ЖҰмыс бағдарламасы павлодар 2009 Пәннің оқу үрдісінде алатын орны, мақсаты мен міндеті


-тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебап халықаралық ұйым ретінде



бет6/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#128349
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

9-тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебап халықаралық ұйым ретінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Оның құрылу тарихы. Қазіргі әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын маңызы. БҰҰ-ның Жарғысы. Мақсаты мен қағидалары. Мүшелік. Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар жүйесі. Қауіпсіздік Кеңесінің Бас Ассамблеясы. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес. Халықаралық сот. Секретариат. Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалық бөлімі. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы мемлекеттің тұрақты үкіметі. Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық негіздері және жалпы сипаттамасы.

БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері. Жарғысы, құрылу тәртібі, БҰҰ-мен қарым – қатынас, қызметінің бағыты және сипаты.

Бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері туралы діни ұйымдар.

Біріккен ұлттар Ұйымының үкіметтік емес ұйымдары жөніндегі Комитеттері.
10 –тақырып. Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттесуі және өзара байланысы – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзара тереңдеуінің нәтижесі ретінде, сонымен қатар интернационализация және интеграция процесінің дамығандығының айғағы. Нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесіндегі екі құқық жүйесінің қатынасы. Халықаралық құқықтың тарихи даму барысына мемлекетішілік құқықтың тигізетін ықпалы. Қазіргі жағдайдағы мемлекетішілік құқыққа халықаралық құқықтың тигізетін әсері.

Мемлекетішілік және халықаралық құқықтардың қатынасы туралы теориялар: дуалистік және монистік теориялар.

Мемлекетішілік құқық, оның нормаларының халықаралық құқық нормаларымен қатынасы туралы. Мемлекеттердің халықаралық құқық нормаларының сақталмауын ақтау мақсатында, өзінің мемлекетішілік құқығына сілтеме жасауына жол бермеу.

Халықаралық құқық, оның нормалары мен мемлекетішілік құқық нормаларының арақатынасы туралы. Осы мәселелерді әртүрлі мемлекеттің заңдылықтары бойынша шешудің түрлері. Қазақстандағы тәжірибедегі және заңдылық бойынша халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы мәселелерін шешу.

Мемлекетішілік құқықтың ролі және халықаралық құқықтың функциясы. Халықаралық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз етумен қатысты мемлекеттің міндеттері. Мемлекетішілік құқық арқылы халықаралық құқықты жүзеге асыру әдістері.

Трансформация, инкорпорация, сілтеме.

Халықаралық ұйымдар шешімдерінің мемлекетішілік құқыққа тигізетін әсері. Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің актілері. Туысқан мемлекеттер достастығы (ТМД) актілері және мемлекетішілік құқық, қатысушы елдер. Туысқан мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері ынтымақтастығының құқықтық негіздерін жетілдіру.


11-тақырып. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік.

Халықаралық құқықтық жауапкершілік. Оның әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да түрлерінен айырмашылығы. Халықаралық жауапкершілік қызметін жүзеге асыруда жауапкершілік институтының атқаратын ролі. Мемлекеттің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі. Халықаралық-құқықтық міндеттемелердің сақталмауы жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. Халықаралық құқықбұзушылық ұғымы. Халықаралық құқық бұзушылықтың жіктелуі: халықаралық деликтілер және халықаралық қылмыстар. Халықаралық қылмыстардың түрлері. Халықаралық құқықбұзушылықтың түрлі категорияларына қатысты туындайтын халықаралық-құқықтық қатынастар. Мемлекет – халықаралық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде. Мемлекеттің құқыққа қарсы қылықтары (органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі), келтірген зиянды зардаптары және халықаралық құқық бұзушылықтың құрамды элементі ретіндегі себепті байланыс. Мемлекетті жауапкершілікке тартатын кіәннің маңызы.

Мемлекеттің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің түрлері: саяси және материалдық жауапкершілік. Олардың нысандары. Баса-көктеп кіргені үшін (агрессия) мемлекеттің тартылатын жауапкершілігінің ерекшелігі. Қазақстан заңдары бойынша халықаралық-құқықтық жауапкершілік мәселелері.

Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі. Халықаралық ұйымдар халықаралық жауапкершіліктің субъектісі және халықаралық шағымдардың (претензий) субъектісі ретінде.

Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі. Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін реттейтін, негізгі халықаралық-құқықтық актілер: жарғылар және Нюрнберг және Токио әскери трибуналдарының үкімі. 1946 жылғы 11 желтоқсандағы Нюрнберг трибуналының статусымен танылған, халықаралық құықтың қағидаларын бекіту туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Резолюциясы: Әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарға ескіру мерзімін қолданбау туралы 1968 жылғы Конвенция. Геноцид және апартейд және басқа да халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік. Халықаралық сипаттағы қылмыстар үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі, жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртібі. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі.

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
12-тақырып. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.

Мемлекеттің тұрғындары және оның құрамы. Түпкілікті, яғни жергілікті халықтың құқығы. Азаматтық институты және оның қазіргі халықаралық қатынастардағы маңызы. Халықаралық құқықтың азаматтық мәселелері бойынша негізгі ережелері. Шетелде жүрген азаматтарды дипломатиялық қорғау.

Азаматтықты алу және одан айрылу тәсілдері. Тууы бойынша азаматтықты алу. Натурализация. Оптация. Трансферт. Ата-аналарының азаматтықты өзгертуіне байланысты балаларының азаматтығы мәселелері. Азаматтықтан айрылу. Азаматтықты қайта қалпына келтіру.

Қос азаматтық. Қос азаматтықты жою туралы Қазақстанның жасасқан шарттары. Азаматтық туралы Қазақстан-Ресей арасындағы шарттардың ерекшеліктері.

Азаматтығы жоқ тұлғалар. Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайлары.

Азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар.

Қазақстан заңдарындағы азаматтық мәселелері.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жыл 20 желтоқсандағы, 1995 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңы.

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы. Шетелдіктердің құқықтық режимінің ерекше түрлері: ұлттық режим.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы.

Адам құқықтары мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық құқықтағы адам құқықтары мәселелрі бойынша негізгі өзгертулер. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы. 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы. 1966 жылғы адам құқықтары туралы пактілер және адам құқықтары жөніндегі басқа да халықаралық шарттар. Геноцид, апартейд және нәсілдік кемсітушілікпен халықаралық күрес. Геноцид, апартейд және нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу, тоқтату және қысқарту туралы 1973 жылғы конвенциялар.

Әйелдер мен балалар құқықтарын ерекше қорғау. Әйелдердің саяси құқықтары жөніндегі 1953 жылғы Конвенция, тұрмысқа шыққан әйелдердің азаматтығы туралы 1957 жылғы Конвенция, некелік жас, некенің тіркелуі және некеге тұруға келісім жөніндегі 1962 жылғы Конвенция, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысанын жою туралы 1979 жылғы Конвенция, бала құқықтары туралы 1989 жылғы Конвенция.

Халықаралық ұйымдар Конвенциясы. Зиян келтіретін жағдайда жұмыс істеу мәселелері. Әскери қақтығыстар кезінде адам құқықтарын қорғау.

Паналау құқығы. Паналау құқығы туралы 1967 жылғы Декларация. 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенция. Қазақстанның көші-қон саясаты.

Адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық актілерге Қазақстанның қосылу қажеттілігі.
13-тақырып. Халықаралық экономикалық құқық.

Халықаралық экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу. Халықаралық экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың атқаратын ролі. Халықаралық экономикалық құқық қазіргі экономикалық құқықтың саласы ретінде.

Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың институционалдық нысанының жүйесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Органдары (Бас Ассамблея, ЭКОСОС, ЮНКТАД, ЮНИДО, ЮНИДРУА, аумақтық комиссия) мемлекеттің қызметі және халықаралық ұйымдардың әлемдік экономикалық мәселелерін шешуде үйлестіруші орталық ретінде. Халықаралық сауда құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ).

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық мекемелер жүйесінің және органдарының, қауымдастықтармен (ЕЭС, ЕОУС, ЕА, АСЕАН) және басқа да аумақтық және арнайы сипаттағы халықаралық экономикалық ұйымдармен байланысы.

Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері. Халықаралық шарт және әдет-ғұрып. Халықаралық экономикалық құқық нормаларын қалыптастыруда халықаралық конференциялар және халықаралық ұйымдар резолюциясының атқаратын ролі. 1974 жылғы жаңа экономикалық тәртіпті бекіту туралы декларация. 1975 жылғы ЮНИДО конференциясында қабылданған өнеркәсіптік дамыту және ынтымақтастық туралы Рим декларациясы. 1974 жылғы мемлекеттердің міндеттілігі және экономикалық құқық хартиясы. Қазақстанның сыртқы экономикалық заңдарының халықаралық конвенциялармен қатынасы.

Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық мақсаттарының өмірде іске асырылуы. Мемлекеттің егемендігін сыйлаудан бастау ала отырып, тең құқылық және өзара алмасулар, экономикалық дамуының деңгейі мен көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жүйесіне еш қатыссыз және мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастыққа қолайлы жағдай жасасуға халықаралық-құқықтық құралдардың көмегімен халықаралық экономикалық қатынастарды қайта құруға, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі шаруашылық мәселелерін - энергетикалық, азық-түліктік, транспорттық, шикізаттық, табиғатты қорғау және басқа да мәселелерді бірігіп шешуді күшейтуге атсалысу.

Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары. Халықаралық экономикалық қатынастардың әр салаға таралуының және осы салаларда қазіргі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының белгілі бір тәртіппен сақталуының маңызы.

Халықаралық экономикалық құқықтың негізін құрайтын жалпы танымал арнайы қағидалары: мемлекеттің егемендігінің оның табиғи ресурстарынан бөлінбейтіндігі қағидасы; елдермен сыртқы экономикалық байланыс жасайтын ұйымдардың нысандарын таңдау еркіндігі қағидасы; әділ эконоимкалық ынтымақтастық қағидасы; халықаралық экономикалық ынтымақтастық қағидасы; неғұрлым қолайлы жағдай жасау қағидасы; ұлттық режим қағидасы; өзара алмасулар қағидасы; шектеулер қоймау қағидасы мен ең қолайлылық қағидасының арақатынасы.

Халықаралық экономикалық шарттардың түрлері, түсінігі. Сауда шарттары (сауда және теңізде жүзу туралы және т.б.): тауар айналымы туралы келісім; мемлекетаралық тауар келісімі; несиелік келісімдер; ғылыми-техникалық ынтымақтастық және техниклық көмек көрсету туралы келісім; халықаралық есептесулер туралы келісім. Сыртқы экономикалық қатынастардағы мемлекеттік органдар. Сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар. Халықаралық экономикалық қатынастарға Қазақстанның қатысуының құқықтық мәселелері.
14-тақырып. Дипломатиялық құқық.

Дипломатия ұғымы, қазіргі кезеңдегі оның қолданылу аясының кеңеюі. Екі жақты және көп жақты дипломатия. Қазақстан және 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы.

Дипломатиялық құқықтың түсінігі. Дипломатиялық құқық туралы халықаралық конвенциялар.

Мемлекеттің сыртқы қатынастар органдары. Сыртқы қатынастардың мемлекетішілік органдары: парламент, мемлекет басшысы, үкімет, сыртқы істер ведомствосы – сыртқы қатынастарының жалпы құзыреттерінің органы ретінде. Басқа министрліктер және ведомстволардың ролі. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы бойынша сыртқы қатынастар органдары. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының Парламенті. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі. Сауда және өнеркәсіп министрлігі және оның сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудағы ролі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 «Қазақстан Республикасының өкілеттілгі мен оған теңестірілген дипломатиялық ережелерін бекіту туралы» Жарлығы.

Сыртқы қатынастардағы шетел органдары. Дипломатиялық өкілдіктер. Сауда өкілдігі. Консулдық. Халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің өкілдіктері. Сыртқы қатынастардағы уақытша шетел органдары.

Дипломатиялық өкілдіктер. Олардың құрамы, құрылымы және қызметтері (функциялары). Дипломатиялық өкілдік (классы) дәрежелері және дипломатиялық рангілер. Дипломатиялық корпус. Дипломатиялық өкілдікті тағайындау тәртібі және кері шақырып алу.

Агреман. Сенім және кері шақырып алу грамоталары.

Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері мәселелері жөніндегі негізгі келісімдер. Халықаралық ұйымдардың барушы елмен келісімі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері. Олардың қызметтері. Ұйымдардың келген мемлекетіндегі өкілдіктердің артықшылықтары мен иммунитеттері. Дипломатиялық өкілдік басшысының жеке артықшылықтары мен иммунитеттері. Өкілдіктің басқа да қызметкерлерінің, сонымен қатар өкілдік жанұя мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты бақылаушылардың және олардың қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері.
15-тақырып. Консулдық құқық.

Консулдық өкілдіктер. Консулдық өкілдіктердің атқаратын қызметтері (функциялары). Консулдардың дәрежелері (классы): Бас консул, консул, вице-консул, консулдық агент. Консулдарды тағайындау және кері шақырып алу тәртібі. Консулдық патент, экзекватура. Консулдық округ. Консулдық корпус. Дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімдері.

Қазақстанның шетелдермен жасасқан консулдық конвенциялары. Консулдық мәселелері бойынша Қазақстан заңдары. 1963 жылғы консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы.

Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерден айырмашылығы.

Қазақстандағы консулдық қызметтің қағидалары, мақсаттары. Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Консулдық Басқармасы. Консулдық өкілдіктің қызметі және оның ашылуы. Қазақстандағы Консулдық мекеменің қызметтері (функциялары).

Шарттық емес консул институты.

1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына Қазақстанның қосылуы. 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы (Устав).
16-тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасын өмірде іске асыру және қарусыздандыру мәселелерін шешу үшін алға қойылған тапсырмалар. Осы мәселеге қатысты Қазақстанның ынталылығ.

Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының сақталуын қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық құралдар.

Ұжымдық қауіпсіздік. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік жйесі. Аймақ негізіндегі ұжымдық қауіпсіздік. Аумақтық келісімдер және ұйымдар. Олардың қызметтерінің құқықтық жағдайлары. 1975 жылғы Европа ынтымақтастығы және қауіпсіздік жөніндегі қорытынды акт. Азия және басқа да континенттер жөніндегі аумақтық қауіпсіздік мәселелері. Азиядағы сенім шараларын бекіту мәселелері бойынша Қазақстанның бастамашылығы.

Халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселесінің кілті – қарусыздандыру. Қару-жарақты ішінара қысқарту. Жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың кейбір жекелеген түрлерін жою және оларды өндіруге тыйым салу. Қазіргі кезеңдегі ядролық қару мәселелері. 1972 жылғы бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулардың артық өнімдерін жинауға және өндіруге тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция. Жаппай қырып-жоятын қарудың жаңа түрлеріне мүлдем тыйым салу мәселелері.

Жанталаса қарулануды тежеу жөніндегі шаралар. 1968 жылғы ядролық қаруды таратпау туралы шарт. 1967 жылғы космос туралы шарт (космостық кеңістікті демилитаризациялау мәселелері бойынша).1971 жылғы теңіздер мен мұхиттар түбіне және олардың жер қойнауларына ядролық қаруды және жаппай қырып жою қаруының басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы шарты. Қарусыз зоналар.


17-тақырып. Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.

Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі. Халықаралық-қоғамдық қауіпті туғызатын қылмыстардың таралуы. Қылмыс жасаушы тұлғалар мен объектілердің бір елден басқа бір елге орын ауыстыруы. Қылмыстармен нәтижелі күрес жүргізу үшін мемлекеттер ынтымақтастығынығ қажеттілігі. «Халықаралық қылмыстық құқық» туралы мәселелер.

Ынтымақтастық аясы:

а) құлдықпен күрес, құл сатумен және адамдарды сатудың басқа да нысандары. 1926 және 1956 жылдардағы конвенциялар.

б) психотроптық заттар және есірткі құралдарын заңсыз өндіру және таратумен күрес. Ортақ конвенция;

в) теңіздегі қарақшылықпен күресу;

г) әуе кемелерін заңсыз басып алу және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған басқа да заңсыз әрекеттермен күресу. 1970-жылғы Гаага Конвенциясы. 1971-жылғы Монреаль Конвенциясы. Қазақстанның бірқатар көрші мемлекеттермен жасасқан әуе кемелерін айдап кетуді болдырмау туралы екіжақты шарттары.

д) әр түрлі нысандардағы халықаралық терроризм. 1973-жылғы халықаралық қорғауға ие тұлғаларға, сонымен бірге дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы Конвенция. Жалдамалылық үшін жауапкершілікті халықаралық-құқықтық регламентациялау мәселелері.

Мемлекеттердің қылмыстылықпен күресу туралы халықаралық шарттарына қатысты міндеттемелері:

а) халықаралық шарттарда қарастырылған әрекеттерді олардың қайда және кімге қарсы жасалғанына, қылмыскердің қай мемлекеттің азаматы екендігіне қарамастан қылмыс ретінде тану;

б) қылмыскерлерді іздестіру мен ұстауға көмек көрсету;

в) ұрланған объектілерді іздестіруге және қайтаруға көмек көрсету;

г) қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаларды сотқа тапсыру немесе беру;

д) тергеу өндірісіне көмек көрсету (куәларды сұрау, қылмыс жасалған орынды қарау).

Құқықтық көмек туралы Қазақстан жасасқан екіжақты шарттар. 1978-жылғы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды өзі азаматы болып табылатын мемлекетіне жазасын өтеу үшін беру туралы көпжақты Конвенция.

Қылмыскерлерді ұстап беру. Ұстап беруге жататын қылмыстар. Ұстап берудің немесе ұстап беруден бас тартудың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарындағы қылмыскерлерді ұстап беру мәселелері.

Қылмыстылықпен күрес және халықаралық ұйымдар. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығын үйлестіру – БҰҰ-ның әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешудегі қызметінің бір нысаны. Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушыларға қарауға қатысты халықаралық конвенциялар. Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы (Интерпол): жарғысы және қызметі. Қазақстан қылмыстылықпен күресуге қатысты халықаралық ұйымдардың қатысушысы ретінде.
18-тақырып. Аумақ және шекара

халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешу. Кеңістіктің құқықтық режимінің негізгі түрлері: мемлекеттік аумақ, халықаралық аумақ, аралас құқықтық режимдегі аумақ.

Мемлекеттік аумақ. Түсінігі және құрамдас бөліктері. Жер, су және әуе аумағы мемлекеттің өмір сүруінің қажетті шарты ретінде. Мемлекеттің аумақтық үстемдігі.

Мемлекеттердің аумағын шектеу. Халықтардың өз тағдырларын өздері анықтау құқығы- аумақтық шектеудің құқықтық негізі ретінде. Мемлекеттің аумағын өзгертудің құқықтық негіздері мен тәмілдері.

Мемлекеттік шекаралар. Шекара режимдері туралы шарттар. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны қорғау туралы Заңы. Қазақстанның аумағы мен шекаралары.

Халықаралық өзендердің құқықтық режимі.

Халықаралық құрлық кеңістіктері жалпы пайдалану объектілері ретінде. Ашық теңіз және оның үстіндегі әуе кеңістігі. Ұлттық юрисдикцияға жатпайтын теңіз түбі мен оның қойнауы.

Аралас құқықтық режимдегі кеңістіктер. Құрлықтағы қайраң (континенталды шельф). 200 мильдік экономикалық теңіз зонасы. 1959 жылғы Антарктида туралы шартқа сәйкес Антарктиданың құқықтық мәртебесі.

Антарктиданың құқықтық мәртебесі. Секторлар жүйесі.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелері жалпы пайдалану объектілері ретінде. Ғарыш кеңістігі халықаралық кеңістік ретінде.


19-тақырып. Халықаралық теңіз және өзен құқығы

халықаралық теңіз құқығының түсінігі. Халықаралық теңіз құқығын кодификациялау. 1958 жылғы теңіз құқығы туралы Женева конвенциясы. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы.

Ішкі теңіз сулары. Ішкі теңіз суларының құқықтық режимі. Шет мемлекет кемелерінің теңіз порттарына кіруі. Ішкі теңіз сулары мен порттардағы шетел кемелері мен оның экипаждарының жағдайы.

Аумақ сулары. Жағадағы мемлекеттің аумақ суындағы егеменділігі. Аумақ суының шекарасы. 1958, 1960 жылғы БҰҰ-ның Женева конференциялары мен БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясындағы аумақ суының көлемі туралы мәселелері.

Аумақ суының құқықтық режимі. Сауда кемелерінің бейбіт өту құқығы. Шетел әскери кемелерінің өту мәселелері. Мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитеті. 1958-жылғы аумақ суы мен іргелес зона туралы Конвенция. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы мен жағадағы мемлекеттердің заңнамалары бойынша аумақ суларының режимі.

Іргелес зона: түсінігі мен құқықтық режимі.

Ашық теңіздің құқықтық режимі. Ашық теңіз түсінігі. 1958 жылғы ашық теңіз туралы Конвенция. Ашық теңіз еркіндігі қағидасы. Қазіргі кездегі оның түсінігі, дамуы және мәні. ашық теңіздің жалпыға танымал бостандықтары. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы бойынша ашық теңіз режимі. Кеменің мемлекеттік туының айрықша юрисдикциясына бағынуы қағидасы және бұл қағидадан жалпыға танымал алынып тастаулар. Теңізде жүзудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты келісімдер.

Каспий және Арал теңіздерінің халықаралық-құқықтық режимінің мәселелері.

Қазақстанның теңіз құқығына қатысты халықаралық конвенцияларға қосылуы.

Экономикалық зона. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы бойынша экономикалық зона түсінігі. Экономикалық зона режимі және оның ерекшеліктері.

Құрлықтағы қайраң (континентальдық шельф). 1958-жылғы құрлықтағы қайраң туралы Конвенция. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы бойынша құрлықтағы қайраң режимі және оның шекаралары.

Теңіз түбі мен оның қойнауын зерттеу мен пайдаланудың халықаралық-құқықтық мәселелері. 1971-жылғы мұхиттар мен теңіздердің түбі мен қойнауына ядролық және басқа да жаппай қырып-жою қаруларының түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы Шарт.

1982 жылғы теңіз құқығы туралы халықаралық Конвенцияның жалпы сипаттамасы.

Теңіздерді қорғаудың халықаралық-құқықтық мәселелері.

Халықаралық каналдардың, яғни Суэц, Панама және Киль каналдарының құқықтық режимдері.

Халықаралық өзендердің суларын пайдалануға қатысты ережелер (Хельсинки, 1966ж.). трансшекаралық сулар мен халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалануға қатысты Конвенция (Хельсинки, 1992ж.).


20-тақырып. Құрлықішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі

құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығы. Құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын реттейтін әдет-ғұрыптық және шарттықнормалардың пайда болуы. Құрлықішілік мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның жағадағы мемлекеттермен теңізге еркін шығуы құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты екіжақты шарттары.

БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты конференцияларында құрлықішілік мемлекеттердің теңізге шығуы мәселелерін қарастыру.

Құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын кодификациялау.

Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігі түсінігі. Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігін құрлықішілік мемлекеттердің пайдалануы. Құрлықішілік мемлекеттердің теңіздегі транзит еркіндігінің ерекшеліктері.

Құрлықішілік мемлекеттердің жағадағы көрші мемлекеттердің аумағы арқылы транзитін құқықтық регламентациялау. Көлік құралдарының транзиті. Құрлықішілік мемлекеттердің тарнзиті кезінде жағадағы мемлекеттердің құқығы. Кедендік баждар мен алымдар. Құрлықішілік мемлекеттердің еркін зоналары. Қазақстанға көрші жағадағы мемлекеттердің құрлықішілік мемлекеттерге теңіз жағалауларына дейін транзит ұсыну тәжірибесі. Құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік саудасы туралы 1965 жылғы Конвенция. Қазақстанның Конвенция нормаларын жетілдіруге және оларды жүзеге асыруға қатысуы.


21-тақырып. Халықаралық әуе құқығы.

Халықаралық әуе құқығының түсінігі. Мемлекеттердің өздерінің әке кеңістігіндегі айрықша және толық егеменділігі. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі режимі. Қазақстан Республикасының Әуе Кодексін дайындау.

Халықаралық әуе құқығы мәселелері бойынша негізгі халықаралық конвенциялар. 1944 жылғы халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конфенциясы. Қазақстан Республикасының авиацияға қатысты екіжақты шарттары.

Әуе кеңістігінің халықаралық режимі. Мемлекеттердің әуе кеңістігінен ұшу ережелері, шетелдік әуе кемелеріне ұшу құқығын беру тәртібі мен шарттары, шетелдік әуе кемелері мен оның экипаждарына қойылатын талаптар, аэропорттарды пайдалану тәртіптері мен шарттары. Қазақстан Республикасының халықаралық әуе кеңістігінде ұшу ережелері.

Шетелдік авиакәсіпорындардың коммерциялық қызметін реттеу; халықаралық әуе жолдарын пайдалануға рұқсат беру тәртіптері мен шарттары, қону пунктеріндегі коммерциялық құқықтардың түрлері, белгілі бір мемлекеттің аумағынан өтетін жолдарды пайдалану шарттары. Қазақстандағы коммерциялық құқықтарды реттеу тәжірибесі. Азаматтық авиацияның халықаралық (ИКАО) шығаратын актілері. Азаматтық авиацияның халықаралық (ИКАО). 1929 жылғы халықаралық жүк тасымалына қатысты кейбір ережелерді унификациялау үшін Варшава Конвенциясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет