Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет92/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137
geront sd kz

6) Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспаы бойынша 6 сабақтан кешікпеу керек.


7) Әдебиеттер


8)Бақылау (сұрақтар,тесттер, есептер):



  1. Геродиететикаға анықтама беріңіз.

  2. Қарт адамдардың тамақтану режимінің ерекшелігін атап беріңіз.

  3. Созылмалы гастрит, ойық жара ауруларында қандай емдәм ұсынасыз.

1. Қарт адамдар диетасының негізін ... құрайды.


а) Д витамині
б) жемістер
в) сүт өнімдері
г) минералдар
д) ақуыз
2. Жіті гастрит кезіндегі негізгі шағымдарды атаңыз
А. бас ауруы, жүрек айну, бас айналу
Б. әлсіздік, тез шаршау, ауыздағы күйік дәмі
В. Жүрек айну, құсу, эпигастриалды аймақтағы ауырсыну
Г. эпигастриалды аймақтағы ауырсыну, дене қызуының көтерілуі
3. Гастритті емдеуге арналған препараттарды атаңыз:
А. анальгин
Б. но-шпа
В. папаверин гидрохлориді
Г. ферменттік препараттар
4.Созылмалы гастрит диагностикасының негізі:
А. Клинических мәліметтер кешені
Б. Рентгенологиялық зерттеу
В. Шырышты қабық биоптатын гистологиялық зерттеу
Г. Асқазанның секреторлық қызметін зерттеу
Д. ЭФГДС
5.Созылмалы А гастритке ... тән емес.
А. Аутоиммунды гастрит
Б. Дене мен асқазан түбін зақымдайды
В. Витамин В12 тапшылық анемиясы
Г. Гипоацидті жағдай
Д . Helicobacter pylori тудырады
6. ... препараты Helicobacter pylori – ге ықпал етеді.
А. Висмут трикалий дицитраты
Б. Но-шпа
В. Сукральфат
Г. Алгедрат + магний гидроксиді
Д. Даларгин
7.Созылмалы колит диагностикасында ... зерттеудің маңызы зор.
А) Физикалды
Б) Асқазан сөлінің анализі
В) бауырдың жасырын жабындысын анықтау үшін нәжіс анализі
Г) Ректороманоскопия
Д) Копрологиялық зерттеулер
8.Созылмалы колитке ... симптом тән емес.
А) іштің доғал ауырсынуы
Б) іш өту
В) жүдеу (тіпті кахексияға дейін)
Г) Метеоризм
Д) Диспепсиялық құбылыстар
9.Алиментарлы геропротекторлармен байытылған:
а) сүт өнімдері
б) аскорбин қышқылы
в) антиоксидант, А, Е витаминдері
г) К витамині
д) минералдар
10.Жеңіл сіңірілетін тағам:
а) ет
б) қуырылған балық
в) сорпа
г) тәтті нан
д) макарондар
11.Қарт адамдар күніне ... рет тамақтанады:
а) 6
б) 4
в) 3
г) 8
д) 5
12. ... витаминдер аэробті микрофлораны синтездейді:
а) К1, В2, Р6, В1 2
б) Д, А, Е
в) Е, А, К, Д
г) А, Е, К
д) Д
13. Гастриттің себептерін атаңыз:
А. организмнің суықтауы
Б. тамақтану тәртібінің бұзылуы
В. ревматизм
Г. қажу

14. Реттік тамақтанудың арақатынасы:


а) бірінші таңғы ас 25%, екінші таңғы ас 15%, түскі ас 35%, кешкі ас 25%
б) бірінші таңғы ас 20%, екінші таңғы ас 10%, түскі ас 40%, кешкі ас 30%
в) бірінші таңғы ас 10%, екінші таңғы ас 20%, түскі ас 30%, кешкі ас 25%
г) бірінші таңғы ас 5%, екінші таңғы ас 10%, түскі ас 20%, кешкі ас 30%
15.Қарт адамдардың тағамындағы ақуыз құрамы:
а) 1,0-0,8 г/кг
б) 1,0-0,9 г/кг
в) 2,0-0,1 г/кг
г) 5,0-0,2 г/кг
д) 6,1-0,3г/кг

№ 1 есеп
Науқас С. 63 жаста, тәбеттің нашарлап, сол жақ мықын аймағындағы ауырсынуға, іштің жүрмеуіне шағымданады. Қандай патология туралы болжам жасауға болады? Науқасты бақылау нәтижесінде алынған мәліметтерді атап шығыңыз. Іш қуысы ағзаларын пальпациялағанда қандай өзгерістерді байқауға болады?


№ 2 есеп

60 жастағы науқас әйел тамақ ішкеннен кейін 1-1,5 сағатттан соң эпигастралды аймақта ауру сезімі пайда болатынын айтып стационарға келді. Диспепсиялық шағымдардың ішінен қыжыл, кекіру байқалады.
Анамнезі: ауырсыну сезімі үш жылдан бері мазалайды, әсіресе күзде, әсіресе түнгі уақытта күшейеді. Объективті: науқас бозаң тартқан, ашуланшақ, жылауға бейім. Қарын пальпациясы кезінде пилородуоденалды аймақтағы ауырсыну байқалады. Сіздің бастапқы диагнозыңыз? Диагнозды растау үшін не керек?
№ 3 есеп

Науқас 60 жаста, көп жылдан бері ойық жара колитінен зардам шегім келеді, кенет күтілмеген жерден іші ауырып, іші өтіп, үлкен дәретпен қан, ірің шығады. Тері жамылғылары бозаңданып, дене қызуы 38 градусқа жеткен, күрт әлсіздік байқалады. Сіздің бастапқы диагнозыңыз? Сіздің амалдарыңыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет