СӨЖ-дің бірінші бетінің формасы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
СӨЖ формасы______________________________________________________
СӨЖ тақырыбы_____________________________________________________
Орындаған студент________________________________________________________
Қабылдаған _______________________________________________________________
Шымкент - 201__ ж.
СӨЖ формаларын бағалау критериялары
Р е ф е р а т
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
1
|
Рефератты дайындау және қорғау
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Реферат - 10 әдебиетті пайдаланып өз бетінше, түсінікті етіп жазылған, көлемі-10 беттен кем емес. Суреттер, сызбанұсқалар және кестелермен толықтырылған. Рефератты баяндағанда, студент оқымай, еркін баяндайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
Реферат 10 әдебиетті пайдаланып өз бетінше жазылған, көлемі 10 беттен аз. Суреттер, сызбанұсқалар, кестелер келтірілген. Рефераттың мазмұнын еркін баяндайды, бірақ сұрақтарға дұрыс және толық жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
Реферат 5 әдебиеттерді пайдаланып жазылған, көлемі 5-10 беттей. Суреттері, кестелері толық емес. Реферат мазмұнын еркін баяндай алмайды, көбінесе оның мәтінін оқиды. Сұрақтарға дұрыс және толық жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
Реферат қалай болса солай дайындалған, көлемі 5 беттен аз. Қолданылған әдебиеттер саны аз. Суреттер, кестелер келтірілмеген. Реферат мазмұнын, студент тек мәтінді оқып қана жеткізеді. Сұрақтарға жауап жоқ.
|
Доклад реферат критерилеріне сәйкес бағаланады.
Т а қ ы р ы п т ы т а н ы с т ы р у
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
1
|
Тақырып
ты таныстыру
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Анимацияларды пайдаланып, 30-ға жуық слайдыларды қолданып орындалған. әдебиеттер тізімі оншақты. Өз бетінше еркін баяндап түсіндіреді. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
20 слайдтарды қолданып өз бетінше орындаған. Таныстыру кезінде еркін сөйлеп, дұрыс жауап қайтарады.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
15-20 слайдты пайдаланып орындаған. әдебиеттер тізбесі 5, баяндау кезінде қателіктерге бой алдырады. Сұрақтарға толық дұрыс жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
5-10 слайдтарды пайдаланып, уақтынан кеш орындаған. Слайдтар тақырып мазмұнын толық ашып көрсете алмайды. Таныстыру кесінде өрескел қателіктерге бой алдырады. Сұрақтарға жауап жоқ.
|
Т е с т т а п с ы р м а л а р ы н д а й ы н д а у
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
3.
|
Тест тапсырмаларын дайындау
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Тест тапсырмаларының саны 10-нан астам. Тапсырмалар - нақтылы, мағыналы, ал жауаптар біртектес, дұрыс және қысқа. Дұрыс жауап көрсетілген.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
Тест тапсырмаларының саны-10. құрастырылуы дұрыс, жауап нұсқалары әртүрлі. Кейбір дұрыс жауаптар көрсетілмеген.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
Тест тапсырмалары саны оннан аз. Құрастырылуы нақтылы емес, жауаптары әртүрлі. Кейбір дұрыс жауаптар көрсетілмеген.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
Тест тапсырмалары саны 5-6, құрастырылуы дұрыс емес, жауаптары әртүрлі берілген. Жалпы тапсырмалар түсініксіз.
|
Г л о с с а р и й
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
4.
|
Глоссарияны дайындау
|
Өте жақсы
Бағаға сәйкес
А (4,0; 95-100%);
А- (3,67; 90-94%)
|
Глоссарий 20 терминнен көп, тақырыпқа сай келеді, сауатты құрастырылған. Терминдер тізбесі алфавит бойынша орналастырылған.
|
|
|
Жақсы
Бағаға сәйкес
В+ (3,33; 85-89%);
В (3,0; 80-84%);
В- (2,67; 75-79%).
|
Глоссарий 15-20 терминді қамтиды, сауатты құрастырылған, тақырыпқа сай келеді, биологиялық мағынасы түсінікті. Терминдер қалай болса солай орналастырылған.
|
|
|
Қанағаттанарлық
Бағаға сәйкес:
С+ (2,33; 70-74%);
С (2,0; 65-69%);
С- (1,67; 60-64%);
D+ (1,0; 50-59%)
|
Глоссарий 15 терминнен аз, тақырыпқа сай келеді, мағынасы дұрыс, бірақ толық емес, қалай болса солай орналасқан.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағаға сәйкес
F ( 0; 0-49%)
|
Глоссарий 10 терминнен кем, тақырыпқа сай емес, мағынасы дұрыс ашылмаған, қалай болса солай орналастырылған.
|
Б у к л е т
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
5.
|
Буклетті дайындау
|
Өте жақсы
Бағаға сәйкес:
А (4,0; 95-100%);
А- (3,67; 90-94%)
|
Буклет тақырыпқа сәйкес келеді, түрлі түсті суреттер, сызбанұсқа, кестелермен толық қамтылған. Суреттер, кестелер толық және нақтылы бейнеленген.
|
|
|
Жақсы
Бағаға сәйкес:
В+ (3,33; 85-89%);
В (3,0; 80-84%);
В- (2,67; 75-79%).
|
Буклет тақырыпқа сәйкес келеді. Суреттер, кестелер түрлі түсті емес. Суреттер, кестелер толық және нақтылы сипатталмаған.
|
|
|
Қанағаттанарлық
Бағаға сәйкес:
С+ (2,33; 70-74%);
С (2,0; 65-69%);
С- (1,67; 60-64%);
D+ (1,0; 50-54%)
|
Буклет тақырыпқа сай келеді. Суреттер, сызбанұсқалар кестелер түрлі түсті емес және тақырып мазмұнын толық ашпайды. Суреттер, кестелер сипаттауда қателіктер кездеседі.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағаға сәйкес
F ( 0; 0-49%)
|
Буклетте суреттер, кестелер жоқ, тақырып мазмұнын толық ашпайды. Суреттерді, кестелерді сипаттауда қателіктер көптеп кездеседі.
|
СӨЖ тапсырмаларын бағалағанда оның өз мерзімінде орындалып өткізілуі маңызды. Егер көрсетілген кешіктіріліп өткізілсе, қорытынды бағадан 1 балл көлемінде штраф балл алынады. Жоғары 4 деген баллды алу үшін студент тапсырманы толық әрі орындалу талаптарына сәйкес жасап, уақытында тапсыруы тиіс. Егер көрсетілген кешіктіріліп өткізілсе, қорытынды баға 1 баллға кемітіледі.
Әрбір студент 1 кредитке 1 СӨЖ орындауы қажет.
Қорытынды бағалау
Қорытынды бағалау: емтихан (тестілеу).
Емтиханға пән бағдарламасын толық игерген және қорытынды рейтингісін жинаған студенттер жіберіледі (ҚР).
Бағалау саясаты:
Студенттің қорытынды бағасы қорытынды рейтингісімен (ҚР) қорытынды бақылау бағасымен (ҚББ) балдық –рейтинг әріптік жүйе арқылы қойылады.
СҚБ = ҚР + ҚББ
Қорытынды рейтингісі (ҚР) ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың 60% құрайды.
Ағымдық бақылау бағасы (АББ) тәжірибелік сабақ пен СӨЖ+ сабақтарының орташа бағасы алынады.
Аралық бақылау бағасы (АББ) 2 коллоквиумның орташа бағасына тең.
Айып іс – шаралар: себепсіз жіберілген дәріс сабақтарын студенттің қорытынды бағасынан бір лекция үшін 0,66 % алынады
Егер қорытынды рейтингісі (ҚР) 30 балдан төмен болған жағдайда емтиханға жіберілмейді.
Қорытынды бақылау (ҚБ) тестілеу арқылы 40% немесе 40 бал, жалпы бағасы арқылы қойылады.
Студенттерді тестілеу кезінде 50 тест тапсырмалары беріліп, жалпы 40 балдың әрбір дұрыс жауабы үшін 0,8 балын ала алады.
Қорытынды баға 30 балл немесе 30 % не одан жоғары болып, қорытынды бақылау бойынша 20 және одан жоғары % болғанда есептеледі.
Жіберілудің пайыздық рейтингі (ЖПР) келесі жолмен анықталады:
СҚБ х 60 % = ЖПР (максимум 60%, минимум 15%)
4
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Медициналық паразитология» пәнінен дәріс комплекстері
Мамандық: 5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі»
Курс - 2, семестр - 4
Шымкент 2013 ж.
Кредит №1
№1
1. Тақырыбы: Медициналық паразитология пәні және міндеттері. Паразитологияның қысқаша даму тарихы. Табиғаттағы биотикалық байланыс түрлері.
2. Мақсаты: Тірі ағзалар арасындағы қатынастың биотикалық түрі ретінде паразитизмге түсінік беру, сонымен қатар паразитологияның даму тарихына қысқаша шолу.
3. Дәріс тезистері: Паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын және олар тудыратын ауруларды, сонымен қоса күрес шараларын зерттейтін биологиялық ғылым паразитология деп аталады. Оның тек адам паразиттерін зерттейтін саласы медициналық паразитология деп аталады.
Медициналық паразитология протозоология, гельминтология және арахноэнтомология болып бөлінеді. Протозоология паразит қарапайымдыларды; гельминтология – адам паразиттерін, гельминттерін; арахноэнтомология – буынаяқтылар типі паразиттерін: өрмекшітәрізділер класын, кенелер отряды мен бунақденелілер класын зерттейді.
Паразитарлы аурулар – жануарлар паразиттері арқылы туындайтын және өту кезеңінің ұзақтығы әрі қайталанбалылығымен сипатталатын аурулар тобы. Протозооздар, гельминтоздар арахноэнтомоздар деп ажыратылады. .
Протозооздар – бұл қарапайымдар (Protozoa) (20-дан астам түр). тудыратын ауру. Оларға амебиаз, лейшманиоз, лямблиоз, безгек және т.б.
Арахноэнтомоздар – буынаяқтылар (Arthropoda типі) қоздырғыштары (қотыр, миаз) мен тасымалдаушылар арқылы берілетін ауру.
Гельминтоздар – Plathelminthes (жалпақ құрттар) және Nemathelminthes (жұмыр құрттар) типіне жататын паразит құрттар (200 түрден астам) тудыратын аурулар.
зооноздар (зооантропоноздар) бұлардың қоздырғыштарының резервуары жануарлар болып табылады, бірақ оларға адамдар да сезімтал болып келеді.
антропоноздар – мұнда қоздырғыштың резервуары тек қана адам ағзасы болып табылады.
Паразиттер адам ағзасындағы кез келген мүшеде паразитизмнің жергілікті және симптомдық көріністерін тудыра отырып, тіршілік ете береді. Сондықтан кез келген мамандықтағы дәрігер паразиттік ауруларды кездестіреді және оларды диагностикалау мен емдеуге міндетті, әрі паразитпен зарарланудың алдын алуы тиіс.
Паразиттер әдетте басқа аурудың ағымын күшейтеді, әсіресе балалардың паразиттермен инвазия кезінде маңызды бұл толық қалыптаспаған иммундық жүйеге байланысты, соңғысы, физикалық және ақыл – есінің дұрыс дамымауына алып келетін паразиттік ауруларға жиі ұшырайды.
Медициналық паразитологияның негізгі міндеттері болып табылады:
-
Дамудың барлық сатыларындағы паразиттер биологиясын оқу;
-
Паразиттер систематикасын оқу;
-
Адам ағзасына түсу жолдары мен айналымын зерттеу үшін паразиттер мен тасымалдаушылардың даму циклын меңгеру;
-
Паразит – қожайын жүйесіндегі арақатынасты меңгеру;
-
Паразиттер мен тасымалдаушылардың аса қауіпті әрекеттерін білу негізінде паразитарлы ауруларды емдеу мен диагностикалау, сонымен қатар алдын алу және күрес шараларының ғылыми негзлерін құрастыру;
-
Паразитарлы ауруларды ликвидациялау мен алдын алуды қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру.
Табиғаттағы биотикалық байланыстардың түрлері. Жануарлар әлемінде барлық тірі ағзалар бір бірімен және өлі табиғатпен байланысты. Тірі ағзалар арасындағы (биотикалық байланыс) байланыс әр алуан, негізі азық кеңістігінің қатынасына келіп саяды және тіршілік циклының сатылары мен жағдайларына байланысты өзгеруі де мүмкін.
Түрішілік арақатынастың екі негізгі түрін ажыратады: кері және оң арақатынастар. Кері арақатынасқа – жыртқыштық, паразитизм және антибиоз жатады.
-
Жыртқыштық – бір түр келесі бір түрдің өсуі мен тіршілігіне кері әсер етіп, оны қорек ретінде пайдаланатын, әрі жойылуына әкелетін ағзалар арасындағы арақатынас типі. Осы арқылы оның табиғаттағы саны реттеліп отырады.
-
Паразитизм (грекше: Parasitos – арамтамақ) – бұл ағзалар арасындағы бір түрдің (паразит) келесі түрді (қожайын) қорек әрі тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, оған зиян келтіргенімен, бірақ оны өлімге апармайтын арақатынас түрі. Паразит қожайын денеінде өмір сүреді немесе оны қорек ретінде пайдаланып тұрады. Паразитизм жыртқыштықтан пайда болған, бірақ оның бір ерекшелігі ол оны бір рет қана пайдаланбайды. Кейбір ағзалар жағдайға байланысты паразит әрі жыртқыш болуы да мүмкін: жылқы сүлігі сүтқоректілер үшін паразит ал притонға жыртқыш болады. Паразитизм түрлері әралуан және оларды түрлі принциптерге сай жіктейді. Академик Е.Н. Павловский паразитизм анықтамасына мынаны қосады: паразит пен қожайын арасындағы қарым қатынас антогонистік дейді. Паразит сыртқы ортамен қожайын арқылы қатынасады, осы арқылы еркін тіршілік етушілерден ерекшеленеді.
-
Антибиоз – бір түрдің өз метаболизмінен пайда болған өнімін химиялық тосқауыл ретінде келесі бір түрдің тіршілігін шектей отырып оған аса қатты әсер ететін ағзалар арасындағы арақатынас. Олар антибиотиктер, фитонцидтер, микробтық, жануарлар мен өсімдіктер токсиндері болуы мүмкін. Сонымен, саңырауқұлақ пенициллині микроағзалардың өсуін тежейді, микроағзаларға антагонизм болады, планктонды жануарлар мен өсімдіктер компоненттері антибиотиктер бөлуі нәтижесінде өзара тежеп отырса, өсімдіктер арасында арақатынасты сақтау үшін басқа түрлердің тұқымдарының өнуін немесе ұшқыш токсиндер (камфора және цинеол) және суда ерігіш антибиотиктер (феноллар және алкалоидтар) бөлу арқылы олардың өсуін тежеу.
Оң арақатынасқа симбиоз түрлерінің әртүрі жатады: мутуализм, комменсализм, квартиранство.
4. Иллюстрациялы материалдар:
Жануарлардың түрлі топтарындағы паразитизмнің таралуы
5. Әдебиет:
Негізгі:
1. Биология.Под ред. В.Н. Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320 с.
2. Биология. А.П. Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа, 2012. -656с .
3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер. с англ. -М.:Медицина, -1985, -
416 с.
6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покровский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша:
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М., 1981 г., 315 с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161 с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье», 2002, 2500 с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233 с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222 с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022 с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
1. Медициналық паразитология пәні және міндеттері;
2. Паразитология бөлімдері;
3. Биотикалық арақатынастың негізгі формалары;
4. Паразитология дамуының негізгі этаптары;
4. Паразиологияның дамуында кеңестік, орыс және қазақ ғалымдарының үлесі.
№2
1. Тақырыбы: Паразитологияның негізгі түсініктері.
2. Мақсаты: Студенттерде паразиттік ағзалардың тіршілігінің биологиялық негіздерінің, олардың табиғаттағы айналымы, паразиттік аурулардың алдын алу мен емдеу, диагностикасының заманауи білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар осы білімдерді медико-биологиялық, клиникалық дисциплиналарда және тәжірибелік медицинада қолдану.
3. Дәріс тезистері: Паразиттер экологиясы тұрғысынан келесідегідей жіктеулер қарастырылған.
-
Паразиттік тіршілік етуіне байланысты нағыз және жалған, сонымен қоса облигатты және факультативті паразитизм деп ажыратады.
а) нағыз паразиттер қожайынмен айтарлықтай уақыт аралығында байланыста болады. Паразитология негізінен нағыз паразиттерді зерттейді.
б) жалған паразиттер – бұл даралар кездейсоқ паразитке айналғандар. Бұл аталған түр үшін кездейсоқ құбылыс.
в) облигатты паразитизм – аталған түр үшін паразитизм міндетті болып табылады.
г) факультативті паразитизм – еркін тіршілік етушілерге тән, олар белгілі бір жағдай мен дамуының белгілі бір сатысында ғана паразитке айналады.
Паразиттерпатогенді және патогенді емес болып бөлінеді.
-
Қожайын мен паразит арасында байланыс уақыты бойынша паразиттерді уақытша және тұрақты деп ажыратады.
а) уақытша – қожайынын тек қорек үшін ғана пайдаланады; байланыс уақыты мен мерзімінің ұзақтығы ауыспалы.
б) тұрақты – паразиттер шартты тұрақты (стационар) және салыстырмалы тұрақты (кезеңді) деп бөлінеді.
-
Паразиттердің адам ағзасында шоғырлануына байланысты экто- және эндопаразиттер деп бөледі.
а) Эктопаразиттер – қожайын терісінде тіршілік етеді (қансорғыштар, кенелер, биттер, бүргелер).
б) Эндопаразиттер – қожайын денесінде тіршілік етеді. Олар сыртқы ортамен байланысы бар мүшелерде тіршілік ететін деп те бөлінеді (ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару жүйелері).
Біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың ерекшеліктеріне байланысты жіктеу.
Паразиттер морфологиясы мен биологиясының ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі. Паразиттерді протозойлы (қарапайымдылар) және метазойлы (гельминттер мен буынаяқтылар) деп ажыратады.
Протозойлылар қожайын ағзасында көбейеді, ал метазойлылар тек жинақталады.
Қожайын және паразиттердің тіршілік циклі ұғымы.
Паразиттердің көпшілігі көптеген дернәсілдік кезеңдерді қамтитын күрделі метаморфозбен дамиды, әрі түрлі ортада тіршілік етеді және әртүрлі қызмет атқарады: таралу, белсенді өсу, белсенді өсу, шоғырлану жәнее көбею. Паразиттердің барлық онтогенез сатыларының жиынтығы және олардың бір қожайыннан келесі қожайынға ауысу жолдары паразиттің тіршілік циклы деп аталады. Паразит өз тіршілік циклі барысында тіршілік ететін ортасы мен қорек ретінде пайдаланатын ағза мен тіршілік ортасын ауыстырады. Бұл ағза қожайын деп аталады. Бір қожайыннан екінші қожайынға ауысуы қожайын алмастыру деп аталады. Паразиттердің дернәсілдік дамуы өтетін немесе жыныссыз көбею ортасы болатын қожайын аралық деп аталады. Олардың қызметі: паразиттердің таралуы, соңғы қожайынды зарарлау және соңғы қожайынның уақытша болмауына байланысты тіршілік үшін күресі. Аралық қожайын екі немесе үш және одан да көп болуы мүмкін, онда паразит көбейеді және оның ересек сатысына дейін дамуы өтетін қожайын соңғы немесе дефинитивті деп аталады. Ауру қоздырғышы (паразит) шоғырланып ұзақ өмір сүретін бірақ ары қарай дамымайтын ортасы резервуар немесе резервуарлы қожайын деп аталады. Паразитизм түрлі эволюциялық бағыттарға байланысты ағзалардың өзара қатынасының формасы ретінде бірнеше жолмен дамыды.
4. Иллюстрациялы материалдар:
Паразиттер мен қожайындар алмасуының сызбасы
5. Әдебиет:
Негізгі
1. Биология.Под ред. В.Н. Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320 с.
2. Биология. А.П. Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа, 2012. -656 с.
2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-
416с.,ил.
5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-
ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
6. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981
г., 315с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
1. Медициналық паразитология пәні мен міндеттері.
2. Паразитологияның қысқаша даму тарихы. Паразитологияның дамуында К.И. Скрябин және Е.Н. Павловскийдің қосқан үлесі.
3. Паразитизм, паразит және қожайын ұғымдарының анықтамасы.
4. Паразиттердің экологиялық және зоологиялық жіктелуі.
5. Паразитизмнің шығу тегі.
6. Ағза деңгейінде паразит-қожайын жүйесінің арақатынасы.
7. Паразиттік тіршілік етудің морфофизиологиялық бейімділіктері.
№3
1. Тақырыбы: Паразитологияның экологиялық аспектілері. Паразиттік өмір тіршілігіне морфофункциональды адаптациялану.
2. Мақсаты: паразиттер экологиясын және олардың паразиттік тіршілік етуге морфофункционалды бейімделушіліктерін меңгеру.
3. Дәріс тезистері: Ағзаларда паразиттік тіршілік ету жағдайына өту барысында жаңа жағдайда олардың өмір сүруін жеңілдету үшін бірқатар бейімделушіліктерден өтеді. Паразиттік формалардың әр алуандығына қарай бейімделудің көптеген түрлері бар.
-
Барлық паразиттерге жоғары өсімталдық пен жыныс жүйесінің ерекшелігі тән, олардың тұқымы қолайсыз жағдайға тап болғандығы аса қиын жағдай емес. Осыған байланысты еркін тіршілік етушілерге қарағанда олардың көбею жылдамдығы өте жоғары. Бұл жыныстық өнімнің көптеп жинақталу жолымен жүзеге асады, гермафродитизм (жалпақ құрттар) дернәсілдік сатының партеногенездік (сорғыштар) немесе бүршіктену жолымен көбею түрі. (2 - сурет). Қарапайымдылардағы көбею жолы шизогония (көпке бөліну) және спорогония. Осының нәтижесінде бір дарабастан он мыңдаған ағзалар пайда болады.
-
Қожайын денесіне жабысуға арналған бейімделудің пайда болуы. (3 - сурет). Қарапайымдылардың бұндай түрлі жабысқыш дискілері; сорғыштары, түкшелері, жалпақ құрттардың ырғақшалары, жұмыр құрттар мен буынаяқтылардың ауыз аппараттары.
-
Қожайын ферменттеріне қарсы олардың қорытылып кетуінен қорғайтын антиферменттік қасиетке ие қуыстық паразиттердің жабындарының болуы, немесе ұлпаларда тіршілік ететін паразиттерде капсулалардың болуы.
-
Жалған өсінділердің пайда болуының арқасында қансорғыштардың асқорыту жүйесінің ұлғаюы (кенелер, сүліктер) (5 – сурет), өте қатты тарамдалған хитинді жабынның болуы., сильно разветвленный хитиновый покров.
-
Өз қызметтерінен айрылған мүшелердің редукциялануы (таспа құрттардың қозғалу, сезу мүшелері, асқорыту жүйесі).
-
Ену мүшелерінің болуы. Қожайын денесіне ену үшін ұлпаларды ерітуге арналған арнайы бездер, түкшелі стилеттер, буынаяқтылардың ауыз жақ қуыстары (6 – сурет).
-
Қожайынға паразиттің толық тәуелділігі. Зарарланудың максимальді мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін жағдайларды паразит жасай алады. Сонымен, острицалардың аналығы аналь тесігіне қарай жұмыртқаларын ысырып отырады, ол дуылдап қышуды тудырады. Қышынған жерлерді қолмен қасу жұмыртқалардың қоршаған ортаға таралуын қамтамасыз етеді. Осы жолмен қотыр кенесі, ришта таралады.
-
Қожайын мен паразит тіршілігінің синхронизация. Шистосомдар (қан сорғыштар) тәуліктің ең ыстық мезгілінде жұмыртқаларын суға салады, бұл кезде қожайынның сумен арақатынасы максимальді болады. Осы кезде шистосомдардың дернәсілдері су бетінде жинақталады. Паразитпен зарарлану екі сатыдан тұрады.
-
Қолайсыз жағдайларды өткізу үшін кездейсоқ әсерлерге мүмкін емес тұрақтылықпен бейімделулер (цисталар, споралар, трихинеллалардың капсулалары, гельминттердің жұмыртқалары).
4. Иллюстрациялы материалдар:
Сүліктің
қанайналу
жүйесі
Шошқа цепенінің
сорғыштары мен ырғақтары
5. Әдебиет:
Негізгі
1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320с.
2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа,2012.-656с.
3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-
416с.,ил.
6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-
ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981
г., 315с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
1. Цепендерде қандай бейімделушілік адаптациялары бар?
2. Қожайын денесіне енудің қандай бейімділік адаптациялары бар?
3. Қожайын денесінде қорытылып кетпеуі үшін паразиттерде қандай қорғаныштық бейімделушіліктері бар?
4. Қожайынның денесіне ену үшін қандай бейімделушіліктер бар?
5. Қолайсыз жағдайлардан өту үшін қандай бейімделушіліктер бар?
№4
1. Тақырыбы: Ауру қоздырғыштардың табиғаттағы айналымы. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулар.
2. Мақсаты: тәжірибе үдерісінде алған білімдерін пайдалану мақсатында табиғатта ауру қоздырғыштарының табиғатта айналу жолдарының теориялық негіздерін меңгеру.
3. Дәріс тезистері: Ауру қоздырғыштардың табиғатта айналу жолдары. Паразиттер түрін сақтау үшін қожайын ағзаларын тастап, сыртқы ортаға шығуы немесе басқа иеге өтуі тиіс. Жеке шығу дамудың әртүрлі сатыларында және түрлі жолдармен жүзеге асады. Паразиттердің адам ағзасына өтуі инвазия деп аталады (лат. Invasio – басып кіру). Инвазия екі жолмен жүзеге асады: пероральді және перкутантты.
Ауторенвазия науқастың өзі арқылы қайта зарарлануы нәтижесінде байқалады (анус аймағындағы жұмыртқаның жуылмаған қолдары арқылы ауызға келіп түсуі).
Аутоинвазия – қатты антиперистальтика (құсу) кезінде өзін өзі зарарландыру байқалады, сол кезде шошқа цепенінің жұмыртқалары ішектен асқазанға өтеді де цистицеркоз пайда болады, бұл адам денесінде жұмыртқалардың финналарға айналуымен сипатталатын ауру. Ұрықтың қан паразиттерімен (безгек, ұйқы ауруы) инвазиялануы жатыр ішілік инвазияның пайда болуына алып келеді.
Екпе инвазия – адамның безгек ауыруымен ауыратын адам қанымен зарарланған шприцтармен екпе алуы барысында жұқтыруы.
Паразиттер қожайындарына түрлі жолдармен өтеді:
-
Тасымалдаушылар арқылы. Бұлар қан соратын буынаяқтылар болып табылады. Арнайы және механикалық тасымалдаушылар деп ажыратылады.
Қоздырғыштың тасымалдаушылар арқылы берілуі трансмиссивті, ал ауру – трансмиссивтілер. Трансмиссивті берілудің екі түрі бар: инокулятивті (тасымалдаушының ауыз аппараты арқылы) және контаминативті (тасымалдаушының фекалийі немесе зақымдалған тері арқылы, шакканда, қасығанда берілуі).
Ауруларды облигатты- және факультативті–трансмиссивті деп бөледі.
Қожайын мен қоздырғыш арасындағы арнайы байланыстар трансмиссивті аурулардың мынадай топтарын ажыратуға мүмкіндік береді:
-
зооноздар – жануарларға ғана тән аурулар;
-
антропозооноздар – адамды да жануарды да жарақаттайтын қоздырғыштар тудыратын аурулар (энцефалит, оба);
-
антропоноздар – тек адамға ғана тән аурулар түрі (амебиаз, энтеробиоз).
-
Паразиттердің аралық ие арқылы енуі. Бұл кезде паразит өзінің негізгі қожайынына соңғысының аралықтағысын жеп қоюы арқылы енеді.
-
Паразит дернәсілдерінің еркін тіршілік ету сатысында тері мен шырышты қабық арқылы енуі.
-
Қоздырғыштың трансовариальді берілуі. Қоздырғыштың қожайыннан келесі ұрпаққа жұмыртқа жасушалары арқылы берілуі.
-
Табиғи ошақты аурулар. Табиғи ошақты аурулар – бұл белгілі бір территорияда ұзақ уақыт бойына тіршілік ететін эволюция барысында қалыптасқан, адамның қатысынсыз бір жабайы жануардан келесі жануарға қоздырғыштың берілуі нәтижесінде табиғи ошақты болып сипатталатын аурулар тобы. Трансмиссивті табиғи ошақты аурларда қоздырғыш тасымалдаушылар – қансорғыш буынаяқтылар арқылы жұғады. Табиғи ошақты аурулар мынадай белгілермен сипатталады:
-
ауру белгілі географиялық ландшафтта (биотоптармен) белгілі бір территорияға таралады;
-
қоздырғыш бір жануардан келесі бір жануарға адамның қатысынсыз беріледі;
-
қоздырғыш резервуары жабайы жануарлар болып табылады;
Табиғи ошақты аурулардың компоненттері болып табылады:
-
қоздырғыш;
-
жабайы жануарлар – резервуар;
-
трансмиссивті табиғи ошақты аурулар тасымалдаушылары.
Қоздырғыш – паразит популяциясының осы паразиттің тасымалдаушылары мен ауру қабылдауға бейім жануралар популяциясының өзара әрекеттесуі (“ошақты үштік”) паразитарлық жүйені құрайды, ол биоценоз варианты болып табылады. Осындай биоценоз қалыптастырған тарихи қалыптасқан географиялық ландшафттағы белгілі біртекті орта жағдайлары бар ареал биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп білестігі биогеоценозды құрайды. Эволюция процесі барысында қалыптасқан паразиттік аурулардың табиғи ошағы биогеоценоз болып табылады.
Табиғи ошақты ауруларға жатады: кене және жапон энцефалиттері, геморрагиялық лихорадкалар, лимфоцитарлы хориоменингит, орнитоздар, құтыру, сары лихорадка, туляремия, оба, риккетсиоздар, бруцеллез, лептоспироз, листериоз, кене спирохетозы, лейшманиоз, токсоплазмоз, описторхоз, дифиллоботриоз, шистосоматоз, трихинеллез.
4. Иллюстрациялы материалдар:
Табиғи ошақты кене энцефалиті ауруының сызбанұсқасы.
5. Әдебиет:
Негізгі
1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320с.
2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа,2012.-656с.
2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-
416с.,ил.
5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-
ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
6. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981
г., 315с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233 с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
1. Табиғи ошақты ауру анықтамасын беріңіз.
2. Табиғи ошақтың компоненттерін атаңыз.
3. Трансмиссивті аурулар анықтамасын беріңіз.
4. Тасымалдаушыларды сипаттаңыз: арнайы және механикалық.
№5
1. Тақырыбы: Паразиттік аурулардың алдын алу және диагностикалау әдістері.
2. Мақсаты: Дать представление о генетических процессах в популяциях; законе Харди-вайнберга и роли типов браков.
3. Дәріс тезистері:
4. Иллюстрациялы материалдар:
5. Әдебиет:
Негізгі
1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320с.
2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа,2012.-656с.
2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-
416с.,ил.
5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-
ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
6. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981
г., 315с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
КРЕДИТ №2
№1
1. Тақырыбы: Қарапайымдылар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және тамыраяқтылар, талшықтылар, инфузория, споралылар класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.
2. Мақсаты: Қарапайымдылар типіне жататын адам паразиттерімен, олардың биологиясы, патогендік әсері, диагностикасы мен гигиенасының теориялық негіздерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Қарапайымдылар жануарлар әлемі патшалығының аса кең тараған ағзаларына жатады. Олардың арасында еркін тіршілік етушілермен қатар паразиттері де бар. Паразиттің денесі бір ғана клеткадан тұрады да толық бір ағзаның қызметін атқарады; олардың көпшілігі микроскопиялық өлшем болып табылады. Қарапайымдылардың 65 000 түрінің ішінде 10 000 ауру тудыруға қабілетті паразит болып табылады. Паразиттердің әр түрінің ішкі ұйымдасу реті ерекше, дегенмен барлығына тән ерекшеліктері де бар.
Негізгі компонент – цитоплазма және ядро. Жасуша үш қабатты мембранамен қапталған, одан соң қалыңдығы мен мықтылығын ұлғайтатын қабықша орналасады. Ядросы негізінен бір немесе бірнеше түрлі пішінге ие құрылыста болады. Цитоплазма түссіз әрі тығыз қабат – эктоплазмадан және ішкі түйіршікті сұйық қабат эндоплазмадан тұрады, онда органоидтар орналасады. Органоидтар жалпы митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи аппарат және арнайы қоректену, шығару, қорғаныштық және қозғалу қызметтері болуы мүмкін.
Қарапайымдылар қоректі бүкіл денесімен диффузия немесе активті транспорт арқылы жұтады, немесе қоректің негізгі бөлігі жасушаға фагоцитоз немесе пиноцитоз жолымен, сонымен қоса цистосом деп аталатын арнайы өсінді арқылы түседі. Қатты заттарды қорыту үшін ас қорыту вакуолдері болады, олар шығу тегі жағынан лизосомалармен бйланысты ас қорыту ферменттеріне ие.
Жиырылғыш вакуольдер шығару органоидтары болып табылады, олар сұйықтыққа толы болады, әр кезде суды сыртқа шығару арқылы ұлғайып немесе кішірейіп отырады.
Қарапайымдыларда ұштарындағы шашақтары фибрилла құрап, жасуша бөлінісі мен жиырылуында рөл атқаратын микрофиламенттердің болуы тән.
Бинарлы (теңдей екіге) бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді, бірақ шизогония (алдымен ядро көпке бөлінеді, содан кейін бірнеше жаңа жасушалар түзе отырып, цитоплазма мен жасуша мембранасы бөлінеді) және спорогония байқалады. Жыныстық процесс көптеген қарапайымдыларда копуляция (гаметалардың қосылуы) немесе конъюгация (тұқым қуалау материалымен алмасу) жолымен өтеді.
Қарапайымдылардың тіршілік циклы бірнеше сатылы болуымен сипатталады, олар әр сатыда түрлі пішінде және ішкі ұйымдасу деңгейінде болады: белсенді трофозоит – қоректенетін әрі қозғалатын; циста – қарапайымдылардың қозғала алмайтын стадиясы, спорозоит, мерозоит. Циста түзу – қолайсыз жағдайдан өту тәсілі. Қолайлы жағдайға тап болғанда цистадан белсенді трофозоит шығады; бұл құбылыс – эксциста түзу деп аталады. Паразиттік қарапайымдылар сыртқы ортаға түскенде циста түзеді де жел, су, жануарлар арқылы таралады.
Қозғалыс органоидтары: талшықтар мен кірпікшелер (тұрақты өсінділер) және жалған аяқтар (цитоплазманың уақытша өсінділері).
Қарапайымдылар тудыратын аурулар протозойлы аурулар деп аталады, патогенді паразиттер адамның түрлі органдары мен ұлпаларында паразитті тіршілік етеді.
Қарапайымдылар адам ағзасында шоғырлануына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: қанұлпалық паразиттері (безгек, лейшманиоз, трипасоносамоз қоздырғыштары) және асқорыту жүйесі мен зәр жолдарының паразиттері (амебалар, лямблиялар, балантидиялар, трихомонадалар және т.б.).
Патогенді қарапайымдылар тудыратын аурулардың жұғу механизмдері бойынша ішектік (фекальді-оральді жұғу жолдары), трансмиссивті (тасымалдаушылар) және жанасу арқылы деп бөлінеді. Адам ағзасында қарапайымдылардың 30 – дан астам түрі көбейеді әрі тіршілік етеді.
Қарапайымдылар типіне жататын қласстар:
Sarcodina (саркодалылар),
Flagellata (кірпікшелілер),
Sporozoa (споралылар)
Infusoria (инфузориялар).
4. Иллюстрациялы материалдар:
трипаносома
лямблиялар
5. Әдебиет:
Негізгі
1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320с.
2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа,2012.-656с.
3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-
416с.,ил.
6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покровский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981
г., 315с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
1. Қарапайымдылар типі ұйымдасуының негізгі белгілері.
2. Құрылысының негізгі сипаты мен жіктелуі.
3. Паразитті қарапайымдылардың экологиясының, морфологиясының, даму циклінің, жұғу жолдары, патогендік әсерінің ерекшелігі.
3. Протозойлы ауруларды диагностикалау әдістері.
4. Протозойлы аурулардың жеке және жалпылай алдын алу шаралары мен емдеу принциптері.
№2
1. Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және трематодалар мен цестодалар класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.
2. Мақсаты: Жалпақ құрттар типінің паразитті өкілдерін оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |