Жұмыс бағдарламасы мсак деңгейінде жедел акушерлік-гинекологиялық көмек



бет3/7
Дата23.11.2022
өлшемі59.61 Kb.
#465502
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
мсак силлабус 4 курс

8

2

Жүктіліктің физиологиясы.
Жүкті әйел организміндегі өзгерістер. Іштегі нәрестені антенатальді қорғау. Жүктіліктің диагностикасы.Физиологиялық жүктілікті жүргізу.



Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі клиникалық антенатальды жүргізу хаттамасына сәйкес жүктілерді әйелдер кеңесінде қарау мен тексеру. Жүктілік физиологиясын зерттеу, ерте жүктілікті анықтау әдістері, қосымша инструменталды зерттеу әдістері. Кеш кезеңдегі жүктілікті анықтау, нақты белгілер, қосымша зерттеулер. Жүкті әйелдерді тексеруді көрсету: әлеуметтік, психомотикалық, эмоциалды проблемаларын анықтау сауалнамалар жүргізу, бактериоскопиялық зерттеуге жағынды алу, сырқы акушерлік зерттеу ( Леопольд әдісі). Гравидограмма толтыру. Нәрестенің жүрек қағысын аускультациялау. Фантоммен жұмыс істеу. Соңғы етек кірдің бірінші күні және ұрықтың бірінші қозғалуымен жүктілігінің босану мерзімін анықтау. Жүктілік кезіндегі қатерлі симптомы. Жүкті әйелдің «медициналық шараға ақпараттандырылған келісімі» туралы түсінік. Босану айындағы психопрофилактикалық дайындық, физикалық тиімділігі, өмір сүру салты, тамақтану кеңес беру дағдыларын ойын арқылы жеткізу. Іс ойыны: әңгіме құру және әңгімелесу. «Жүктілік гигиенасы», «жүкті әйелдің тамақтануы», «серіктестік босануға дайындау».

8

3

Босанудын физиологиясы:
- босану биомеханизмі
- кезең бойынша босану ағымы және жүргізу.
Қалыпты босанудан кейінгі кезең.

Босанушыны перзентханаға қабылдау. Анамнез жинау,босану тарихының паспорт бөлімін толтыру.Босанатын әйелді және босану кезіндегі серігін физикалық қолдауға үйрету және кеңес беру. Босанушыға акушериялық сыртқы зерттеулер жүргізу, жамбас өлшемдерін, іш шеңберін, жатыр түбінің биіктігін өлшеу. Партограмманы толтыру және жүргізу: босанушынының жалпы күйін бақылау, толғақтардың жиілігімен күштілігін анықтау, партограмманың қауіпті параметрлерін анықтау. Нәрестенің күйін бағалау (аускультация көрсеткіштерімен айналадағы судың сипаттамасымен). Қан кету көлемін бағалау.
Емшекпен тамақтандыру принциптерімен танысу. Жарылған емшекке күтім жасау, сүтті сығып тастау техникасы. Жеке босану залдағы және ана мен бала бірге орналасқан палатадағы медбикенің жұмысы. Нәрестені қабылдауға жеке босану палатада жағдай жасау.
Босанғаннан кейінгі бөлімшеде жұмыс істеу: постта, ем-шара кабинетінде, манипуляциялық бөлмелерде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет