Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет67/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152
med is neg 3k kz

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:

  • Организмге дәрілердін пероральдік түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі

  • ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері

  • Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау

  • Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері

  • Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері

  • Дәрігердің тағайындау кағазы

  • Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.

  • Пероральдік дәрілік заттардың жіктелуі

  • Пероральдік дәрілік заттарды қабылдаудың басылымдылғы және кемшіліктері

  • дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері:ауыз арқылы, тіл астына және тік ішекке.

  • Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері

  • Науқастардың дәрі қабылдауын бакылау.

Дәрі-дәрмек енгізудің ең көп тараған, қарапайым да ыңғайлы тәсілі оларды ішке қабылдау, яғни ішу. Ұнтақ дәрі, түйме дақ, пилюль, тамшы және микстура түріндегі дәрілерді ішеді. Олардың бәрі дерлік организмге жалпы, ал қарын-ішек жолына жиі әсер етеді. Дәріні қарын ішек жол тітіркендірмейтіндерінен (темір, мышьяк, йод) басқасын көбіне тамақтану алдында береді, ал тітіркендіретін дәрілерді тамақтан соң қабылдайды. Ұйықтатын дәріні жарты сағат бұрын, тәбет қоздыратын дәріні тамақтанудың алдында береді.
Бұл тәсілдің артықшылығы мұнда дәрі-дәрмек заттарды түрлі формада және зарарсызданбаған түрде қолданады, ал кемшілігі дәрі қарын ішек жолында баяу және түгелдей емес дерлік сіңіріледі, соған байланысты оның мөлшерін дәл анықтауға болмайды. Медбике науқастарға ауыз қуысы арқылы дәрі беру және тік ішек арқылы енгізу тәсілдерін жақсы меңгеруі қажет.
Ұнтақ дәріні қабылдағанда қағазын ашып, астауша сияқты формамен бүгіп, ішіндегісін науқас тіліне салады да, сумен жұтқызады. Егер дәрі қабықты немесе капсулада болса, науқас оны тілінің түбіне қойып, бір жұтым мол сумен жұтады. Егер науқас дәріні үлкен қабығымен жұта алмаса, оны аузында сулап, келесі жұтым сумен жұтады, ол асқазанға тез барып түседі. Түймедақты тұтастай жұта алмайтын науқасқа медбике оны ұнтақтап ішкізеді.
Дәрінің сулы ерітіндісі (микстурамен қайнатпа) 5,10,15,20 мг деген белгісі бар градуске бөлінген шағын стакандармен, ал үй жағдайында қасықпен беріледі: ас қасықтың орташа сыйымдылығы 15мл, десерт қасық 10мл, шай қасық 5мл. Спирт пен эфир тұрындылар, сол сияқты сұйық экстрактар тамшымен өлшенеді. Дәріні стаканға немесе пиалаға тамызадыда, үстіне су құяды. Өйткені спирт немесе эфир тұрындылар мен экстркатылары таза күйінде ішуге болмайды. Әрбір дәрі үшін тамызғыш керек.
Дәріні тіл астына салғанда, тез сіңіреді, тамақ қорыту ферменттерімен бұзылмайды және бауырға соқпай қанның жалпы айналысына түседі. Нитроглицеринді, валидолды және т.б. осылайша қабылдайды. Жұта алмайтын, құсып ес-түссіз, сандырқтап жатқан науқастарға дәрі дәрмек заттарын балауыз түрінде тік ішекке енгізеді, өйткені тік ішек көк тамыры кейбір дәрі дәрмек заттарды жақсы сіңіреді. Балауыздың формасы ұшы конус тәрізді цилиндр. Оны дәрмек препаратын салып араластыра отырып, какао майымен дайындайды. Балауызды тоңазытқышқа немесе салқын жерде сақтау қажет. Тік ішекке енгізілгеннен кейін балауыз ериді де, шырышты қабықты бүркеп тастайды. Балауызды дәрі-дәрмек заттар тек шырышты қабыққа немесе қанға сіңіріледі де организмге жалпы әсер етеді. Балауызды енгізу алдында тазалау клизмасын жасау қажет. Балауызды тік ішекке түгелімен енгізу үшін науқас екі аяғын ішіне тартып қырынан жатады. Медбике балауызды қабынан босатып, сол қолымен науқас құйымшағын екі жағына ажыратып, оң қолымен балауыздың үшкіл тік ішектің сыртқы сфинктерінен өткенше тығады, әйтпесе сфинктер бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде балауыз шығып қалуы мүмкін. Балауызды қолға ұзақ ұстап тұруға болмайды, себебі ол тез еріп кетеді. Балауыз енгізген соң науқас бірнеше мин жатады, ал содан кейін медбике оның бөкселерінің арасына мақта салады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет