Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының


Бөлменің немесе үйдің жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі керек



бет32/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   137
geront sd kz

Бөлменің немесе үйдің жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі керек:

  • терезелерге құлып салып, пәтер немесе бөлме есіктері іштен жабылмайтын болуы керек;

  • науқасқа үйреншікті болып қалған жиһаздардың орнын ауыстырмау;

  • жуынатын бөлмеде немесе дәретханада арнайы тұтқалар орнату;

  • жуынатын бөлме немесе дәретхана құлпы сырттан ашылуы керек;

  • едендер тайғанақ болмай, ондағы кілем-төсеніштер жылжымайтындай болуы керек;

  • жиһаз мықты болуы керек.

4. Тығыз байланыс
Ауру дамыған сайын науқас пен оны күтуші адам арасындағы қарым-қатынас қиындай түседі. Қомқорлықтағы адамға шаршағаныңызды білдірмей, бойыңыздан оны соңына дейін тыңдауға күш табудың маңызы зор. Науқаспен неғұрлым көп қарым қатынас жасалса, сырқат та соғырлым баяу дамиды.

  • әңгімеге тартып немесе бір нәрсе сұрар алдында, науқастың сізді тыңдап жатқанын тексеріңіз. Егер тыңдамаса, оны қызықтыруға тырысыңыз;

  • науқаспен анық, асықпай сөйлесіңіз. Көзіңізді оның көзінің деңгейінде ұстауға тырысыңыз;

  • сүйіспеншілік пен жан жылуын көрсетіңіз. Науқасты қайта-қайта құшақтап, қолын ұстаудан, оған қарап күлімсіреуден қорықпаңыз;

  • науқас жаңылысып жатса да, оның сөзін мұқият тыңдаңыз. Абайлап, сыпайылықпен оны дұрыс бағытқа салыңыз;

  • Оның қандай қимылдарға немесе сөздерге жақсы назар аударатынын анықтап, қарым-қатынас барысында соларды қолдануға тырысыңыз.

5. Сыртқы көрінісі
Альцгеймер науқастарын сыртқы көрінісі бойынша бірден тануға болады. Егер бұған көңіл бөлмесек, науқас дұрыс, үйлесімді киінуден қалады.

  • Бірінен кейін бірі киілетін киімді ретімен орналастырыңыз;

  • Киім таңдаған кезде пішімі күрделі, түймесі мен ұсақ ілгегі көп киімдерден аулақ болыңыз. Резеңке немесе жабысқаққа негізделген киімдер ыңғайлы. Матасына да көңіл аударыңыз, ол денеге жағымды тиетіндей болуы керек;

  • Науқастың үстіндегі дұрыс киілмеген киімді дұрыстап, оның жақсы кигенін, бірақ осылай болса, одан да жақсы болатынын айтыңыз;

  • Аяқ киімі де үлкен немесе тар болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет