Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет77/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
med is neg 2k kz (1)

Тыныс алу жиілігін санау.
Тыныс алуды дқадағалай отырып, оның жиілігі, тереңдігін, ырғақтығын, тыныс алу түрлерін бақылау қажет

Керекті заттар

Іс - әрекет алгоритмі

Ескерту

  1. Секундомер

  2. фонендоскоп

Тыныс алу жиілігін науқасқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен науқас білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай болады, ал екінші қолын науқас көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды.

Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16 – дан 20-га дейін өзгеріп отырады. Бұл адамның жасына, жынысына, дене құралысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс жиілігін арттырады. Тыныс алудың жиілеуі – тахипноэ, тыныс алудың сиреуі – брадипноэ.

Тыныс алудың патологиялық түрлері мидың және оның қабығының аурулары (миға қан құйылуы, мидың ісігі, менингит), ауыр интоксикцияларды (уремик кома, диабетик кома) кездеседі.

  1. Чейн-Стокс тыныс – дем алу қимылдарының оқтын – оқтындығымен сипатталады, дем алу қимыладырының арасында біртіндеп және тыныс толық тоқтап қалғанша үзілістер болады (опноэ).

  2. Биота тынысы – қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен отырады.

  3. Куссмауль тынысы – қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шум дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады (диабет комасы).

Асфиксия – кислород тапшылығынан келіп шығатын тыныс алудың тоқтауы.
Астма – тұншығу приступы
Науқастың күтімі - ауру ағымына байланысты ағзада болатын барлык өзгерістердін тәуліктік бакьілауын карастырады. Қандай да болмасын өзгерістерді өз уакытында анықтау және оны дәрігерге хабарлау, емдеу процесінде манызды. Медбике наукасты бакылай отырып, оның есіне, калпының өзгеруіне, бет-әлпетіне, тері және көрінетін кілегей кабыктарының түсіне, кан айналым және тыныс алу мүшелерінің жағдайларына, мүшелерінің кызметіне, дене кызуына көңіл аударуы керек. Науқастың функционалдык жағдайын бағалауды, пульсін санауды, оның қасиетін бағалауды, артериалды кысымды, дене кызуын өлшеуді, тыныс алуын бакылауды және онын қасиеттерін бағалауды, тәуліктік диурезді өлшеуді, су балансын анықтауды жүргізеді.
Дене қызуын өлшеу
Термометр - алғаш рет медициналык терминологияда 1923 жылы Фаренгейт ашқан. Біздің елде Цельсий термометрі колданылады. Ол капилляры бар шыны түтікшеден түрады. Оның ұшында сынапка толтырылған резервуар бар. Бүл түтікше 34-тен 42-ге дейін бөлінген шкалаға бекітілген. Бөлу шкаласы градуста берілгендіктен термометр градусник деп аталып кеткен. Қыздырған кезде термометрдің капиллярда сынап бағанасынын деңгейі жоғарылайды. Қызу басылғаннан кейін сынап резервуар түбіндегі штифтің тосқауылынан өз бетінше резервуарға кайта түсе алмайды. Оны бірнеше рет сілкіп орнына түсіруге болады. Термометрді сілкіген кезде түсіріп немесе сындырып алмау керек. өйткені сынап өте қауіпті. Егер сынап жерге түссе, оны дәрігерге немесе бөлім меңгерушісіне жинап беру керек. Науқастарды ол жерден шығарып, арнайы токсикологиялық бригада шакыру керек. Сынап буымен улану ауыр жағдайларға, тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Градусникті ешқашан балаларға бермеу керек және дене кызуын өлшеген кезде олардың қасынан кетпеу керек.
Термометрлерді - сақтау және дезинфекциялау
Термометрлерді түбіне мақта төселген стаканда сақтайды. Стаканның 1/3 немесе А бөлігін 70°спиртпен немесе каретников ерітіндісімен (1л дистилденген суға 12г натрий гидрокарбонаты, 16г фармалин, Зг карбол кышкылы) толтырады. Егер бүл ерітінділер жок болса, орнына басқа дезинфекциялайтын ерітінділер колданылады. Мысалы, хлораминнің 0,5% ерітіндісі. Термометрлер хлораминнің 2% ерітіндісін колданғаннан кейін (5 минут) дезинфекцияланады. Сілкіген кезде термометр колдан шығып кетпеуі үшін оның ұшына резеңке қалпақ кигізеді.
Дене кызуын өлшеу және тіркеу техникасы
Дене кызуын өлшеу
Дене кызуын өлшеуден бұрын термометрді күрғатып 35°С төмен белгіге дейін сілкілеу керек. Қолтык астын күрғак сүлгімен сүрту керек. Өйткені колтык астындағы ылғал сынапты салқындатады, термометр төмен температураны көрсетеді. Термометр мен дене арасында киім болмау керек. Қасында резеңке жылытқыш немесе мұзды мұйык болмауы керек. Өлшенетін жерлерде кабыну процестер болмауы керек, (терінің кызаруы, ісіну) жергілікті дене қызуы көтерілуі мүмкін. өлшеу ұзактығы - 10 минуттан кем болмауы керек.
Ауыр және өте ауыр жағдайдағы наукастардың дене кызуын тік ішектен өлшейді. Егер науқаста іш қатпаса, іш өту, тік ішек аурулары болса, онда термометрді маймен немесе вазелинмен майлау керек. Кейін наукасты бір бүйірімен жаткызып термометрді жарты беліне дейін енгізу керек. әр өлшеуден кейін термометрді жылы суда жаксылап жуып, спирт немесе дез. ерітіндіде зарарсыздандыру кажет. Балалардың дене кызуы шат катпарларында өлшенеді. Бұл үшін баланың жамбас - сан буынын бүгіп, пайда болған тері катпарларына термометрді кояды.
Әдетте, дене кызуын күніне 2 рет өлшейді, таңертең және кешке - 7-8 сағ және 16-і7сағ. Көрсеткіштерді дене кызуын тіркеу парағына белгілейді.
Дене қызуын тіркеу парағы

  • карта номері

  • палата номері

  • наукастың аты-жөні

  • уакыты

  • ауру күші

  • ауруханада болған күні

  • таңертеңгілік және кешкілік дене кызуы

  • тыныс алуы, дене салмағы, ішілген сүйыктык, зәрдің тәуліктік
    мөлшері

  • нәжісі

  • ванна

Бірнеше күн белгіленгеннен кейін дене кызуының кисығын жасайды. Бұл көптеген ауруларда әртүрлі болады. Қажет болған жағдайда әр сағат сайын дене кызуын өлшеп, тәуліктік ауытқуларды бакылайды.
Қалыпты дене темлературасы
Қолтық астында өлшенген қалыпты дене қызуы - 36,4-36,8°С болып саналады. Ол бір күнде өзгеруі мүмкін, яғни кешке 5-9сағ аралығында төмен болады. Дені сау адамдарда кешкі және танертеңгі дене кызуының айырмашылығы - 0,6°С аспайды. Тамақ жегеннен кейІн, физикалык күштен кейін және ыстық жерде дене қызуы біршама жоғарылайды.
Қызба
Қызба - дене кызуының көтерілуімен ғана емес, сонымен қатар ағзаның барлык жүйелерінің кызметтерінің бұзылуымен де сипатталады. Дене қызуының көтерілу деңгейі маңызды, бірақ ол кызба ауырлығын бағалауда шешуші орын алмайды.
Қызба - пульс, тыныс алудың жиілеуімен, қан кысымының төмендеуімен бірге болады. Интоксикацияның жалпы белгілері, бас ауруы, дел-салдык, шөлдеу, ыстыктау сезімдері, аузының қүрғауы, тамаққа тәбетінің болмауы айқындала түседі. Зәрдің бөлінуі төмендейді, катаболикалық процестер нәтижесінде зат алмасу жоғарылайды.
Дене қызуының тез және күшті көтерілуі (мысалы өкпе қабынуында) әдетте бірнеше минуттан сағатка дейін созылатын қалтыраумен бірге болады. Бұдан науқастың түрі өзгереді, яғни кенеттен қан тамырлардың тарылуы нәтижесінде терісі боз түсті болып, тырнақтары көгереді, тоңып, дірілдейді.
Дене қызуының жайлап көтерілуінде қалтырау айқын болмайды. Жоғары температурада терісі қызып, жылы болады. Температураның төмен түсуінде -көп терлейді. Қызба кезінде кешкі дене қызуы таңертеңгі дене қьгзуынан жоғары болады. Дене қызуының 37°С-тен жоғарылауы, науқаста кандай да болмасын аурудың бар екендігіне күдік тудырады. Дене қызуының жоғарылау дәрежесіне байланысты ажыратылады:

  • субфебрильді дене кызуы (37 және 38°С арасы)

  • орташа жоғары немесе фебрильді (38 және 39°С арасы)

  • жоғары (34 және 41 °С арасы)

  • өте жоғары немесе гиперпиретикалык -41 °С-тен жоғары
    Бұл жағдайда өмірге қауіпті ауыр нервтік өзгерістер болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет