Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру станданртының ҚР 04. 019-2008 ж егізінде әзірленген және С. Торайғыров атындағы пму-дың Ғылыми кенесінің отырысында 20 ж. , № хаттамамен бекітілді



Дата17.07.2016
өлшемі184.8 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титул парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы

Инженерлік геодезия пәнінен

5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»

мамандығының(тарының) студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар

Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/33



БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

____________Н.Э. Пфейфер

«___»____________20____ ж.


Құрастырушы: аға оқытушы Қ.С.Баймулдинова __________

Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы


Инженерлік геодезия пәні бойынша

5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»

мамандығының(тарының) студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру станданртының ҚР 5.04.019-2008 ж. егізінде әзірленген және С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Ғылыми кенесінің отырысында 20___ ж. «___»__________, № ______ хаттамамен бекітілді.
2010 ж. «___»__________ кафедра отырысында ұсынылған № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі________________ Қ.Т.Сақанов «___»_________ 2010 ж.
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010 ж. «___»_________ № ____хаттама

ОӘК төрағасы ________________ В.А.Козионов «___»_________ 2010 ж.
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы __________ М.Қ.Күдерин «___»_____________ 2010 ж.


МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы _________ А.А.Варакута «___»___________ 2010 ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2010 ж. «____»___________ № _____ хаттама


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты - студенттерге инженерлік геодезиялық әдістерді және орман инженерлік жұмыстарын орындауды және қазіргі геодезиялық аспаптарды оқып үйренуді және орман массивіндегі орындалатын жұмыстардың әдістерімен жергілікті жерде және басқа да халық шаруашылығында көгалдандыру және жобалауды үйрету.

Курс өткен студенттер оқу нәтижесінде:

білуі керек:

- топографиялық картаны оқуды, топогеодезиялық материалдарды қолдану, сол негізде инженерлік есептерді шешуді;

- геодезиялық жұмыстарды орындауды, топографо-геодезиялық ізденістерді жүргізуді, топографиялық пландарды салу мен түзетуді және жоба нүктелерін жер бетіне шығару;

- пландық-картографиялық материалдарды орманшаруашылы-ғында және басқа топографиялық ақпараттарды әртүрлі орман инженерлігі есептерін шешу үшін қолдануды;



орындай алуы керек:

- топографо-геодезиялық ізденістерді геодезиялық жұмыстардың және жоба нүктелерін жер бетіне шығарудың құрамы және технологиясын;

- инженерлік практикада типтік инженерлік-геодезиялық есептін көп таралған негізгі талабының шешімін және геометриялық маңызын.

- негізгі геодезиялық аспаптармен қолдануды;

- топографиялық планмен картаны емін-еркін пайдалана білу, солардың негізінде графикалық және математикалық есептеулерді шығаруды;

- аудандарды графикалық тәсілмен және координаталары бойынша есептеуды.


2 Пререквизиттер
Пәнің бағдарламасы мына пәндерге негізделген: математика, физика, сызба геометрия, география.

3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: орман ресурстары, орман шаруашылығы және т.б.

4 Пәннің мазмұны




Пәннің мазмұны

Сабақ түрілері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәріс

Практ.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1







2

Геодезия туралы жалпы мәліметтер

2

4

6

3 Геодезиялық өлшеулер

3.1

Ұзындық өлшеулер

1

2

10

3.2

Бұрыштық өлшеулер

1

4

10

3.3

Биіктік өлшеулер, нивелирлеу

2

4

10

3.4

Ауданды анықтау

1

2

8

4 Геодезиялық түсірістер

4.1

Топографиялық түсірістер туралы мәліметтер

2


4

6


4.2

Теодолиттік түсірістер

2

4

10

4.3

Тахеометрлік түсірістер

1

2

10

5 Орман шаруашылығының

өндірістегі геодезиялық жұмыстар



5.1

Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар

1

2

10


5.2

Жер бетін шаршылап нивелирлеу

1

2

10

БАРЛЫҒЫ:

15

30

90


4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

1 тақырып. Кіріспе.

Геодезия пәні, оның мәселелері және әдістері, дамуының негізгі тарихы кезеңдері және басқа ғылымдармен байланысы, жер қоры тиімді пайдаланудың әртүрлі проблемаларын шешуде геодезияның ролі. Жерге орналастыруда және басқа халық шаруашылығы салаларына геодезиялық қызметтің алатын орны.

Орман шаруашылығы үшін геодезиялық жұмыстарды жоспарлайтын және орындайтын мекемелер. Ғылыми-техникалық прогресс және геодезияның қазіргі әдістерінің дамуы.

2 тақырып. Геодезия туралы жалпы мәліметтер.

Жердің физикалық беті туралы түсінік, оның пішіні және мөлшері. Деңгейлік бет, геоид, эллипсоид айналымы және оның параметрі. Крассовский эллипсоиді. Горизонталь бұрыш. Көлбеу бұрыш. Жердегі сызықтың ұзындығының оның горизонталь ұзындығы мен байланысы. Карта, план, профиль. Пландар мен карталардың масштабтары және олардың көрініс түрлері (сандық және графикалық). Масштабтың дәлдігі. Масштабтың графикалық пішіні және олардың түрлері (сызықтық, көлденең). Көлденен масштаб. Нүктелердің биіктігі және олардың арасындағы өзара биіктік. Нүктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктіктері.

Жер бетінің бедері. Рельефтің негізгі пішіндері, пландарда және карталарда рельефтің бейнелеу әдістері. Горизонтальдар әдісі. Қима биіктігі. Сызық еңістігі, көлбеу бұрышы. Горизонтальдар бойынша пландағы нүктелердің биіктіктерін есептеу. Географиялық және жазықтықтағы тікбұрышты координаталардың жүйесі. Тура және кері геодезиялық есептері.

Сызықтарды бағдарлау. Географиялық және магниттік меридиан, магнит тілінің ауытқуы. Азимуттар және румбылар, олардың арасындағы байланыс. Буссоль. Дирекциондық бұрыш. Меридиандардың жақындасуы. Тура және кері дирекциондық бұрыштыр. Дирекциондық бұрыш бойынша горизонталь бұрыштарды есептеу.

3 тақырып. Геодезиялық өлшеулер.

3.1 Ұзындық өлшеулер.

Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік. Лентамен ұзындық өлшеу. Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптары. Өлшеу ленталары. Рулеткалар. Жердің бетіне нүктелерді белгілеу үшін сызықтың бойымен желі қадау. Көлбеу сызықтарды горизонтқа келтіру. Өлшеу нәтижесінде компорирлеуге, температураға, көлбеу бұрышқа беретін түзетпелер. Ұзындықты өлшеудің дәлдігі. Абсолюттік, салыстырмалы, шекті қателер.

3.2 Бұрыштық өлшеулер.

Теодолиттің құрылысы. Горизонталь бұрыштарды өлшеу принціптері. Теодолиттің классификациясы. Қазіргі техникалық теодолиттердің негізгі типтері және құрылысы. Теодолиттің жинағы. Теодолитті қарау ережелері. Теодолитті тексеру және жөндеу. Теодолиттермен горизонталь бұрыштарды өлшеу. Аспапты жұмысқа әзірлеу, нүктеге орналастыру. Бұрышты айналым (жарты айналым, толық айналым) тәсілімен өлшеу. Дала журналын жүргізу. Бақылау және шектеу. Вертикаль бұрыштарды өлшеу. Вертикаль бұрыш (көлбеу бұрыш) туралы түсінік. Вертикаль бұрышты өлшеу принципі. Вертикаль дөңгелектегі нөлдік орын.

3.3 Биіктік өлшеулер, нивелирлеу.

Геометриялық нивелирлеудің әдісі мен маңызы. Биіктік есептеудің әдісі (өзара биіктік арқылы және горизонт аспабы арқылы). Дәлдігі бойынша геометриялық нивелирлеудің жіктеуі. Нивелирлеу рейкалары, оның құрылысы. Нивелирлер, оның құрылысы мен классификациясы. Нивелирді түзету және жөндеу. IV кластық нивелирлеу. Аралық және байланысқан нүктелер. Станцияда нивелирлеуде бақылау және жалпы бақылау (тұйық жүріс, нивелирлік реперлерге және маркаларға байланыстыру). Нивелирлеу журналы. Беттік тексеріс. Нивелирлік жүрістің нүктелерінің биіктіктерін үйлестіру және есептеу. Аспаптың және нүктенің биіктігін анықтау. Өзара биіктік есептеу формулалары (Жердің дөңестігін және рефракцияны ескеру).

3.4 Ауданды анықтау.

Орман шаруашылығы үшін контурлардың және пайдаланылатын жердің ауданын анықтау маңызы. Аналитикалық – полигонның төбесінің координаталары бойынша, аудандарды анықтау. Графикалық – тұйық фигура арқылы аудан анықтау. Палеткамен аудан анықтау. Механикалық құрал -планиметр, оның құрылысы және тексеруі. Планиметрдің бөлім бағасы. План масштабындағы және айналмалы рычагтағы планиметрдің бөліктері, планиметр бөлігінің бағалануының геометриялық мәні. Контур бойынша аудан анықтау. Пайдаланылатын жердің экспликациясы.

4 тақырып. Геодезиялық түсірістер.

4.1 Топографиялық түсірістер туралы мәліметтер.

Түсірістің мәні және қолданылатын аспаптың түрлері. Геодезиялық түсірістің негіздері. Пландық және биіктік геодезиялық торлар. Олардың классификациясы, құру әдістері, пункттерін центрлермен және сыртқы белгілермен бекіту.

4.2 Теодолиттік түсірістер.

Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар. Жұмысты орындау тәртібі. Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер). Түсіріс торларының параметрлеріне және орналасуына негізгі талаптар. Теодолиттік жүрістің төбелері жоғары сатыдағы геодезиялық торлардың пунктерімен байланыстыру. Барлық этаптағы есептерге бақылау. Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат, бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар). Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі. Параллель сызық әдісін байланыстыра горизонтальдар және румбылар арқылы жүрістің жұмыс схемасын жасау. Координаттық торды құру әдісі. Координат бойынша түсіріс торына нүктені орналастыру. Абрис бойынша ситуацияны түсіру. Планды безендіру.


4.3 Тахеометрлік түсірістер.

Тахеометриялық түсірістің мәні. Пландық және биіктік негіздерін салу әдістері. Аспаптар. Номограммалық тахеометрлер арқылы қашықтықты, өзара және биіктікті анықтау. Тахеометрлік жүрісте дала жұмыстарын жүргізу реті. Тахеометриялық жүрісті жүргізу, оның дәлдігі, тексеріс, шекті қателері. Ситуация мен рельефті түсіру. Көлбеу және горизонталь көздеу сәулесі арқылы өзара биіктікті анықтау. Тахеометриялық журнал және абрис. Тахеометриялық түсірістің материалдарын өңдеу. Түсіру негіздерінің пункттерінің координаталарын және биіктіктерін теңдестіру, есептеу. Пикеттік нүктелердің биіктіктерін есептеу. Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.

5 тақырып. Орман шаруашылығының өндірістегі геодезиялық өлшеулер

5.1 Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар.

Сызықтарды трассалау. Шеңберлі және негізгі қисықтар. Қисыққа тангенс пикетін түсіру. Шеңберлі және өтпелі қисықтар. Пикеттік журнал. Қисық және түзу ведомосын жасау. Трассаны нивелирлеу. Трассаны техикалық нивелирлеудің журналын өңдеу. Нүктенің биіктігін анықтау. Трасса профильін құру.

5.2 Жер бетін шаршылап нивелирлеу.

Жер бетін шаршылық тормен бөлу. Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу. Нивелирлеудің далалық сызбасы. Байланыс нүктелерінен санақ алу бойынша далалық бақылау. Бастапқы реперге биіктіктерді байланыстыру. Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу. Интерполяциялау әдісімен горизонтальдар жүргізу және топографиялық пландарды құру.

4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі

1) 2 тақырып. Карта бойынша есеп шығару. 1:10 000, 1: 25 000, 1:50 000, 1:100 000 топографиялық карталарды қолданып жұмыс істеу. Нүктелердің географиялық және тікбұрышты координаттарын анықтау жәнеде азимуттарын, дирекциондық бұрыштарын, румбыларын анықтау.

Масштабтардың дәлдігін және графикалық дәлдігін анықтау. Көлденең масштабтың диаграммасын салу. Масштабы 1:10 000 топографиялық картада берілген бағытта профиль құрастыру.

2) 3.1 тақырып. Ұзындық өлшеулер әдістері. Тікелей өлшеуіш сапаптар: өлшеуіш ленталар, рулеткалар. Жанама өлшеуіш аспаптар: оптикалық жарықтық- және радиоқашықтық өлшеуіштер, жіптік өлшеуіштер, қосбейнелі өлшеуіштер. Өлшеуіш аспаптарды компарирлеу. Өлшеу нәтижесінде компорирлеуге, температураға, көлбеу бұрышқа беретін түзетпелер.

3) 3.2 тақырып. Бұрыштық өлшеуге арналған аспаптар. 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің құрылысы. Теодолиттермен жұмыс істеу тәртіптері. 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің поверкасы және юстировкасы. Горизонтальды және вертикальды бұрыштарды өлшеу принциптері. Көлбеу бұрышын өлшеу. Вертикаль шеңбердің «ноль орны».

4) 3.3 тақырып. Биіктік өлшеуге арналған аспаптар. Н-3, 3Н-5Л, Н-10КЛ нивелирлердің құрылысы және жұмыс істеу тәртіптері. Нивелирлердің поверкасы және юстировкасы.

Қарапайым және күрделі нивелирлеу. Нивелирлеу журналы. Беттік бақылау. Нивелирлеу жүріс бойынша нүктелердің биіктігін анықтау.

5) 3.4 тақырып. Аудандарды графикалық тәсілмен (геометриялық пішіні және палетка арқылы) анықтау және координаталары бойынша (аналитикалық тәсілмен) өлшеу. Механикалық құрал - планиметр, оның құрылысы және тексеруі. Планиметрдің бөлім бағасы.

6) 4.1 тақырып. Түсіру турлері, олардың жіктелуі. Топографиялық мензулалық түсіру. Мензулалық түсіру бойынша есептік өңдеу. Мензула және кипрегельмен топографиялық планды құрастыру. Дала журналын жүргізу. Трилатерация, триангуляция және полигонометрия әдістер бойынша пландық мемлекеттік геодезиялық торлар құру. Геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу бойынша биіктік геодезиялық торлар құру.

7) 4.2 тақырып. Теодолиттік түсіру бойынша камеральдық жұмыстар.

Теодолиттік полигондар және жүрістер. Координат шығару ведомості құрастыру. Бұрыштық және ұзындық үйлеспеушіліктерді анықтау. Ситцацияны құрастыру әдістері. Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.

Теодолиттік жүріс бойынша схема құрастыру (масштаб 1:2000). Контурлық планды құрастыру (масштаб 1:1000).

8) 4.3 тақырып. Тахеометриялық түсіру бойынша камеральдық жұмыстар. Тахеометриялық журнал, абрис. Тахеометриялық түсіріс бойынша материалдарды өңдеу. Пикеттік нүктелердің биіктіктерін есептеу. Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.

9) 5.1 тақырып. Трасса профилiн салу. Сызықтарды трассалау. Шеңберлі және негізгі қисықтар. Қисыққа тангенс пикетін түсіру. Шеңберлі және өтпелі қисықтар. Пикеттік журнал. Қисық және түзу ведомосын жасау. Трассаны нивелирлеу. Трассаны техикалық нивелирлеудің журналын өңдеу. Нүктенің биіктігін анықтау.

Профильді құру (горизонталь масштаб 1:100, вертикаль масштаб 1:500).

10) 5.2 тақырып. Жер бетiн тегiстеу шаршы бойынша. Жер бетін шаршылық тормен бөлу. Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу. Горизонталь алңды жобалау.Бастапқы реперге биіктіктерді байланыстыру. Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу. Жер жұмыстарының картограммасын құру. Интерполяциялау әдісімен горизонтальдар жүргізу және топографиялық пландарды құру.



4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



№ п/п

СӨЖ түрі

Есеп беру

формасы


Бақылау түрі

Сағатқа шыққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

-

Сабаққа қатысу

20

2

Практикалық сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

30

3

Практикалық сабақтары бойынша есеп беру

Жұмыс дәптері

Тест

10

4

Аудиториялық сабақтарының мазмұнына кірмеген мәліметтерді зерделеу

Конспект

Тест

24

5

Бақылау шараларға дайындық

-

МБ1, МБ 2-нің

нәтижелері



6

Барлық сағаттар саны

90

4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі


1) Картадан орман массивінің ауданын анықтау

Ұсынылатын әдебиет: [1, 6 б.].

2) Қазіргі геодезиялық аспаптар

Ұсынылатын әдебиет: [1, 321-325 б.].

3) Теодолиттік жүрістегі планын және координаттарын есептеу ведомосі

Ұсынылатын әдебиет: [1, 173-175 б.].

4) Жердегі жұмыстардың көлемін анықтау

Ұсынылатын әдебиет: [1, 199-207 б.].

5) Тура геодезиялық есепті шешу

Ұсынылатын әдебиет: [1, 11-15 б.].

6) Картаның номенклатурасы. Картографиялық шартты белгілер және оның түрлері

Ұсынылатын әдебиет: [1, 17-19 б.].

7) Тахеомерт-автоматтар және электронды тахеомерт

Ұсынылатын әдебиет: [1, 299 б.].

8) Глобальды позициялық жүйе (GPS) және оны қолдану

Ұсынылатын әдебиет: [1, 329 б.].

9) Бұрыштық және сызықтық өлщеулердің дәлдігі

Ұсынылатын әдебиет: [1, 19-21 б.].

10) Гаусс-Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаталар

Ұсынылатын әдебиет: [1, 12 б.].

11) Топографиялық түсірістің сапасын бақылау
Ұсынылатын әдебиет: [1, 74-75 б.].

5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1) Атымтаев, Пентаев. Инженерлік геодезия



2) Киселев М.И., Михелев Д.Ш. Основы геодезии. – М.: Высшая школа, 2003. – 368 с.

3) Клюшин Б.Е., Киселев М.И. Инженерная геодезия. – М.: Высшая школа, 2002. – 464 с.

4) Кулешов Д.А., Стрельников Г.Е. Инженерная геодезия для строителей. – М.: Недра, 1990. – 256 с.

Қосымша


4) Новак В.Е. Курс инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987.– 334 с.

5) Новак В.Е. Практикум по инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987. – 334 с.

6) Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н. и др. Инженерная геодезия. – М.: Недра, 1984. – 343 с.

7) Данилевич Б.Б., Лукьянов В.Ф. и др. Практикум по инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987. – 334 с.

8) Захаров А.И. Геодезические приборы. – М.: Недра, 1989. – 156 с.

9) Лукьянов В.Ф., Новак В.Е., Ладонников В.Г. и др.Учебное пособие по геодезической практике. – М.: Недра, 1986. – 207 с.

10) Условные знаки для топографических планов и карт масштабов 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500. – М.: Недра, 1989. – 143 с.

11) «Теодолиты, их устройство» МУ к практическим и лабораторным занятиям по дисциплинам «Инженерная геодезия» и «Геодезия» для студентов строительных специальностей. Варламова Л.А., Баймулдинова К.С. – Павлодар.: НИЦ ПГУ им. С.Торайгырова. 2006 г.




Мамандықтың(тардың) жұмыс оқу жоспарынан үзінді көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32


5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»


Мамандығының (тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пән атауы Инженерлік геодезия


Оқыту нысаны



Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестрлер бойынша бақылау формалары

семестр

Семестрлер бойынша студенттер жұмысының көлемі

кредит

академиялық сағаттар

кредит

аудиториялық сабақтар (ак.сағ)

СӨЖ

барл.

ауд.

СӨЖ

емт.

сын.

КЖ

Кж

барл.

дәр.

пр.

лаб.

барл.

СӨЖ

күндізгі ЖОБ негізінде

3

135

45

90

2

-

-

-

2

3

45

15

30

-

90

45

КҚжКО кафедра меңгерушісі____________ Қ.Т.Сақанов

«___»_____________ 20___ ж.



Жұмыс оқу бағдарламасымен

келісу парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35




2010-2011 оқу жылына арналған
«Инженерлік геодезия» пәнінің

жұмыс оқу бағдарламасымен келісу парағы




КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Мамандар дайындаушы кафедра

Кафедра меңгерушісінің аты-жөні

Қолы

Келісу күні

1

2

3

4

Агротехнология кафедрасының меңгерушісі

Альмишев У.Х.























































Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет