Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
Б. есімді науқас әйел. Жасы 85-те. 2009 жылдың маусымында оң жақ сүт безінің қатерлі ісігі анықталған. Халық емшілеріне емделіп көрген, бірақ жағдайы нашарлап кеткен. Дәрігер сәулемен емдеу әдісін тағайындаған. Бірінші сәулелік емді қабылдағаннан кейін тәбеті төмендеген, жүрек айнуы және құсу пайда болған.
Сұрақ:
1. Науқастың бұл жағдайының себебін түсіндіріңіз.
2. Науқастың басымды пробламасын айқындаңыз.
3. Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз.
Есеп №2:
О. есімді ер кісі. Жасы 49-да. 2010 жылдың сәуір айында оң жақ өкпесін алып тастау бойынша операция жасалған. Операция кезінде клиникалық өлім болған, жалпы операция ауыр өткен. Дәрігер сәулемен емдеу әдісін тағайындаған. Бірінші сәулелік емді қабылдағаннан кейін сәулеленген аймақта тері жұқарған, шаштары түскен, пигментация пайда болған, тері асты шел майының атрофиясы байқалады.
Сұрақ:
1. Науқастың бұл жағдайының себебін түсіндіріңіз.
2. Науқастың басымды пробламасын айқындаңыз.
3. Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз.
2 – сабақ
1. Тақырыбы: Өкпесінде қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалтудың және мейірбикелік күтімнің жалпы принциптері.
2. Мақсаты: Студенттерді өкпесінде қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалтумен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
Студент істей білуі керек:
Достарыңызбен бөлісу: |