сабақтары мен жастарды дәрігерлік бақылау

Дәрігерлік-ұстаздьқ бақылау (Д¥Б). Максаты, міндеттері, ұйымдастыру түрлері және әдістері. Д¥Б барысында қолданылатын сынамалар (қосымша және кайталама сынамалар). Д¥Б нәтижелерін жаттығудың шағын, орта және жылдык айналымдарында қолдану мүмкіншіліктері.

Әр спорт түріндегі тікелей Д¥Б. Өзін-өзі бақылау күнделігі-күнделікті Д¥Б жүргізудің бір әдісі. Арнайы жүмыс кабілетін қайталама сынамалар арқылы анықтау.

Спорттың сайыстардағы дәрігерлік бақылау. Жарыс кезіндегі медициналык көмектер мен жұмыстар. Дәрігердің құкы мен міндеттері.

Сауықтыру-жаттығу жүйесін медициналық бақылау. Сауықтыру дене тәрбиесінің медициналық негізі. Дене тәрбиелеу мәдениетінің денсаулыкқа әсері. Жаттығулардың ағзаға жалпы, жергілікті және аралас әсерлері. Дене тәрбиелеу мәдениеті - салауатты өмір салтының кұрамдас бөлігі. Қимыл-қозғалыс тапшылығы (гиподинамия, не гипокинезия) -ауру қауіпін тудырушы себеп-шарттардың бірі.

Орта және егде жастағыларды жаттықтырудың медициналық негізі. Инфекциялык емес ХХ-ХХI -ғасырлар аурулары мен өлімінің себептері. Геронтология және гериатрия туралы түсінік. Қартаю теориялары. Орта және егде жастағы адамдар ағзасының құрылымдык, қызметтік және биологиялык ерекшеліктері. Қартаю - ауру қаупін тудырушы себепшарт.

Медициналык топтар. Орта және егде жастағы адамдарды жаттыктырудағы дәрігерлік және дәрігерлік-үстаздық бакылау.

Балалар мен жасөспірімдерді жаттықтыру жүйесін медициналық
бақылау. Биологиялык жастың жасөспірім спортшыларды жаттыктырудағы мәні. Балалар мен жасөспірімдерді, соның ішінде жасөспірім спортшыларды жаттыктырудың медициналык негіздері.

Спорттық жүмыс кабілетін калыптастырудың медициналық әдістері. Қалыптасу кезеңдері. Қалыптастыру жүйесі. Қалыптастырушы әдістерді жіктеу. Қалыптастыру әдістерін колданудың жалпы қағидалары.

Медициналық қалыптастырушы әдістер: гигиеналык, физикалык, дәрі-дәрмектік, не фармакологиялық, оларды қолдану принциптері.

Арнайы тамақтандыру негізі. Фармакологиялык калыптастырушылар. Физикалык калыптастыру әдістері.


6. Жалпы патология негізі

«Денсаулык», «ауру» деген ұғымдардың аныктамалары, «аурушаң» күйлер. Сыркаттық әсерленіс, сырқаттық бағам, сыркаттык күй. Денсаулық -кешенді, құрамдас ұғым. Соматикалык денсаулык, оның сандық көрсеткіштері.

Этиология, патогенез туралы түсінік. Тұкым қуалаушылык, реактивтік (ағзаның сырткы және ішкі әсерлерге жауап ерекшелігі) және иммунитеттің (ағзаның ауруға қарсыласу кабілеті) ауру-сыркаттардың алдын алудағы мәні.

Аурулар негізіне жататын өзгерістер: қан айналымының бұзылуы, қабыну, атрофия, гипертрофия, дистрофия.

Жүрек-қан тамырлар аурулары, олардың даму себептері. Қан қысымының өзгеру (қантасу, қантемен) себептері. Жүректік жиырылу ырғағының бұзылуы. Тонзиллокардиакалдық құбылыс. Зорығудан болған миокард дистрофиясы.

Оқыстан дамитын сырқаттык жайттарға жалпы сипаттама. Олардың даму жолдары. Гравитациялык соккы, ортостатикалык толықсу, жүрек бұлшық етінің (миокард) оқыстан зорығуы, миоглобинурия, оқыстан дамитын гипоксиялык және гипогликемиялык жайттар, жылылык соққысы мен күн тию, суға кету, закымнан болған соккы (даму себептері, белгілері, жедел медициналық көмек).


7. Спорттық зақымдар

Спорттық жарақаттардың себептері мен даму жолдары, ерекшеліктері. Әр спорт түріндегі жарақаттану көрсеткіштерінің деңгейі (мешеулік, үдемелі, зақымдалу көрсеткіштері). Жарақаттардың спорт түрімен байланысуылығы. Сактану жолдары.

Терінің зақымдары: қажалу, сыдырылу, жара. Тірек-козғалыс жүйесінің зақымдары: соғып алу, буынның шығып кетуі, сүйектерінің сынуы, бұлшық ет пен сіңірлердің жаракаттары. Жедел медициналық көмек. Қан токтату әдістері. Сактану жолдары.

Боксшылар арасында кездесетін бас-ми жарақаттары. Бас-ми жаракаттарының салдары. Сактану жолдары.

Жұлынның закымдары. Шеткі жүйе жүйесінің зақымдары. Мұрын, құлақ, көмекей, тіс және көз закымдары мен аурулары.

4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

Тақырып: Дененің дамуы және денсаулық

№1 тәжірибелік сабақ

1. Антропометриялық стандарттар, корреляция, индекстер және перцентильдік әдістер.

2. Дененің сымбаты (мүсіні), оның ақаулары. Дене сымбатын анықтау эдістері. Әртүрлі спорт түрлерінің сымбатка әсері.

3. Тірек-қозғалыс жүйесінің спортшыларға тэн ерекшеліктері. Дене пішінінің турлері, олардың тәжірибелік маңызы.


Тақырып: Спортшы ағзасының қызметтік дайындығын пайымдау негізі

№2 тәжірибелік сабақ

1. Жүйке жүйесінің үйлестірушілік кызметі, оның тексеру әдістері: жаттығу барысында өзгеруі. Үйлестірушілік кызметінің бұзылуы (атаксия) - асыра машыктанудың белгісі. Статистикалык және динамикалык үйлесімділік, олардың көрсеткіштері (Ромберг сынамасы, «саусак-мұрын», «саусак-саусак» сынамалары, тремография, стабилография т.б.).

2. Жакыннан көргіш жасөспірімдер мен спортшыларды жаттықтыру принциптері. Кейбір спорт түрлерінің есту талдағышына жағымсыз әсері, сақтану жолдары.

3. Жүйке-бұлшык ет жүйесінін көрсеткіштері, оларды тексеру әдістері: динамометрия, миотонометрия, электромиография, хронаксиметрия т.б.

4. Сыртқы тыныс жүйесінің оттегін тасымалдаушы - кардио-респираторлык жүйедегі орны. Сыртқы тыныстың көрсеткіштері: өкпенің тіршілік сыйымдылыгы (ӨТС), жеделдетілген өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ЖӨТС), минөттік ауа алмастыру көлемі (МАК) және оның шегі (ААШ). Аныктау әдістері.
Тақырып:Спортшылардың жұмыс қабілетін анықтау негізі

3 тәжірибелік сабақ



1. Орташа қарқынды сынамалар. Жалпы дене тәрбиесінде колданылатын сынамалар: Руфье-Диксон, Мартин, С.П.Летунов, Шалков және Леви-Гориневской сынамалары. Жүргізу және бағалау тәсілі.

2. Веналық (көк тамырлар) кан көлемін азайтуга негізделген сынамалар: Вальсальва, Бюргер сынамалары. Ортостатикалық сынама. Жүргізу және бағалау тәсілі.


Тақырып:Жаттығу сабақтары мен жастарды дәрігерлік бақылау

4 тәжірибелік сабақ



1. Балалар мен жасөспірімдер ағзасының кұрылымдык-кызметтік ерекшеліктері. Жастық кезеңдер. Дәрігерлік бақылаудың ерекшеліктері. Мектеп окушылары мен студенттерді медициналық топтарға бөлу.

2. Әйелдерді жаттықтырудың медициналык негізі. Әйелдер ағзасының құрылымдык және кызметтік ерекшеліктері. Әйелдерге тән биологиялык құбылыстар (овариалды-менструациялык айналма-етеккірі, климакс - жыныс бездері кызметінің аяқталуы, жүктілік, босану кезеңдері). Жүмыс қабілетінің биологиялык құбылыстар кезеңдеріне байланыстылығы. Әйелдерді жаттықтырудың медициналык негіздері. Дәрігерлік бакылаудың ерекшеліктері.

3. Допинг туралы түсінік. Допинг түрлері. Олардың ағзаға зиянды әсерлері. Допинг-бақылау. Жыныстық бақылау. Ауа райы мен географиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты жаттықтыруды дэрігерлік-үстаздык бақылау.
Тақырып: Жалпы патология негіз

5 тәжірибелік сабақ

1. Спортшылар арасында кездесетін ауруларға кысқаша сипаттама. Спортшылардың ауру себептері. Ауру қауіпін тудырушы себеп-шарттар (жалпы, арнайы, косымша). Созылмалы кабыну ошактары. Спорттык иммундық тапшылық. Спортшылардың кенеттен өлу себептері. Аурудан сақтандыру әрекеттері.

2. Жүйке жүйесінің аурулары. Асыра шаршау, асыра машыктану, зорығу, шеткері жүйке жүйесінің аурулары. Омыртқаның ауруы – остеохондроз.

3. Реанимация туралы түсінік. Реанимациялык (кайта тірілту) әрекеттер: жасанды дем алдыру, жүрекке жанама массаж жасау.
Тақырып: Спорттық зақымдар

5 тәжірибелік сабақ



    1. Тірек-козғалыс жүйесінің зақымдары: соғып алу, буынның шығып кетуі, сүйектерінің сынуы, бұлшық ет пен сіңірлердің жаракаттары.

    2. Жүйке жүйесінің зақымдары: мидың шайқалуы, соғылуы, жаншылуы. Жедел медициналык көмек.

Ішкі мүшелерінің закымдары.


    4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу
15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу
15

3

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына еңбеген материалды меңгеру

Конспект

Сабаққа қатысу
46

4

Бақылау іс-шараларына дайындық




МБ, ағымдағы үлгерімді бақылау
2

Жалпы:

78



      1. Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1. Әртұрлі спорт түрлерінде тиімді дене бітімі мен пішінінің ерекшеліктері.

2. Сыртқы тыныс жүйе корсеткіштерінің көп жылдық жаттығу барысында қалыптасуы және олардың спорт түріне сэйкестігі.

3. Спортшылардың кан қүрамыньщ қалыпты жағдайдағы және жаттығу барысындағы өзгерістері.

4. Зат алмасу - жүмыс кабілетінің негізі. Ас корыту мүшелерінің ауыру себептері.

5. Несеп құрамының спортшыларға тэн ерекшеліктері.

6. Спорттык жұмыс кабілетін витаминдер мен фармакологиялық әдістер арқылы қалыптастыру (спорт түріне байланысты).

\ 7. Спорттық жұмыска кабілеттілікті физикалык әдістер аркьшы қалыптастыру (спорт түріне байланысты).

8. Әйел спортшыларды жаттықтырудың медициналык ерекшеліктері.

9. Спорттағы ауру себеп-шарттары мен сырқаттык күрылыс ерекшеліктері (эр спорт түріне байланысты).




10. Ауырған және калыпты жағдайда спортшыларда кездесетін атрофия жэне гипертрофия (физиологиялық және патологиялық миокард гипертрофиясы).

11. Иммунитет пен созылмалы инфекция ошактары ауырудың себеп-шарттары.

12. Тірек-қозғалыс жүйесінің аурулары мен жаракаттары (спорт түріне байланысты).

13. Денсаулық пен жүмыска қабілеттілікті төмендететін себеп-шарттар.

14. Дүрыс тамақтану - жүмыс қабілеті қалыптасуының негізгі себеп-шарттары.
5 Әдебиет тізімі

Негізгі:


      1. Амангельдиева P.P., Мұстафина Т.К., Дунаева З.Қ. - Методическая разработка по применению ситуационных задач при изучении курса спортивной медицины, 1990

      2. Дембо А.Г. - Врачебный контроль в спорте. - А., 1988.

      3. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. - Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялык жұмыстарды өздігінен орындауға арналған эдістемелік нұскау. - А., 1993.

      4. Карпман В.Л. - Спортивная медицина. - М., 1987.

      5. Мұстафина Т.К. - Спорттық медицина. Оқу құралы - А., 1993.

      6. Мұстафина Т.К. - Спорттық медицина. Оқулык - А., 1997.



      7. Мұстафина Т.К., Дунаева З.Қ. - Спорттық аурулар мен жаракаттар. Оку кұралы. - А., 1994.

      8. Мұстафина Т.К., Амангельдиева P.P., Дунаева З.Қ. - Методические указания к лабораторным работам по определению и оценке физического развития у спортсменов. - А., 1988.

Қосымша:

      1. Белоцерковский З.Б. - Тестирование физической работоспособности у занимающихся массовой ФК с помощью специфических нагрузок. -Методические рекомендации, 1999.

      2. Дембо А.Г. - Заболевания и повреждения при заболеваниях спортом, 1991.

      3. Дембо А.Г., Земцовский Э.В. - Спортивная кардиология, 1989.

      4. Дубровский В.И. - Спортивная медицина. - М., 2002.

      5. Епифанов В.А. - ЛФК и спортивная медицина. -М., 1999.

      6. Мирзоев О.М. - Применение восстановительных средств в спорте. М., 2000.

      7. Макарова Г. А. - Практическое руководство спортивных врачей. - Ростов на Дону, 2002.

      8. Макарова Г. А. - Спортивная медицина, - М., 2003.

      9. Марков В.В. - Основы здорового образа жизни и профилактика болезней. - М., Учебное пособие. - 2001.




  1. Тихвинский СБ., Хрущев СВ. - Детская спортивная медицина. - М., 1991.

  2. Щубик В.М., Левин М.Я. - Иммунитет и здоровье спортсменов, 1985.




Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме



ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

5В010801 Дене шынықтыру және спорт



мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Спорт медицинасы негіздері пәні бойынша

Оқу түрі

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

диттер


Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

экз

сын

КП

КЖ

барлығы

дәр

тәж

зерт

барлығы

ОСӨЖ

сырттай ЖКБ негізінде
























3




6

6














2

90

12

78

4

-

-

-

4

2

6

-

6

-

78

12

Кафедра меңгерушісі __________ Ж.М.Исимбеков «___» ______ 2011 г.



Лист согласования рабочей учебной программы




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/35


2011-2012 оқу жылына

Спорт медицинасы пәні бойынша

Жұмыс оқу жоспарының келісім парағы





КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

Шығарушы кафедра

Кафедра меңгерушісінің Т.А.Ә.

қолы

Келісілу мерзімі

1

2

3

4

Дене шынықтыру

Мастобаев Ю.А.







Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет