ЖҰмыс бағдарламасы павлодар 2009 Пәннің оқу үрдісінде алатын орны, мақсаты мен міндеті



бет3/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#128349
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7




Пәннің тақырыптық жоспары


Пән бойынша тақырыптың аталуы


Сырттай орта білім беру 2007ж

Дәр

Тәж

СОӨЖ

Сөж

1

Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

1

1

1

2

2

Халықаралық-құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы.

4

3

Қазақстан тарихындағы халықаралық–құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы

1

1

4

4

Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

4

5

Халықаралық құқықтың қағидалары.

1

1

1

4

6

Халықаралық құқықтың субъектілері, мемлекетті тану және мемлекеттің құқық мирасқорлығы.

4

7

Халықаралық шарттар құқығы.

1

4

8

Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.

1

4

9

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебаб халықаралық ұйым ретінде.

3

10

Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

1

1

1

3

11

Халықаралық-құқықтық жауапкершілік.

3

12

Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.

3

13

Халықаралық экономикалық құқық.

1

1

3

14

Дипломатиялық құқық.

3

15

Консулдық құқық.

1

1

1

3

16

Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

3

17

Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.

1

1

3

18

Аумақ және шекара.

1

1

1

3

19

Халықаралық теңіз және өзен құқығы.

3

20

Құрлық ішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі.

1

3

21

Халықаралық әуе құқығы.

1

1

3

22

Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық.

1

3

23

Халықаралық экологиялық құқық.

1

3

24

Халықаралық гуманитарлық құқық.

1

1

1

3

25

25-тақырып. Әлемдік діндер және халықаралық құқық.

1

3

26

Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары.

1

3













3

27

Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары.

1

1

3












28

Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы.

1

4

Барлығы

30

6

18

117

135
Пәннің тақырыптық жоспары СО ПГУ 7.18.2/07
СО ПГУ 7.18.2-07
Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының мазмұны




БӨЖ түрлері

Есеп беру нысаны

Бақылау түрлері

Сағат санының көлемі

1

Дәріс сабағына дайындалу




Сабаққа қатысу

6







2

Тәжірибелік сабақтарға қатысу және дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

1.8







3

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі

Дәріс жазу немесе мәнжазба жазу

Коллоквиум және т.б.

101.2







4

Бақылау шараларын өткізу




1 Межелік бақылауға дайындалу

2 Межелік бақылауға дайындалу (тест тапсырмаларын орындау)



4







Барлығы

117








Ескерту: Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарда көрсетілген, бірақ сабақтарда талданып үлгермеген сұрақтарды студент өз бетімен өзіндік жұмыстарда талдау жасайды.
Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі

1-тақырып. Мемлекеттердің егемендігінің теңдік қағидасы, оның мазмұны.

2-тақырып. Күш қолданбау және қорқытпау қағидасы, осы қағиданың қалыптасуы.

3-тақырып. 1928 жылғы Париж пактісі. Күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының мазмұны.

4-тақырып. Баса-көктеутің (агрессия) ұғымын анықтау.

5-тақырып. Соғысты насихаттауға тиым салу. Күш қолданбау қағидасы және мемлекеттердің өзін-өзі қорғау құқығы.


Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны
Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

Халықаралық қатынас және халықаралық құқық. Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс және бір-бірімен қарым-қатынасы. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жиынтығы ретінде.



2-тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы.

Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері. Регионализм. Ежелгі дүниедегі халықаралық құқықтың негізгі институттары. Ежелгі ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан ой- пікірлері.



3-тақырып. Қазақстан тарихындағы халықаралық–құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы

Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысанының пайда болуы. Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы көрінісі. Әдет-ғұрып, құран, шарттар Қазақстан тарихында халықаралық құқықтың қайнар көздері ретінде.



4-тақырып. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. Халықаралық әдет-ғұрып. Халықаралық шартттар және халықаралық әдет-ғұрыптың өзара әрекеттесуі. Құқықтың жалпы қағидалары туралы мәселелер. Халықаралық ұйымдардың ұсыным-резолюциясының маңызы. Халықаралық конференциялардың актілері. БҰҰ-ның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі. Халықаралық құқық доктриналарының маңызы.



5-тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесі. БҰҰ-ы Жарғысының алатын орны. 1970 жылғы БҰҰ-ның халықаралық құқық қағидалар туралы декларациясы. 1975 жылғы Хельсинкидегі Кеңестің қорытынды актісінің маңызы. Қазақстанның осы актілерге қосылуы. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндеттері.



6-тақырып. Халықаралық құқықтың субъектілері, мемлекетті тану және мемлекеттің құқық мирасқорлығы.

Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы анықтамасы. Халықаралық құқық субъектіліктің мазмұны. Халықаралық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің ерекшеліктері.

Халықаралық құқық субъектілерінің түрлері.

7-тақырып. Халықаралық шарттар құқығы.

Халықаралық құқықтағы шарттар құқығының анықтамасы. Шарттар құқығын жүйелеу. Халықаралық шарттар құқығы туралы 1969жылғы Вена конвенциясы. Қазақстан тарихындағы шарттар құқығы. 2005жылы 30 мамырдағы «Халықаралық шарттар» туралы ҚР заңы. Шарттарды жасасудың құқық қабілеттілігі. Шарттарғы тараптар.



8-тақырып. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.

Үкіметаралық және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар түсінігі. Халықаралық ұйымдар ролінің артуы және санының көбейе түсуі.

Халықаралық ұйымдардың жіктелуі (классификация).

Халықаралық ұйымдардың тарихы. Халықаралық әкімшілік одақтар. Ұлттар лигасы. Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері, халықаралық ұйымдар.



9-тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебаб халықаралық ұйым ретінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Оның құрылу тарихы. Қазіргі әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын маңызы. БҰҰ-ның Жарғысы. Мақсаты мен қағидалары. Мүшелік. Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар жүйесі. Қауіпсіздік Кеңесінің Бас Ассамблеясы. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес.



10-тақырып. Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттесуі және өзара байланысы – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзара тереңдеуінің нәтижесі ретінде, сонымен қатар интернационализация және интеграция процесінің дамығандығының айғағы. Нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесіндегі екі құқық жүйесінің қатынасы. Халықаралық құқықтың тарихи дамуы барысына мемлекетішілік құқықтың тигізетін ықпалы. Қазіргі жағдайдағы мемлекетішілік құқыққа халықаралық құқықтың тигізетін әсері.



11-тақырып. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік.

Халықаралық құқықтық жауапкершілік. Оның әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да түрлерінен айырмашылығы. Халықаралық жауапкершілік қазметін жүзеге асыруда жауапкершілік институттарының атқаратын ролі. Мемлекетттің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі Халықаралық-құқықтық міндеттемелердің сақталмауы жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. Халықаралық құқық бұзбаушылық ұғымы. Халықаралық құқық бұзушылықтың жіктелуі:халықаралық деликтілер және халықаралық қылмыстар. Халықаралық қылмыстардың түрлері. Халықаралық құқық бұзушылықтың түрлі категорияларына қатысты туындайтын халықаралық-құқықтық қатынастар. Мемлекет – халықаралық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде. Мемлекеттің құқыққа қарсы қылықтары (органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі), келтірген зиянды зардаптары және халықаралық құқық бұзушылықтың құрамды элементі ретіндегі себепті байланыс. Мемлекетті жауапкершілікке тарататын кінәнің маңызы.



12-тақырып. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.

Мемлекетттің тұрғындары және оның құрамы. Түпкілікті, яғни жергілікті халықтың құқығы. Азаматтық институты және оның қазіргі халықаралық қатынастардағы маңызы. Халықаралық құқықтың азаматтық мәселелері бойынша негізгі ережелері. Шетелде жүрген азаматтарды дипломатиялық қорғау.



13-тақырып. Халықаралық экономикалық құқық.

Халықаралық экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу. Халықаралық экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың атқаратын ролі. Халықаралық экономикалық құқық қазіргі экономикалық құқықтың саласы ретінде.

Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың институциональдық нысанының жүйесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Органдары (Бас Ассамблея, ЭКОСОС, ЮНКТАД, ЮНИДО, ЮНИДРУА, аумақтық комиссия) мемлекеттің қызметі және халықаралық ұйымдардың әлемдік экономикалық мәселелерін шешуде үйлестіруші орталық ретінде. Халықаралық сауда құқығы бойынша Біріккен Ұлтттар Ұйымының Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ).

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық мекемелер жүйесінің және органдарының, қауымдасдықтармен (ЕЭС, ЕОУС, ЕА, АСЕН) және басқа да аумақтық және арнайы сипаттағы халықаралық экономикалық ұғымдармен байланысы.



14-тақырып. Дипломатиялық құқық.

Дипломатия ұғымы, қазіргі кезеңдегі оның қолданылу аясының кеңеюі. Екі жақты және көп жақты дипломатия. Қазақстан және 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Ковенциясы.

Дипломатиялық құқықтың түсінігі. Дипломатиялық құқық туралы халықаралық конвенциялар.

15-тақырып. Консулдық құқық.

Консулдық өкілдіктер. Консулдық өкілдіктердің атқаратын қызметтері (функциялары). Консулдардың дәрежелері (классы): Бас консул, консул, вице-консул, консулдық агент. Консулдарды тағайындау және кері шақырып, алу тәртібі. Дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімдері.



16-тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасын өмірде іске асыру және қарусыздандыру мәселелерін шешу үшін алға қойылған тапсырмалар. Осы мәселеге қатысты Қазақстанның ынталығы.

Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының сақталуын қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық құралдар.

17-тақырып. Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.

Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі. Халықаралық-қоғамдық қауіпті туғызатын қылмыстардың таралуы. Қылмыс жасаушы тұлғалар мен объектілердің бір елден басқа бір елге орын ауыстыру. Қылмыстармен нәтижелі күрес жүргізу үшін мемлекеттер ынтымақтастығының қажеттілігі. «Халықаралық қылмыстық құқық» туралы мәселелер.



18-тақырып. Аумақ және шекара.

Халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешу. Кеңістіктің құқықтық режимінің негізгі түрлері: мемлекеттік аумақ; халықаралық аумақ; аралас құқықтық режимдегі аумақ.



19-тақырып. Халықаралық теңіз және өзен құқығы.

Халықаралық теңіз құқығының түсінігі. Халықаралық теңіз құқығын кодификациялау. 1958-жылғы теңіз құқығы туралы Женева конвенциясы. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы.

Ішкі теңіз сулары. Ішкі теңіз суларының құқықтық режимі. Шет мемлекет кемелерінің теңіз порттарына кіруі. Ішкі теңіз сулары мен порттардағы шетел кемелері мен оның экипаждарының жағдайы.

20-тақырып. Құрлықішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі.

Құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығы.

Құрлықішілік мемлекеттердің теңіз туына құқығы. Құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын реттейтін әдет-ғұрыптық және шарттық нормалардың пайда болуы. Құрлықішілік мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның жағадағы мемлекеттермен теңізге еркін шығуы құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты екі жақты шарттары.

21-тақырып. Халықаралық әуе құқығы.

Халықаралық әуе құқығының түсінігі. Мемлекеттердің өздерінің әуе кеңістігіндегі айрықша және толық егеменділігі. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі режимі. Қазақстан республикасының Әуе Кодексін дайындау.



22-тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық.

Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі. БҰҰ-ның халықаралық ғарыш құқығының нормаларын қалыптастырудағы ролі. Ғарыш құқығы мәселелеріне қатысты негізгі шарттар: Мемлекетердің ғарыш кеңістігін, соның ішінде Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға қатысты қызметтерінің қағидалары туралы 1967-жылғы Шарт. 1975-жылғы ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлердің оралуы және аспан кеңістігіне жіберілген объектілердің оралуы туралы Келісім. 1979-жылғы мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызметі туралы Келісімдер.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға қатысты қызметті халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асыру.

23-тақырып. Халықаралық экологиялық құқық.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметі. БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері (ИМКО, ФАО, ЮНЕСКО және т.б). БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламасы (ЮНЕП).

Әлемдік мұхитты қорғау. 1954-жылғы теңізді мұнаймен ластауды болдырмау туралы Лондон Конвенциясы. 1973-жылғы теңізді кемелердің ластауын болдырмау туралы Конвенция. 1972-жылғы қалдықтар мен басқа да материалдарды лақтыру арқылы теңізді ластауды болдырмау туралы Конвенция.

24-тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық.

Әсери қақтығыстар кезіндегі халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу міндеттері. Мемлекеттердің агрессияға қарсы қажетті қорғанысты жүзеге асыруының дұрыстығы. Агрессияның қылмыстылығы. Соғыс жағдайы және оның құқықтық салдары. Халықаралық және халықаралық сипаттағы емес әскери қақтығыстар.

Әсери әрекеттердің кеңістіктегі шегі (соғыс театры). Соғыс кезіндегі бейтараптық. Бейтараптықтың түрлері. Халықаралық сипаттағы құқықтар мен міндеттер.

25-тақырып. Әлемдік діндер және халықаралық құқық.

Әлемдік діндер және олардың халықаралық қатынастардағы ролі. Діни ұйымдар қызметін халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері.



26-тақырып. Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары.

Мемлекеттердің мәселелерді тек қана бейбіт құралдармен шешуі. Саяси және заңдық даулар туралы мәселелер. БҰҰ Жарғысы. 1970-жылғы халықаралық құқық қағидалары туралы Декларация.

Тікелей келіссөздер және консультациялар (кеңес беру) халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі құралдары ретінде. Жоғарғы дәрежедегі және халықаралық конвенциялардағы келіссөздердің мәні. Халықаралық ұйымдар аясындағы келіссөздер.

27-тақырып. Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары.

Мұнай саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Жер қойнауын зерттеу, мұнай өндіру, мұнайды өңдеу және тасымалдау, экологиялық проблемаларды шешу мәселелері бойынша көп жақты және аумақтық шарттар.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және мұнай операцияларына қатысты нормативтік-құқықтық актілер. Мұнай саласында қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларының құқықтық жағдайы.

28-тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы.

Егемендік туралы Қазақстан Республикасының Декларациясы және тәуелсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде кіруі. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның мүшесі ретінде.

Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бағыты.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде. Халықаралық – құқықтық қатынастарды реттейтін пән. Субъектілердің ерекшеліктері, нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процессі, сонымен қатар оны қамтамасыз ету тәсілдері. Халықаралық құқықтың мәжбүрлеу шаралары.



2-тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы.

Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Халықаралық құқықтың негізгі институттары. Осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары.

1648 жылғы Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың дамуындағы ролі. Гуго Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар.

Халықаралық құқыққа француз революциясының тигізген ықпалы. 1815 жылғы Вена конгресі, 1856 жылғы Париж конгресі, 18884-1885 жылдардағы Берлин конференциясы. 1899 және 1907 жылдардағы Гаага әлем Конференциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет