Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет128/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152
med is neg 3k kz

Тенезм симптомы. – дефикацияға жалған ауырлық шақыру, мысалы, проктитте, дезинтерияда,
Метеоризм симптомы. Науқастар қарынның ісінуін, ауырлықты сезінеді. Себептері: ішекте газдың жиналуы, ішектің қозғалу функциясының бұзылуы, ішек қабырғаларында газ сорылуының төмендеуі, метеоризм клетчаткамен бай азықтармен қолданғанда, оларды қорытылу кезінде газдың көп бөлуіне жағдай жаратылады (капуста, қара нан), асқазан асты безінің функциясы төмендегенде, ішек микрофлорасының құрамы өзгергенде, ішек буралғанда.
Асқазан ішектен қан кету симптомы. Асқазан жарасы, эрозия, асқазанның ісігі, бауыр циррозы, өңеш венасынын варикозды кеңеюі, ішектердің әр түрлі аурулары – ісік, геморрой, жаралы колит пайда болады. Асқазан ішектен қан кету жасырын түрде болуы мүмкін – қан кету басынан «кофе қоюы» қусу, қан аралас қусу немесе нәжістің қан аралас бөлінуі (мелена). Осыдан соң кенеттен бас айналуы, тез шаршау, тері қабаттарының бозаруы, пульстің жиілуі, тыныстың жиілілуі, суық тер, құлақтың шыңылдауы, көз алдын қарайытуы, жүрек түсында ауырсыну болады. Науқас не болғаннын түсінбестен есінен таңу мүмкін, лоқсу, қан аралас қусу, нәжістің қан аралас бөлінуі байқалады.
Асқазан ішектен қан кеткендегі негізгі белгілер. Мұндай қан кету асқазан, ішек, бауыр, өңеш тағыда басқа аурулардың симптомдары болады: қан аралас қусу, «кофе қоюын» қусу тұз қышқылы гематин араласып шығады. Тоқ ішектен қан кеткенде нәжісте ашық түсті қан (гемотохезис) пайда болады. Өңештен қан кеткенде қусық массаларына ашық түсті қан қосылады. Нәжістің мелена тәрізді (қара түсті) болуы ішекте қаннан әр түрлі ферменттердің және бақтериялардың пайда болуынан болады. Өзгермеген ашық түсті қанның нәжісте болуы асқазаннан қан кеткенін дәлелдейді. Ал ішектен қан кеткенде, тоқ ішектің ісігінде нәжіс аралас ал геморройда дефикация кезінде қан қосымдысы бөлінеді.
Темір жетіспеушілік анемиясында шамалы қан кету байқалады. Асқазан ішек жолдарынынан көп қан кетуі кезінде коллапс постегморрагиялық анемия пайда болады.
Бауыр - құрсақ қуысының жұпсыз мүшесі, адам организмдегі ең үлкен без. Түрлі функцияларды орындайды. Бауырда оған асқазан ішек жолдарынан қанмен түсетін улы заттарды залалсыздандыру жүреді. Оның массасы үлкен адамда – 1500-1700 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет