Жұмыс бағдарламасы «Тоңазытқыш машиналар»



Дата17.07.2016
өлшемі224.21 Kb.
#205904
түріЖұмыс бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 денгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-.01.20.40/

01-2008


ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы

«Тоңазытқыш машиналар »


18 қыркүйек 2008 ж. №1 басылым




ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Тоңазытқыш машыналар»

«050723» – «Техникалық физика» мамандығы үшін
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2008

Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ _____ «28» тамыз 2008 ж.

Жумагажинов А.Т., аға оқытушысы кафедрасы «Техникалық физика»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Техникалық физика» кафедрасының отырысында.

«28» тамыз 2008 жылы, № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ М.К. Мукушева.
2.2 Инженерлік - технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

«17» қыркүйек 2008 жылы, № 1 хаттама.


Төрағасы ______________ Ж. Молдабаева
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қабылданған және баспадан шығаруға кеңес берді.

«18» қыркүйек 2008 жылы, № 1 мәжілісхат.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _____________ А. Молдажанова

БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.


Мазмұны


1 Қолданылу саласы

4

2 Нормативтік сілтемелер

4

3 Жалпы ережелер

4

4 Оқытушыларға арналған пәндердін оку жүмыс бағдарламасының мазмұңы

6

5 Студенттердің өздік жүмысына арналған такырьптардың тізімі

10

6 Пән бойынша оку-әдістсмелік карта

11

7 Оку-әдістемелік әдебиетпен камтамасыз етудін картасы

13

8 Әдебиеттер

14

1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ


«Тоңазытқыш машиналар» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің күрамына енгізілген окытушыларға арналған пәндердің оку жүмыс бағдарламасы «050723» - «Техникалық физика» мамандыгының студенттері үшін арналган .
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Тоңазытқыш машиналар» пәнінің оқытушыларыңа арналган осы пәндердің оку жұмыс бағдарламасы келесі кұжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес берілген пән бойынша оку үрдісін үйымдастырудың тәртібін белгілейді:

- «050723» - «Техникалық физика» мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, ҚР МЖБС 3.08.349-2006, 23.12.05 ж. №779 Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бүйрыгымен енгізілген және бекітілген.

- СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатың жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-08.10.10.12-2007 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің қүрылымы және мазмүны» құжаттандырылған процедурасы.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәндердің мазмұның қыскаша сипаттау

"Тоңазытқыш машинаның" арнайы курсы жалпы-ғылыми және жалпы-техникалық пәндерге негiзделедi. Онда есептеу техникасын оқып бiлу кезiндегi студенттермен алынған бiлiмi мен тәжiрибесi пайдаланылады. Басқа арнайы курстармен ( Тоңазытқыш машиналарды құрастыру мен есептеу) қатар, ол тоңазытқыш және компрессорлық машиналар мен қондырғлар бойынша инженер- механиктiң кәсiби дайындығын аяқтайды.

Тоңазытқыш машинаның теориялық ерекшелiктерi. Тоңазытқыш машинаның жұмыстық заттары. Бу компресиялық тоңазытқыш машиналар. Көлемдік принцип әрекетіндегі тоңазытқыш компрессорлар. Динамикалық принцип әрекетiндегi тоңазытқыш компрессорлар. Тоңазытқыш техника үшiн ұлғайту машиналары. Тоңазытқыш машиналардың конденсаторлары. Тоңзытқыш машиналардың буландырғыштары. Тоңазытқыш машинаның қосалқы аппаратурасы. Жылуды пайдаланалатын тоңазытқыш машиналар. Газдық тоңазытқыш машиналар. Термоэлектрлiк тоңазытқыш машиналар Термоэлектрлiк тоңазытқыш машиналар.
3.2 "Тоңазытқыш машина" пәнiн оқытудың мақсаты студенттермен тоңазытқыш машинаның теориясы мен жұмыстың процестерiн , олардың элементтерiнiң конструкциясын мен машинаны толығымен оқып бiлу, сонымен қоса тиiмдi пайдалану мен экономиялық өндiрудi қамтамасыз ететiн, жаңа құрастыру мен есептеу әдiстерiн меңгеру.
3.3 Пәндерді окып-білудің негізгі міндеті - болашақ маманды инженерлік ойлау мен нақтылы жағдайлардағы тоңазытқыш машиналардың жұмыс ерекшеліктерін түсіну, модельдеу алгоритмдерін қолдану бойынша шешім қабылдауда дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
3.4 Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
бiлу қажет:

-термодинамикалық теориясын, тоңазытқыш машина сызба нұсқасы мен циклын, компрессорлар мен аппараттар конструкциясын, тоңазытқыш машина құрама элементтерiнiң өзара әрекеттерiн, оларды қорғау және реттеу принциптерiн, сонымен қоса оларды оптимизациялаудың ғылыми негiзiн;

-тоңазытқыш машиналар бөлшектерiн, түйiндерiн, элементтерiн конструкциялау принциптерiмен әдiстерi, сонымен қоса оларды компановкалау мен агрегаттау принциптерi;

-тоңазытқыш машиналардың техника экономикалық мiнездемелерiн және нақты пайдалану жағдайларына тәуелдi оларды ұтымды қолдану облыстарын;

қолдану қажет:

-тоңазытқыш техниканы жобалауға техникалық тапсырма құрастыру, тоңазытқыш машинамен оның элементтерiнiң жылулық және конструктивтiу есебiн, сызуларын жетiлдiру және оларды дайыындау үшiн техникалық құжатын, сонымен қоса МЕСТ талаптары мен техника қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес, сериямен шығарылатын жабдықтау құралдарын таңдау.

-нақты пайдалану жағдайлары үшiн тоңазытқыш машинаның оптимал вариантын таңдау мақсатымен технико-экономикалық анализ жүргiзу;

-тоңазытқыш машинаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.


3.5 Курстың пререквизиттері
- термодинамикасы және жылу-масса алмасу
3.6 Курстың постреквизиттері
-тоңазытқыш қондырғылар
1 кесте - Оқу жоспарынан көшірмесі

Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс

тер,


сағ.

Сарамандар, сағ.

Зертха

налық, сағ.



СӨЖБ,

сағ.


СӨЖ,

сағ.


Барлы

ғы,


сағ.

Қорытынды

бақылаудың нысаны



3

5

3

30

15

-

45

45

135

Емтихан

4 ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҮМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


2 кесте - Пәндердің мазмұны. Сабак түрлері бойынша сағаттарды бөлу


Тақырыптардың атауы және олардьң мазмұны

Сағаттар саны




Әдебиеттер

1

2




з

Дәріс сабактар




Кiрiспе. Табиғи және жасанды суық. Тоңазытқыш машиналар түрi. Әр түрлi халық шаруалығының салаларында жасанды суықты қолдану. Тоңазытқыш техниканың өндiрiстi интенсивтендiруде және жаңа технологиялық процестердi құраудағы ролi. Тоңазытқыш машина жасаудың даму тенденциялары мен негiзгi бағыттары.

1




8.1.2, 8.2.2.


Төменгi температураларды алудың физикалық және термодинамикалық негiзi. Қалыпты төменгi температураларды алудың физикалық принциптерi (-160 дейiн): дросселдеу, сыртқы жұмысты алумен ұғлаю процессi, құйынды және термоэлектрлiк эффект, фазалық ауысу. Қоршаған орта және оның қасиеттерi. Керi циклдiң жiктелуi. Циклдың термодинамикалық жаңалығын бағалау. Термодинамиканың екiншi басталуын керi циклдарға қолдану. Iшкi және сыртқы қайтымсыздық. Керi циклдардағы қайтымсыз процестер. Қайтымдылық коэффициентi. Гюй-стодолы принципi. Әр түрлi сыртқы жылу көздерi жағдайларындағы қайтымды керi циклдар. Лоренц циклы және жинақталған Карно циклы. Тура және керi циклдар байланысы. Әр түрлi жылу көздерi жағдайларындағы керi циклдар. Керi циклдардың эксергетикалық анализi.

2




8.1.1, 8.1.3.

2-і кестенің жалғасы

1

2

3




Тоңазытқыш машинаның сызба нұсқасы мен циклi. Бiр сатылы булы машиналарының принципиальдық сызба нұсқасы мен теориялық циклi. Ылғал бу облысындағы детандерлi тоңазытқыш машина. Құрғақ (қызған) бу соратын және дросселдеу, ылғал бу облысында өтетiн тоңазытқыш машина. Оң жақ қисығында жұмыстық заттың сығуы өтетiн цикл. Бу тоңазытқыш машиналарында қайтымсыз шығындарды қысқарту әдiстерi. Регенеративтi цикл. Бу тоңазытқыш машинасының теориялық циклын есептеу. Көп сатылы бу тоңазытқыш машиналарының принципиальдық сызба нұсқасы мен циклi. Жұмыстық затты көп сатылы сығуға өту себептерi. Көп сатылы дросселдеу және көп сатылы сығу циклында қайтымсыз шығындарды қысқарту. Оптимал аралық қысымды анықтау. Бiр сатылы дросселдеумен iске асырылатын екi сатылы тоңазытқыш машинаның сызба нұсқалары мен циклдары: ирек түтiксiз аралық ыдысты; екi буландырғышпен; бужiңiшке ағысты аппараты. Жартылай және толық арлық суытумен iске асырылатын циклдарды салыстыру. Үш сатылы тоңазытқыш машиналардың сызба нұсқалары мен циклi. Құрғақ мұзды алуға арналған кеңейтiлген үш сатылы цикл.

5




8.1.1, 8.1.3.


Газдық тоңазытқыш машиналардың жiктелуi. Газдық тоңазытқыш машиналардың теориялық циклi. Газдық тоңазытқыш машиналардың нақты циклi және мiнездемелерi. құйынды тұрбалы газдық тоңазытқыш машиналар. Газдық тоңазытқыш машиналардың конструциялары мен аппараттары. Газдық тоңазытқыш машиналардың сенiмдiгi және ұзақ кызмет ететiндiгi. ГТМ техника қауiсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтары.

2




8.1.1, 8.1.3.

Тоңазытқыш компрессорлардың жіктелуі. Тоңазытқыш компрессорлар жұмысының ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар.









2-і кестенің жалғасы



1

2

3




Көлемдік принцип әрекетіндегі компрессорлар. Көлемдік принцип әрекетiндіегі жинақталған (идеал) компрессор. Компрессордың теориялық жинақталған циклі термикалық сығу процессінен және цилиндрде бу массасының өзгеру процессiнен (сору, айдау) тұрады. Көлемдік принцип әрекетiндегi компрессорлардың идеал және нақты жұмыстық заттарды изотермиялық, адибатты мен политроптты сығу жұмысы.

2






Поршеньді компрессорлар. Компрессордың теориялық циклi. Поршеньді компрессордың нақты жұмыстық процессі. Индикаторлық диаграмма. Компрессор өнімділігі.


Поршеньдi компрессордың көлемдiк және энергетикалық коэффициенттері. Компрессор тұтынатын қуат, оның ПӘК-і. Тоңазытқыш поршеньді компрессорлардың жылулық және конструтивтік есебі, есеп тәртібі. Поршеньді компрессорлардың жіктелуі. Поршеньдi компрессордың бөлшектерi мен түйіндері. Өнiмдiлiктi реттеу әдiстерi. Поршеньдi компрессорлардың параметрларын опимизациялау ретiнде ЭЕМ-дi қолдану. Жаңа тоңазытқыш поршеньдi компрессорлардың даму тенденциясы. Поршеньдi компрессорды пайдалану кезiндегi техника қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау.

2




8.1.1, 8.1.3, 8.2.4, 8.2.5.

Бұрандалы компрессорлар. Жұмыс iстеу принципi және жiктелуi. Бұрандалы компрессордың артықшылығы мен кемшiлiктерi. Бұранданың конструктивтiк ерекшелiктерi және бұранда iлiнiсне қойылатын талаптар. Бұранда тiстерiн пiшiндеу принциптерi. Жаңа бұрандалы компрессорлардағы тiс пiшiндерiнiң қысқа мiнездемелерi.

Бұрандалы компресорлардың жұмыстық процестерi. Геометриялық сығу дәрежесi. Iшкi және сыртқы қысым арту дәрежесi. Компрессордың нақты және теориялық өнiмдiлiгi.


2




8.1.1, 8.1.3.

2-і кестенің жалғасы



1

2

3




Бұрандалы компрессордың беру коэффитциентi және оның есебi. Беру коэффициентiне факторлар анализiнiң әсерi. Бұрандалардың оптимал шеңберлiк жылдамдығы, бұрандалы компрессордың нақты және теориялық индикаторлық диаграммасы. Көлемдiк және энергетикалық коэффициенттерге жұмыстық зат қасиеттерiнiң әсерi. Бұрандалы компрессордың тұтынатын қуаты, ПӘК-i.

Бұрандалы компрессорға шашырылатын майдың мiндетi. Майға қойылатын негiзгi талаптар. Майтолтырылған тоңазытқыш бұрандалы компрессорларда май шығынының есебi. Бұрандалы компрессордың роторына әсер ететiн күштер мен моментер. Бұрандалы компрессорлардың даму тенденциялары. Бұрандалы компрессор жұмысын есептеуге және анализ жасауға ЭЕМ- дi қолдану.












Динамикалық принцип әрекетiндегi компрессорлар. Динамикалық принцип әрекетiндегi тоңазытқыш компрессорлардың технико- экономикалық мiнедемелерi. Олардың артықшылықтары мен кемшiлiктерi. Жұмыстық зат бiртектi қозғалысының негiзгi термогазодинамикалық теңдеулерi: жұмыс, энергия, дене күйi, жұмыстық процесс, қозғалыс мөлшерi шығыны мен моменттары теңдеулерi. Ортадан тебкiш компрессорлар. Тоңазытқыш машиналардың ортадан тебкiш компрессордың жұмыс iстеу принципi және конструктивтiк сызба нұсқасы. Саты элементтерiндегi термодинамикалық процестер. Жылдамдық үшбұрышы. Жылулық диагрммада саты жұмыстық процестерiн бейнелеу. Саты шығыны. Саты қуаты, ПӘК-i. Реактивтiк коэффициентi. Жұмыстық доңғалақ. Диффузорлар. Керi бағыттағыш аппарат. Компрессордың саты санын және жұмыстық доңғалақтың шеңберлiк жылдамдығын анықтау.

3




8.1.1, 8.1.3.

2-і кестенің жалғасы



1

2

3




Саты элементерiнiң конструктивтiк өлшемiн анықтау. Ортадан тебкiш компрессорлардың мiнездемелерiн, реттеу әдiстерiн және оларды автоматтандыру. Бу тоңазытқыш машинасының ортадан тебкiш компрессорының есебi. Тоңазытқыш ортадан тебкiш компрессорлардың конструкциялары. Олардың сыртқы өлшемi мен салмағы, энергетикалық және эксплуатациялық сапасын жақсарту.










Тоңазытқыш машина аппараттарының мiндетi мен жiктелуi. Бу тоңазытқыш машиналарының конденсаторлары. Конденсаторлардың жiкте­луi. Сумен суытылатын конденсаторлардың негiзгi типтерi: түтiк-қаптамалы, элементтi, суландыру буландыру, буландыру-суландыру. Ауамен суытылатын конденсаторлар: ауа қозғалысы еркiн және ерiксiз. Конденасторлардың жылулық, гидравликалық, конструктивтiк есебi. Ауамен суыту конденсаторларының жылулық есебiнiң ерекшелiктерi. Қоршаған орта жағынан жылу беру есебi. Эксплуатациялық және сыртқы өлшемi мен массалық көрсеткiштерiн жақсарту жолдары. Ғалымдардың зерттеу нәтижелерi. Техника қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау шаралары.

5




8.2.1, 8.2.3.

Буландырғыштардың мiндетi және жiктелуi. Сұйық суық тасығыштарды суытуға арналған буландырғыштар: түтiк-қаптамалы суландыру булан­дырғышы, жұмыстық заттардың қайнауы тұрба iшiнде өтетiн буландырғыш, конденсатор- буландырғыш. Ауаны суытуға арналған буландырғыш: ауа­суытқыштар, камералық суыту қралдары. Сұйық жылу тасығыштарды суытуға арналған буландырғыштар. Батырылған типтi түтiк-қаптамалы буландырғыштың, суландыру түтiк-қаптамалы булан­дырғышының, жұмыстық заттың қайнауы тұрбалар мен каналдар iшiнде өтетiн буландырғышының, конденсатор-буландырғыштың жылулық және конструк­тивтiк есептерi.

6




8.2.1, 8.2.3.

2-і кестенің жалғасы



1

2

3




Ауаны суытуға арналған буландырғыштардың есебi. Ауа суытқыштардағы жылу және зат алмасу. Құрғақ ауа суытқыштар. Ылғал ауа суытқыштар. Эксплуатациялық және сыртқы өлшемдерi жақсарту жолдары. Ғалымдардың зерттеуi.










Сарамандық сабақтары.

Бу тоңазытқыш машиналар циклдарының термодинамикалық тиімдідігін есептеу.

1

8.1.2, 8.1.3

Көп сатылы тоңазытқыш машиналарының жылулық есебі.

1

8.1.2, 8.1.3

Термодинамикалық диаграмалардың көмегiмен бу эжекторлық тоңазытқыш машиналардың циклын тұрғызу. Циклдарды тұрғызудың практикалық дағдыларын алу. Циклдың негiзгi көрсеткiштерiн анықтау.

1

8.1.2, 8.1.3

Термодинамикалық диаграмалардың көмегiмен абсорбциялық тоңазытқыш машиналардың циклын тұрғызу. Циклдарды тұрғызудың практикалық дағдыларын алу. Циклдың негiзгi корсеткiштерiн анықтау.

1

8.1.2, 8.1.3

Поршеньдi компрессорды есептеу:

Түйiндi нүктелердiң параметрларын анықтаумен цикл тұрғызу. ПК-дың жылулық есебi. ПК-дағы газ трактсын есптеу.



2

8.1.2, 8.1.3

Турбодетандердiң есебi:

I-S диаграммасында процестi тұрғызу. Турбодетандердiң конструктивтiк

және термогазодинамикалық есебi.


1

8.1.2, 8.1.3

Көлденең түтiк-қаптамалы конденсатордың жылулық және конструктивтiк есебi: Жылу беру бетiнiң ауданын анықтау.

1

8.1.2, 8.1.3

Буландыру конденсаторын есептеу:

Жылу беру бетiнiң ауданын анықтау.



1

8.1.2, 8.1.3

Ауа конденсаторын есептеу:

Жылу беру бетiнiң ауданын анықтау.



1

8.1.2, 8.1.3

Көлденең түтiк-қаптамалы буландырғыштарды есептеу:

Жылу беру бетiнiң ауданын анықтау.



1

8.1.2, 8.1.3

2-і кестенің жалғасы



1

2

3

Тоңазытқыш агенттiң қайнауы тұрба iшiнде өтетiн түтiк-қаптамалы буландырғышты есептеу: Жылу беру бетiнiң ауданын анықтау

2

8.1.2, 8.1.3

Каскадты тоңазытқыш машинаның конденсатор-буландырғышын есептеу: Жылу беру бетiнiң ауданын анықтау.

1

8.1.2, 8.1.3

Ауа суытқышты есептеу: Жылу беру бетiнiң ауданын анықтау.

1

8.1.2, 8.1.3

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМІ


5.1 Тоңазытқыш машинаның жұмыстық заттары.

5.2 Каскадты тоңазытқыш машиналардың сызба нұсқасы мен циклi.

5.3 Бу эжекторлық тоңазытқыш машиналар.

5.4. Термоэлектрлiк тоңазытқыш машиналар.

5.5. Спираль компрессорлар.

5.6 Осьтiк компрессорлар.

5.7. Ортадан тебкiш компрессор есебi:

5.8. Ротациялық компрессор есебi:

5.9. Аппаратардағы жылу-масса алмасу негіздері

5.10. Тiк түтiк-қаптамалы конденсатор есебi.

5.11. Көлденең түтiк-қаптамалы конденсаторды есептеу

5.12. Панельдi буландырғышты есептеу:


6 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТА
3 кесте -Пән бойынша оқу-әдістемелік карта

Такырыбы

Көрнекі қүралдар, ТСО, плакаттар, зертханалык такталар

Өз бетімен

окып


үйренуге

арналган


сұрактар

Бақылау нысаны

Дәріс сабактар

Практикалық

(семинар)

сабактар


Зертханалык сабактар

1

2

3

4

5

6

Кiрiспе. Табиғи және жасанды суық













Конспект

Төменгi температураларды алудың физикалық және термодинамикалық негiзi

Бу тоңазытқыш машиналар циклдарының термодинамикалық тиімдідігін есептеу.







Тоңазытқыш машинаның жұмыстық заттары

Реферат.

ТС есеп беру



3-і кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

Тоңазытқыш машинаның сызба нұсқасы мен циклi.

Көп сатылы тоңазытқыш машиналарының жылулық есебі.







Каскадты тоңазытқыш машиналардың сызба нұсқасы мен циклi.

Реферат.

ТС есеп беру



Газдық тоңазытқыш машиналардың жiктелуi.

Термодинамикалық диаграмалардың көмегiмен бу эжекторлық тоңазытқыш машиналардың циклын тұрғызу.







Бу эжекторлық тоңазытқыш машиналар.


Реферат.

ТС есеп беру



Көлемдік принцип әрекетіндегі компрессорлар.

Поршеньдi компрессорды есептеу.








Спираль компрессорлар.


Реферат.

ТС есеп беру



Динамикалық принцип әрекетiндегi компрессорлар.

Турбодетандердiң есебi.







Осьтiк компрессорлар.




Реферат.

ТС есеп беру



Бу тоңазытқыш машиналарының конденсаторлары.

Конденсатордың жылулық және конструктивтiк есебi.







Аппаратарда ғы жылу-масса алмасу негіздері

Реферат.

ТС есеп беру



Бу тоңазытқыш машиналарының буландырғыштары

Буландырғыштарды есептеу.










Конспект

ТС есеп беру



7 ОҚУ-ӨДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТІІЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КАРТАСЫ
4 кесте Оку-әдістемелік әдебиетпен камтамасыз етудін картасы

Окулыктардын, оку-әдістемелік күралдардын

атауы


Даналарлың саны

Студенттердің

саны


Қамтамасыз етілу пайызы

1

2

3

4

Холодильные машины /А.В. Баранеко, Н.Н. Бухарин, В.И. Пекарев, И.А.Сакун, Л.С. Тимофеевский. Под общ.ред. Л.С. Тимофеевского.-СПб.:Политехника, 1997.-992 с.










Сакун И.А. и др. Тепловые и конструктивные расчеты холодильных машин.-Л.: машиностроение, 1987.-425с.










Өскенбаев С. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Алматы.: Ғылым, 2004.- 94 б









8 Әдебиеттер


8.1 Негізгі әдебиеттер
8.1.1 Холодильные машины /А.В. Баранеко, Н.Н. Бухарин, В.И. Пекарев, И.А.Сакун, Л.С. Тимофеевский. Под общ.ред. Л.С. Тимофеевского.-СПб.:Политехника, 1997.-992 с.

8.1.2 Холодильные машины /Под ред. И.А. Сакуна.-Л.:машиностроение, 1985.-160 с.

8.1.3 Сакун И.А. и др. Тепловые и конструктивные расчеты холодильных машин.-Л.: машиностроение, 1987.-425с.

8.1.4 Өскенбаев С. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Алматы.: Ғылым, 2004.- 94 б


8.2 Қосымша әдебиеттер
8.2.1 Вейнберг Б.С. Поршневые компрессоры холодильных машин.-М.:машиностроение, 1975.-355 с.

8.2.2 Холодильные компрессоры. Справочник /Под ред. А.В. Быкова.-М.:Легкая и пищевая промышленность, 1981.-280 с.

8.2.3 Холодильные машины. Справочник /Под ред. А.В. Быкова.-М.:Легкая и пищевая промышленность, 1982.- 224 с.

8.2.4 Теплообменные аппараты, приборы автоматизации и испытания холодильных машин. Справочник./Под ред. А.В. Быкова.-М.:Легкая и пищевая промышленность, 1984.-248 с.

8.2.5 Сильман М.А., Шушеншинский М.Г. Пароводяные эжекторные холодильные машины.-М.:Легкая и пищевая промышленность, 1984.-272 с.

8.2.6 Богданов С.Н. и др. Холодильная техника. Свойства веществ. Справочник.-Л.:Машиностроение, 1986. -163 с.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет