ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет13/16
Дата18.07.2016
өлшемі1.08 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Ситуациялық есептер:
1. Науқастың мәселесін анықтаңыз, әрбір мейірбикелік араласу мотивациясының басым сипаттағы мәселесі бойынша мейірбикелік күтім жоспарын құрыңыз және мақсатын тұжырымдаңыз.
2 Науқаспен тілдескенде тезис жоспарын құрыңыз.
3. 20% бензилбензоат ерітіндісімен өңдеу кезінде мейірбикенің әсер ету алгоритмын құрыңыз.
5 сабақ

1. Тақырыбы: Хоспистік қызметтің негізгі қағидалары.
2. Мақсаты: студенттерді хоспис жұмысының қағидаларымен, ауырсынуды жеңілдету, ісік ауруларының кешкі сатысының дамуымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:

- хоспис көрсеткішінің негізгі қағидалары.

- науқастың күйзелісі мен ауырсынуын жеңілдету

- туыстарын алдағы уақытта жоғалтумен байланысты науқас отбасына қолдау көрсету

- медициналық көмек көрсеткішінің рухани және психолгиялық аспектілерін есептеу

- үйде, ауруханада, хосписте паллиативті көмек көрсетуге болады.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Хоспистің негізгі қағидалары?

2. хоспис түрлкрінің қызмет ету мекемелерін ұйымдастыру

3. Хоспис тарихының шығуы

4. Хоспис алды тағайындауларын және жұмысын ұйымдастыру

5. Хоспис жұмысында әлеуметтік жұмысшылардың рөлі

6. Хоспис қызметінің мақсаты мен міндеттері
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, сабақты ми шабуылы және топтық – бағытталған оқыту әдістері бойынша жүргізу;

- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар операциялық блокта, таңу бөлмесіндегі инфекционды бақылау жұмысын талқылайды және осыны басқа топтарға презентация түрінде таныстырады).

- ситуациялық есептерді шешу

- тақырыптың негізгі тесттерін шешу


6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Л.В.Козлова,С.А.Козлов,Л.А.Семененко « Основы реабилитологии» Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс 2005 475с.

2.В.А. Епифанов « Медицинская реабилитология» Руководство для врачей М 42 М.: Медпресс-информ 2005 – 328с.

3.А.С. Медведев « Основы медицинской реабилитологии» Минск. Белорусская навука 2010 – 435с.

4. В.А. Епифанов « Лечебно-физическая культура и спортивная медицина» М. Медицина 1999



Қосымша:

1.С.А.Мухина,И.И.Тарновская ≪Основы сестринского дела≫ Учебное пособие.-М;Родник, Москва. 2002 -352 с.

2.Галкин Р.А.,Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара,1998.-360с.

3.Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии,М.,2000

4.Шевченко А.А.Клинический уход за хирургическими больными.Учебное пособие.-М.,2008.-412 с.

7. Бақылау:

ТЕСТТЕР:

1. Хоспис ... көмек көрсетеді.


а) емі жоқ науқастарға
б) ауруларға

в) мүгедектерге

г) балаларға

д) жауап жоқ


2. Хосписте негізгі мекендеу мақсаты:

а) күйзелісті жеңілдету, өмірінің соңғы күндерін ажарландыру

б) алдын ала оқыту

в) науқасқа амбулаториялық және стационарлық көмекті қамтамасыз ету

г) науқасқа психологиялық және медико – әлеуметтік көмектің жиынтығы

д) жауап жоқ


3. Хоспис ... қамтамасыз етеді:


а) науқасқа амбулаторлы және стационарлы көмекті
б) күйзелісті жеңілдету, өмірінің соңғы күндерін ажарландыру
в) алдын ала оқыту
г) науқасқа психологиялық және медико – әлеуметтік көмектің жиынтығы
д) жауап жоқ

4. Ісік аурулары үшін профилді хоспис ашылды:

А) 1903ж 8 қараша

Б) 1898ж 12 ақпан

В) 1903 ж

Г) 1990 ж

Д) 1897
5. «Балалар онкологиялық аурулары үшін үй жағдайындағы хоспис» кітабының авторы:

А) Е. И. Моисеенко

Б) Н. Н. Блохина

Г) Александра Ткаченко.

Д) С.О. Ключников,

Е) А.А. Сонькина


6. Латынша «палиативті» сөзі - «pallium» ... мағынаны білдіреді.

А) «жапқыш, жабылған, жабылатын»

Б) аурухана

В) мейірбикелік күтім

Г) науқас күтімі

Д) өліп бара жатқан науқас

7. Балалар хосписы пайда болды:

А) 1982 ж.

Б) 1903ж


Г) 2006ж

Д) 1852ж


Е) 1520ж

8. « Өлім халінде жатқандардың және науқастардың күтімі» кітабының авторы:

А) Альфред Ворчестер

Б) Н. Н. Блохина

Г) Александр Ткаченко.

Д) С.О. Ключников

Е) А.А. Сонькина

9. Хоспис өзіне әлеуметтік жұмысты қосады:

А) күтім

Б) тамақтануды ұйымдастыру

В) медициналық, құқықты, әлеуметтік- психологиялық көмек түрлерін қабылдау әсері

Г) барлық жауап дұрыс


10. Хоспистің негізгі тапсырмалары:

А) инкурабелді науқастарға медициналық және әлеуметтік қызмет

Б) туберкулездің белсенді формасында науқастарды қабылдау

В) тері аурулары бар науқастарды қабылдау

Г) жіті жұқпалы ауруларды қаьылдау

Д) жауап жоқ


Ситуациялық есептер:
1. Науқас жазбаша түрде емдеу мекемесінде контрацепция мақсатымен оған стерилизация жүргізуін сұранды. Дәрігер осындай операцияны жүргізуге құқықты ма?
2. 14 жастағы қыз қалалық аурухананың 2 ай мерзімдегі жүктілер үшін құрылған акушерия бөлімшесіне келіп түсті. Оны білген қыз түсік жасауын сұранды және дәрігерден дәрігерлік құпияны сақтауды сұрады. Емдеуші дәрігер қандай іс- әрекет жасауы тиіс?
3. Кешкі мезгілде баланы автомашина соқты, бұл жағдай онкологиялық аурухананың жанында болады, жүріп бара жатқан адам дәрігерге жүгіріп барды. Кезекші дәрігер егу бөлмесінде болды, болған жайды мейірбикеден естігенде, оған жедел жәрдемге хабарласуын бұйырды. Балаға қандай көмек қажет екендігімен қызықпай әрі қарай жұмысын жалғастырды. Оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?

6 сабақ
1. Тақырыбы: Хоспистегі науқастардың азаптануына алып келетін себептердің жиынтығы.

2. Мақсаты: хосписте науқасты азаптануға алып келетін себептерді анықтау. Тақырыппен танысқан студент паллиативті көмек қажеттілігінен пайда болатын ауруларды және дәрменсіз науқастардың инфекция дамуының алдын алу қағидаларын білуі тиіс.
3. Оқыту мақсаты:

- барлық кезеңде науқастарда ауру дамуының мәселесін анықтау;

- науқас қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тепе – тең мейірбикелік күтім;

- науқасқа және оның отбасына психологиялық қолдау көрсету;

- төсек қалпының қауіпсіздігін, орын ауыстыруын, ауыр халдегі науқастарға гигиеналық егулерді жүргізуді ұйымдастыру;

- тері қышуында, ойық жара кезінде науқасқа көмек көрсету ;

- ауыр халдегі науқастардың күтіміндегі сұрақтар бойынша науқасқа және оның туыстарына кеңес беру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Хоспис құрамына қандай құрылымды бөлімше кіруі мүмкін?

2. Хосписте науқастарды госпитализациялау қандай көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады?

3. Хоспистің өзінің қызметі қандай қағидаларымен басқарылады?

4. Хосписте мейірбике жұмысшыларының ұйымдастыру қызметінің ерекшелеу қорытындысы неде?

5. Хосписте валентерлер қызметінің қорытындысы неде?

6. Хоспистен басқа, қандай мекемелерде паллиативті көмекті көрсетуге болады?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, сабақты ми шабуылы және топтық – бағытталған оқыту әдістері бойынша жүргізу;

- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар операциялық блокта, таңу бөлмесіндегі инфекционды бақылау жұмысын талқылайды және осыны басқа топтарға презентация түрінде таныстырады).

- ситуациялық есептерді шешу

- тақырыптың негізгі тесттерін шешу


6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Л.В.Козлова,С.А.Козлов,Л.А.Семененко « Основы реабилитологии» Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс 2005 475с.

2.В.А. Епифанов « Медицинская реабилитология» Руководство для врачей М 42 М.: Медпресс-информ 2005 – 328с.

3.А.С. Медведев « Основы медицинской реабилитологии» Минск. Белорусская навука 2010 – 435с.

4. В.А. Епифанов « Лечебно-физическая культура и спортивная медицина» М. Медицина 1999



Қосымша:

1.С.А.Мухина,И.И.Тарновская ≪Основы сестринского дела≫ Учебное пособие.-М;Родник, Москва. 2002 -352 с.

2.Галкин Р.А.,Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара,1998.-360с.

3.Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии,М.,2000

4.Шевченко А.А.Клинический уход за хирургическими больными.Учебное пособие.-М.,2008.-412 с.
7. Бақылау:

ТЕСТТЕР:

1. Хоспистің негізгі міндеттері мен функциялары:

А) инкурабелді науқастарға әлеуметтік және медициналық қызметтің жаңа формасын құру

Б) науқастың терминалды жағдайында науқасқа стационарлы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және оларға үй жағдайында медициналық көмекті жақсарту

В) науқастың терминалды жағдайында симптоматикалық емді жүргізу, психотерапиялық және дәстүрлі әдістерді қолдануда білікті күтімді ұйымдастыру

Г) ауырсынуды басатын терапияны жүргізу және іріктеу қажет

Д) барлық жауап дұрыс
2. Хоспис бұл :

a) өлім халіндегі науқастарға арналған мекеме

b) емі жоқ ауруларға арналған медициналық мекеме

c) санаторлы-курортты медициналық мекеме

d) поликлиникалық бөлімше

e) күндізгі стационар


3. « Өліп бара жатқан және науқастардың күтімі» кітабының авторы:

А) Альфред Ворчестер

Б) Н. Н. Блохина

Г) Александр Ткаченко.

Д) С.О. Ключников,

Е) А.А. Сонькина


4. Қойылған тапсырмамен сәйкес келетін бөлімщедегі мейірбикелік күтім жүзеге асырылады:

А) науқастарды және егде жастағыларды ауру профиліне және олардың жағдайының ауырлығына байланысты қабылдау және орналастыру

Б) ауырсынуды басатын терапияны жүргізу және іріктеу қажет

Г) дәрігердің тағайындауымен сәйкес келетін диеталық тамақтану

Д) ақпаратты қабылдау

Е) барлығы дұрыс


5. Үй жағдайында мейірбикелік күтіммен қамтамасыз ету:

А) алғашқы шұғыл және жедел көмек

Б) ауырсынуды басатын терапияны жүргізу және іріктеу қажет

Г) қауіпті және созылмалы аурудан зардап шеккен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмек көрсету

Д) барлық жауап дұрыс

Е) жауап жоқ


6. Хоспистің функционалды құрылымы, мейірбикелік күтім үйі келесі негізгі топтар қосылады:

А) орындардағы вестюбилді топтар

Б) қызметті-тұрмысты орын

В) көшпелі қызмет орыны

Г) тамақ дайындау қызметі орыны

Д) шаруа қызмет орны
7. Хосписте ... жұмыс жасайды.

A. білікті дәрігерлер

B. орта және кіші медицина қызметкерлері

C. волонтерлер, мейірбикелер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер

D. онкологтар

E. геронтологтар


8. Ісік аурулары үшін профилді хоспис ашылды:

А) 1903ж 8 қараша

Б) 1898ж 12 ақпан

В) 1904 ж

Г) 1992 ж

Д) жауап жоқ
9. hospes латын сөзі алғашында ... мағынасын білдірді.

А) қонақ



Б) өлім

В) науқас

Г) аурухана

Д) барлық жауап дұрыс


10. мейірбике ісінің жаңа түсінігі пайда болды:

А. мейірбике ісі концепциясы

Б. науқастың жағдайын бағалау

В. мәліметтерді бағалауды қабылдау барысымен түсіндіру

Г. мейірбикелік диагноз;

Д. Сәйкес келетін көмек жоспарын беру


Ситуациялық есептер:
1. Дәрігер науқастың ес- түссіздігі туралы ақпарат алды және оның туыстарына хабарлады. Ол дұрыс әрекет жасады ма?
2. Дәрігердің негізгі мамандандырылған этика белгілерін көрсетіңіз.
3. Адам өлімінің заманауи медициналық критерилерінің анықтаушы факторларын құру көрсетіледі.


7 сабақ
1. Тақырыбы: Хоспистегі мейірбикелік күтім
2. Мақсаты: студенттерді мейірбикелік күтім мақсаты бөлімшесінің негізгі мақсаты медициналық көмек көрсету қажеттілігін арттыруды үлкен және кәрі жастағыларға, жалғыз бастыларға, мүгедектерге, басқа созылмалы аурумен зардап шегетіндер және белсенді емді қажет етпейтін денсаулық жағдайы бойынша оқыту, емдік қолдауға мұқтаж науқастарға әлеуметтік және медициналық көмекті жақсарту.
3. Оқыту мақсаты:

- Шет елде және Ресейде мейірбикелік күтімнің хоспис және үйдегі даму тарихын оқыту

- хосписте және үйде мейірбикелік күтім жұмысы және ұйымның негізгі құқықтарын сараптау және оқыту.

- мейірбикелік күтімге мұқтаж науқастың және оның туысқандарына деректік сұрақ-жауапты зерттеу және сауалнама жүргізу.

- хоспис ұйымында қажеттілік деңгейін анықтау немесе қызмет көрсету аймағында мейірбикелік күтім бөлімшесі

- хоспис ұйымы бойынша ұсынысты әзірлеу


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Шет елде үй жағдайында және хосписте мейірбикелік күтімнің даму тарихы

2. Ресейде үй жағдайында және хосписте мейірбикелік күтімнің даму тарихы

3. Үйдегі мейірбикелік күтім, хоспистік жұмыс және ұйымның негізгі құқықтары.

4. Үйдегі мейірбикелік күтім ұйымының құрылымы

5. Паллиативті көмектің қағидалары

6. Аурудың терминалды жағдайында науқастың өмір сапасының айқындалуы

7. Паллиативті көмек кезіндегі мейірбикелік күтім ұйымының ерекшелігі

8. Паллиативті көмек көрсету кезіндегі мейірбикенің міндеттері

9. Мейірбикелік қызметкерлердің қауіпсіздігі мен қорғанысы


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, сабақты ми шабуылы және топтық – бағытталған оқыту әдістері бойынша жүргізу;

- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар операциялық блокта, таңу бөлмесіндегі инфекционды бақылау жұмысын талқылайды және осыны басқа топтарға презентация түрінде таныстырады).

- ситуациялық есептерді шешу

- тақырыптың негізгі тесттерін шешу



6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Л.В.Козлова,С.А.Козлов,Л.А.Семененко « Основы реабилитологии» Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс 2005 475с.

2.В.А. Епифанов « Медицинская реабилитология» Руководство для врачей М 42 М.: Медпресс-информ 2005 – 328с.

3.А.С. Медведев « Основы медицинской реабилитологии» Минск. Белорусская навука 2010 – 435с.

4. В.А. Епифанов « Лечебно-физическая культура и спортивная медицина» М. Медицина 1999



Қосымша:

1.С.А.Мухина,И.И.Тарновская ≪Основы сестринского дела≫ Учебное пособие.-М;Родник, Москва. 2002 -352 с.

2.Галкин Р.А.,Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара,1998.-360с.

3.Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии,М.,2000

4.Шевченко А.А.Клинический уход за хирургическими больными.Учебное пособие.-М.,2008.-412 с.

7. Бақылау:

ТЕСТТЕР:

1. Мейірбикелік тексерудің мақсаты:

а) мейірбикелік диагноздың қойылуы

б) науқас туралы мәліметтер жинағы

в) мейірбикелік күтімнің көлемі және мінездемесін анықтау

г) қосымша аспапты зерттеуді тағайындау

д) науқастың зертханалық тексеру мәліметтерін талқылау

2. Мейірбике қызметкерлерінің мынадан басқа аталған аймақ қызметі қатысады:

а) денсаулықты нығайту

б) аурудың диагностикасы

в) жарақаттың және аурудың алдын алу

г) азап шегуді жеңілдету

д) науқасты саногенді жүргізуді құру
3. Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі:

а) мейірбикелік кірістірудің көлемін жоспарлау

б) науқастың мәселесінің анықталуы

в) науқас туралы мәліметтер жинағы

г) мейірбикелік күтімнің нәтижесін бағалау

д) мейірбикелік араласуды жүзеге асыру


4. Геронтология бөлімшесіндегі мейірбике қызметкерлерінің қызмет көрсету аймағына қатысты:

а) денсаулықты нығайту

б) аурудың диагностикасы

в) жарақаттың және аурудың алдын алу

г) жоғарыда аталғандардың барлығы

д) жоғарыда аталғандардың ешқайсысы

5. Гериатриялық науқастармен жұмыс кезінде медицина қызметкерлерінің қағидалы сәттерін білуі тиіс:

а) егде жастағы адамдарда жиі кездесетін жіті аурулар

б) инфекциялық аурулардың үлкен жиілігі

в) егде жастағылар үшін ауруларға мінездеме беру для пожилых людей характерно сочетание заболеваний;

г) егде жастағылар сирек ауырады

д) аталғандардың барлығы

6. Геронтология бөлімшесіндегі мейірбике қызметкерлері ұмтылуы қажет

а) ыңғайлы жағдай жасамау

б) қолайсыздықты азайту

в) науқастардың өз-өзіне қызмет көрсету бастамасына қысым жасау

г) науқастардың туыстарына келуіне шек қою

д) егде жастағылардың физикалық белсенділігіне шек қою

7.Жалпы соматикалық профилдегі мейірбикелік күтім үйіне (бөлімшеге) жолдама берудің қарсы көрсеткіштері

А) туберкулездің белсенді формасы

Б) тері аурулары

В) жіті инфекциялық ауру

Г) барлық жауабы дұрыс

Д) жауабы жоқ

8. Хоспистің негізгі міндеттері:

А) инкурабельді науқастарға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету

Б) туберкулездің белсенді формасындағы науқастарды қабылдау

В) тері ауруымен ауыратын науқастарды қабылдау

Г) жіті инфекциялық ауруларды қабылдау

Д) жауап жоқ

9. Мейірбикелік күтім үйінің және хоспистің директорының құқықтары:А) емдік мекемелермен мейірбике күтім үйінің және хоспистардың талабына сай ұйымдастыру жұмысын құрастырып, бекітуге құқығы бар

Б) халыққа қосымша медициналық- әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарымен келісімшартка отырмау

В) қызметкерлерге демалу және еңбек етуге жағдай жасамау

Г) көрсеткіштерсіз науқастарды қабылдау

Д) көрсеткіштерсіз науқастарды шығару


10. Емдік-профилактикалық ұйымдарымен сәйкес келетін жағдайының нашарлауы немесе асқынған созылмалы аурулар кезінде кәрі жастағыларды және дер кезінде науқастарды тасымалдауды мейірбике күтім үйі қамтамасыз етеді ма?

А) ия


Б) жоқ

В) директордың бұйрығы бойынша

Г) науқастың тілегі бойынша

Д) барлық жауап дұрыс




Ситуациялық есептер:
1.Тері астына инъекция жасау кезінде мейірбике өзінің мәселелерін ойланды және дәріні өте тез енгізді. Науқас кешке қарай инъекция жасалған орында ауырсыну мен тығыздалуды сезінді. Сіздің іс- әрекетіңіз қандай?
2. Антибиотик егілгеннен кейін науқас өзінде мұрынның бітелгенін және терінің бөрткенін байқады. Бұл антибиотикті алғаш рет қабылдаған. Мейірбикенің іс- әрекеті.
3. Мейірбике өте асықты және бөксенің төменгі ішкі төрттен бір бөлігіне бұлшықет ішіне егу жасады. Науқас бұл кезде қатты ауырсыну болғанын сезінді. Келесі күні ол оң аяғындағы ауырсыну сезімімен шағымданды. Мейірбикенің іс –әрекеті.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН

Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»

Пән: « Паллиативті медицина»

Курсы : 4

Кредит: №1

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Шымкент – 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ____«_____»______ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.



1. Тақырыбы: Науқас пен медициналық қызметкерлердің арасындағы психологиялық қатынас.
2. Максаты: Студенттерді науқас пен медицина қызметкерлерінің арасындағы психологиялық қатынас жасау, психологиялық қатынасты ұғындыру, жұмыс орнында мейірбикелердің қауіпсіздігін сақтау, науқаспен сөйлескенде этика мен деонтологияны сақтау қағидаларына үйрету.
3.Тапсырма:

  • СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттерді таңдау (каталог, журнал, монография оқу әдебиеттерімен, приказдар интернеттен алынған мәліметтер жұмыс істеу).

  • Конспект, реферат, сабақтың тақырыбы бойынша презентация немесе реферат көрнекі құрал.

  • Берілген тестер мен ситуациялық есептерді шешу.

  • өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.


4. Орындау түрі:

  1. реферат

  2. презентация

  3. есеп

  4. тақырып бойынша студенттер өздігінен ситуациялық есептер мен тесттерді құрастыру.

  5. СӨЖ-тарына рецензия өткізу.

6) Тақырыпқа сай ойындарды өткізу.
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

1) Жазылған реферат соның ішінде тақырып бойынша ақпараттар және өзі ойлағандай сабақтар болу керек.

2) Тақырыпқа арналған презентация мазмұны толық және көрнекі болу керек

3) ЕПҰ – дағы көрнекі құралдармен бірге тексеруден кейін есеп құрастыру ( суреттер, слайд ж.т.б.) өйткені студент осы материалдарды ойын жеткізе білу керек

4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.

5) өздігіне тест және ситуациялық есептерді құрастыру.

6) СӨЖ –тарына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан 1 пункт орындаса Онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі
СӨЖ бағасы баллды рейтинг бойынша бағаланады. Анестезиология-реаниматология және медбике ісі негіздері кафедрасынщдағы 051101 мамандықтары бойынша «медбике ісі» РОСО ҚР 5.03.006.2006 негізінде өңделген.


  • «өте жақсы» бағасы, 1,2 баллға сәйкес келеді және студент СӨЖ тақырыбын толық игерген, ешқандай қате жібермеген, СӨЖ дер кезінде тапсырған, өздігінен қосымша әдебиеттер қолданған, тақырып құрал – жабдықтарын өздігінен ажырата білген

  • «жақсы» бағасы – 0,9 баллына сәйкес келеді СӨЖ тақырыбын студент 75 % игерген, СӨЖ дер кезінде тапсырған оқытушының көрсетуі бойынша қосымша әдебиеттерді қолданған.

  • «орташа» бағасы – 0,6 баллына сәйкес, тақырыпты 50 % игерген, оқытушының көмегін қажет еткен, жұмысты мерзімінде орындаған және өткізген бірақ қателері бар. Жұмыста белсенділігін көрсеткен, тек оқу әдебиетімен шектелген, материалдарды жүйелегенде біршама қиналған

«төмен» бағасы 0 баллға сәйкес студент СӨЖ 50 % игерген, көптеген қателіктер жіберген, және және берілген жеке тапсырмаларды орындамаған, жұмысын дер кезінде тапсырмаған, негізгі әдебиеттерді қарастырмаған.
6.Тапсыру мерзімі: Тақырыптың жоспар бойынша 3 -ші практикалық сабақтан кешіктірмеу қажет.
7. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Организация специализированного сестринского ухода. Широкова Н.В. – М., «ГЭОТАР-Медиа», 2009. – 144 с.

  2. Основы сестринского дела. Т.П.Обуховец – Ростов-на-Дону, 2009.

  3. Основы сестринского дела. И.В.Островская, Широкова Н.В. – М., «ГЭОТАР-Медиа», 2009. – 320 с.

  4. Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» №193-IV от 19 сентября 2009г.

  5. Мероприятия по разделу ВИЧ/СПИД из Плана мероприятий по реализации Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан «СаламаттыҚазақстан» на 2011 – 2015 годы

  6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 1938 "Об утверждении перечня категорий населения, подлежащих паллиативной помощи и сестринскому уходу".


Қосымша:

  1. Основы сестринского дела. И.Х.Аббясов – М., 2007.

  2. Сестринское дело. А.Ф.Краснов – М., 2000

  3. Сестринское дело. Профессиональные дисциплины. Г.П.Котельников – М., 2007


8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Тесттер:

    1. Астеникалық синдромға жатады:

А) Шаршағыштық

Б) Еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі

В) Есте сақтау қабілеттіліктің төмендеуі

Г) Ашуланшақтық

Д) Барлық жауап дұрыс
2. Ипохондрия дегеніміз:

А) Өзінің денсаулығы үшін қатты қорқу

Б) Үйінде жалғыз қалуға қорқу

В) Түнен қорқады

Г) Көшеден өтуге қорқады

Д) Барлық жауап дұрыс


3. Науқастағы кардиофобикалық реакция деген:

А) «жүрегін» ойлап қорқады

Б) Түнгі уақыттан қорқады

В) Жарықтан қорқады

Г) Судан қорқады

Д) Барлық жауап дұрыс


4. Адам өміріндегі әлеуметтік, психологиялық, рухани шарттың жиынтығы:

А) Қауым

Б) Денсаулық

В) Этика


Г) Деонтология

Д) Қоршаған орта

5. Мейірбике ісі философиясына сәйкес мейірбике ісінің анықтамасы:

А) қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында адам денсаулығына байланысты мәселелерді шешуге бағытталған өнер және ғылым

Б) науқастармен қарым-қатынасқа түсу өнері

В) науқасты күту туралы ғылым

Г) мейірбике және науқас арасындағы өзара қарым – қатынас туралы ғылым

Д) аурудың алдын-алу және денсаулықты қайта қалпына келтіру


6. Онкологиялық аурумен ауыратын науқастар мен сөйлесу кезінде мейірбике абайлап бақылайды.

А) ауру тарихында диагнозды нақтылаған әр-түрлі анализдер және тексерулер нәтижесін науқасқа айту кезінде+

Б) науқас туысқандарына телефон арқылы мәліметтерді таратпау

В)шын диагнозын науқасқа хабарлау

Г) ауру тарихын, тексеру нәтижелерін науқас қолына бермеу

Д)анықталған диагнозды жасыру


7. Ятрогения дегеніміз –...

А) медицина қызметкерінің жіберген қателіктерінен және абайсызда аңдамай сөйлеген сөзінен пайда болатын ауру

Б) аурудан кейінгі асқыну.

В) операциядан кейінгі кезең.

Г) дәрі – дәрмекті қабылдағаннан кейін туындайтын ауру.

Д) емдік – сақтау тәртібін бұзған кезде пайда болатын ауру.


8. Медициналық деонтология дегеніміз – ... .

А) адамгершілікке, міндетті борышына үйрету

Б) медицинадағы адамгершілік аспектілерін үйрену

В) дәрігерлік құпияны үйрену

Г) адамды тәрбиелеуге үйрету

Д) қоршаған орта әсемдігін үйрету


9. Эгогения туралы анықтама:

А) науқастың өз өзіне теріс әсері

Б) науқастардың бір-біріне жағымсыз әсерлері

В) науқасқа дәрігердің тигізетін негативті әсері

Г) науқасқа мейірбикенің тигізетін негативті әсері

Д) науқасқа қоршаған ортаның тигізетін кері әсері


10. Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетінде өнегелі бастамаларының ролі, емдеу жетістігінің қажетті шарты ретінде адамға деген ар-имандық және мейірімділік

қарым – қатынастарды зерттейтін ғылым:

А) медициналық деонтология+

Б) мейірбике ісі философиясы

В) медициналық қызметкерлердің ішкі мәдениеті

Г) медициналық этика

Д) кәсіпқорлық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет