Жұмыс бағдарламасы пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет107/159
Дата19.12.2022
өлшемі493.05 Kb.
#467525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159
reabl i ses delo kz

Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
О. есімді науқас. Жасы 73-те. 7 ай бұрын өкпесіндегі қатерлі ісіктің салдарынан операция жасалған. Қазіргі уақытта сәулелік терапия қабылдауда. Жөтелмен бірге аз мөлшерде қиындықпен бөлінетін қақырыққа, өкпе тұсындағы ауырсынуға, дем шығару кезінде демікпенің пайда болуына және қызуының көтерілуіне шағымданады. Аускультация жасағанда құрғақ сырылдар естіледі.
Сұрақ:

  1. Науқастың осы жағдайы немен байланысты?

  2. Науқастың басымды пробламасын айқындаңыз.

  3. Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз.

  4. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?



Есеп №2.
Науқас 47 жаста. Пульмонэктомия операциясы жасалған. Науқас операциядан кейін орташа жағдайда үйіне шығарылды. Дәрігер үйіне антибактериальді дәрі – дәрмек қабылдауға берді. Басқа ешқандай нұсқау болған жоқ.
Сұрақ:
1. Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс па?
2. Дәрігер осы науқасты ауруханадан шығарғанда қандай ұсыныстар беруі керек еді?
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады
3 – сабақ
1. Тақырыбы: Сүйек және жұмсақ ұлпаларының қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалту және мейірбикелік күтім.


2. Мақсаты: Студенттерге сүйек және жұмсақ ұлпаларының қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалтумен таныстыру.


3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:

  • Суйек – буын және бұлшықет жүйелерінің анатомиясын

  • Суйек – буын және бұлшықет жүйелерінің зерттеу әдістерін

  • Суйек – буын және бұлшықет жүйелерінің қанайналымы

  • Лимфатикалық тамырларды

  • Әр түрлі жастағы адамдардың сүйек – буын және бұлшықет жүйелерінің ерекшеліктері

Студент істей білуі керек:

  • Сүйек және жұмсақ ұлпаларының қатерлі ісігі бар науқастарға мейірбикелік күтімді ұйымдастыру

  • ЕДШ бөлмесінде мейірбике жұмысын ұйымдастыру

  • Лимфатикалық бездерді, бұлшықеттерді пальпация жасау

  • Науқасты рентгенологиялық тексеруге дайындау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет