Дәріс 1
(1 сағат)
Тақырып. Отын және оның құрамы
Дәріс сабақтың мазмұны
1 Кіріспе. Отындар туралы ұғым.
2 Отындардың түрлері.
3 Отындардың құрамы.
4 Жағу процесіне тигізетін күлдің әсері.
5 Отынның жану жылулығы.
6 Калориметрлік қондырғы.
7 Калориметрлік қондырғының құрлысы.
Отын деп жанғыш заттарды көп мөлшерде жылу алуға пайдалануды айтады. Отындар органикалық, органикалық емес болып бөлінеді. Органикалық отындардың негізі өсімдіктен пайда болған отындар. Отындар қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қатты отындарға мыналар: көмір, шымтезек, ағаш, шөп тәрізділер, сұйық отындарға: мұнай, қара май, бензин, дизель отыны т.б., ал газтәрізділерге: табиғи, домна, генератор газдары жатады.
Кезкелген қатты және сұйық отындар: көміртегінен С, сутегінен Н, күкірт S сияқты жанғыш элементтерден тұрады
Отындық күкірттің үш түрі бар: отын құрамында органикалық S0, ал колченданды күкірт Sк және сульфатты күкірт Sл отын күлінің құрамында болады.
Органикалық және колчеданды күкірт тез жанады, сульфатты күкірт күлдің құрамына өтеді. Күкірттің жану өнімі қазанның қабырғасына қатты және ол адамның тыныс жолдарына зиянды әсер етеді.
Күл деп отынның жану нәтежесінде алынған, жанбай қалған қатты қалдық. Күл отынның жануын тежейді. Ол бу қазандығының газ жолдарын ұстап қалады және жылу беттерінің тозуына және айналадағы ортаның кірленуіне әкеп соғады.
Отынның жану жылулығы
Отынның негізгі сипатын жану жылулығы береді. Жану жылулығы деп 1кг отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады. Оны Q белгілеп, кДж/кг өлшейді. Отынның жану жылулығы отынның химиялық құрамынан және оның жану жағдайынан тәуелді.
1 - калориметрлік бомба; 2 - суы бар ыдыс; 3 - термостат;
4 - араластырғыш құрылғы; 5 - термометр;
6 - араластырғыш құрылғының жұмысқа қосу механизмі.
Сурет 1 - Калориметрлік қондырғы
Отынның жану жылулығын калориметрлік бомбаның көмегімен анықтайды. Бомбаға отынның кішкентай бір бөлігін орналастырып, оған 25 “бар” қысымда оттегін жібереді. Содан кейін, бомбаны суы бар калориметрге орналастырып, тоқтың көмегімен бомбадағы отынды жағады. Калориметрдегі судың температурасы өседі. Осы температура өсімі мен су мөлшерін, біле отырып, отынның жану жылулығын анықтайды. Ылғалдың булануы және сутегінің жануы салдарынан, пайда болған су буы толығымен салқындайды. Бомбаның көмегімен анықталған отынның жану жылулығы жоғарғы жану жылулық Qв деп аталады.
Бу қазандықтың оттығында 1кг отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылуды төменгі жану жылулық деп атайды.
Отынның төменгі жану жылулығын Менделеев Д.И. формуласымен анықтайды, кДж/кг:
,
|
(1)
|
Отынның әртүрлі сорттары үшін, төменгі жану жылулық үлкен диапазонда (аралықта) өзгереді.
Өздік бақылау сұрақтары
1 Отындар туралы ұғымды түсіндіріңіз.
2 Отындардың түрлерін атаңыз.
3 Отындардың құрамын атаңыз.
4 Жағу процесіне тигізетін күлдің әсері қандай?
5 Отынның жану жылулығы деп нені айтады?
6 Калориметрлік қондырғы не үшін қажет?
7 Калориметрлік қондырғының құрлысын сызып көрсетіңіз.
Қолданылған оқулықтар
-
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б. 250-254.
-
Резников М.И.«Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 20-26.
-
Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н. «Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 14-32.
Дәріс 2
(1 сағат)
Тақырып. Отынның түрлері
Дәріс сабақтың мазмұны
-
Отынның түрлері.
-
Ылғалдың отын құрамына әсері.
-
Отынның жану жылулығының әртүрлігі.
4 Шартты отын.
Ағаш –қатты отын.Ағаштың құрамындағы көміртегі мен сутегінің құрамы,ішкі балластты құрайтын оттегі мен азотқа қарағанда аз(1-2٪). Ағаштың сапасына әсер етуші басты балласт болып ылғал саналады.
Жаңа кескен ағашта 50٪ылғал бар. Ағаштың жану жылулығы оның ылғалдылығына байланысты мына аралықта (8.4-12.5 МДж/кг)өзгереді.
Кепкен бұтақтар,сабан,шөп сияқты қалдықтардағы құрғақ заттар, олардың салмағының 65-75٪ құрайды.Сондықтан олардың жану жылулығы 14-16.5 МДж/кг құрайды.
Шымтезек деп су астында айрылып түзелген шөп және ағаш қалдықтарын айтады.Кептірілмеген жаңа шымтезектің ылғалдылығы 90٪дейін жетеді.Сол себепті,олардың жану жылулығы 8.4-10.5 МДж/кг құрайды.
Көмірлердің құрамында ылғал аз болу себепті, олардың жану жылулығы 21-25 МДж/кг жетеді.
Қарамайда ылғал өте аз болғандықтан, олардың жану жылулығы 40 МДж/кг.
Газтәрізді отындарда ылғалдың болмауынан, олардың жану жылулығы 33 МДж/кг жетеді.
Шартты отын
Отынның жану жылулығы үлкен дипазонда өзгереді. Ағаш және шымтезек үшін Q =10 мДж/кг, ал қара май үшін – 40 кДж/ кг. Отынның күлділігі мен ылғалдылығына байланысты олардың жану жылулығы да әртүрлі болады. Отындардың әртүрлі шығындарын өзара салыстыру үшін, «шартты отын» ұғымы енгізілген. Бұл шартты отынның жылулық мөлшері 29,3 мДж/кг тең.
1кг нақты отынды «шартты отынға» ауыстыру үшін, мынадай коэффициент К қолданылады: К= /29,3;
Мұндағы, - отынның төменгі жану жылулығы, мДж/кг;
Нақты отын - қарамайды шартты отынға ауыстыру коэффициенті К = 1,43; шымтезектікі К=0.25÷0.5; донецк көмірінікі К = 0,93; ағаштыкі К = 0,3; подмосковье көмірінікі К = 0,330.43; ал костраныкі К = 0,40,5 тең.
Өздік бақылау сұрақтары
-
Отынның түрлері қандай болады?
-
Ылғалдың отын құрамына әсері барма?
-
Отынның жану жылулығының әртүрлігі немен түсіндіріледі?
-
Шартты отын анықтамасын айтыңыз.
-
Шартты отынды немен сипаттайды?
Қолданылған оқулықтар
-
Бахмачевский Б.И. и др. Теплотехника. - М.: Металлургиздат., 1969. – б. 250-262.
-
Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 20-33.
-
Ильин Е.И., Прянишников Н.С. «Теплотехническое оборудование заводов» - М.Легкая индустрия., 1967.- б. 72-75.
Достарыңызбен бөлісу: |