Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»


Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың



бет56/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
med is neg 2k kz (1)

Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет:
Медицина қызметкері мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеуі қажет:

  1. Стерильді 2 лоток. Стерильді корнцанг, апатта қолданылатын аптечканы дайындау.

  2. Пипеткалар бар крафт-пакетті және таңу материалдары бар крафт- пакетті алып, лотокқа қою.

  3. Крафт-пакеттегі пипетканы протарголдың 1% ерітіндісін тамызып, басын төмен түсіру. (мұрыннан лотокқа ағады)

  4. Мұрынға стерильді марля шарик қою.

Ескерту: Лотокты қолданғаннан кейін хлораминнін 3% ерітіндісімен 60 мин дезинфекциялау, қолданылган таңу материалдарын ыдысқа салып, хлорлы әктің 3% ерітіндісін құйып, 6О мин ұстау.


Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау.
Өте ластанған құралдармен қол саусақтарын жарақаттау кезінде істеу қажет:

  1. Апатта қолданылатын аптечканы, стерильді биксті, 2 лотокты, стерильді корнцангты дайындау.

  2. Резеңке қолғапты шешпей тұрып, жарақаттанған жердің қанын шығару, сосын резеңке қолғапты шешіп, хлораминнін 3% ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  3. Таңу материалдары бар крафт-пакетті аптечкадан алып, лотокқа қою.

  4. Аптечкадан 70° этил спиртін, йодтың 5% ерітіндісін ал.

  5. Жарақаттың бетін 70° этил спиртіне батырылған стерильді шарикпен өндеп, қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастау.

  6. Сабынды сумен жуу.

  7. Жарақат бетін стерильді шарикпен құрғатып, шарикті лотокқа тастау.

  8. Жарақат бетін 70° этил спиртімен қайта сүртіп, йодтың 5% ерітіндісімен өңдеу.

9. Жарақат бетіне бактерицидті к пластырь қою.
10. Кейін резеңке саусаққап, одан кейін резеңке қолғап кию.
11 Ұсынылған инструкцияға сәйкес қолданылған заттар және таңу материалды дезинфекциялау.
12.Стерильді резеңке қолғап кию.
ІЗ. Резеңке қолғаптарды ыдысқа салып, дез. ерітіндімен (хлораминнің 3% ерітіндісі) құйып, 6Омин қою.
Ескерту: Қолданылған таңу материалдарын хлорлы әктің 3% ерітіндісі бар ыдысқа І сағ салып қою. Жуынды сулары бар ыдысқа құрғақ хлорлы әкті І сағ қою. Лотокты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу. Экспозицияны таңдалған дез. ерітіндіге байланысты.
АИТВ (адамның иммунтапшылық вирусы) жуқтырған немесе ЖИТС-мен (жүре пайда болған иммунтапшылық синдром) ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейінгі инфекциялық қауіпсіздік.
АИТВ-ын жұқтырған немесе ЖИТС-мен ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейін мед.қызметкерлері:

  1. Хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдыста резеңке қолғапты шешпей жатып қолын өңдеу;

  2. Резеңке қолғаптарды шншіп, осындай ерітіндісі бар басқа ыдысқа салып, дез. ерітіндімен толтыру;

  3. Таза резеңке қолғап кию;

  4. Қолданылған резеңке қолғаптарды дез. ерітіндімен толтыру;

  5. Халатты шешіп, сыртын ішке қаратып орау;

  6. Халатты ластанған киімдерге арналған қапқа салу;

  7. Резеңке қолғапты шешу;

  8. Масканы шешу;

  9. Аяқ киімді ауыстыру;

10. Ағынды су астында қолын 2 рет сабынмен жуып сүлгімен сүрту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет