ЖҰмыс бағдарламасы пән, пән коды Фармацевтикалық гигиена негізі, ofg 3213 Мамандық 051103- фармация



жүктеу 2.2 Mb.
бет5/13
Дата17.06.2016
өлшемі2.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Еңбек гигиенасының даму тарихы

Көне замандағы ғалымдар мен дәрігерлер әртүрлі кәсіппен шұғылданушы адамдарда пайда болатын ауруларды байқаған. Мысалы; Гиппократ (біздің дәуірге дейінгі 460-377 жж) кен қазушылардың ауруларын бейнелеген. Гален (б.д.д. 130-200 жж.) қорғасын шаңының адам организміне зиянды әсеріне көңіл аударған. XVI ғасырда дәрігер-химик Парацельс кеншілердің, құюшылардың чахоткасы атты ауруды бейнелеген. 1700 жылы италяндық дәрігер, профессор Рамаццини «қол өнер кәсіпшілерінің аурулары туралы» кітап шығарып, 50 артық кәсіпке сипаттама берген (кеншілердің, химиктердің, ұсталардың т.б.)

Бұл еңбекті жазуына ол 50 жыл жұмсап, соңынан осы еңбек көптеген тілдерде 25 рет қайта басылып шығарылған. Революцияға дейінгі Ресейде жұмысшылардың денсаулығын қорғау сұрақтары М.В. Ломаносовтың, А.Н. Никитиннің Ф.Ф. Эрисманның т.б. еңбектерінде орын тапқан.

1763 ж. шыққан «Металлургияның немесе тау-кен жұмыстарының алғашқы құралуы» атты еңбегінде М.В. Ломаносов «Тау-кең адамдарының» еңбегі мен демалысын қалай ұйымдастыру керектігін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, рудниктерді желдетуін жазған. Дәрігер Никитин А.Н. «Жұмысшылар аурулары және құқық қорғау шщаралары» атты кітабында 120-дан артық кәсіптің еңбек жағдайын жазып, сырқаттарды алдын алуына көңіл аударған. Гигиенаның бірінші профессоры Ф.Ф. эрисман еңбек гигиенасыынң дамуына үлкен үлес қосты. Оның қатысуымен еңбек жағдайлары тексерілген. 1877 жылы «Кәсіптік гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» атты кітабы шығып, еңбек гигиенасына ғылыми негіздері берілген. Еңбек гигиенасыынң басты салаларының бірі – еңбек физиологиясының дамуында басты рольді физиологтар И.М. Сеченов, И.П. Павлов, Н.Е. Введенский А.А. Ухтомский орындады.

Еңбек гигиенасының бір саласының - өнеркәсіптік токсикологияның дамуында оның іргетасын қалаушылар Н.С. Правдиннің, Н.В. Лазаревтің, профессор И.В. Саноцкийдің т.б. еңбектері өте зор.

Санитарлық заңдылықты дайындауда, профилактикалық мекемелерінің, ғылыми институттарының жүйелерін жасауда, еңбек гигиенасының өзекті проблемаларын құрастыруда советтік кезеңдегі ірі гигиенистердің қосқан үлестері өте үлкен. Олар –В.А. Левицкий. С.и. Каплун, З.Б.Смелянский, Н.А. Вичдорчик, Е.Н. Андреева-Галанина, З.И. Израэльсон, Н.Ю. Тарасенко, Л.К. Хоцянов, А.А. Летавет т.б.

Қазіргі таңда ТМД мемлекеттерінің жетекші ғалымдары болып еңбек медицинасы институтының директоры, академик Н.Ф. Измеров, РФ РМҒА мүше-корр, проф. Саноцкий, В.А. Суворов, профессорлар А.А.Каспаров, А.В. Рощин, В.Ю. Кириллов, Ф.Ф. Эрисман (1842-1915), А.В. Рощин, В.Ф. Кириллов, В.А. капцов, В.Г. Артаманова, С.В. Алексеева т,б, саналады.

Қазақстан Республикасында санэпидқызметінің даму тарихы

Республикамызда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің пайда болу тарихы Қазақстан территориясында денсаулық сақтау жүйесінің өзінің өсуімен және жетілуімен тығыз байланысты.

Алғашқы медициналық ғылыми мекемелерінің бірі болып, қиын жылдарда, 1925ж. Қызыл-Орда қаласында ашылған өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты саналады. 1927 жылы РСФСР СНК Қаулысы шықты «Республиканың санитарлық органдары жөніндегі ережені бекіту туралы». Шынымен бұл күн денсаулық сақтау құрылымында СЭС-тің дербес орган ретінде туу уақыты болып келеді.

1930 жылы Республиканың денсаулық сақтау Министрлігінде санэпидбасқармасы құралды.

1931 жылы Алматы қаласында медицина институты мен денсаулық сақтау және гигиена ҒЗИ ашылды, соңғысына еңбек гигиенасы мен өнеркәсіптік санитария сұрақтарын зерттеу жүктелді.

1934 жылы республикада алғашқы рет 2 аудандық СЭС құралды (Алма-Атылық және Шығыс қазақстандық).

Революцияға дейінгі қазақстанда бірде-бір санитарлық дәрігері болмаған. Республикада өнеркәсіптік санитариясы бойынша бірінші санитарлық дәрігері болып В.З. Хамитова қызмет істеді, ол Қарағанды қаласында 1935 жылдан бастап кеншілердің еңбек жағдайын жақсарту сұрақтарымен шұғылданды. Қазіргі таңда республикада 216 өнеркәсіптік-санитарлық дәрігерлері қызмет атқаруда. Тоғызыншы бесжылдықтың соңында кәсіпорындарда 431 дәрігерлік-цехтік учаскелері, 1153 дәрігерлік денсаулық сақтау бөлімшелері, 5760 төсегі бар 45 медико-санитарлық бөлімдері болды.

1939ж. Республикалық бруцеллездің және Алматылық обаға (чума) қарсы станциясы құралды, ал 1940 ж. санбакинститут санитарлық-гигиеналық бөлімі бар эпидемиология және микробиология институтына айналдырылды. 1940 ж. соңында республикада 232 санитарлық дәрігерлері және 128 эпидемиологтары жұмыс істеді.

1942. Қазақ (қазір Алматылық) медицина институтында профильді гигиеналық кафедралары бар санитарлық-гигиеналыұ факультеті ашылды, ол гигиеналық кадрларды дайындау проблемасын шешуіне маңызды ықпал жасады.

Қазақстанда Алматы қаласында 1944 жылы өлкелік патология ҒЗИ ашылды, қазіргі ол Гигиена мен эпидемиологияның ғылыми орталығына айналды. (директоры – м.ғ.д., профессор Б.Н. Айтымбетов).

Республикада еңбек гигиенасының сұрақтарын жүйелі зерттеу 1946 жылдан басталды, мұнда қазақ ССР ҒА жанында, тау-кен кәсіпорындары жұмысшыларның силикозбен сырқатталуына күрес жүргізу мақсатымен, кәсіптік гигиенасы және кәсіптік ауру секторы ашылған, ол соңынан 1950 жылы Өлкелік патология Институтының құрамына берілді.

1956 ж. бұл сектор еңбек гигиенасы бөліміне және кәсіптік аурулар бөліміне бөлінеді. Осы маңызды проблемалар бойынша зерттеулердің алғашқы ұйымдастырушылары болып В.З. Хамитова, Г.И. Тарабаева, А.Г. алданазаров саналады.

Зерттеулердің басты тақырыптары болып силикозбен күрес жүргізу болды. 1952ж. бастап институт қорғасын зауыттарындағы жұмысшылардың қорғасынмен улануын зерттеуді бастады. Институтта ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудағы басты роль Қазақ ССР ҒА академигі, проф. Н.Д. беклемишевке беріледі, ол көптеген жылдар бойы институттың директорының ғылыми ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарады.

1958 ж. Өскемен қаласында Өлкелік патология институтының еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар бөлімшесі ұйымдастырылып, ол ғылыми медициналық базаны Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына жақындату мақсатымен жүргізілген.

Осы уақыттан бастап өлкелік патология институтында қорғасынды, соңынан мырышты, мысты, титанды, магнийді, өндіруші кәсіпорындарда зерттеу жұмыстары маңызды кеңейді. 60-шы жылдың ортасынан бастап, Қазақстанда фосфорлық минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарының дамуымен байланысты (соңынан – сары фосфорды) Өлкелік патология институтының жұмысының тақырыбында фосфорлық кәсіпорындарын зерттеу кең орын ала бастады.

1950-жылдары ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек гигиенасы бойынша зерттеулер, Г.П. Поллактыфң басшылығымен эпидемиология, микробиология және гигиена бойынша Қазақ институтының гигиена бөлімінде жүргізіле бастады.

1958 ж. Орталық Қазақстанның көмір және тау-кен өнеркәсіптерінің кәсіпорындарындағы жұмысшыларына қызмет көрсету мақсатымен Қарағандыда Қазақ ССР денсаулық сақтау министрілігінің Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулардың Қазақ институты ашылды. Институтті ұйымдастырушы және 12 жыл бойы алғашқы директоры болып З.К. Тулегенов, соңынан доцент А.П. Филин, ал 1974 бастап 1991 жылға дейін директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор В.Е. алтынбеков қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен 1986 жылы институт ҚРҒА құрамына еңбек физиологиясы мен гигиенасы институты ретінде енгізілді. 1991 жылдан бастап қазірге дейін инститіттың директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор Ғ.А. Құлқыбаев қызмет атқарады, ал кәсіптік аурулардың республикалық клиникасының директоры болып У.А. Аманбеков істейді. Бірінші күнінен бастап институттың негізгі зерттеу тақырыбы болып көмір және тау-кен өнеркәсіпбі кәсіпорындарындағы еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологиясы саналады. Пневмокониощдар және шу-діріл патологиялары кеншілердің негізгі кәсіптік сырқаттары болу себебінен, оларды зерттеу сұрақтары институттың ісінің басты орнын алды. Осы сұрақтармен қатар ерекше көңіл өнеркәсіптік токсикологиясына да аударылады (профессорлар А.З. Бузина, А.Н. Буханов).

1959 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының базасында санитарлық-гигиеналық факультеті ашылып, ал 1963 ж. Алматыдан санитарлық-гигиеналық факультетінің 4 курс студенттері осында ауыстырылады.

Гигиенистерді даярлау сұрақтарымен медицина институтының гигиеналық кафедралары мен практикалық денсаулық сақтаудың еңбек гигиенасы бөлімдері белсенді шұғылдануда.

Еңбек жағдайларына және осы қорғауына ұйымның қаражаттық-экономикалық жағдайы, өндірістің материалдық-техникалық базасының жағдайы, қолданатын технологияның деңгейі, жұмыскерлерді қорғау бойынша экономикалық – құқықтық институттарының жетілгендігі маңызды әсер етеді.

Қазіргі заманда кәсіптік сырқаттанушылықтың төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Мысалы: 2007 жылы кәсіптік сырқаттанушылықтың 1025 оқиғасы тіркелсе, 2008 жылы – 578 болған, бірақ бұл мағлұматтар кәсіпітк сырқаттанушылықтың шындық жағдайын көрсететіндігіне сенім жоқ.

Кәсіптік сырқаттанушылықтың құрылымында созылмалы сырқаттар басымды бөлігін алып, тұрақты кәсіптік жарамсыздығына өтуімен бірге жүреді. Кәсіптік сырқаттанушылықтың ең жоғарғы деңгейі көмір өнеркәсібінеде, мұнда 2008 ж. кәсіпітк сырқаттардың 399 оқиғасы тіркелген, және де олар кең өндіруші, химиялық және металлургиялық өнеркәсібінде кең тараған.

Қазақстанда, соңғы жылдар ішінде еңбекшілердің еңбекке және демалысына құқықтары, медициналық сақтандыру, зейнетақылық қамтамасыз ету және еңбек жағдайлары мен оны қорғау бойынша басты сұрақтарын қамтушы бірқатар заңдылық құжаттыр қабылданған, оларға біз кейіннен тоқтаймыз.

Қандай да бір мамандық болмасын, өзіне тән белгілі бір білімді және біліктілікті талап етеді. Егер еңбек түрі немесе өндіріс жағдайы адам денсаулығына немесе жұмыс қабілетіне теріс әсер ететін болса, онда ол өндірісте мамандыққа байланысты зияндылық бар екенін көрсетеді.

Зиянды өндірістік факторлар дегеніміз жұмысты ұйымдастыру немесе жұмысты орындау кезінде адамның денсаулығына теріс әсер ететін, жұмыс қабілетін төмендететін, жедел немесе созылмалы улану туындататын, жалпы аурушаңдықты арттыратын, басқа да теріс әсер ететін факторлар.

Зиянды өндірістік факторларға: психофизиологиялық, физикалық, химиялық, биологиялық факторлар және өндірістік жарақаттанудың қауіптілігі жатады.

Мамандыққа байланысты ауру – дегеніміз өндірістік зиянды факторлардың әсерінен туындаған ауру.

Ол екі топқа бөлінеді:



  • Этиологиясы тек қандай да бір өндірістік зиянды фактор әсерінен пайда болған аурулар. Мысалы: токсикалық заттар және т.б.

  • Аурудың себебі тек өндірістік фактор ғана емес, сонымен қоса тұрмыстық, тұқым қуалаушылық немесе т.б. факторларда да болуы мүмкін.

Адамның мамандыққа байланысты аурулары еңбек дұрыс ұйымдастыылмаған жағдайда, жарақат алу қауіптілігі, жұмыс орынның жайсыздығы, физика-химиялық, биологиялық өндірістік ортаның факторларының әсерінен болады.

Еңбек гигиенасы – кешенді ғылым, ол теориялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасында алдына қойған мақсатына байланысты, заңды түрде қабылдаған әртүрлі әдістер қолданылады:


  • Санитарлық тексеру әдісі – бұл әдіс нысанды санитарлық тексеруден және тексеру нәтижесі бойынша акт жазудан тұрады;

  • Физиологиялық қарау әдісі – қоршаған орта факторларының әсеріне адам ағзасының берген реакциясын тексереді;

  • Статистикалық зерттеу әдісі – бұл әдіс қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін, сауықтыру жұмыстарының тиімділігін тексерген кезде қолданылады;

  • Органолептиклық әдіс – сезім мүшесімен, көру қабілетімен иісін, дәмін, түсін, консистенсиясын анықтау. Мысалы: қоймада, дүкенде, асханада.

  • Зертханалық әдіс – ол химиялық, бактериологиялық, биологиялық, физикалық, радиометриялық болып жіктеледі:

    1. химиялық әдіс – химиялық реактивтердің көмегімен және арнайы апаратуралардың көмегімен заттардың химиялық құрамын анықтау.

    2. бактериологиялық әдіс – бұл әдіс көмегімен микробтық ластанудың деңгейін және микробтың түрін анықтайды.

    3. биологиялық әдіс – жануарларға тәжірбие жасау арқылы заттың улылығын анықтайды.

    4. физикалық әдіс – нысанның физикалық көрсеткіштерін анықтағанда, мысалы, температураны, ылғалдылықты, ауа қозғалысын және т.б. қолданылады.

    5. радиометриялық әдіс – радиоактивті заттармен ластану дәрежесін анықтайды.

Еңбек гигиенасында алдына қойған мақсатқа байланысты әр түрлі әдістер қолданылады. Өндірістік ортаны зертегенде негізінен физикалық және химиялық әдістерге сүйенеді. Еңбек процесіне және адам ағзасына әсер ететін өндірістік ортаның әр түрлі факторларына баға беру үшін физиологиялық және биохимиялық әдістер қолданылады.

Адам ағзасына жаңа химиялық заттардың, ортаның физикалық факторларының әсерін, нормативтерді негіздегенде эксперименталды әдіс кеңінен қолданылады. Жұмысшылардың аурушаңдығының талдауы статистикалық әдіс негізінде жүргізіледі.



4. Иллюстрациялық материалдар:

Презентация, слайдтар


5. Әдебиеттер:

  1. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. 668 с.

  2. ҚР Еңбек кодексінің (15.05.2007 ж.) “Еңбек қауісіздігі және еңбекті қорғау” бөлімі.

  3. “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы” туралы заңы (04.12.2002 ж.);

  4. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва. 2008. 592 с.

  5. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. М. Медицина. 2001. 400 с. (под ред. В.Ф.Кирилова ).

  6. ҚР ДСМ № 06214 24.06.1998 ж "Об утверждении правил по эксплуатации, техники безопасности производственной санитарии на фармацевтических фабриках" бұйрығы.

  7. ҚР ДСМ № 243 “Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі туралы” бұйрығы.


6. Қорытынды сұрақтар:

  1. Еңбек гигиенасы дегеніміз не және оның негізгі міндеттерін атаңыз?

  2. Еңбек гигиенасының ғылым ретінде даму тарихы?

  3. Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері

2

1.Тақырыбы : Дәріхана гигиенасы. Дәріханадағы еңбек гигиенасы.
2.Мақсаты: Студенттерді дәріханадағы еңбек гигиенасы негіздерімен, дәріханада санитарлық тәртіпті сақтау және дәріхана бөлмелеріне, құрал жабдықтарына және қызметкерлеріне қойылатын талаптармен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:

Дәріхана емдік препараттарды дайындауды және дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын, денсаулық сақтау мекемесінің ұйымы болғандықтан, жоғары санитарлық деңгейге сәйкес болуы қажет.

Дәріхана гигиенасы дәріхана қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттейтін және гигиеналық, емдік профилактикалық іс шаралар дайындайтын гигиена ғылымының бір саласы. Оның міндетіне: дәрілік құралдарды дайындаудың технологиялық үрдістері мен сатыларының орындалуы барысында гигиеналық және эпидемияға қарсы нормалар мен ережелерді дайындау жатады.

Дәріхана гигиенасы басқа пәндермен байланысы бар, әсіресе фармацевтік пәндермен тығыз байланысты, оның ішінде дәрілердің дәріханалық және өндірістік технологиясымен байланысты.



Фармация ісін ұйымдастыру пәнімен байланысты, себебі гигиеналық іс шараларды дайындау үшін дәріхананың жабдықталуын, оның жұмысын, міндетін, қызметкерлердің міндеттерін білу керек.

Дәріхана гигиенасы сонымен, органикалық, бейорганикалық химиямен байланысты, себебі бұл пәндер ауаның, судың, дәрілік препараттардың құрамындағы химиялық заттарды анықтау әдістері мен принциптері туралы білім береді.

Дәріхана гигиенасы токсикалық және фармацевтік химиямен байланысты, бұл пәндер дәрілерді дайындау кезіндегі қызметкерлерге әсер ететін дәрілік шаңдармен күресу бойынша гигиеналық іс шаралар дайындау үшін қажет. Бұл пәндер дәрілік шаңдардың химиялық құрамының токсикалық негізгі заңдылықтары және оларды әртүрлі өндірістік орталарда анықтаудың дәл әдістері туралы білім береді.

Дәріхана гигиенасы үшін микробиология да аса маңызды. Дәріханада оптималды эпидемияға қарсы тәртіп жасау үшін микроорганизмдерді анықтау және қоршаған ортаның, дәрінің және дәріхананың басқа объектілерін бактериологиялық ластануын бағалау мүмкіндігін үйретеді.

Дәріханаларда санитарлық тәртіпті сақтау ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж "Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану санитарлық ережелері мен нормалары" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Дәріхана ұйымы бір аумақта орналасқан негізгі және қосалқы бөлмелері бар үй-жайлар кешені. Ғимараттың негізгі өндірістік құрамына: ассистенттік бөлме, асептикалық блок, дисстиляциялық бөлме, буып-түюге арналған бөлме, жалпы дәрі дайындауға тиісті бөлмелер жатады. Қосалқы бөлмелерге: қызметтік тұрмыстық бөлмелер (әжетхана, душ), демалыс бөлмесі, дәріхана меңгерушісінің бөлмесі, қоймалар жатады.

Дәріханалар жеке тұрған ғимараттарда, тұрғын үй фондына кірмейтін оқшау үй-жайларда немесе тұрғын үй фондына кіретін үй-жайлардың бірінші қабатында орналасады.

Медициналық ұйымдардың дәріханалары медициналық ұйымына тиісті аумақта оқшау тұрған ғимаратта немесе медицина ұйымдары мен мекемелерінің ғимаратының бірінші қабатында орналаса алады, бұл жағдайда бөлек кіретін есіктері болу қажет. Төменде жұмыс орнының саны минималды өндірістік дәріхана бөлмелерінің жоспары берілген.


Дәріханалардың жылыту, желдету, жарықпен қамтамасыз ету жүйесі мен ауаны салқындату, дәрілік түрлердің және химиялық реактивті сапасына, қызметшілердің денсаулығына, сондай-ақ құрал-жабдықтардың жұмыс істеуіне, жағымсыз әсер етпеуі тиіс. Жылыту жүйесі бүкіл жылыту кезеңінде ауаны біркелкі жылытуды қамтамасыз етуі, қызмет көрсету жұмыстарына, жөндеу мен жинауға ыңғайлы болғаны жөн.

Стерильді материалдарды сақтайтын және асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындайтын бөлмелерде жылыту құбырларының жасырын төсемдері құрастырылған.

Дәріхана ұйымдары механикалық тарту-сорып шығару вентиляциясы (форточкалар, жартылай ашылып-жабылатын терезелер, өздігінен айналатын желдеткіштер) қарастырылады. Технологиялық процестер кезінде ауаға зиянды заттар көп бөлініп шығатын бөлмелер жергілікті сору құралдарымен немесе ауа тартқыш шкафымен жабдықталады.

Дәріхананың өндірістік, қызметік-тұрмыстық және сақтауға арналған бөлмелер еңбектің қалыпты жағдайларын жасауға қажетті табиғи және жасанды жарық қуатымен, ал кейбір жұмыс орындары жергілікті жарық беру қуатымен қамтамсыз етіледі.

Дәріхана ұйымдарының қабырғалары мен төбелеріне қолданылатын жөндеу материалы ретінде, жуып-тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін бояулар, эмальдар немесе ашық түсті тегіс кафель плиткалары, медициналық ұйымдарда қолдану үшін дизинфекциялауға және ултра күлгін сәулерге төзімді су өткізбейтін заттарды пайдаланады. Едендеріне глазурленбеген плиткалар, линолеум немесе релин төселіп, қиылысқан жерлері сваркалануы тиіс. Жабдықтар мен дәріхана жиһаздары жинап-тазалауға қол жетпейтін орындар қалдырмайтындай және жарық көздерін қалқаламайтындай болып орналасады. Дәріхана жабдықтарының беті ішкі жағынан да,сыртқы жағынан да тегіс болуға, дәрілік заттардың және химиялық реактивтердің әсеріне төзімді материалдардан дайындалған болуы қажет.

Келушілерге қызмет көрсету залындағы дәріхана қызметкерлерінің жұмыс орындары ауа арқылы тез жұғатын инфекциялардан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.

Асептикалық блокқа, ассистентік бөлмелер кірер есік алдында еденде дезинфекциялайтын ертінділерге шыланған кезекті резеңке кілемшелер төселеді. Өндіріс қалдықтары мен қоқыстар тиісті белгі соғылған арнайы контейнерлерге тасталады. Контейнерлерді ғимарат сыртындағы арнайы бөлінген орындарға шығарады.

Дәріханада дайындалатын дәрілердің (ұнтақтар, ертінділер, суспензиялар, эмульсиялар, жағар майлар, шаншуға арналған ертінділер және т.б.) технологиялық процесін гигиеналық бағалау ҚР ДСМ 25.03.2002 ж. № 9 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі. Бұл бұйрықтың талаптары бойынша 1 жасқа дейінгі және жаңа туылған нәрестелерге арналған дәрілік түрлер қолдануға байланыссыз асептикалық жағдайға дайындалады, ал ішуге және сыртқа қолдануға арналған ертінділер, көз тамшылары, тері беттерін өңдеуге арналған майлар, шаншуға арналған дәрілік түрлер стерильді болуы тиіс.

Асептикалық блоктың қабырғалары майлы бояумен сырлануы немесе кафельді плиткалармен қапталуы тиіс. Төбесі эмульсиялық бояумен сырланады, еденіне линолеум төселінеді. Есіктері мен терезелері тығыз жабылады және тазалау мен дезинфекциялауға ыңғайлы болуы тиіс. Ауасын зарасыздандыру үшін бактерицидтік лампалар орнатылады. Асептикалық блокқа кіргізілетін жабдықтар алдын-ала өңдеуден өткізіледі.

Құрамында пирогендік заттары бар ертінділерді ағзаға енгізгенде пирогендік эффект қозады. Бұл кезде қалтырау, құсу, іш өту байқалады және барлық мүшелер мен ағза жүйесі азап шегеді. Депирогенизациялаудың (пирогендік заттардан арылу) бірнеше әдістері бар химиялық, физика-химиялық және т.б. Химиялық әдіс сутек асқын тотығы ертіндісінде 100°С температурада 1 сағат қыздыру немесе күкірт қышқылымен қышқылданған калий перманганатының 0,5 немесе 1% ертіндісіне 25-30 минут ұстау. Бұл әдіс дәнекерлеуші шыны түтіктерді өңдеу үшін қолданылады. Физика-химиялық әдіс активтелген көмір, мембрандық фильтрлері бар колонкалардан ертінділерді өткізу. Дәріханада дайындалған ертінділердің пирогендігін сынау биологиялық әдіспен жүргізіледі. Ол әдіс зерттелінетін объектіні қоянның күре тамырына енгізілген соң, оны дене өзгеруіне негіздеген.



Дәріхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар:

  • жұмысқа келгенде сырт киімдерді және аяқ киімді шешу;

  • жұмысты бастаудан бұрын санитарлық киімдерді (халатты, қалпақты) кию, қолды жуып, дезинфекциялау;

  • әжетханаға барғанда халаты шешіп қою, әжетханадан шығарда қолды жуып және дизинфекциялау;

  • санитарлық киіммен және аяқ киіммен дәріхана сыртына шықпау;

  • асептикалық жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер түксіз матадан тігілген киім кию керек;

  • косметиканы қолдануға және аэрозольдік дезодоранты пайдалануға, сағат пен зергерлік бұйымдарды тағуға болмайды;

  • өндірістік бөлмеде тамақтануға және тағамдық заттарды сақтауға тыйым салынады;

  • әрбір дәріхана қызметкері медициналық тексеруден өтуі тиіс;

  • әрбір дәріхана қызметкері техника қауіпсіздік пен өндірістік санитария ережелерін сақтауға міндетті;


4. Иллюстрациялық материалдар:

Презентация, слайдтар


5. Әдебиеттер:

  1. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. 668 с.

  2. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва. 2008.592 с.

  3. Общая гигиена. Учебник. А.М.Большаков, И.М.Новикова. М:Медицина. 2005. 383 с.

  4. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. М. Медицина. 2001. 400 с. (под ред. В.Ф.Кирилова ).

  5. ҚР ДСМ № 06214 24.06.1998 ж "Об утверждении правил по эксплуатации, техники безопасности производственной санитарии на фармацевтических фабриках" бұйрығы;

  6. ҚР ДСМ № 243 “Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі туралы” бұйрығы;

  7. ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж № 9 "Дәріхана ұйымдарын жабдықтау, эксплуатациялау және негізгі санитарлық ережелер мен нормалар;


6. Қорытынды сұрақтар:

  1. Дәріхана бөлмелеріне қандай талаптар қойылады?

  2. Дәріхана құрал жабдықтарына қандай талаптар қойылады?

  3. Дәріхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар?

№3

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет