ЖҰмыс бағдарламасы семей 2013 Кіріспе 1 ҚҰрастырғАН



Дата17.06.2016
өлшемі283.15 Kb.
#142405
түріЖұмыс бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейдегі СМЖ құжаты



ПОӘК

ПОӘК 042-18.19-0.07/2013


Студентке арналған «Педагогика тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


№ 1 басылым




«Педагогика тарихы» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

мамандығына арналған



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей - 2013

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының д.м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Алма Едігенова Жүнісбекқызы

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Педагогика кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________2013ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Джанбөбекова М.З.

2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2013ж.
Төрайымы (төрағасы)_________________ Ахметова Т.Ш.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік Кеңесінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2013ж.

Төрайымы (төрағасы)__________________ Искакова Г.К.

ЕКІНШІ БАСЫЛЫМЫ (Хаттама №___ «___» ___________2012ж. орнына)



Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2.Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне шағу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет:

Алма Едігенова Жүнісбекқызы – д.м.а., п.ғ.к.

Кафедра: Педагогика

Кафедраның мекен-жайы: Тәңірбергенов көшесі,1

Ақпараттық қатынас: 42-25-33

Сабақ өтетін орын: № 2 оқу ғимараты, 423 дәрісхана

Кредит саны: 3

1.2 Курстың қысқаша мазмүны:

Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер әлемдік деңгейде мамандар даярлау мәселесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Бұл талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ұйым мамандарын даярлауда педагогиканың бір саласы «Педагогика тарихы» пәнінің маңызы зор. Болашақ мамандарды терең де жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру; кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру; болашақ педагогтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру; болашақ педагогтардың тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру.

Пәннің мазмұны студенттерді жалпы және мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихымен таныстыруды қамтиды: алғашқы қауымдағы тәрбие; құл иеленушілік қоғамдағы тәрбие мен мектеп; Батыс Европа елдеріндегі педагогикалық ойлар, мектеп пен тәрбие; Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар; Қазақстандағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.

1.3 Пәннің мақсаты:

Курстың негізгі мақсаты: студенттерді жалпы және мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихымен таныстыру.

1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

- студенттерде өркениеттік-антропологиялық тұрғыдан тарихи-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

- тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру;

- жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи-салыстырмалы сипатта қарастыру;

- педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту;

- тарихи-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеудің біліктерін қалыптастыру;

педагогикалық сана мен тарихи-педагогикалық идеяларға өзіндік жеке бағасын беру біліктілігін қалыптастыру.

1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

- Жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихы курсының теориялық-әдіснамалық негіздері туралы білімді;

- шетел педагогикасы мен мектептері тарихындағы көкейкесті мәселелерді айқындай білу және қалыптасу тарихын меңгеруі;

- Ресейдегі жалпы және мектепке дейінгі педагогикадағы тәрбие, мектеп, педагогиканың қалыптасу тарихын;

- Қазақстандағы жалпы және мектепке дейінгі педагогикадағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасу тарихын білуі керек.



1.6 Курстың пререквизиттері:

    1. «Педагогика тарихы» курсын меңгеру үшін студенттерге келесі пәндерді қосымша оқуы қажет:

  • педагогика;

  • социология;

  • философия;

  • әлеуметтік педагогика;

  • мамандыққа кіріспе;

  • психология.

1.7 Пәннің постреквизиті: пән туралы білім мамандық бойынша тиісті білім, іскерлік және дағдыны меңгеру үшін қажет.

2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ

Кесте 1




Тақырып мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер







ДС

ТС

ЛБ

ОСӨЖ

СӨЖ




1.

Модуль1.«Педагогика тарихы» ғылым ретінде

Жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихы пәні, міндеттері, мазмұны




2

-

-

-

10




2.

Модуль 2. Шетелдік жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихындағы мектепке қоғамдық тәрбие және педагогикалық ойлар, мектеп, тәрбие.

Алғашқы қауымдағы тәрбие.Тәрбиенің пайда болуы. Құл иеленушілік қоғамдық -құрылыстағы тәрбиелеу, мектеп және педагогикалық теориялар




4

2

-

7

20




3.

Батыс Европа елдеріндегі педагогикалық ойлар, мектеп пен тәрбие


4

2

-










4.

Модуль 3. Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар




4

2

-

7

19,5




5.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жалпы және мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушылардың көзқарастары. Кеңес дәуіріндегі тәрбие теориясы мен практикасы


4

2

-










6.

Модуль 4.Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы

Қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және -дамуы





4

3

-

8,5

18




7.

XX ғасырдағы Қазақстан педагогикасының қалыптасуы және дамуы


4

2

-










8.

Қазіргі кездегі Қазақстандағы жалпы және мектепке дейінгі педагогиканың өркендеуі және тенденциясы

2

2

-










9.

Мектепке дейінгі білімді реформалау, оның басымдылығы


2




-













Барлығы:

30

15

-

22,5

67,5






3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.



Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.



Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:

  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері:

  • ауызша;

  • жазбаша;

  • практикалық;

  • теориялық;

  • шығармашылық.

Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.

Өздік жұмыс формалары:

  • реферат орындау;

  • конспектілеу;

  • аннотация жазу;

  • тезис орындау;

  • ғылыми баяндамалар жазу және т.б.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.

Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.

Реферат жазуға әдістемелік нұсқау

Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.



Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.

4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.

6. Реферат аудиторияда талқыланады.

Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Рефератмазмұны:

- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;

- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;

- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;

- мазмұнның стилі және сауаттылығы;

- рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі



Эссе дегеніміз -  философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:

  • Жеке көзқарастың көрінісі;

  • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  

  •  Теоретикалық негіздеме;  

  •  Терминдерді қолдану;

  •  Цитаталарды келтіру;

  •  Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

  •  Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

  • Сауаттылыққа мән беру.

  Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;

3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;

5. Безендірілу сипатына;

6. Қайталауға берілген сұрақтарға;

7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.



4 КУРС ФОРМАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті , өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде өткізіледі.

Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды ескеру қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.

5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар

Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .

Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) болғанда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.

Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыстағы міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке білімін бағалауда кедергілер болатынын ескерген дұрыс.

Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.

Қажет уақытында оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі, әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.

Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттердің теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.

Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады.

Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:


  • біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;

  • өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;

  • жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;

  • топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез-құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.

Сонымен, студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында орындауы , өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларына бағытталған белсенділігі және т.б. студенттердің пәнді толық Жан-жақты меңгеруінің кепілі болмақ.
6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300 балл 8-15 апталарға.


«Педагогика тарихы» пәні бойынша баллдың бөлінуі

Кесте 2

Апта

Бақылау түрі

Балл жиыны

Ескерту

1

2

3

4




1-8 апта бойы

дәріске қатысу



30




2

Тәжірибелік

15




СОӨЖ

10



3


Тәжірибелік

15




СӨЖ

25



4


Тәжірибелік

15




СОӨЖ

10



5


Тәжірибелік

20




СӨЖ

25




6

Тәжірибелік

20




СОӨЖ

10




7

Тәжірибелік

20




СӨЖ

25




Рубеждік

60



1-8 апта бойынша барлық балл саны




300







8-15 апта бойы

дәріске қатысу



30



8


Тәжірибелік

10




9


Тәжірибелік

10



10


Тәжірибелік

10




СОӨЖ

10



11


Тәжірибелік

15




СӨЖ

25




12


Тәжірибелік

15




СОӨЖ

10




13

Тәжірибелік

15







СӨЖ

25




14

Тәжірибелік

15




СОӨЖ

10




15

Тәжірибелік

15




СӨЖ

25







Рубеждік

60




8-15 апта бойынша барлық балл саны

300




Емтиханға балл

400




Академиялық мерзімге жиынтық балл

1000



«Педагогика тарихы» пәні бойынша дәріс сабағы, тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ жұмыстары арнайы көрсетілген, белгіленген ұпайлар негізінде бағаланады.






1

ап

та



2

апта


3 апта

4

апта


5

апта


6 апта

7 апта

8 апта

9 апта

10

апта


11

апта


12

апта


13

апта


14 апта

15

апта

Дәріс

-











































Тәжір

-

15

20

15

20

20

15

15

15

15

15

15

15

15




ОСӨЖ

-

10

-

10

-

10

-

10

-

10

-

10

-

-




СӨЖ

-

-

25

-

25

-

25

-

25

-

25

-

-

25




руб



















60



















60




Барлы

ғы

-

25

45

25

45

30

100




45

25

40

25

15

100




Барлы

ғы

-
















270






















270

Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі баллдың жалпы жиыны - 1000 балл. Пән бойынша аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны оқытушы электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары бойынша балл берілмейді. Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі.


7 ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – Алматы, 2006.

2. Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы, 1995.

  1. Әсіпов С.Ы. Ы Алтынсарин-ұлы ағартушы. Алматы, 1985.

  2. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006.

  3. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз, 1999.

  4. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.

  5. Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995.

  6. Қалиев С.Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогиклық мұрасы. Алматы, 1991

  7. Из истории школьного образования Казахстана. Алматы, 2002.

  8. Латышина Д.И. История педагогики.Москва, 2006.

  9. ҚР Конституциясы. А.,1992.

  10. Закон РК “Об образовании” // Казахстанская правда, 11 июня 1999.

  11. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2011жыл.

  12. Очерки истории школы и педагогические мысли народов СССР с древнейших времен до конца ХУІІ века. М., 1989.

  13. Титов В.А. История педагогики. Конспект лекции. М., 2003.

  14. Қалиев C. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 1998.

  15. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 1-2 том. А., 2005.

  16. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. А., 1964.

  17. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., 1995.

  18. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. А., 1992.

  19. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. 7 том. А., 2004.

  20. Жұмабаев М. Педагогика. А., 1992.

  21. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1973.

  22. Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары. А., 1978.

  23. Баласағұн Ж. Құтты білік. А.,1995.

  24. Адамбаев Б. Халық даналығы. А., 1976.

  25. Аспандияров С.Қазақ тарихының очерктері. А., 1957.

  26. Асан қайғы жырау. // Бес ғасыр жырлайды. А., 1984.

  27. Аронұлы С. // Бес ғасыр жырлайды. 1т. А., 1984.

  28. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХУ-ХУІІ ғасырлар) // Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1992.

  29. Жарықбаев Қ.Б. Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. Киев, 1982.

  30. Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-кесімдері. А., 1994.

  31. Өсерұлы Н. Жеті жарғы. А., 1995.

  32. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995.

  33. Ситдиков А. Педагогические идеи и просветительские деятельности И.Алтынсарина. А., 1968.

  34. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988.

  35. Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары. А., 1991.

  36. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. А., 1995.

  37. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығ. 2-бас. А., 1985.

  38. Валиханов Ч. Избранные произведения. М., 1987.

  39. Уәлиханов Ш. Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі. Таңдамалы шығ. А., 1980.

  40. Құнанбаев А. Қарасөздер. Поэмалар. А.,1993.

  41. Есімов Ғ. Хакім Абай (даналық дүниетанымы) А., 1994.

  42. Абай шығармаларының толық жинағы. 1-2 том А.: Жазушы, 1977.

  43. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі-ақылдың көзі. Алматы. 1993ж.

  44. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. А., 1981.

  45. Дала ойшылдары /XY-XYII ғ.ғ/ Жарықбаев Қ, Әлсатов Т. //Бастауыш мектеп. 1999. №6.18-бет

  46. Аймауытов Ж. Үлгі мектептері керек. // Жаңа мектеп. 1925. №11-13.

  47. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай оқыту керек. // Жаңа мектеп, 1925.

  48. Жұмабаев М. Педагогика.- А., 1992.

  49. Дулатов М. История происхождения казахов и киргизов. А., 1991.

  50. Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989.

  51. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз білім комиссиясына // Аламан. А., 1991.

  52. Аймауытов Ж. Психология. А., 1992.

  53. Волков Г.Н.Этнопедагогика. М., 2000.

  54. Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. Москва, 1998.

  55. Джуринский А.Н.История педагогики.Москва, 1999.

  56. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет