міндеттері:
- түрлі ұйымдардың белгілі бір мақсаттарын шешу жолдарын ұйымдастыра білуге;
- басшыға қойылатын талаптар мен басқару стильдерінің психологиялық аспектілерін талдай алуға;
- басқару үрдісіндегі тұлғаның мінез-құлық стратегиясы мен қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруге баулу.
2
|
Сағат саны
|
Лекция – 10 (15 сағат)
Практикалық сабақтар – 20 (30 сағат)
Магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - МӨЖ) – 75 сағат (соның ішінде ОМӨЖ (22,5 сағат)
Барлығы –120 сағат
|
3
|
Оқыту нәтижесі
|
«Басқару психологиясы» курсын аяқтағаннан кейін магистрант келесі қабілеттерге ие болады:
- психоанализ, тұлғаның аналитикалық, үйрету, басқару стильдерінің, Блейк пен Мутонның басқару теориялары, шешім қабылдау негізін құру;
- пән бойынша басқару іс-әрекетінің негізгі құрылымы ретінде, шешім қабылдау процесінде адамдардың бір- біріне ықпал етуі, еңбек ұжымы және оның құрылымын іске асыру процесі ретінде қарастыру;
- педагогикалық интеграция саласында оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, жүзеге асыру, рефлексия, мақсатты болжауды ұйымдастыруда білімді, іскерлікті және креативті дағдыларды қолдану;
- мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы, мотивация адамды іс-әрекетке итермелеуші жүйе ретінде, шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің негізгі құрылымы адамдардың бір-біріне ықпал етуіндегі дағдысын қалыптастыру;
- әлеуметтік жауапкершілік, кәсіби және іскерлік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
|
4
|
Білімін бағалау
|
Глоссарий: 2*3=6 балл
Сауалнама: 1*3=3 балл
МӨЖ: (3*3)+(3*6) =27балл
Коллоквиум (КЛ):1*6= 6балл
Реферат: 2*3= 6 балл
Ұсыныстар:1*3=3 балл
Кейс:1*3=3 балл
Магистрант белсенділігі: 6*1=6 балл
Ағымдық және рубеждік бақылау – 60%
Қорытынды бақылау – 40 %
|
5
|
Қорытынды бақылау
|
тест
|
6
|
Техникалық талаптар
(қажет болса)
|
Курсты игеру кезінде барынша ыңғайлы болу үшін компьютерде/ноутбукта/смартфонда орнатылған стриминт zoom немесе Webex платформаларының болуы; Интернетке шығу мүмкіндігі және тапсырмаларды орындау үшін қажетті басқа бағдарламаларды орнату қажет.
|
7
|
Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |