Дәріс 9
(1 сағат)
Тақырып. Отынның толық жану есебі
Дәріс сабақтың мазмұны
-
Отынның жануына жұмсалған ауа көлемі.
-
Отынның толық жануына қажетті артық ауа мөлшері.
-
Артық ауа коэффициенті.
-
Түтінді газдың жалпы көлемі.
-
Толық жанатын құрғақ газдың көлемі.
Жану нәтежесінде түзілетін газға және отынның жануына жұмсалған ауа көлемі қалыпты жағдайда (0 градус Цельсия 700 мм сын. бағ.) куб метрдегі көлеммен ( нм3 ) есептеледі. Отынның толық жануы үшін, теориялық шығынға қарағанда біршама артық ауаны қажет етеді. Аталған артық ауа α т коэффициентімен сипатталады және ол отынды жағу тәсілінен, отынның ауамен араласу сапасынан және басқа факторлардан тәуелді. Артық ауа коэффициенті нақты шығындалған ауа көлемінің оның теориялық көлеміне қатынасымен анықталады.
,
|
(1)
|
Отынның толық жануы кезінде α.>1 отынды газдандыру кезінде α<1. (18-5) теңдігі бойынша, ауа шығыны мына өрнекпен анықталады
VВ = α V0 нм3/кг, немесе нм3 /нм3,
|
(2)
|
Артық ауаны есептеу өрнегі:
,
|
(3)
|
Отынның жану есебі 1 кг қатты немесе сұйық отынға және 1 нм3 газтәрізді отынға байланысты есептеледі. Осы әріптік белгілеу V жанған отынға, түтінді газға немесе ауа көлеміне сәйкес келетін индексін білдіреді. Толық жану өнімдері (түтін газдары) құрғақ газдар мен су буының қоспасы түрінде болады.
Түтінді газдың жалпы көлемі Vг құрғақ газ көлемі Vқ.г. мен су буы Vн20 көлемінің қосындысынан тұрады.
Катты және сұйық отында нм3/кг, ал газ тәрізді отында нм3/ нм3 өлшенеді. Құрғақ түтінді газдың көлемі:
,
|
(5)
|
Мұнда құрғақ үш атомды газ көлемі:
,
|
(6)
|
Тең кезінде оттыққа жануға түскен азоттың минималды көлемі нм3/кг. - артық ауа көлемі.
Ылғал өнімінің толық жануынан оның химиялық құрамы мына қатынаспен табылады:
Толық жанатын құрғақ газды мына формуламен анықтайды:
,
|
(8)
|
Материалдық жану балансы арқылы, қатты немесе сұйық отынның жану өнімінің салмағын анықтаймыз:
,
|
(9)
|
мұндағы, 1,3 қалыпты жағдайдағы ауа тығыздығы; кг/нм3 газ тәрізді отынның жану өнімінің салмағы:
кг/нм3,
|
(10)
|
мұндағы, d2- газтәрізді отынның ылғалдылығы, г/нм3;
Wдұт-1 кг отынға қажетті оттыққа үрленетін бу мөлшері;
- құрғақ газтәрізді отынның тығыздығы, г/нм3.
Өздік бақылау сұрақтары
-
Отынның жануына жұмсалған ауа көлемі нені қажет етеді?
-
Отынның толық жануына қажетті артық ауа мөлшерін қалай анықтайды?
-
Артық ауа коэффициентінің формуласын жазыңыз.
-
Түтінді газдың жалпы көлемі неден тұрады?
-
Толық жанатын құрғақ газдың көлемін анықтаңыз.
Қолданылған оқулықтар
-
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340.
-
Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289.
-
Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117.
-
Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107.
Достарыңызбен бөлісу: |