10. Егде жастағы адамдардың емінде дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалуын ... зерттейді.
а) геронтофармакология
б) клиникалық фармакология
в) фармакогнозия
г) терапия
д) эндокринология
№1 есеп
Сіз участкелік медбикесіз. Аулалық тексеруде ересек адамдарды есепке алу жүргіліп жатыр. Сіз ортаңғы, кәрі, егде және ұзақ өмір сүрушіледің жас деңгейлерін көрсетіңіз?
№2 есеп
Қарттар интернатының қабылдау бөлімінде аға медбике болып жұмыс істейсіз. Науқастарды №1 болімшесіне жатқызу ортаңғы және кәрі жастағылар, №2 болімшесіне кәрі және ұзақ өмір сүретін науқастарды жатқызуды ұйымдастыру жүргізіледі.
Бір аптада 4 науқас түсті, біреуіне 76 жаста, келесісіне 85 жаста, қалған 69 жаста. Науқастарды қандай бөлімшелерге бөлесіз?
Тақырып № 2
1) Тақырыбы: Қарттық жаста дәм, иіс сезу, түйсіну сезімінің өзгеруі.
2) Мақсаты:
Егде және қарттық шақта дәм, иіс сезу, түйсіну сезімінің өзгеруі, күтімін үйрету.
3) Оқыту мақсаты:
Егде және қарт науқаста дәм, иіс сезу, түйсіну сезімінің жасқа байланысты өзгеруін дамуын терең жүйелі білім алуына ықпал жасау;
Егде және қарт науқастарда дәм, иіс сезу, түйсіну сезімінің бұзылыстарының негізін теориялық және тәжірибелік тұрғыда үйрену,
Қарттарға стационарда және үйде медициналық көмек көрсетудің принциптерін үйрету.
Қарт жаста жасқа байланысты дәм, иіс сезу, түйсіну сезімінің бұзылыстарында реабилитациялық шараларды көрсетуді үйрету.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Егде және қарт науқастарда дәм сезу бұзылысы ауыз және тілдің кілегей қабатының жасқа байланысты өзгеруі;
Жасқа байланысты қарт науқастарда дәм сезу өзгеруінің қауіптілігі;
Егде және қарт науқастарда иіс сезу сезімінің өзгеруіне алып келетіән факторлар;
Қарт жаста түйсіну сезімінің өзгерістерінің себептері;
Геронтологиялық науқастардың түйсіну сезімінің жарақаты кезіндегі профилактикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |