ЖҰмыс бағдарламасы семей 2013 глоссарий аллювий өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тастар және т б



бет1/22
Дата09.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#124545
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-5.1.17/01-2013

ПОӘК оқытушыға арналған «Топырақтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Топырақтану» 5В060800 - «Экология»

мамандық студенттеріне арналған


ОҚЫТУШЫНЫҢ ПӘН БОЙЫНША

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2013

ГЛОССАРИЙ

Аллювий – өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тастар және т.б.

Бонтировка – топырақтың сапалылығын бағалау.

Бонитет – топырақ сапасының көрсеткіші.

Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық процесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді.

Дефляция – топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының түйірлерін жел үрлеп ұшыруы.

Дефляция эрозиясы – топырақтың желмен ұшып кету процесі.

Диагенез – шөгінді лайлы жыныстардың қатаюы.

Десукция – өсімдіктердің топырақ суын тамырларымен соруы

Далалық ылғалсиымдылық – ыза суы терең орналасқан жағдайда топырақты үстіңгі жағынан сулағанда топырақтың ұстап қалған су мөлшері.

Ортзаңдар – тығыз, шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршықтары.

Ортштейндер – темір мен марганец тотықтарының кесек немесе тары тәріздес.

Рекультивация – топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіру.

Жасанды құнарлық – адамның еңбек нәтежиесінде пайда болады. Табиғи және жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық құнарлық құрастырады.

Жерлерді бағалау – құнарлығын және тұрған орны жер учаскелердің сапалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша анықтау.

Зонасыз топырақтар – табиғаттың барлық зоналарында өзен бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде кездесетін топырақтар.

Ирригациялық эрозия-адамдардың суды дұрыс пайдаланбауынан болатын эрозия.

Кадастр – есеп, салық үшін жер бағасын есептеу

Қалыпсыз топырақтар – өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.

Коагуляция – коллоидтардың ертіндіден тұнбаға көшу процесі.

Криогенді су режимі – үнемі тоң болып жататын суға төзімді қабат түзіп, соның нәтижесінде жауын – шашынның аздығына қарамастан, жылдың жылы мезгілінде топырақтың суға қанығуы.

Қалыпты зоналық топырақтар – 5 топырақ типінен тұратын құрғақ шөпт топырақтар

Құрғақшылықтың өлі қабаты – аспалы қылтүтік топырақ суының төменгі шегі мен ыза суының қылтүтік жиегінің жоғарғы шегінің арасында, қабат салу ылғалдылығына жақын жатқан ылғалды қалыңдылық.

Гравитациялық су – грунтты топырақта ауырлық күшінің әсерінен қылтүтіктерде ұстап тұрылмай, жоғарыдан төмен жылжитын су.

Гигроскопиялық су – топырақтың ауадан сіңіре алатын бу тәрізді ылғалдылықтың ең жоғарғы мөлшері.

Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшері. Мысалы, тау аңғарлары, алқаптар, шұңқырлар.

Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.

Микрорельеф – рельефтің өте ұсақ түрі. Мысалы, ұсақ құм төбелер, сор ойпаңдар және т.б.

Пестицидтер – ауру туғызатын ұсақ бунақденелілерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар.

Сорланған топырақтар – құрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлері.

Сор топырақ – суға тез ерігіш тұздардың топырақтың беткі қабатынан бастап мол кездесуі.

Сортаң топырақ – топырақтың колоидты кешені негізінен натрий катионына қаныққан топырақтар.

Солодтар – қалдықты кварц және аморфты кремний балшығы көп топырақтар.

Топырақ-биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялык және жылу жағдайларының біртектестігі.

Топырақ-биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек радиациялық және жылу жағдайлары ғана емес, сонымен катар ылғалдану және құрғақтану жағдайларының біртектестігі.

Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салыстырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.

Топырақ провинциясы – топырақ зонасының кейбір топырақжәне оның тұзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану, құрғактану немесе температуралық өзгерістері) – зонаның бір бөлігі.

Топырақ округі – топырақ провинциясының жер бедері топырақ түзуші жынысқа байланысты топырақ жамылғысын біркелкі құрылымда кездесетін топырақ провинциясынын бір бөлігі.

Топырақ ауданы – топырақ округінің жергілікті жағдайларға тіпті, кейде әкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі.

Топырақ зоналары – топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи аймақтар.

Топырақ типі – топырақ жіктелуінің басты белгісі.

Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне қажетті су, қорек элементтерімен қамтамасыз етуі және олардың түсімділігіне керекті жағдай туғызу қасиеті.

Топырақ пісуі – топырақтың жабысқақтығы мен байланысы маңызды агрономиялық қасиеті.

Топырақтың тоңдануы – топырақтың қысқы аяздарда құрамындағы ылғалы мұзға айналып қатуы.

Топырақ тегі – аналық  тау  жынысы  өзгешелігіне орай бөлінетін топырақ бөлігі ( кебірленген, сорланған,  корбонатты).

Тип – топырақтың жіктелуінің басты белгісі.

Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің және осыларға сәйкес интрааймақтық және аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.

Топырақ аймақшасы топырақ аймағына сәйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.

Топырақ фациясы – жылу режимінің және жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.

Топырақ округы және топырақ ауданы – жер бедерінің және топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.

Тиксотропия – мәңгі тоңды өлкелердегі топырақтарда кең тараған құбылыс.

Топырақтың тұздануы – өсімдіктер үшін зиянды болып келетін тұздардың топырақтың жоғарғы қабатына жинақталу процессі.

Толық ылғалсиымдылық –топырақтың толық сумен қанығуы.

Топырақ провинциясы – топырақ және оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты топырақ зонасының бір бөлігі.

Өтпелі топырақтар – шайылған және жер бетіне төселген топырақтар.

Үлкен геологиялық айналым– құрлық жер мен мұхит арасында жүретін химиялық элементтер жолы.

Шабындық – жаз бойы өсіп толысатын, көбнесе орташа ылғалдыққа бейімді шөптекті өсімдіктер тобы биогеоценозы.

Шөгінді – өзен суына ілесіп келген минаралдық және органикалық түйірлі заттар.

Шурф – құрғақ жерде топырақты  зерттеу үшін қазылатын тік шұңқыр.

Фаза – топырақты құрайтын бөліктер.

Фиксация –топырақтың катиондарды қайта алмастырмай сіңіруі.

Фосфорлы тыңайтқыш – өсімдіктерді қоректі фосформен қамтамасыз ету үшін топыраққа шашылатын органикалық заттар.

Экономикалық эрозия – ғылыми негізсіз жер байлығын тиімсіз пайдалану нәтижесінде топырақтың бүлінуі.


Дәріс 1.

Кіріспе. Топырақтану ғылымы, оның мақаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік.

1.Топырақтанудың экология ғылымымен байланысы. 2.Топырақтанудың тарыхы, ғылым ретінде дамытудағы В.В.Докучаевтың ролі.


Топырақтану топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтан кейін оның енбегін көптеген талантты шәкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік "генезис", яғни топырақтың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.

Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді ана, егістікті асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу кажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам ба.ласы үнемі іздестіріп келеді.

Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген үғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтын құнарлылығының азаюы тағы басқалары осындай мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады.

XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы кабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В. В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.

1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минералогия бөлімінің мәжілісінде В. В Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді. Кейін бұл пікірлер әрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.

Қазіргі түсінік бойынша топырақ жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы – адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік затарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесі мен ауадағы көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едәуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ – асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тәуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргіш құралдардан (машиналар, станоктар, т.б.) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп, халықты асырайды, машиналар сияқты моральдық және физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы, ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше: қалпына келетін және қалпына келмейтін қорлар болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір т.б. кендер, ал қалпына келетіндер катарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары және топырақтар жатады (Банников, 1977). Бірақ та топырақты калпына келетіндер қатарына қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті, бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнеше жыл керек, мал төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себептерден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын құбылыс. Мәселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек.

Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан адам өзінің тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су және жел эрозиясынан, басқа да экологиялык апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асыруы қажет.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Топырақтанудың экология ғылымымен байланысын айтыңыз.



2. Топырақтану ғылымы және оның даму тарихы.

3. Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.

4. Топырақтану ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны.

5. Топырақтың биосферадағы және адам өміріндегі орны мен рөлі қандай?

6. Топырақтың анықтамасын бер. Топырақтың қалыптасып, дамуы үшін уақыттың қандай маңызы бар?

7. Неліктен докучаевтік топырақтану генетикалық деп аталады?

8. Орыстың, қазақтың ұлттық топырақтану ғылыми мектебінің көрнекті өкілдерін ата.

9. Топырақтың географиялық қабықта атқаратын функциялары, маңызы.

10. Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы кімнің есімімен тікелей байланысты?

11. Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам айтқан орыстың ұлы ғалымы кім?

12. Генетикалық яғни, "Генезис" деген түсінік не мағына береді?

13. Ө. Оспанов қай жылы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды?
Дәріс 2.

Топырақтану- топрырақ туралы ғылым, топырақ түзілу процесі.

Топырақ табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде Жер беті қазіргі Ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу кұбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуінен бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.

Табиғат күштерінің, әсіресе, температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа әсері ерекше.

Үгілудің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп оның химиялық құрамы өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әртүрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарыққа айналып, қатты тау жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті, ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.

Химиялық үгілу тау жыныстары құрамындағы әртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда, басым болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.

Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шашырайды. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан, қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болмады. Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс екен. Үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап, олардың денесіне керекті заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде көлемді геологиялық айналымға келіп түседі, яғни ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айналымына көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен, құрамында коректік заттары жоқ тау жынысы тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік биофильді минералды және органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.

Үгілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы топырақ түзілу құбылысының бастамасы. Қопсыған тау жынысында өсімдіктердің мекендей бастауы жалпы физикалық, химиялық үгілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылысын тездетеді. Ең негізгісі өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз денелеріне жинап, ал күн сәулесінің күшімен жапырақтары арқылы (фотосинтез) көптеген органикалық заттар түзіп, Жер бетіне, өзінің тамырлары тараған Жер қабатына, олардың қорларын жинайды. Ал ол органикалық заттар ыдырап, шіріп алғашқы топырақ шіріндісін (гумусты) түзеді. Бұл құбылыс топырақ түзілуінің алғы шарты.
1.2. Алғашқы топырақ түзілу процесі

Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера, педосфера, биосфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге, топырақ Жер шарының тіршілік дамыған аймағы биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ өзі тіршіліктің туыңдысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі.





11-сурет. Топырактың Жер геосферасында алатын орны.


12-сурет. Yлкен геологиялык зат айналымның жалпы сызбанұсқасы (В. А. Ковда, Б. Г. Розанов, 1988)
Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді.

Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі қоректік элементтер топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралып; топырақтын түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.

Топырақтың тағы бір функциясы ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары мен тамырлары СО2 көміртегі тотығын және судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін О2 бөліп шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстар реттеледі. Топырақ адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық және құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.
1.3. Топырақ түзілу процесі туралы

Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі – топырақ географиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың Жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Өйткені кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әртүрлі.

Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ қасиеттері мен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен байланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын топырақтардың ендіктерге сәйкес орналасуын ашты. Ол өзінің «Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда ... – қара топырақтар, күлгін топырақтар, т.б. – жер бетінде, климатқа, өсімдік дүниесіне сәйкес тәртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс», деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада:

1) бореалды немесе арктикалық;

2) орманды;

3) далалық қара топырақты;

4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді); 5) латеритті бес әлемдік аймақтар көрсетілді. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сәйкес орналасқан болып келеді. Топырақтану ғылымының әрі қарай дамуына, және Жер шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада «топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы», – деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарында топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сәйкес келуі байқалды. Осындай құбылыстардың басты себебі, әрбір алқаптың мұхиттарға немесе орталық құрлық аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына, яғни аймақ климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты болып келетіні.

Кейінгі жылдары дайындалған әлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сәйкес орналасуы және басқада топырақ таралу құбылыстары көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, Е. В. Лобова, 1976).

В. В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының және топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып, таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаев айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын әрқашанда топырақ түзуші факторлар – климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап, оның үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп отыруы тиіс. Яғни топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес тік бағытта байқалады.

Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық және тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулерде оларға тән, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді.

Топырақ – климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Топырақ – биоклиматтық облыстары келесідей:

– орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс;

– далалық, ксерофитты-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс;

– шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс.

Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтық-топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар және оларға сәйкес интра аймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан әр биоклиматтық–топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің және осыларға сәйкес интрааймақтық және аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.

Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ фацияларына және провинцияларына бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет