Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
О. есімді науқас. Жасы 73-те. 7 ай бұрын асқазан қатерлі ісігі салдарынан операция жасалған. Құрамында қанты бар тамақ жеген сәтте бетінің қызаруына, сілекейдің көп мөлшерде бөлінуіне, терлегіштікке, ішінің ауруына, ал тамақтанғаннан соң 2 – 3 сағат өте әлсіздік, көзінің қарауытуы, бас айналуына, аяқ – қолының дірілдеуіне, жүрек аймағындағы ауырсыну, қорқыныш сезімінің пайда болуына шағымданады.
Сұрақ:
1. Науқастың бұл жағдайының себебін түсіндіріңіз.
2. Науқастың басымды пробламасын айқындаңыз.
3. Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз.
4. Оңалтудың қандай түрін қолдануға болады?
Есеп №2:
Науқас 47 жаста, асқазанның қатерлі ісік ауруы бойынша операция жасалған.
Шағымдары: тамақ жеген соң 2 – 3 сағаттан кейін эпигастрия аймағында жағымсыз сезім, оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айнуы, кекіру, ауызда ащы дәмнің пайда болуы, запыранмен, жеген тамағымен құсып тастауына шағымданады.
Сұрақ:
1. Науқастың бұл жағдайының себебін түсіндіріңіз.
2. Науқастың басымды пробламасын айқындаңыз.
3. Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз.
4. Оңалтудың қандай түрін қолдануға болады?
5 – сабақ
1. Тақырыбы: Тік ішектің қатерлі ісігі кезінде реабилитация және мейірбикелік күтім.
2. Мақсаты:Онкологиялық науқастарды күтудегі гигиенаға тәне іс-шаралармен студенттерді таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
Студент істей білуі керек:
Ішек ісіктеріндегі науқастарға күтім жасаудағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру
Науқас мұқтаждығын анықтау
Өз-өзіне қарай алмайтын науқастарға мейірбикелік кезеңді ұйымдастыру
Стомаларға күтім
Науқасқа жалпы күтім пәнін уйрету
Достарыңызбен бөлісу: |