ЖҰмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет12/30
Дата09.06.2016
өлшемі2.51 Mb.
#124848
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

Жағдайлық есептер:

  1. Жұқпалы аурулар жататын бөлiмге 30 жастағы М. атты науқас түстi, мынадай шағыммен дене температурасы 38-39ºС ке дейiн көтерiлген, басы ауырып, бұлшық еттерi ауырсынған, тамағы ауырған. Ауру 3 күнге созылады. Бiр апта бұрын көлге шомылып, су жұтып, тұншығып қалған. Объективтi түрде: бетi, көздiң шырышты қабаттары қызарған, брадикардия, гипотания. Бауыр және көк бауыр шамалы ұлғайған. Оң жағында катарлы тонзиллит. Оң жақтағы асты лимфа түйiндерi 5см-ге дейiн ұлғайған, шамалы ауырсынады.

Денсаулық сақтау мекемелерiнiң нәтижесi бойынша осы аумақта жыртқыштар арасында туляремияның эпизонасын бақылауда.

Алдын-ала қойылған диагноз: Туляремияның ангионозды бубонды түрi? Лабораториялық диагностикада қандай тәсiлдердi қолдану керек? Бактериялогиялық әдiс арқылы қоздырғыштың таза дақылын табуға мүмкiндiк болмады. Осыны қалай түсiндiруге болады? 0,1мл. Туляриндi терi астына жiберiп 48 сағаттан соң иньекция салған жерде 10 мм дейiнгi инфильтраттың пайда болғанын байқадық.

Терi аллергиялық сынаманың нәтижесiн қалай бағалауға болады? Қантамшы реакциясында агглютинацияға туляремия диагностикумын қосқанда тез арада оң болып шықты. Ол ненi бiлдiредi? Серодиагностикада тағы басқа қандай реакция жүргiзуге болады? Олардың диагностикасының титрi қандай?


  1. Басы ауырып, 39ºС-пен инфекциялық ауруханаға науқас ауырып түстi. Объективтi түрде: лимфа түйiндерi қатты ұлғайған, ауырсынады.Бұл науқас ауылдық обаға байланысты эпидемиялық зонасынан келген. Алдын-ала клиникалық диагнозы обаның бубонды формасы деп қойылды. Микроскоппен көргенде бубонның құрамынан биполярлы боялған сопақша келген таяқшаларды көрдiк. Уақытында эффективтi түрде эпидемияға қарсы шараларды қолдану үшiн бактериялогиялық келiсiм қажет. Зерттелетiн материал арнайы ыдысқа. Мартеннiң қоректiк агарына егiлдi. Егiлген қоректiк ортаны 25-28ºС бiр тәулiкке қойылды. Микроскоппен агарға қарағанда торлап тоқылған орамалға ұқсаған колониялар, ол сорпада мақта тәрiздi тұнбаның өскенiн байқадық. Идентификациялау үшiн қандай зерттеулер қажет, зерттеу кезiнде қандай тактикалық қате жiберiлген? Лабораториялық /диагностикада серологиялық реакциялар және экспресс-лабораториялық әдiстер қолданылады ма? Обаға қарсы емдеу және профилактика үшiн қандай препараттар қолданылады.

3. Дәрiгерге ауру адам басының ауырғанына, буын мен бұлшық еттерiнiң күнiне бiрнеше рет дiрiлдегiштiкке байланысты шағым жасады. Бауыры-ұлғайған. Ауру ет комбинатында жұмыс iстейдi. қойылған диагноз-Бруцеллез? Клиникалық диагнозда аурудан сарысуымен бiрге Райттың агглютинация реакциясы қойылған, оң нәтиже берген. Серологиялық реакцияның нәтижесiне қарап дұрыс жауап беруге болады ма? Неге бактериологиялық зерттеу барысында бруцеллез аз шығады? Бруцеллез ауруына қандай диагностикалық шаралар қолдануға болады. Емдеу үшiн қандай препараттар қолданылады.

Тесттер:

1. Оба таяқшасының ет-пептонды агардағы колониясының сипаты:



  1. сынған шыны тектес

  2. дөңгелек, дөңес, жартылай мөлдір

  3. дөңгелек, жалпақ, лайсаң

  4. жапырақ тәріздес, лайсаң

  5. жалпақ, сарғыш түсті

2. Спора түзуші зоонозды инфекция қоздырғышы:

  1. оба

  2. туляремия

  3. бруцеллез

  4. сібір күйдіргісі

  5. псевдотуберкулез

3. Диагностикасында Хеддельсон және Райт реакциялары қолданатын ауру:

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. Бруцеллез

  4. тырысқақ

  5. туляремия

4. Оба қоздырғышының түрлік белгісі ретіндегі патогенді факторы:

  1. Нейраминидаза синтезі

  2. Аденилатциклаза синтезі

  3. Фибринолизин синтезі

  4. Пестицин синтезі

  5. Эндогенді пурин синтезі

5. Антраксинмен аллергиялық теріішілік сынақ жүргізілетін ауру:

  1. оба

  2. сібір күйдіргісі

  3. туляремия

  4. бруцеллез

  5. псевдотуберкулез

6 .Сібір күйдіргісінің идентификациялаудағы кеңінен қолданатын әдіс;

  1. Пенициллин сынамасы

  2. Плазмокоагулазалық сынама

  3. Лецитиназалық сынама

  4. Тері-аллергиялық сынама

  5. КБР

7. Туляремияның генерализацияланған формасында алынатын зерттеу материалы.

  1. қан

  2. қақырық

  3. нәжіс

  4. зәр

  5. ірің

8. Оба қоздырғышының табиғи таратушысынан адамға тасмалдаушысы:

  1. шыбын

  2. бүрге

  3. маса

  4. бит

  5. кене

9. Сібір күйдіргісінде Асколи реакциясын жүргізу үшін алынатын зертеу материалы.



  1. қан

  2. зәр

  3. нәжіс

  4. өт

  5. мәйіт

10.Сібір күйдіргісінде Асколи реакциясын жүргізу үшін алынатын зертеу материалы.

  1. қан

  2. зәр

  3. нәжіс

  4. өт

  5. мәйіт

20



1. Тақырыбы: Коринебактерия, бордетелла, микобактерия тудырған тыныс алу жолдарындағы бактериялық аурулар. Жалпы сипаттамасы.Микроорганизмдердің патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою принциптері.

2. Мақсаты: Коринебактериялар, бордетеллалар, микобактериялар шақыратын аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Коринебактериялар, бордетеллалар, микобактериялар шақыратын аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дифтерия қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  2. Коринебактериялалардың биохимиялық активтiлiгiмен антигендiк құрылысы.

  3. Дифтерияның резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.

  4. Дифтерия қоздырғышының патогендiк факторлары.

  5. Дифтерияның патогенезi мен клиникасы, инфекциядан кейiнгi иммунитет. Оны бағалау әдiстерi.

  6. Дифтерия кезiнде микробиологиялық зерттеу қалай өткiзiледi?

  7. Дифтерияны емдеу және алдын алу.

  8. Коклюш және паракоклюштың қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  9. Бордотеллалардың биохимиялық активтiлiгi мен антигендiк құрылысы.

  10. Бордотеллалалардың резистенттлiгi мен эпидемиологиясы.

  11. Коклюш, паракоклюштың патогендiк факторлары.

  12. Коклюш, паракоклюштың , патогенезi, клиникасы, иммунитетi.

  13. Коклюштың микробиологиялық диагностикасы.

  14. Коклюшты емдеуі мен алдын алуы.

  15. Туберкулездің морфологиясы және тинкториялдық қасиетi.

  16. Туберкулез бактериялалардың дақылдау әдiстерi.

  17. Туберкулез микобактерияларының биохимиялық қасиетi және антигендiк құрылымы.

  18. Туберкулез микобактерияларының төзiмдiлiгi және эпидемиологиясы.

  19. Туберкулез қоздырғышының патогендiк факторлары.

  20. Туберкулез патогенезiнiң ерекшелiктерi.

  21. Туберкулез кезiндегi иммунитетің ерекшелiктерi.

  22. Туберкулез микобактерияларының бактериоскопиялық диагностикасының ерекшелiктерi.

  23. Туберкулездің емеуі мен алдын алуы.

  24. Лепра микобактериясының биологиялық ерекшелiктерi.

  25. Лепра ауруының патогенезi.

  26. Лепра кезiндегi иммунитеттiң ерекшелiктерi.

  27. Лепраның лабораториялық диотностикасының ерекшелiктерi.

  28. Лепраның алдын алу және емдеу.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.

2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.

3.Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006

4.Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006

Қосымша:


  1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007

  2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007

  3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007

  4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар. (Оқу әдістемелік құрал) .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.Амзеева. А.,2007

  5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007

  6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар боиынша оқу-әдістемелік құрал ( А.Л.Котованың ред.). А.,1997.

  7. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж.

  8. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

  9. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.

  10. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.

  11. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

  12. www.google.kz

Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).



4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7. Бақылау (тесттер, есептер.)

Жағдайлық есептер:

  1. Инфекциялық ауруханаға температурасы 39ºС, интоксикацияның симптомы бар/әлсiздiк, бас ауру, қалтырау/ бала түстi. Дифузиялы, гиперемия, миндалинаның үстi қалың, лайлы-сұр түстi жабындымен қапталған. Жүректiң соғуы сарын, тахикардия. Барлық мойын лимфатикалық түйіндерi ұлғайған. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Клиникалық диагнозды толықтыру үшiн материалға микроскопиялық зерттеу жүргiзiледi. /Леффлер, Грам бойынша боялған/ сонымен қатар сарысуына егiндi жүргiзiледi. Микроскопия терiс нәтиже бердi. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады. Сарысуда, майда орталыққа жиналған колония өсiп шықты. Клауберг ортасында радиальды сызығы бар сұр-қара түс түзедi. Содан соң сарысудан таза дақылды алу жүргiзiледi. Соңғы жауапта қалай қоюға болады? Дифтерияның қандай биологиялық құрамы коринебактериядан ерекшеленедi? Негiзгi лабораториялық зерттеуден кейiнгi сiздiн емдеу тактикаңыз? Қандай жолмен дифтерия ауруына профилактика жүргізіледі?

  3. 4-жастағы балада есiнен тану, субфебрильдi температура, құрғақ жөтел бар. 10 күндей ауырған. Соңғы 2 күнде бiрден спазматикалық жөтелдiң ұстамасы басталған. Қойылған диагноз “көкжөтел”, “Жөтел пластинкасы” әдiсi бойынша пенициллинi бар картофельдi-тлицериндi қанды агарға егiндi жасалған. 3 күннен соң 37ºС температурада ортаның жоғарғы бөлiгiнде өте майда тамшы тәрiздi жылтыр сұр колония пайда болған. Сулы, көтерiңкi, көп емес гемолиз зонасы бар. Жұғындыны микроскопиялағанда бұл колониядан Грам терiс таяқшалар табылған. Колония материалы көкжөтел сарысуымен оң агглютинация реакциясын бередi. Соңғы жауапта берiлгендер жеткiлiкті ме? қандай жағдайда серодиагностика қолданылады? Көкжөтел алдын алу мен емдеу үшiн қолданылатын препараттарды ата?

  4. Мектепте барлық балаларға /оқушыларға/ БЦЖ вакцинасын қайта егу/ревакцинация/ алдында терішiлiк Манту сынамасын жасады. Бiр балада сынама оң мағына бердi. Ревакцинация жасау керек пе?

  5. Ауруханаға 40 жасар науқас келдi. Оның шағымы: әлсiздiк, ентiкпе қақырықты жөтел, терлегiш 37-38ºС. Ауру 3 айға созылуда, 2 ай бұрын қамаудан шыққан. Объективтi көрiнiс, тәбетi нашар, акроцианоз, тахикардия. Оң өкпенiң жоғарғы жағынан ылғи да ысқырық, флюорограммада сол жерi қарайған. Алғашқы диагноз: оң өкпенiң туберкулезi. Ауру тубдиспансерге жiберiлдi. Ауру қақырығынан алынған жұғынды Циль-Нильсен әдiсi мен бояғанда микроскопияда қышқылға тұрақты таяқшалар табылмаған. Бұл ненi бiлдiредi? Флотация тәсiлiнiң көмегiмен алынған жұғындыны Циль-Нильсен бойынша бояғанда, жiңiшке әлсiз, бүгiлген қызыл таяқшалар табылды. Қандай қорытындыға келдiңiз?, Бактериоскопиялық тәсiлдiң диагностикалық қабiлетiн қалай жоғарылатуға болады?

  6. Ауруға туберкулинмен терi-аллергиялық байқау жүргiзiледi. 48 сағат өткен соң, диаметрi 5 см-ге жететiн гиперемия пайда болады. Диаметрi 12 см папула және лимфангиттің көрінісі байқалды, өткiзiлген байқаудың нәтижесi бағаланды. Қақырықты Левенштеин ортасына екенде, 37ºС инкубациялау нәтижесiнде 20 күннен кейiн сұр колониялар пайда болады. Осы колониялардан алынған жұғындыларды Циль-Нильсен тәсiлiмен бояғанда шоғырланып немесе жалғыз орналасқан, құрамында қара дәнi бар қызыл түстi таяқшалар табылды. Бөлiнген дақыл ЕПА-да және 22 ºС-да жұмыртқалы ортада өспедi, пигмент түзбедi, каталазды, уреазды және нитрат редуктауды активтiлiк көрсетпедi. Қоздырғышты идентификациялау үшiн осы тесттер жеткiлiктi ме? Туберкулездiң жылдам диагностикасын қалай жүргiзуге болады? Туберкулез ауруының арнайы алдын-алу және емдеу препараттарын атаңыз. Оң өкпенiң жоғарғы жағынын ылғи ысқырық естiледi. Флюрограммада сол жер қарайған. Алғашқы диагноз, оң өкпенiң туберкулезi. Ауру тубдиспансерге жiберiлген.

Тесттер:

1. Дифтерия қоздырғышының таза дақылын алуда қолданатын орта;



  1. Борде-Жангу ортасы

  2. Клауберг ортасы

  3. Левенштейн-Иенсен ортасы

  4. Эндо ортасы

  5. Сабуро ортасы

2. Ауыр интоксикациямен және көмейдің, трахеяның фибринозды кабынуымен сипатталатын инфекциялык ауру:

  1. микоплазмоз

  2. скарлатина

  3. коклюш

  4. дифтерия

  5. туберкулез

3. Жасушасында валютин дәндері шашырап орналасқан бактериялар:

  1. бордотеллалар

  2. бортонеллелар

  3. коринебактериялар

  4. микобактериялар

  5. микоплазмалар

4. Туберкулез қоздырғышының таза дақылын алуда қолданатын орта;

  1. Плоскирев ортасы

  2. Борде-Жангу ортасы

  3. Левенштейн-Иенсен ортасы

  4. Клауберг ортасы

  5. Сабуро ортасы

5. Сарысулы және калии телуриті бар Клауберг ортасында өсетін грам оң иілген таякшалар туғызатын ауру:

  1. скарлатина

  2. дифтерия

  3. коклюш

  4. туберкулез

  5. микоплазмоз

6.Жүрек бұлшык етіне, бүйрек үсті безіне, бүйрекке, нерв ганглияларына патогенді әсер ететін экзотоксин синтездейтін бактериялар туғызатын ауру;

  1. дифтерия

  2. микоплазмоз

  3. скарлатина

  4. коклюш

  5. туберкулез

8. Қоректік орталарда борпылдақ әжім тәрізді колония түзетін коздырғыштар:

  1. коринебактериялар

  2. бордотеллалар

  3. стрептококтар

  4. микобоктериялар

  5. микоплазмалар

9. Борде-Жангу ортасында өсетін бактериялар:

  1. стрептококтар

  2. бордотеллалар

  3. коринебактериялар

  4. микобоктериялар

  5. микоплазмалар

10. Манту реакциясы аркылы айқындалатын ауру:

  1. туберкулез

  2. дифтерия

  3. актиномикоз

  4. лепра

  5. коклюш

21



1.Тақырыбы: Сіреспе, ботулизм, алапес қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы. Микроорганизмдердің патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою принциптері.

2. Мақсаты: Газды гангрена, сіреспе, ботулизм аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Газды гангрена, сіреспе, ботулизм аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Клостридиялардың жалпы сипаттамасы.

  2. Сiреспе қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  3. Сiреспе қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.

  4. Сiреспе қоздырғыштарының резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.

  5. Сiреспе қоздырғышының патогендiлiк факторлары.

  6. Сiреспенiң патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.

  7. Сiреспенiң микробиологиялық диагностикасы.

  8. Сiреспені емдеу, арнайы алдын алу.

  9. Газды гангренаны тудыратын клостридиялалардың морфологиясы мен дақылдық қасиеттерi.

  10. Газды гангренаны қоздырғыштарының биохимиялық қасиетi мен антигендiк құрылымы.

  11. Газды гангрена қоздырғыштарының патогендiлiк факторлары.

  12. Газды гангренаның патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.

  13. Газды гангренаның лабораториялық диагностикасы.

  14. Газды гангренаны емдеу және алдын- алу.

  15. Ботулизм қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  16. Ботулизм қоздырғышының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.

  17. Ботулизмнiң резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.

  18. Ботулизм қоздырғышының патогендiк факторлары.

  19. Ботулизмнiң патогенезi, клиникасы және иммунитетi.

  20. Ботулизмнiң микробиологиялық диагностикасы.

  21. Ботулизмдi емдеу және алдын- алу.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.

2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.

3.Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006

4.Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006

Қосымша:


  1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007

  2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007

  3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007

  4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар. (Оқу әдістемелік құрал) .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.Амзеева. А.,2007

  5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007

  6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар боиынша оқу-әдістемелік құрал ( А.Л.Котованың ред.). А.,1997.

  7. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж.

  8. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

  9. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.

  10. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.

  11. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

  12. www.google.kz

Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).


  1. Бақылау (тесттер, есептер және т.б)

Жағдайлық есептер:

Ауруханаға М.деген жол апатынан зардап шеккен адамды алып келді.

Объективті: жанбасында топырақпен, жыртылған киімнің қалдығымен ластанған жарақат бар. Ауруханада көрсетілген көмекке қарамастан екі тәуліктен соң ауыр интоксикациямен бірге жарақат өсіп, кызарып кетті, Журақатты скальпелмен ашқанда, айқын газ бөліне бастады.

Сіздің іс әрекетіңіз?

Науқасты емдеу үшін не істейсіз?

Нуқас ауруханаға аппаттан соң бірнеше сағаттан кейін алып келген, сондықтан хирургиялық көмек уақтылы жүргізілмеген.

Науқас алғашқы келген кезде қандай қателіктер жіберілген?

Жарақаттан бөлінген некроздалған ұлпадан жұғынды дайындап Грам әдісімен бояп, микроскоп арқылы көргенде, үлкен, грам оң, капсуласы бар тяқшалар анықталды.

Зерттелетін материалды 30 мин 80ºС та спора түзбейтін бактерияларды жою үшін қыздырып Китта-Тароцци, Вильсон-Блер орталарына және сүтке еккен кезде:


    1. Сүт 4 сағаттан соң ұйып, арасында газбен сұйықтық пайда болды.

    2. Бір тәуліктен соң Китта-Тароцци ортасы лайланып, газ пайда болды.

    3. Вильсон-Блер қарайып, агардың жағындысы газдың әсерінен бірнеше жерден жарылып кеткен.

    4. Қоректік орталардан алынған жұғындыдан, грам оң үлкен таяқшалар анықталды

Диагноз қою үшін осы мәлметтер жеткілікті ме?

Бұл жағдайда экспресс-диагностика қолданамыз ба?

Дақылдың токсигенділігі немен анықталады?

Қандай препараттар ұсынасыз?

Ауруды алдын алу үшін қандай биологиялық препараттар колданады?


  1. Трамватология болімшесіне жол апатына ұшыраған науқас жеткізілді.

Сіздін іс-шараңыз?

  1. Ауруханаға асқазанның ауруымен, жүрегінің айнуымен, басының ауруымен науқасты алып келді. Кеше кешке ет консервісін жегенін айтты.

Қандай зерттеу материалын алу керек? Қандай көмек көрсету керек? Қандай диагноз қоясыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет