Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет79/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   152
med is neg 3k kz

Қақырықты зерттеу .
Қақырықтың жалпы клиникалық анализі .
Мақсат:тынысалу жүйесінің ауруларын диагностикалау .
Анализ алуға көрсеткіш: тынысалу мүшелерінің және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары .
Қажетті заттар:мөлдір, таза кең мойынды шыны банка , жолдама , 5 хлорамин ерітіндісі , 2 бикарбонат натрий ерітіндісі ;
Процедураға дайындау және орындау .
1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру .
2.Жолдаманы толтыру, қақырықты жинау техникасына үйрету , яғни қақырықты қақырыну кезінде емес жөтелген кезде жинау .
3.Қақырықты жинауға 2 сағат бұрын азанда тісін жуу және қақырықты жинау алдында да ауыз қуысын жылы сумен шаю қажет .
4.Таза шыны баночкаға қақырықты жөтеліп жинау , 3-5 мл –ден аз болмауы қажет .
5.Лабораторияға қақырықты жолдамасымен жедел жеткізу .
Атипиялық клеткаға қақырықты тексеру .
Мақсат:атипиялық клеткаларды табу , диагностикалық .
Қақырықты атипиялық клеткаларға тексеру кезінде мынаны ескеру: бұл клеткалар тез бұзылады сондықтан жаңа бөлінген қақырықты тез арада лабораторияға жеткізу .Бронх бұтағының төменгі бөліктерінен қақырықты шығару үшін трипсиннің протеолитикалық ферментін ингаляция жасау арқылы шығару .
Қалталы түкіргішті дезинфекциялау .
Мақсат: инфекциялық қауіпсіздігін орнату.
Әдісі:

  • 5% хлорамин ерітіндісін қалталы түуіргішке оның 1\4 көлеміне дейін құю .

  • қалталы түкіргіштің 3\4 көлеміне дейін қақырықты жинауға ғана болады .

  • қалталы түкіргіштегі қақырықты тазарту үшін 4 сағатқа дезинфекциялық ерітіндіні құю .

  • қақырықты канализацияға ағызып жіберу .



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
Бөлімшелерде несеп, қақырықты зерттеуге жинауды үйрену
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет