Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет54/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137
geront sd kz

КРЕДИТ: №2


1) Тақырыбы: 8. Остеопороз. Қауіп факторы . Клиникалық әйгіленуі, асқынуы. Алдын - алу шаралары. Тұрмыстық травманы алдын алу.
2) Мақсаты: Егде жаста тірек қимыл аппаратының өзгерістерін студенттерге таныстыру.



    1. Оқыту мақсаты:

  • Қарт адамдардың остеопороз ауруы кезіндегі науқастардың денсаулығын бақылауды қалыптастыру.

  • Қарт адамдардағы остеопороз ауруының теориялық және тәжірибелік білімін қалыптастыру.

  • Қарттарға үйде және стационарда остеопороз ауруы кезіндегі жедел медициналық көмек көрсетуді үйрету.

  • Қозғалыс жүйесінің остеопорозды өзгерісінде реабилитациялық шараларын жүргізуді үйрету;

-Тұрмыстық жарақаттың алдын алудың негізгі принциптерін меңгеру.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    • Клиникалық тәжірибеде қарттардың остеопороз ауруының қандай басты түрлерін анықтайды

    • Қарттардағы остеопороз ауруының клиникалық ағымы қалай өтеді

    • Қарттарда остеопороз ауруы қандай жағдайларда өршіп дамиды

    • Емдеу принциптерінің негіздері және түрлері

    • Қарттарда остеопороз ауруы бар науқастардың алдын алудың негізгі принциптері



5) Білім берудің және оқытудың әдістері: «Интелектуальды футбол» әдісі. Топ екі командаға бөлінеді. Әр командадан қақпашы, қорғаушы, шабуылдаушы таңдалады. Шабуылдаушы – сұрақ қояды, қорғаушылар жауап береді. Қақпашы егерде қорғаушылар жауап бермеген жағдайда сұраққа жауап береді. Оқытушы судья ролін атқарады. Бағалау үшін баллы бар карточкалар қолданылады.
6) Әдебиеттер


7) Бақылау (сұрақтар,тесттер, жағдайлық есеп)



  1. Остеопороз дегеніміз не?

  2. Остеопороздың қауіп факторларын атаңыз;

  3. Остеопороздың алдын алу шаралары;

  4. Қандай тұрмыстық жарақаттың алдын алудың негізгі принциптерін білесіз?

1. Әйел адамы ... жаста остеопорозға ұшырауы мүмкін.
а. 15-20 жас
б. 20-25 жас
в. 25-30 жас
г. 30-40 жас
д. 40-50 жас

2. Остеопорозға аса бейім адамдар:


А. биік, толық
Б. биік, арық
В. орта бойлы, толық
Г. тығыз денелі, орта бойлы
Д. аласа бойлы, тығыз денелі

3.Адам өмірінің екінші жартысында сүйектегі дамитың өзгеріс:


а) сүйектің тығыздалуы
б) сүйектік тінінің сиреуі
в) сүйектік тінінің реструкциясы
г) сүйек тінінің лизисі
д) сүйек тінінің аутолизі
4. Остеопорозда декомпенсацилық омыртқа жетімсіздігі дамиды:
а) жылдам
б) уақытқа байланысыз
в) баяу
г) біртіндеп
д) жіті
5.Сүйек заты жойылуын, сиреуін анықтайды:
а) остеоскопия
б) жүйелі рарефикация
в) жүйелі атафация
г) остеотамия
д) жүйелі остеография
6.Сүйектегі кристализациялық дефект бұзады:
а) сүйек кемігін
б) сүйек бластын
в) сүйек кластын
г) сүйек эластикалығын
д) сүйек қаттылығын

  1. Егер 20-30 жаста сүйектің қыртысты қабатының қалындығы 16,5±2,7мм болса, ол 75-89жаста ... болады:

а) 20,3±1,8мм
б) 19,5±2,4мм
в) 16,5±3,2мм
г) 7,94±0,18мм
д) 5,77±0,12мм

  1. Остеопорозда гормональды емінде қолданылады:

а) дипиридамол
б) кальции оротаты
в) кальцитонин
г) фосфаден
д) атрозамин-био

  1. Антисклеротикалық препарат ретінде қолданылады:

а) индометацин, реопирин
б) пирабутол, пиразалон
в) цинарезин, имсклерон
г) циклофосфан, фосфоприн
д) тинидазол, вентрисол

  1. Кальцитанинді енгізу алдында қанда .... тексеріледі:

а) фосфат
б) кальции
в) кальцитонин
г) калий
д) фосфор

N1 есеп

Сіз оңалту орталығының медбикесісіз. Бөлімшеде 75 жастағы ұзақ уақыт бойы сол жақ жамбас сан сүйегінің мойны сынған бойынша жатыр.

- Жарақаттың бұл түрінде сүйекте қандай процесс жүреді.


- Остеопороздың дамуында алдын ала бейімдеуші факторлар.
- Науқасты күтуді жоспарыңыз.
N2 есеп
Қарттар үйінде жұмыс істейсіз, 80 жастағы науқас соңғы жылдары бүкшигеніне, түнгі уақытта аяқтарының дірілдеуіне, арқасының ауырсынуына шағымданады.

- Сіздің медбикелік диагнозыңыз.


- Тірек қимыл жүйесінде көрсетілген өзгерістердің себебін атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет