ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет1/16
Дата18.07.2016
өлшемі1.08 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
«Бекітемін»

Оқу – әдістемелік және

тәрбие жұмысы

бойынша проректоры, м.ғ.д.

_______________ Анартаева М.Ұ.

«_____»________________2013 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Паллиативті медицина»

Код:

Мамандық: 051101 - «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының көлемі – 90 сағат (2 кредит)

Курс: 4

Cеместр: 7


Шымкент, 2013 ж.

«Паллиативті медицина» элективті пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» -051101- мамандығына арнап ҚР денсаулық сақтау министірлігінің 2006.01.12. №582 бұйрығымен бекітілген МЖМБС- на негізделіп құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде талқыланды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ м.ғ.к. доцент А.Ә.Әлдешев.

ОҚМФА клиникалық Пәндердің Әдістемелік Комиссиясында талқыланды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013ж.
Төрағасы ______________________ м.ғ.к. доцент Туртаева А.Е.

Орталық Әдістемелік Кеңесте талқыланды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013ж.

2.Бағдарлама

2.1. Кіріспе.

«Паллиативті»латын тілінен алынған «pallium»- «бет перде» немесе« жамылғы» деген мағынаны білдіреді. Хоспис деген- сөз ескі франсуз тілінен алынған , ағылшын тілінде «қонақжайлылық» деген мағынаны білдіреді.Бұл термин 6-шы ғасырда дем алатын орын деген мағынаны білдірген.

Паллиативті көмек – (palliative care - WHO 2002) созылмалы және ұзақ ауырған науқастарға белсенді және жан-жақты көмек көрсету, яғни ауырсыну симптомын басу және психологиялық, социальды, рухани мәселелерді шешу.

Паллиативті медицина - (palliative medicine) аурудың терминальды сатысында медициналық көмек көрсетудің ерекше түрі және өмір сапасын жақсарту


2.2. Пәннің мақсаты: науқастардың және оның жанұясыныңөмір сүру сапасын жақсарту,ауруды ерте анықтау, дұрыс бағалау, физикалық, психикалық, рухани ауырсынуды болдырмау.
2.3. Міндеттері:

  • ЕПҰ және үйде созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға, АИВ-мен инфицирленген, неврологиялық және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға паллиативті көмек көрсетуді ұйымдастыру;

  • Үй жағдайындағы мүгедектер мен қарт адамдарға паллиативті көмекті ұйымдастыру: құжаттарын дайындауға көмектесу, кір жуу, үйін жинау, ас дайындау.

  • Психоневрологиялық интернатта күтімі бойынша көмек ұйымдастыру: санитарлы – гигиеналық емшара, тамақтандыру, серуендеу кезінде көмек көрсету. Балалар мүгедек үйінде көмекті ұйымдастыру:тамақтандыру кезінде көмек.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі қажет:

  • Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құжаттарды;

  • Қызметкердің өз мамандығы бойынша атқаратын қызметі мен міндетін анықтаушы құжаттар.

  • Медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмекті көрсетуші мекемелердің талаптары.

  • «Мейірбике ісі» мамандық біліктілігінің мінездемесі.

  • Мейірбикелік үрдістің кезеңдеріне негіздей отырып науқастарға мейірбикелік күтімді ұйымдастыру.

  • Медициналық этика мен деонтология негіздерін;


Студент істей білуі қажет:

  • Нормативті - түпнұсқалық құжаттармен жұмыс жасауды;

  • Есеп-тіркеу құжаттарының бекітілгенін жүргізуді;

  • Мейірбикелік үрдіс және науқас күтімінің негізгі этаптарының құжаттарын;

  • Дәрілік заттар бөлмесі: стерильді, құрал- жабдықтар тану материалдарымен, арнайы медициналық киімдермен жабдықталуы тиіс;

  • Дәрі- дәрмектер шығыны, таңу материалдар, құрал жабдықтарды арнайы тіркеу бланкісіне тіркеуді жүргізуді;

  • Медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы мен сақталуын бақылау;

  • Науқастың жеке қажеттіліктері мен сұрақтарын есепке ала отырып, науқасқа білікті күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік үрдісті іске асыруды мейірбике білуі қажет;

  • Өкілеттік және дәрігердің тағайындаулары бойынша өзінің кәсіби- қызметтік нұсқауына сәйкесінше диагностикалық, емдік, реанимациялық, оңалту, алдын-алу, емдеу- сауықтыру, санитарлы- гигиеналық, санитарлы - ағартуды орындауды;

  • Өзінің жұмысын және әріптестерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

  • АИВ инфекциясын емдеу шараларын анықтау, АҚТҚ-ны регламенттеуші және туберкулезге қарсы медициналық қызметтердегі негізгі нормативті құжаттарды жүргізуді;

  • Туберкулезді, АИВ жұқтырудағы мамандандырылған емдеу жүргізудегі әмбебеп өлшеуді;

  • Сарапталған шешімдерді қабылдау және ситуациялық қиындықтардан шығу жолын табуды;

  • Науқастың жалпы жағдайы жөніндегі ақпаратты оның туыстарына сауатты және тиянақты түрде жеткізуді;

  • Жұмыс уақытын ұтымды етіп бөлуді;

  • Мейірбикелік манипуляцияны сапалы орындауды;

  • Науқасқа және оның туысқандарына күтім жасау элементтерін оқытуды;

  • Науқастың өтінішін құрметпен және нақты орындау қажет;

  • Науқасқа және оның отбасына ауру барысында және өлімнен кейін психологиялық қолдау көрсету.

Машықтарды меңгеруі қажет:

  • науқастың функциональдық жағдайын бағалау әдісі (пульсті, дене қызуын, тыныс алу жиілігін, антропометрия, қан қысымын өлшеу, тәуліктік диурез және су балансын есептеу);

  • зертханалық зерттеулерге қан, зәр, нәжіс, қақырықты алу және жүргізу техникасын;

  • қарапайым жүрек – өкпе реанимациясын жүргізе білу.


2.5 Реквизитке дейінгі: Морфологиялық пән, терапия бакалавриат

2.6 Реквизиттен кейінгі: Әлеуметтік медицинадағы қоғамдық денсаулық.
2.7. Сабақтың тақырыптық жоспары:

2.7.1. Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары.

1 кредит






Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

1

Паллиативті медицина туралы түсінік, анықтамасы, даму тарихы.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

2

Паллиативті медицинаны ұйымдастыру ерекшелігі.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

3

Паллиативті медицинадағы этика және деонтология.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

4

Паллиативті медицина аспектілері.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

5

Паллиативті көмекті қажет ететін науқастардың категориясы.

Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

6

Жазылмайтын, өршімелі, белсенді ауруларды емдеу және командалық күтім.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

7

Науқастардың және олардың жанұяларының өмір сапасын жақсарту, ауруды анықтау, бағалау, өміріне қауіпті жағдайда ауруды анықтау, бағалау.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



2

8

Науқас жағдайын бағалау және паллиативті көмектің тактикасын анықтау. Паллиативті медицинада симптом мен синдромдарды бақылау.


Кіші топтармен жұмыс.

Тәжірибелік сұрақ-жауап



1




Барлығы:




15



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет