ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ,БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
''БЕКІТЕМІН''
ОӘжТЖ проректоры,
м.ғ.д., М.У. Анартаева
___________________
«_____» _______2013 ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2210
Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі (кредит) 225/5
Курс 2 Оқу семестрі III-IV
Шымкент 2013 ж.
Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы №3а_22 ақпан ______ Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына арналған микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Жұмыс бағдарламасы биохимия,биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі,м.ғ.к., _____________ Есиркепов М.М.
хаттама №______ «___» ____ ____ 2013ж.
Жұмыс бағдарламасы химия фармацевтикалық пәндер жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Төрағасы х.ғ.д.,проф. ______________________ Патсаев А.К.
хаттама №______ «____» ________ 2013ж.
Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ның Әдістемелік Кеңесінде талқыланды
«_______» __________ 2013 ж хаттама №_______
2.Бағдарлама:
2.1 Кіріспе. Микробиология базалық пән ретінде білуі әрбір дәрігерге, әр бір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.
Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы микроорганизмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғышының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.
Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекцияларды төмендету және жою, олардың арнайы сақтандыру мен терапиясы.
2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде экожүйедегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.
2.3 Міндеттері:
-
патогенді және шартты- патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы- генетикалық);
-
табиғатта (макроэкология) микроорганизмдердің таралуы және олардың жұқпалы аурулар тудыруындағы маңызды ролі туралы білім қалыптастыру;
-
жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен. Нормафлора (микроэкология) және оның дисбактериоз дамуына маңызы;
-
заманауи микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістерін емдеу-профилактикалық мекемелер тәжірибесінде қолдануы туралы білім қалыптастыру;
-
кең таралған микробты табиғаты бар аурулардың типті зертханалық диагностика әдістерін, қоршаған орта обьектілерінен микробты анықтау әдістерін үйрету;
-
қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін үйрету;
-
биопрепараттар дайындау үшін микроорганизмдерді қолдану туралы білім беру;
-
аурудың даму механизмдері (ауру патогенезі) және олардың алдын алу жолдары мен емдеу туралы қазіргі заманғы білім қалыптастыру.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент
білуі тиісті:
-
пәннің мақсатын, міндеттерін және келешек мамандыққа олардың алатын ролін;
-
микробиология және иммунологияға қарасты экожүйенің қызметін атқару заңдылықтарын: микроб-адам-қоршаған орта;
-
микробты табиғаты бар микроорганизмдердің ролін және олардың микробиологиялық диагностикасын;
-
қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық тестілеу әдістерін және олардың микробиологиялық қауіпсіздік тұрғыдан бағалау;
істей алуы тиісті:
-
микробтық табиғаты бар аурулардың диагностикасы және қоршаған орта обьектілерінен санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдерді анықтау үшін стандартты микробиологиялық зерттеу әдістерін қолдануын;
-
микробиологиялық зерттеу қорытындыларын интерпретация жасауын;
-
клиникалық-микробиологиялық, санитарлық-микробиологиялық және санитарлық-вирусологиялық зерттеулер үшін материал алу және жолдама құжаттарын толтыру;
-
жұқпалы аурулар эпидемиясы дамуының күдік туған жағдайда микробиологиялық қауіпсіздік туралы білімін қолдану;
дағдыларын меңгеруі тиісті:
-
тексеру материалын алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу;
-
микроскопиялық зерттеу әдісін жүргізу.
2.5 Реквизитке дейінгі: химия, экология, биохимия, молекуляры биология және медициналық генетика, физиология, гистология.
2.6 Реквизиттен кейінгі: жалпы гигиена, эпидемиология,жұқпалы аурулар, қоршаған орта және денсаулық, тағам гигиенасы.
2.7 Тақырыптық жоспары:
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Сабақтың ұзақтығы
(сағат)
|
|
№ 1 кредит
|
|
|
1
|
Кіріспе дәріс. Микробиология пәні мен міндеттері. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері.
|
Ақпараттық
|
1
|
2
|
Бактериялық клетканың морфологиясы, құрылысы және химиялық құрамы.
|
Мәселелік
|
1
|
3
|
Микроорганизмдердің өсіп-көбеюі. Микроорганизмдердің өсу факторлары.
|
Ақпараттық
|
1
|
4
|
Жалпы вирусология. Вирустардың қазіргі заманғы жіктелу принциптері. Вирионның құрылысы және химиялық құрамы.
|
Ақпараттық
|
1
|
5
|
Вирустардың физиологиясы мен биохимиясы. Вирустық инфекцияларға зертханалық диагноз қою. Бактериофагтар
|
Ақпараттық
|
1
|
6
|
Дезинфекция, стерилизация, антисептика және асептиканың микробиологиялық негіздері.
|
Мәселелік
|
1
|
7
|
Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы-биологиялық негіздері. Антибиотиктер. Бактериялардың дәрілерге төзімділік механизмдері.
|
Мәселелік
|
1
|
8
|
Микроорганизмдердің генетикасы. Жұқпалы аурулар диагностикасының молекулярлы генетикалық әдістері.
|
Ақпараттық
|
1
|
Жалпы сағаты: 8
|
№2 кредит
|
1
|
Адамның қалыпты микрофлорасы және оның биологиялық ролі. Оппортунистік микроорганизмдер.
|
Ақпараттық
|
1
|
2
|
Дисбактериоз. Дисбиоздық жағдайдың зертханалық диагностикасы және коррекция әдістері.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Инфекция туралы ілім. Инфекциялық процестің сипаттамасы. Микроорганизмдердің патогенділігі және вируленттілігі. Вирустардың жұқпалылығы. Инфекция түрлері және олардың сипаттамасы.
|
Мәселелік
|
1
|
4
|
Иммунология. Иммунитет түрлері және механизмдері
|
Мәселелік
|
1
|
5
|
Организмнің бейспецикалық қорғаныс факторлары. Антигендер мен антиденелердің жалпы сипаттамасы. Микроорганизмдердің антигендері. Иммуноглобулиндер кластары. Иммундық жауаптың түрлері.
|
Ақпараттық
|
1
|
6
|
Антиген-антидене реакцияларының жалпы сипаттамасы, механизмдері, қорғаныс ролі және қолдану мақсаты. Антигендер мен антиденелердің өзара байланысу теориялары.
|
Ақпараттық
|
1
|
7
|
Иммунопрофилактика мен иммунотерапияның теориялық негіздері.
|
Ақпараттық
|
1
|
Жалпы сағаты: 7
|
№3 кредит
|
1
|
Жеке микробиологияның мақсаты мен міндеттері. Клиникалық-диагностикалық микробиологиялық зерттеу әдістері. Шартты-патогенді коктар (стафилакоктар, стрептококтар).
|
Презентация
|
1
|
2
|
Асқазан-ішек жолдары ауруларының қоздырғыштары (эшерихиоз, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, тырысқақ).
|
Презентация
|
1
|
3
|
Зоонозды инфекциялардың (оба, туляремия, бруцеллез, сібір түйнемесі, лептоспироз) қоздырғыштары.
|
Презентация
|
1
|
4
|
Тыныс алу ауруларының респираторлы жүйесінің қоздырғыштары (күл, дифтерия, туберкулез).
|
Презентация
|
1
|
5
|
Ауруханаішілік инфекциялар.
|
Презентация
|
1
|
Жалпы сағаты: 5
|
№4 кредит
|
1
|
Спирохетоздар қоздырғыштары (мерез, қайтымды сүзек, лептоспироз)
|
Презентация
|
1
|
2
|
Транмиссивті инфекциялар қоздырғыштары. Риккетсиоздар қоздырғыштары. Урогенитальды инфекциялар қоздырғыштары: (хламидиоз, микоплазмоздар).
|
Презентация
|
1
|
3
|
Анаэробты инфекция қоздырғыштары(сіреспе, газды гангрена, ботулизм)
|
Презентация
|
1
|
4
|
Тыныс алу жүйесінің вирустық ауруларының қоздырғыштары(ортомиксовирустар,
парамиксовирустар, аденовирустар)
|
Презентация
|
1
|
5
|
Асқазан-ішек жолдарының вирустық ауруларының қоздырғыштары (энтровирустар, ротовирустар, гепатит вирустары, паротит, цитомегаловирустар).
|
Презентация
|
1
|
6
|
АИВ - инфекциясы
|
Презентация
|
1
|
Жалпы сағаты: 6
|
№ 5 кредит
|
1
|
Санитарлық микробиологияның пәні. Санитарлы-микробиологиялық зерттеулер міндеттері және мазмұны. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер туралы ілім.
|
Мәселелік
|
1
|
2
|
Санитарлық-микробиологиялық зерттеулер әдістері. Судың санитарлық микробиологиясы. Ауаның және жиhаз заттарының санитарлық микробиологиясы.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Тағам өнімдерінің санитарлық микробиологиясы .Тағам өнеркәсібіндегі микроорганизмдердің ролі.
|
Ақпараттық
|
1
|
4
|
Тағамдық инфекциялар, тағамдық уланулар, токсикоинфекциялар. Этиологиялық құрылымы, санитарлық-микробиологиялық зерттеу принциптері.
|
Ақпараттық
|
1
|
Жалпы сағаты: 4
|
Барлығы: 30 сағат
|
Достарыңызбен бөлісу: |