Жұмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет4/196
Дата16.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455436
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
palliativ med kz

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі қажет:

  • Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құжаттарды;

  • Қызметкердің өз мамандығы бойынша атқаратын қызметі мен міндетін анықтаушы құжаттар.

  • Медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмекті көрсетуші мекемелердің талаптары.

  • «Мейірбике ісі» мамандық біліктілігінің мінездемесі.

  • Мейірбикелік үрдістің кезеңдеріне негіздей отырып науқастарға мейірбикелік күтімді ұйымдастыру.

  • Медициналық этика мен деонтология негіздерін;


Студент істей білуі қажет:

  • Нормативті - түпнұсқалық құжаттармен жұмыс жасауды;

  • Есеп-тіркеу құжаттарының бекітілгенін жүргізуді;

  • Мейірбикелік үрдіс және науқас күтімінің негізгі этаптарының құжаттарын;

  • Дәрілік заттар бөлмесі: стерильді, құрал- жабдықтар тану материалдарымен, арнайы медициналық киімдермен жабдықталуы тиіс;

  • Дәрі- дәрмектер шығыны, таңу материалдар, құрал жабдықтарды арнайы тіркеу бланкісіне тіркеуді жүргізуді;

  • Медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы мен сақталуын бақылау;

  • Науқастың жеке қажеттіліктері мен сұрақтарын есепке ала отырып, науқасқа білікті күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік үрдісті іске асыруды мейірбике білуі қажет;

  • Өкілеттік және дәрігердің тағайындаулары бойынша өзінің кәсіби- қызметтік нұсқауына сәйкесінше диагностикалық, емдік, реанимациялық, оңалту, алдын-алу, емдеу- сауықтыру, санитарлы- гигиеналық, санитарлы - ағартуды орындауды;

  • Өзінің жұмысын және әріптестерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

  • АИВ инфекциясын емдеу шараларын анықтау, АҚТҚ-ны регламенттеуші және туберкулезге қарсы медициналық қызметтердегі негізгі нормативті құжаттарды жүргізуді;

  • Туберкулезді, АИВ жұқтырудағы мамандандырылған емдеу жүргізудегі әмбебеп өлшеуді;

  • Сарапталған шешімдерді қабылдау және ситуациялық қиындықтардан шығу жолын табуды;

  • Науқастың жалпы жағдайы жөніндегі ақпаратты оның туыстарына сауатты және тиянақты түрде жеткізуді;

  • Жұмыс уақытын ұтымды етіп бөлуді;

  • Мейірбикелік манипуляцияны сапалы орындауды;

  • Науқасқа және оның туысқандарына күтім жасау элементтерін оқытуды;

  • Науқастың өтінішін құрметпен және нақты орындау қажет;

  • Науқасқа және оның отбасына ауру барысында және өлімнен кейін психологиялық қолдау көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет