ЖҰмыс бағдарламасы «Түркі халықтарының тарихы»



Дата23.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#6995
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих, археология және этнология кафедрасы



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінің
«Тарих» 050203 мамандығының студенттеріне арналған


Павлодар

Мемлекеттік жалпыға міндетті мамандықтың Нысан

Білім стандарты мен тиіптік бағдарлама ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

негізінде әзірленген пәннің

жұмыс бағдарламасын

бекіту парағы


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_______________Н.Э.Пфейфер 200_ж. «__»___________

Құрастырушы: аға оқытушы_______________ Елемесов Ә.Қ.
Тарих, археология және этнология кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша

050114 «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған


Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мамандық стандарты 050203 «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған және типтік бағдарлама негізінде әзіргенген, РОӘК жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22 маусым 2006 жылғы мәжілісінің хаттамасының шешімімен бекітілді және іске қосылды.

Кафедра отырысында ұсынылды «___»___________200_ж. Хаттама №__


Кафедра меңгерушісі _____________ А.Ж. Ерманов




Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды

«__»___________200_ж. Хаттама №__


ОӘК төрайымы_________________________ Мошна Н.И.
КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы _______________________Акишев А.А. «___»_________200__ж.


ЖБ және ӘБ МАҚҰЛДАНДЫ

ЖБ және ӘБ бастығы _________________Варакута А.А. «__»_________200__ ж.




1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
1. 1 Пәннің мақсаты – түркі халықтарының тарихын, дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас процесс ретінде қарастыру. Студенттердің, болашақ тарихшы мамандардың түрік әлемінің тарихына шынайы көзқарастарын қалыптастыру. Соның ішінде, түрік халықтарының бір бөлігі ретінде қазақтардың, Қазақстанның тарихына ерекше көңіл бөлу.
1.2 Пәннің міндеттері:

  • түркі тілдес халықтар тариххының даму барысын игеру;

  • аталмыш пән бойынша негізгі ғылыми әдебиеттердді меңгеруге көмектесу;

  • студенттерге түркі тілдес халықтардың түбі бір екендігін түсіндіру;

  • көне және ортағасырдағы түріктердің мемлекеттілігі мәселесін және олардың өзара байланыстарын ашып көрсету;

  • түркі халықтарының жаңа және қазіргі замандағы тарихының өзекті мәселелерін ашып көрсету.


1.3 Курсты оқу барысында студент мынаны білуі керек түркі халықтары тарихының негізгі теориялық концепциялық мазмұнын, негізгі маңызды этаптарын білу.
1.4 Курсты оқу барысында студент мынаны істей білуі керек пәннің түсінік аппаратын қолдану, бауырлас түркі халықтарының туыстық, қарым-қатынас ерекшеліктерін айыра білу керек.
2 Пререквизиттер: Ежелгі дәуірлердегі Қазақстан тарихы. Ортағасырдардағы Қазақстан тарихы. Археология. Этнология. Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы.


Тематический Форма

план дисциплины ФСҰ ПМУ 7.18.2/07


3 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




п/п
Тақырыптың атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәж.

Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1.

Сақ-сармат дәуіріндегі Түркістанның этносаяси келбеті.

2

1




3

2.

Үйсін және Қаңлы, Ғұн мемлекеттері













3.

Түркі, Батыс түркі, Түргеш және Авар қағанаттары

2

1




3

4.

Ұйғыр және Қарлұқ қағанаттары. Ұлы жібек жолы, дала мен қала мәдениеті

2

1




3

5.

Қарахандар мемлекеті. Еділ бұлғарлары. Қимақ қағанаты. Қыпшақтар мемлекеті

2

1




3

6.

Хорезмшахтар мемлекеті. Оғыздар. Селжүктер. Печенегтер тайпалық одағының қалыптасуы

2

1




3

7.

Ноғай Ордасы, Қазан, Астрахань хандықтары. Қасым хандығы

2

1




3

8.

Әмір Темір мемлекеті, Моғолстан және Көшпелі өзбектер мемелекеттері

2

1




3

9.

Мухаммед Шайбани мемлекеті. Үндістандағы Ұлы Моғолдар

2

1




3

10.

Бұхар және Хиуа хандықтары. Сефевидтер мемлекеттері

2

1




3

11.

XVI XVII ғ. бірінші жартысындағы қазақ хандығы. Жоңғар шапқыншылығы

2

1




3

12.

ХІХ ғ. Бұхар және Хиуа, Қоқанд хандықтары

2

1




3

13.

Түркістан ген-губернаторлығының қалыптасуы.

І дүние жүзілік соғыс тұсындағы түркі халықтары



2

1




3

14.

1917 жылғы Ақпан революциясы жене Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының ұлттық-саяси элитасы

2

1




3

15

Қырым татарлары, карашайлар, балқарлар, түрік-месхетин халықтарынын күштеп көшірілуі.

2

1




3




ИТОГО:

30

15




45

3.1 ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ

Дәріс сабақтарының мазмұны
І Бөлім. Түркістан – адамзат өркениетінің ежелгі ошағы

Тақырып 1. Сақ-сармат дәуіріндегі Түркістанның этносаяси келбеті.

Түркістандағы палеолит мәдениетінің негізгі ошақтары: Азых үңгірі, Қаратау, Сарыарқадағы палеолит ескерткіштері, Сайман тас, Яссы теппе және т.б. Тесіктастан табылған неандерталдық бала. Түркістаннан табылған қола дәуір ескерткіштері. «Авеста» қола дәуірінің тұрғындарының оранласуы және этникалық құрамы жөнінде. «Жүйрік атты турлар». Қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі этно-тарихи үрдістер.

Сақ-сармат дәуіріндегі Түркістанның этносаяси келбеті. Сақтардың түркіхалықтардың мәдени тарихында алар орны. Сақ ирамидалары: «Пазырақ» /Тауып Алтай/, Есік және Бесшатыр /Оңтүстік Қазақстан/, Аржан /Тыва/ обалары. Аң стилі. Түркістан грек-македон үстемдігі кезінде.

Тақырып 2. Үйсін және Қаңлы мемлекеттері

Үйсіндер мен ашина тайпаларының өзара этникалық байланысы. Үйсіндердің ғұндармен, қаңлылармен және қытайлармен байланысы. Үйсіндердің мәдени ескерткіштері. Үйсіндердің қазақтар мен қырғыздардың этногенезіндегі орыны.

Қаңлылар. Қаңлылардың түрік халық этногенезіндегі орны. Батыс Қазақстандағы алан тайпалары және олардың этногенезі. Ғұндар түркілердің арғы бабасы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Б.э.д. І мыңжылдықтың аяғы мен б.э. І мыңжылдықтың басындағы көшпелі этностардың шығу тегі. Ғұн тайпалық одағының қалыптасуы. Ғұндардың тілдік және антропологиялық сипаты. Ғұндардың түркіхалықтарының этносоциогензіндегі орны. Ғұн мемлекетінің күшейуі. Ғұн дәуіріндегі тарихи тұлғалар: Чжи-чжи, Моде, Тәңірқұт, Еділ. Ғұндардың тарихи мәдени ескерткіштері. Адамзат тарихындағы ғұн өнерінің ескерткіштері. Ғұн, қазақ, қыпшақөқ халықтары арасындағы этнографиялық және мәдени байланыстар.
ІІ бөлім. Көне түрік дәуірінің тарихы.

Тақырып 3. Түркі, Батыс түркі, Шығыс түркі, Түргеш және Авар қағанаттары

Көне түріктердің шығу тарихы. Көне түрік этногенезі жөнінде жалпы түсінік. Халықтың этнос ретіндегі басты критерийлері. Тіл және этнос. Түрік тілдерінің қалыптасып, даму кезеңдерінің классификациясы.

Көне түріктердің шығу тегі туралы тарихи зерттеулер. Ғылыми түйімдер тарихи болжамдар. Сақ, сармат, үйсін, қаңлы және ғұн тайпалары мен көне түріктердің этникалық байланысы жайлы көзқарастар: тілдік, туыстық, этномәдени сабақтастық, археологиялық және антропологиялық тұжырымдар.

Түріктердің шығу тегі туралы шежірелер мен жазба деректер. Түрік сөзінің этимиологиялық мәні. Тұран және түркістан ұғымдары. Көне түрік импреиясы және оның мұрагерлері. Түріктер импреиясы мен мемлекеттері туралы зерттеулер мен дерекетер. Руникалық көне түрік жазба ескерткіштері (VIII ғ.). Енисей жазба ескерткіштері (V-XI), Талас жазба ескерткіштері (V-VIII), Шығыс түркістандағы қағазға жазылған руникалық мәтінде (VIII-X). Қазақстан жерінен соңғы кезде табылған руникалық жазба ескерткіштер. Астанада өткен Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштері атты халықаралық ғылыми – теориялық конференция және оның шешімдері. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тарихи деректік мәні мен маңызы.

Жазба және археологиялық деректер мәліметтері бойынша түркі тайпаларының таралып орналасуы.

Түрік қағанатының заң жүйесі. Ұлы Жібек Жолы үшін күрес. Ұлы Жібек жолының «Түрік жолы» тармағы. Түрік қағанатының VI ғасырда соңында әлсіреу себептері. Қағанаттың екіге бөліну.

Жетісудағы соғды колониялары. Түрік-иран, түрік-византия қарым-қатынастары. Елшіліктер алмасу. Тарихшы Менандрдің Маниах пен Земарх елшіліктері туралы мәліметтері.

"Он оқ" тайпа еліндегі дағдарыс. Дулу мен нушибилер арасындағы күрес. Қытай әскерінің Жетісуға шабуылы. Түріктердің Тан империясы ықпалына түсуі. "Қуыршақ қағандар".

Батыс түрік қағанаты ыдырағаннан кейін шеткері батыста пайда болған мемлекеттер - Ұлы Бұлғария және Хазар қағанаты. Құбырат ханның Ұлы Бұлғарияның негізін қалауы. Хазар-бүлғар қатынасының шиеленісуі. Хан Аспарухтың Дунай Бұлғариясының негізін салуы. Ботпайдың хазарларға бағынуы. Хазар-араб қақтығыстары. Хазарлардың иудаизмді қабылдауы, Хазар-Русь қарым-қатынастары. Бұлғарлар мен хазарлардың қазақ халқымен және өзге түрік халықтарымен генетикалық байланысы жайлы ізденістер мен болжамдар.

Түргештер мемлекеті. Үш Елік, Сақал жөне Сұлу қаған тұсындағы Түргеш қағанаты. Түргештердің арабтарға қарсы күресі. 751 жылғы Талас маңындағы шайқас. Қағанаттағы саяси дағдарыс.

Шиби қаған және Еп қаған тұсындағы жағдай. Тан империясы қол астында (630-682 жж.) Елтеріс (Құтылық) қаған және көк түріктердің тәуелсіздігінің орнауы. жырларындағы түрік бірлігі идеясы. Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі. Ел бірлігінің сөгілу себептері.



Тақырып 4. Ұйғыр және Қарлұқ қағанаттары. Ұлы жібек жолы, дала мен қала мәдениеті

Ұйғырлардын Шығыс түрік қағанатын басып алуы. Елетміш Білге қағаны мен Бепо қағанның саясаты. Ұйғыр қағанатының құлауы. Саяси биліктің қырғыздарға өтуі.

Қаған Барс бек және оның саясаты. Көк түріктермен соғыс. Барс бектің эпитафиясы. Ұйғыр қағанатын талқандау. Қырғыздардың Ұлы державасы. Қырғыз мемлекетінің құлау себептері. Енисей және Тянь-шань қырғыздары.



Қарлық қағанаты (766-840 жж.). Білге Күл Қадыр ханның өзін қаған деп жариялауы. Қарлықтардың көрші елдермен қарым-қатынасы. Саманилік Нүх ибн Асадтың қарлықтарға қарсы "қасиетті соғысы" және оның нәтижелері. Қарлық қағанатынын мемлекеттік құрылымы. Қарлықтар мен карахандыктардың өзара этникалық қатысы мәселесі.

Көне түріктердің материалдық және руханн мәдениетінің бастау көздері. Көне түріктер дәуірі: хронологиялық шегі жөне этномәдени аймақтары, деректік негізі, зерттеуі. "Түркі өркениеті", "түркілердің далалық өркениеті" ұғымдары.

Байырғы түркі өркениетіндегі руникалық жазба ескерткіштердің орны. Көне түріктердің ауыз әдебиеті, діні, наным-сенімдері, салт-дәстүрлері. Соғыс өнері. Елшілік дәстүрі. Көне түріктер түсінігіндегі бері образы. Көне түріктердің тарихы жөне жағрапиялық түсініктері.

Көне түріктердің мүсің жасау өнері, бейнелеу өнері. Петроглифтер. Үй кәсіптері. Тау-кен өндірісі. Егіншілік. Мал шаруашылығы. Аң аулау. Көне түріктер және қазіргі түркі халыктары: мәдениеттер сабақтастығы.

Ұлы түрік империясы жөне оның мұрагерлері. Дүниежүзілік тарихта алар орны және қазіргі түркі тілдес халыктардың мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени және этникалық тарихындағы салдарының іздері.


III бөлім. Орта түрік дәуірінің тарихы (X-XV ғғ.)

Тақырып 5. Қарахандар мемлекеті. Еділ бұлғарлары. Қимақ қағанаты. Қыпшақтар мемлекеті

Еділ бұлғарлары мемлекеті (Х-ХІІІ ғғ.). Еділ бұлғарлары туралы деректер жөне ғылыми зерттеулер.

X ғ. Еділ бұлғарлары мемлекетінің құрылуы. Еділ бұлғарларының исламды кабылдауы. Еділ бүлғарлары мемлекетінің ішкі-сыртқы саясаты. Ибн мемлекетінің құрылуы. Еділ бұлғарлары мен қазіргі түркі тілдес халықтардың өзара этникалық туыстастығы мәселесі.



Қарахандар қағанаты (Х-ХШ ғғ.). Ферғана мен Мауераннахрды жаулап алуы. Қарахандықтардың ғазнауилермен қарым-қатынасы. Өзара қырқыстар, мемлекеттің екіге бөлінуі. Мемлекеттің құрылуы жөне қидандардың батысқа жылжуы. Қатуан шайқасы.-(1141ж.) Х-ХШ ғғ. Ұйғырлар. Ұйғырлардың IX ғ. ортасында Куча Турфан және Ганьчжоу аймағына орналасуы. Турфан идикуттығы. Ұйғырлардың Ганьчжоу мемлекеті. Қарахандар, карақытайлар қармағындағы ұйғырлар, Күшілік ханның ұйғырларды бағындыруы. Найман, Керей, Жалайыр ұлыстары.

Қыпшақтардың мемлекеттік құрылымы мәселесі. Х-ХІ ғғ. қыпшақтардың территориялық экспанциясы. XII-XIII ғғ. қыпшақтардың саяси жағдайы. Қыпшақтардың түркі халықтарынын саяси—этникалық тарихындағы орны. Печенегтер. Ғазнауилер мемлекетінің территориясы, саяси құрылысы. Ғазнауилердің ішкі-сыртқы саясаты. Ғазнауилердің селжүктардан жеңілуі.



Тақырып 6. Хорезмшахтар мемлекеті. Оғыздар. Селжүктер. Печенегтер тайпалық одағының қалыптасуы

Хорезмшахтар әулеті. Хорезм шахтар мемлекетінің XI ғ. соңындағы саяси жағдайы. Хорезмшах Атсыз және Мухамед, олардын саясаты. Хорезмшах мемлекетін монғолдардың талқандауы.

Оғыздар (ІХ-ХІ ғғ.) және селжұқтар империясы ХІ-ХІІІ ғғ. "Оғыз" сөзінін этимологиясы. Оғыздардыңі ішкі-сыртқы саясаты. X ғ.селжұқ бірлестігінін құрылуы. Селжүктардың оңтүстік шығысқа жылжуы. Селжұқтардың ғазнауилер, қарахандармен қатынасы. Селжұқ мемлекетінің құлауы. Селжұқтардын Шығыс елдеріндегі этникалық үрдіске әсері және түрікмен, әзербайжан мен түрік халқынын этникалық тарихындағы рөлі.

"Печенегтердің" тайпалы одағының құрылуы. Печенегтердің Қара теңіз жағалауы мен солтүстік Кавказға жылжуы. Печенегтердің саяси тарихы. Қара калпақтылар (черные клобуки). Кангар хандарының қыпшақтармен күресі.

Көшудің түрлері. Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы шаруашылықтар. Табының құрамы және оны бағу ережелері. Егіншілік мәдениеті. Негізгі егіншілік аймақтар. Ихта жүйесі.

Ислам дінінің түріктерге әсері. Олардың ғылыми мұралары және әлемдік өркениетте алар орны.


IҮ бөлім. Түркі халықтары монғол дәуірінде (ХІІІ-ХҮғғ.)

7. Ноғай Ордасы, Қазан, Астрахань хандықтары. Қасым хандығы

XIII ғасырдың басындағы Орталық Азиядағы геосаяси ахуал. Моңғол тайпалары және олардың көршілері туралы жазба деректер мәліметтері "Моңғол-татар" ұғымы. Жошы, Шағатай, Үгедей ұлысы құрамындағы түріктер. Бату ханның Еділ Бұлғариясын, Аланияны бағындыруы. Шығыс Еуропаға жасаған жорығы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылуы. Оның құрамындағы түрік халықтары. Көк Орда ұғымдары. Алтын Орданың саяси әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Ішкі, сыртқы саясаты. Алтын Орданың түркіленуі (қыпшақтануы) мәселесі. Орда Ежен және Шайбан ұлыстарының оқшаулануы. Едіге Мырзаның билігіндегі Алтын Орда (1396-1411). Алтын Орданың ыдырай бастауы.

Ноғай Ордасының ХҮ ғ. ішкі, сыртқы саясаты. Ноғайлардың — қазақ, кырғыз, өзбек, қарақалпақ халықтары зтногенезіндегі орны.

Қазан хандығы. (1468-1515) Қырымнын Туркия вассалына айналуы. Астананың Қырымнан Бақшасарайға көшірілуі.

Хандықтың саяси қарым-қатынастары. Сібір ханы Айбектің Қажы Тарқан қаласын жаулап алуы (1492 ж.).

Қасым хандығы. Василий II орыс қызметіне өткен татар хандары мен бектерінің иелігін құруы (1450ж.). Қасым хан. Қасым хандығы билеушілерінің Мәскеу жағында Қазанға жорығы.

Сібір ханы Айбектін Қажы тарқан қаласын жаулап алуы (1942 ж.).

Сібір хандығы. Қажы Мұхамедтің хандықтың негізін салуы. Хан Ибак. Шайбанидтерден теуелсіздік алу.

Тақырып 8. Әмір Темір мемлекеті, Моғолстан және Көшпелі өзбектер мемелекеттері

Шағатай мемлекеті ыдырауы нәтижесінде Әмір Темір және Моғолстан мемлекеттерінің құрылуы. Әмір Темір империясы Әмір Темірдін ішкі-сыртқы саясаты. Әмір Темір әулетінің XV ғ. билігі. Шаһрух, Ұлықбек, Әбусаймед, Хусейн, Султан. Мемлекеттің өлсіреу себептері. Әмір Темірдің түрік халықтары тарихында алар орны. Жетісу мен Шығыс Түркістанды бас Жәнібек пен Керейдің Моғолстанға келуі. М.Хайдар Дулатидың Моғолстандағы түрік халықтары туралы мәліметтері XV ғ. 80-жж. Моғолстандағы екі саяси бірлестік. Ахмад Султан-кырғыздарының XV ғ. Тәңір тауға коныс аударуы. Тәңір тауда жана этникалықк кұрылым-қырғыз халқының пайда бола бастауы.

Әбілхайыр хандығы. Әбілхайыр ханның Мауреннаһрға, Моғолстанға жорығы. Әбілхайырдың 1956 ж. Сығанак түбінде ойраттардан жеңілуі. Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақктағы билігінің тоқтау себептері.

Қазақ хандығы. Қазақ хандығынын негізін салушылар және олардың генелогиясы. "Өзбек-қазақ" ұғымы. Қазақ хандарының Дешті-Қыпшаққа орнығуы. Сыр бойы қалалары үшін күрестің басталуы. Қазақ халқынын калыптаса бастауы.

Қарақойлы, Аққойлы және жалайыр тайпаларының Орта Азия мен Қазақстан жерінен Кіші Азия жеріне XIII ғ. басында Хулагу әскерімен бірге қоныс тебуі. Байон Қожанын Қарақойлы билеушілерінің Әмір Темірге қарсы күресі. Қарақойлы мемлекетін Аққойлы мемлекетінің басып алуы. XIV-XV ғ. Аққойлы мемлекеті Үзыи қалан түсында дөуірлеуі (1453-1448). Осман сүлтанынна қарсы күрес. Аққойлы жөне Қарақойлылардың Әзербайжан халқы этногезіндегі орны.

Түріктер Ұлы Даладан тысқары жерлерде Қыпшақ ханы Котянның Венгрияға жіберген елшілігі. 1239 ж. 40 мыңдық Қыпшақ Венгрия жеріне қоныстануы. Қыпшақтар болгар патшалығында. Болгар патшалығын басқарған қыпшақтан шыққан патшалар. Асен I, Борил, Асен II. Қыпшақтар Валахияда.

Дели Сұлтандығындағы түрік қьшшактар. Кутб-ад-ин Айбек-Дели түрік мұсылман сұлтандығының негізін салушы. Қыпшақтан шыққан Елтүтмегештың таққа отыруы және оның саясаты. 1220—1221 жж. 30000 түріктің Хорезмшах мемлекетінен Үндістанға қоныс тебуі. Елтүтмыштың қызы Рәзия сүлтанның ел билеуі. Сұлтан Балбан.

Египет пен Сириядағы Қыпшақ-мемлекеттері. Түрік қызы Шаджарат ад-дүрдің Еипеттегі билігі және күресшілерге қарсы күресті басқаруы. Сүлтан Бейбарстың таққа отыруы.


Ү Бөлім. Түрік халықтары соңғы ортағасырларда (ХҮІ-ХҮШғғ.)

Тақырып 9. Мухаммед Шайбани мемлекеті. Үндістандағы Ұлы Моғолдар

ХҮ ғ. соңы ХҮІІ ғ. Орталық Азиядағы этносаяси, этномәдени процестер. "92 баулы" қыпшақтың бөлінуі ұғымы.

ХҮІ ғ. басында өзбек тайпаларьіның Орта Азияға келуі. Мүхаммед Шайбани державасы. Темір әулеті әмірлерінің жеңілуі.

Бабырдың Үндістанда Ұлы моғолдар әулетінің негізін салуы. Бабырдың ата мекен үшін күресі. Ұлы моғол империясындағы түрік билеуші элитасы. Орталық Азия елдерімен сауда және елшілік қатынастар. "Бабырнама".



Тақырып 10. Бұхар және Хиуа хандықтары. Сефевидтер мемлекеттері

Бұхар хандығы. Шайбани хан. Абдолла хан II. Қазақ-бұхар қарым-катынастары. Ташкент, Түркістан калаларының қазақтар қолына өтуі Хорезмнің бөлініп шығуы. Аштар хан (Жами) әулеті билігі. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Өзбек-Сібір байланыстары. Имамқүл хан. Қазақтардың Имамқұлға ирандықтарға қарсы күресте жәрдем беруі. Нәдір шахтың Иранды алуы (1740). Маңғыттар әулеті билігі. Бұхар хандығының XYІІI ғ. ішкі-сыртқы саясаты. Қоқан хандығының құрылуы жөне оның мемлекеттік құрылымы.

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. мемлекетінің бөлшектенуі. 1740-1747 жж. Нәдір шаһтың билігі. Инан Мүхаммедтің Қоңырат әулетінің негізін салуы (1763).

Бұл күрестің "Көроғлы" дастанында көрініс беруі. Өзбек хандарынын Хорасанды алуы. Сефевид мемлекеттіндегі басқарушы түрік элитасы. Сефевид мемлекетінің құлауы.



Тақырып 11. XVI XVII ғ. бірінші жартысындағы қазақ хандығы. Жоңғар шапқыншылығы

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ хандарының ХҮІ ғ. II жартысы - ХҮІІI ширегіндегі ішкі-сыртқы саясаты.

Жоңғар шапқыншылығы. Қазақ, қырғыз және өзге түрік халықтарының ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. жоңғар экспансиясына қарсы күресі.

Кавказ қыпшақтарының қазіргі Әзірбайжан жерінде Қазақ хандығын құруы (1550). Қазақ хандығының қазіргі Әзірбайжан жеріндегі іздері. Қазақ қаласы, Әзірбайжан тіліндегі қыпшақ диалектісі. ХҮІІІ ғ. басында Түркия, Иран, Ресейдің Әзірбайжан жеріндегі текетіресі. 1724 ж. Константинополь келісім-шарты, Әзірбайжан жерінің Ресей, Түркия, Иран арасында бөліске түсуі. Армяндардың Әзірбайжан жеріне орналастырылуы.

Ресей империясы және түрік әлемі (ХҮІ-ХҮШ ғғ.). Ресейдің XYІ-XYIII ғг. жаулаушылық саясаты. Ресейдің Қазан, Астрахан, Сібір, Қасым хандықтарын жаулап алуы. Ресейдің Орталық Азия түріктерін отарлауы. Ресей жене Солтүстік Кавказдағы түрік халықтары. Түрік халықтарының тәуелсіздік үшін күресі (ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.).

Шығыс Түркістандағы түрік халықтарының ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. этномәдени тарихы. Шығыс Түркістандағы түрік халықтары жене Қытай.

ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Осман империясы. Ішкі, сыртқы саясаты. Осман империясы және Ресей. Өзара соғыстар. Осман империясының өзге түрік халықтарымен қарым-қатынасы.

және олардың түрік халықтары мәдениетінде алар орны. Қалалық мәдениет. Архитектура. Қолданбалы өнер. Миниатюра. Әуен. Кезбе цирк әртістері.


VІ Бөлім. Түрік халықтары жаңа заман дәуірінде

Тақырып 12. ХІХ ғ. Бұхар және Хиуа, Қоқанд хандықтары

Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдай. Қазақтардың өзбек хандықтарымен саяси экономикалық қарым-қатынасы.



Тақырып 12. ХІХ ғ. Бұхар және Хиуа, Қоқанд хандықтары

Жүніс Қожа иелігі және оның құрамындағы қазақтар. Қоқан хандығының Жүніс Қожа иелігін жаулап алуы. Қоқан хандығы және қазақтар мен қырғыздар.

Мухаммед Рахым хан (1806-1825) тұсындағы Хиуа хандығы. Мемлекеттің орталықтандырылуы. Қазақ-Хиуа қарым-қатынастары. Қарақалпақтар.

Хайдар хан (1800-1826) тұсындағы Бұхар хандығы. Насролла ханның саясаты.

XIX ғ. I жартысындағы Қоқан Бұхар, Қоқан Хиуа қарым-қатынастары.

XIX ғ. II жартысындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдай. Британ экспансиясы. Ресей империясының отарлау саясаты. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.

Синьцзяндағы саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдай. 1857 ж. көтеріліс. Алтышар. Ш.Уәлихановтың Қашқарға сапары. Жакыпбек.

Тақырып 13. Түркістан ген-губернаторлығының қалыптасуы. І дүние жүзілік соғыс тұсындағы түркі халықтары

Орынбор мұсылман діни басқармасының қызметі. Мұсылмандық білім берудің таралуы және дамуы. Мектептермен, медреселер. Түркістандағы ғылыми қоғамдар.

Жас түріктер жөне түркі-мұсылман саяси элитасы. 1905-1907 жж. Бүкілресейлік мұсылман съездері. Ресей мүсылмандары партиясы. Мемлекеттік Думадағы мүсылман фракциясынын қызметі.

XX ғ. басындағы Түркиядағы жене Батыс Еуропадағы түркі-мүсылмандық эмигранттық ұйымдар. Ж.Акчурин жене А.Ибрагимов.

Түркі халыктарының жана замандағы мәдениеті, шаруашылығы.

Тақырып 14. 1917 жылғы Ақпан революциясы жене Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының ұлттық-саяси элитасы

1917 жылғы Ақпан революциясы жене Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының ұлттық-саяси элитасы.

Азаматтық қарсыласу және түркі-мүсылман халықтарының саяси элитасы. Ресейде бір орталықка қатан бағындырудың қалыптаса бастауы жене "мұсылмандық социализм" идеологиясының тууы. М.Султан-Галиевтің түрікшілдік идеясы.

Түркістанда Кеңес автономиясының жариялануы. Басмашылар козғалысы және оның мәні. Түркістан Республикасында қарулы қарсыласудың күшеюі.

Энвар паша Түркістанда. Жоғары билік орындарында ұлттық оппозициянын күшеюі. Т.Рысқүлов және "Түрік Республикасының" құрылуы идеясы.

Кавказ, Қырым жене Еділ-Жайық бойындағы түркі-мүсылман халықтары 1921-1924 жылдары. Әзірбайжан КСР-нің құрылуы. Татар АКСР-і. Башқұрт КСР-ы. Қырым татарларының ұлттық өзін-өзі билеуі үшін күресі.

Шығыс халықтарынын бірінші съезі (1919 ж.). Кеңестендіру дәуіріндегі түркі-мүсылман халықтары ұлттық саяси элитасының өзара қарым-қатынасы.

Мүстафа Кемал бастаған ұлт-азаттық күрес жене Түркия республикасынын құрылуы. Мүстафа Кемал Ататүріктің реформалары.

Түркі-мұсылмандық саяси эмиграция. 20-30 жылдардағы шетелдік эмигранттық ұйымдасдын қызметі. "Идель-Урал", "Туркистан миллибирлиги", І Валиди, М.Шокай, Г.Исхаки, А.Топчибашев, М.Расулзаде. Эмигранттық баспасөз: "Миллибайрак", "Яш Түркістан" "Азат Шарқ" және т.б.

Тақырып 15. Қырым татарлары, карашайлар, балқарлар, түрік-месхетин халықтарынын күштеп көшірілуі

Сталинизм жене түркі халықтарына қарсы жасалған саяси куғын-сүргін. Қырым татарлары, карашайлар, балқарлар, түрік-месхетин халықтарынын күштеп көшірілуі. КСРО-дағы түркі-мүсылман халықтары зиялыларының қуғындалуы.

Түркі-мүсылман халықтарының фашизмге қарсы күреске қатысуы.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі түркі-мүсылман халықтарынын әлеуметтік-саяси және медени жағдайы.

Шығыс Түркістандағы түркі халықтары. "Үш аймақ төңкерісі". Шығыс Түркістан республикасынын кқрылуы. Қытайда компартияның билікке келуі және Шығыс Түркістан Республикасынын құлауы. Синьцзяндағы 1930-1950 жж. оқиғалар жене қазақтардын Пәкістанға, Үндістанға жене т.б. елдерге кетуі. Ұйғырлардын тәуелсіздік үшін күресі.

КСРО-нын ыдырауы және теуелсіз түрік республикаларының кұрылуы. Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси және мәдени өмірі. "Орталық Азиялық мемлекеттері Одағын" құру идеясы.

ТҮРКСОЙ - түркі халықтары мәдениеті және өнері мәселесі жөніндегі халықаралық ұйымы. Түркі халықтарынын қазіргі көздегі өзара қарым-қатынасы.

3.2 ПӘННІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ

Тәжірибелік сабақтарының тізімі

Тақырып 1. Сақ-сармат дәуіріндегі Түркістанның этносаяси келбеті.

1. Қола дәуірінің тұрғындарының орналасуы және этникалық құрамы жөнінде. «Авеста».

2. «Жүйрік атты турлар». Қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі этно-тарихи үрдістер.

3. Сақ-сармат дәуіріндегі Түркістанның этносаяси келбеті.

4. Сақтардың түркіхалықтардың мәдени тарихында алар орны. Сақ ирамидалары: «Пазырақ» /Тауып Алтай/, Есік және Бесшатыр /Оңтүстік Қазақстан/, Аржан /Тыва/ обалары. Аң стилі. Түркістан грек-македон үстемдігі кезінде.
Тақырып 2. Үйсін және Қаңлы, Ғұн мемлекеттері

1. Үйсіндердің ғұндармен, қаңлылармен және қытайлармен байланысы. Үйсіндердің мәдени ескерткіштері.



  1. Үйсіндердің қазақтар мен қырғыздардың этногенезіндегі орыны.

3. Қаңлылар. Қаңлылардың түрік халық этногенезіндегі орны.

4. Батыс Қазақстандағы алан тайпалары және олардың этногенезі.

5. Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Б.э.д. І мыңжылдықтың аяғы мен б.э. І мыңжылдықтың басындағы көшпелі этностардың шығу тегі. Ғұн тайпалық одағының қалыптасуы.

6. Ғұн мемлекетінің күшейуі. Ғұн дәуіріндегі тарихи тұлғалар: Чжи-чжи, Моде, Тәңірқұт, Еділ. Ғұндардың тарихи мәдени ескерткіштері.


Тақырып 3. Түркі, Батыс түркі, Түргеш және Авар қағанаттары

1. VI ғасырдағы Орталық Азия саяси жағдай және түріктер. Түрік қағанатының ішкі сыртқы саясаты. Қағанаттың қоғамдық саяси құрлысы.

2. Авар қағанаты. Авар қағанатының күшеюі.

3. Батыс түрік қағанатының территориясы, тайпалық құрамы және ішкі құрылымы. Батыс түрік қағанатының күшеюі. Шегуй (610-618 жж.) және Түн Жабғу (618-630 жж.) қағандардың саясаты.

4. Үш Елік, Сақал жөне Сұлу қаған тұсындағы Түргеш қағанаты. Түргештердің арабтарға қарсы күресі. 751 жылғы Талас маңындағы шайқас.

5. Шығыс түрік қағанаты (582-630 жж.): территориясы, тайпалары. Қапаған, Тоныкөк, Білге мен Күлтегіннің жорықтары және Екінші түрік қағанатының нығаюы (682-744 жж.).


Тақырып 4. Ұйғыр және Қарлұқ қағанаттары. Ұлы жібек жолы, дала мен қала мәдениеті

1. Ұйғыр қағанатының құрылуы. Басмыл, қарлық, ұйғыр тайпалары біріккен "Үш тайпалық одақтың" ыдырауы.

2. Ертедегі қырғыздар туралы жазба деректер жөне зерттеулер. Қырғыздардың VI-VII ғғ. мемлекеттік құрылымы.

3. Қарлықтардың этникалық құрамы. "Үш қарлық" елі және көк түріктер. Саяси билік үшін күрес. Орталық Азияда карлықтар билігінің орнауы.

4. Ұлы Жібек Жолы және көне түріктердің қалалық мәдениеті. Сауда және тенге жасау. Түріктер және соғдылықтар: өзара мәдени алмасулар. Көне түріктер дәуіріндегі көшпелі жөне отырықшы мәдениеттердің өзара тоғысуы.
Тақырып 5. Қарахандар мемлекеті. Еділ бұлғарлары. Қимақ қағанаты. Қыпшақтар мемлекеті

1. Еділ бұлғарлары мемлекеті (Х-ХІІІ ғғ.). Еділ бұлғарлары туралы деректер жөне ғылыми зерттеулер. Алмас ханның саясаты.

2.Қарахандар мемлекетінің құрылуы, оның этникалық құрамы және саяси құрылымы. Қарахандықтар және ислам діні. Қағанат шекарасының кеңейюі.

3. Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғғ.) және қыпшақтар бірлестігі (ХІІ-ХІІІ ғғ.). Қимақтардың этникалық құрамы, мемлекеттік құрылысы және саяси тарихы.

4. Кимектер мен қыпшақтардың өзара қатысы. Қыпшақтар туралы жазба деректер. Қыпшақтардың ру-тайпалық құрамы және олардың орналасуы. "Дешті қыпшақ" ұғымы.



Тақырып 6. Хорезмшахтар мемлекеті. Оғыздар. Селжүктер. Печенегтер тайпалық одағының қалыптасуы

1. Хорезмшахтар әулеті. Хорезм шахтар мемлекетінің XI ғ. соңындағы саяси жағдайы. Хорезмшах Атсыз және Мухамед, олардын саясаты.



2. Оғыздар конфедерациясы және оның құрамы, орналасқан жері. Оғыздардың Арал-Каспийдегі империясы, оның саяси-әлеуметтік құрылымы.

3. ХІ-ХІІ ғғ. селжұқ державасы, астанасы, территориясы, мемлекеттік құрылысы. Мелик шах тұсындағы селжұқ әулеті билеген сұлтандықтар.

4. "Печенегтердің" тайпалы одағының құрылуы. Печенегтердің Қара теңіз жағалауы мен солтүстік Кавказға жылжуы. Печенегтердің саяси тарихы.

5. Х-ХІ ғасырлардағы түріктердің мәдениеті және шаруашылығы. Х-ХШ ғғ.. калалық мәдениет. Ұлы Жібек жолының Х-ХІІ ғғ. қызметі. Архитектура, қоленер. Бейнелеу өнері. Әдебиет. Түркілердің исламтануға қосқан үлесі. X-XII ғғ. түрік ойшылдары мен ғалымдары.
Тақырып 6. Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.

1. XІІІ ғ. басындағы саяси және этникалық жағдайы. «Отырар апаты».

2. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Дешті-Қыпшақ жері Шыңғысхан ұлдары ұлысының құрамында.

3. Алтын Орданың құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы- Саяси құрылысы. Экономикасы және мәдениеті

4. Едіге бидің билігінін нығаюы. Алтын Орданың ыдырауының басталуы.


7. Шыңғысханның жорықтары. Ноғай Ордасы, Қазан, Астрахань хандықтары.

1. XIII ғасырдың басындағы Орталық Азиядағы геосаяси ахуал. Түрік-монғол тайпаларын Шыңғысханның біріктіруі.

2. Шыңғысханның жаулаушылық саясаты жене түрік халықтары. Ұлыстардын құрылуы. Алтын Орда, Ақ Орда.

3. Ноғай Ордасы (Маңғыт жұрты). (ХШ-ХҮ ғғ.). Едігенін мемлекет негізін салуы. " Нұр-аддиннің ел билеуі (1426-1440 жж.).

4. Ұлығ Мухаммед Қазан хандығының негізін салушы (1443 ж.) Меңлі Герей ханның сыртқы саясаты.

5. Қажы Тархан хандығы (Астрахан хандығы). Махмуд ханның Қажы Тархан хандығының негізін салуы.


Тақырып 8. Әмір Темір мемлекеті, Моғолстан және Көшпелі өзбектер мемелекеттері

1. Шағатай мемлекеті ыдырауы нәтижесінде Әмір Темір және Моғолстан мемлекеттерінің құрылуы.

2. Әмір Темір империясы Әмір Темірдін ішкі-сыртқы саясаты. Әмір Темір әулетінің XV ғ. билігі. Шаһрух, Ұлықбек, Әбусаймед, Хусейн, Султан. Мемлекеттің өлсіреу себептері.

3. Моғолстан, аумағы және этникалық құрамы "Моғол" ұғымы қару ісіндегі дулаттардың рөлі. Моғолстанның билеушілері және олардың саясаты.

4. Көшпелі өзбек мемлекеті. Шайбани әулетінін күшеюі. Әбілхайыр хан (1428-1468). Хандықтын этникалық құрамы, территориясы. Саяси-әлеуметтік кұрылымы, әкімшілік орталықтары: Тула, Орда, Базар, Сығанақ.
Тақырып 9. Мухаммед Шайбани мемлекеті. Үндістандағы Ұлы Моғолдар

1. ХҮ ғ. соңы ХҮІІ ғ. Орталық Азиядағы этносаяси, этномәдени процестер. "92 баулы" қыпшақтың бөлінуі ұғымы.

2. ХҮІ ғ. басында өзбек тайпаларының Орта Азияға келуі. Мүхаммед Шайбани державасы. Темір әулеті әмірлерінің жеңілуі.

3. Бабырдың Үндістанда Ұлы моғолдар әулетінің негізін салуы. Бабырдың ата мекен үшін күресі.

4. Ұлы моғол империясындағы түрік билеуші элитасы. Орталық Азия елдерімен сауда және елшілік қатынастар. "Бабырнама".
Тақырып 10. Бұхар және Хиуа хандықтары. Сефевидтер мемлекеттері

1. Бұхар хандығы. Шайбани хан. Абдолла хан II. Қазақ-бұхар қарым-катынастары. Ташкент, Түркістан калаларының қазақтар қолына өтуі Хорезмнің бөлініп шығуы. Аштар хан (Жами) әулеті билігі.

2. Хиуа хандығы. Өзбек ханы Ильбарстың 1551 ж. мемлекетінің негізін салуы. Аумағы және халқы. Мемлекеттік құрылымы.

3. Сефевид әулеті мемлекеті (1502-1736). Аққойлы мемлекетінің жеңіліс табуы. Сефевид Ираны мен Осман империясы арасындағы Әзірбайжан жері үшін күрес.


Тақырып 11. XVI – XVII ғ. бірінші жартысындағы қазақ хандығы. Жоңғар шапқыншылығы

1. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ хандарының ХҮІ ғ. II жартысы - ХҮІІI ширегіндегі ішкі-сыртқы саясаты.

2. Жоңғар шапқыншылығы. Қазақ, қырғыз және өзге түрік халықтарының ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. жоңғар экспансиясына қарсы күресі.

3. ХҮІ-ХҮШ ғғ. түрік халықтарының мәдениеті. Тіл және әдебиет. Тарихи шығармалар және дастандар.

4. Қазақ-ноғайлы эпикалық жырлары. Ислам діні. Бұхара, Хиуа, Қоқандағы медреселер.
Тақырып 12. ХІХ ғ. Бұхар және Хиуа, Қоқанд хандықтары

1. Қоқан хандығының Жүніс Қожа иелігін жаулап алуы. Қоқан хандығы және қазақтар мен қырғыздар.

2. Мухаммед Рахым хан (1806-1825) тұсындағы Хиуа хандығы. Мемлекеттің орталықтандырылуы. Қазақ-Хиуа қарым-қатынастары.

3. Хайдар хан (1800-1826) тұсындағы Бұхар хандығы. Насролла ханның саясаты. XIX ғ. I жартысындағы Қоқан Бұхар, Қоқан Хиуа қарым-қатынастары.

4. XIX ғ. II жартысындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдай. Британ экспансиясы. Ресей империясының отарлау саясаты.

5. Синьцзяндағы саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдай. 1857 ж. көтеріліс. Алтышар. Ш.Уәлихановтың Қашқарға сапары. Жакыпбек.


Тақырып 13. Түркістан ген-губернаторлығының қалыптасуы. І дүние жүзілік соғыс тұсындағы түркі халықтары

1. Ресейдің отарлау саясатының күшеюі. Сырдария және Батыс Сібір желісінің қосылуы. Түркістан генерал-губернаторлығы. Әндіжандағы 1898 ж. көтеріліс.

2. Түркі-мұсылман халықтарының ұлттық сана-сезімінің өсуі. Жадидизм. Түркі-мүсылман халықтары ұлттық саяси элитасының өзара байланыстары. И.Гаспралы және оның "Тәржіман" газеті.

3. Түркі-мұсылман халықтары Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж. көтеріліс. Еділ бойындағы және Орталық Азиядағы түрік әскери тұтқындары


Тақырып 14. 1917 жылғы Ақпан революциясы және Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының ұлттық-саяси элитасы

1.Түркі-мұсылман халықтарынын ұлттық саяси ұйымдары ("Шуро-и-ислам", "Шуро-и-улема", "Құрылтай", Бүкілресейлік мүсылман Кенесі, "Муссават", "Алаш", "Турон", "Фукара", "Милли фирка" және басқалар).

2. Түркі-мұсылман халықтары ұлттық саяси элитасының (А.Топчибашев, А.Цаликов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Максудов, САлкин, М.Джафаров) уақытша үкіметтің билік орындарындағы қызметі.

3. 1917ж. Қазан төңкерісі. Түркі-мұсылман халықтарының өзін-өзі билеуге ұмтылысы. Туркистан мухторияты. Идель-Урал. Алаш Орда. Әзірбайжан демократиялық республикасы.

4. Хиуа хандығының жойылуы және Хорезм халық Кеңес Республикасынын құрылуы. Эмираттың күйреуі және Бұхар халық Кеңес республикасынын жариялануы.

5. Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу. Өзбек, Қырғыз, Төжік, Түрікмен жөне Қазақ Кеңестік республикаларының құрылуы.


Тақырып 15. Қырым татарлары, карашайлар, балқарлар, түрік-месхетин халықтарынын күштеп көшірілуі

1. Сталинизм жене түркі халықтарына қарсы жасалған саяси куғын-сүргін. Қырым татарлары, карашайлар, балқарлар, түрік-месхетин халықтарынын күштеп көшірілуі. КСРО-дағы түркі-мұсылман халықтары зиялыларының қуғындалуы.

2. Түркі-мүсылман халықтарының фашизмге қарсы күреске қатысуы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі түркі-мүсылман халықтарынын әлеуметтік-саяси және медени жағдайы.

3. КСРО-нын ыдырауы және теуелсіз түрік республикаларының кұрылуы. Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси және мәдени өмірі. "Орталық Азиялық мемлекеттері Одағын" құру идеясы.


Студенттің өзіндік жұмыстарының мазмұны.


№ п/п

СӨЖ түрі

Есеп формасы

Бақылау түрі.

Сағат саны.

1

Дәріс дайындық

сабақтарына

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

24

2

Тәжірибе дайындық.

сабақтарына

Семинар сабақтарын ың жұмыс дәптері.

Коллоквиум

60

3

Бақылау дайындық.

шараларына

МБ1, МБ2

Тест

6




Жалпы







90

Оқу жұмыс жоспарынан Нысан



көшірме парағы Ф СҰ ПМУ 7.18.1/10
Оқу жұмыс жоспарынан барлық мамандықтарға көшірме
Мамандық 050203 «Тарих»

Пән атауы «Түркі халықтарының тарихы»


Оқу түрі


Бақылау түрі

Сағат көлемі

Курс және семестрлер бойынша сағаттардың бөлінуі

емт.

сын.

КЖ

КЖ

РГР

бақылау жұмысы

барлығы

дәріс.

тәж.

СӨЖ

дәріс.

тәж.

СӨЖ

жалпы

ауд.

СӨЖ

Күндізгі ОБ негізінде

7
















135

45

90

7 семестр

8 семестр

30

15

90










Сырттай ОБ негізінде

7
















135

12

129

7 семестр

8 семестр

6

6

117











Өздік жұмыстарға арналған тақырыптар тізімі.

  1. Түрік тайпаларының түп-тамыры.

  2. Ұлы түрік қағанаты.

  3. Орталық Азиядағы VIII- XIII ғ. Түрік қағанаттары.

  4. Түрік халықтарынын исламға дейінгі мәдениеті.

  5. Монғол шапкыншылығы қарсаңында түрік халықтары.

  6. Түріктер Шыңғысхан және оның мұрагерлері дәуірінде.

  7. Орталық Азиядағы түрік халықтарынын этногенезі.

  8. Түрік халықтары хандық дәуірде.

  9. Еділ-Жайық бойы және Солтүстік Кавказ бен Сібірдегі түріктер және олардың Ресеймен қарым-қатынасы.

  10. XX ғ. 20-30 жылдарындағы Түркия.

11 Ресей империясы қол астындағы түрік халықтарының азаттық күресі.

  1. Кеңес өкіметінің орнауы және түрік халықтары.

  2. Түркістандағы "ұлттық межелеу" мәселесі.

  3. Түрік халықтары Ұлы Отан соғысы кезіндегі.

  4. Кеңес өкіметінін ыдырауы және тәуелсіз түрік республикалары.

4. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


Оқулықтар және оқу құралдары:

  1. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтары тарихы. Алматы, 1995, 1996, 1997. 1-3 кітап.

  2. Антонов К.К. Лекции по тюркологии /среднетюркская эпоха/. Якутск, 1981

  3. История Средней Азии. М.,2003.

  4. История Центральной Азии с древнейших времен. А., 2001.

Деректер:

  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. А., 1996.

  2. Айдаров F. Орхон ескерткіштерінің тексі. А., 1990.

  3. Бабыр Захир ад-дин Мүхаммед. Бабырнама. А., 1990.

  4. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. 1-2. Алматы, 1998.

  5. История Узбекистана в источниках. Ташкент, 1990.

  6. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. А., 1997.

  7. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991.

  8. Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса. А., 1992.

  9. Материалы по истории Казахских ханств. А-А., 1969.

  10. Материалы по истории каракалпаков. М-Л., 1935.

  11. Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып. 1. М., 1973.

  12. Материалы по истории, истории науки и культуры народов Средней Азии. Ташкент, 1991.

  13. Материалы по истории Средней и Центральной Азии Х-ХІХ вв. Ташкент, 1988.

  14. Материалы по истории туркмен и Туркмении. Т.І-И. М.-Л., 1938, 1939.

  15. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди. Алматы, 2003.

Қосымша:

  1. Агаджанов С.Г. Государство сельдижукидов и Средняя Азия в XI-XII вв. М., 1991.

  2. Азаматов Д.Д. Оренбургское магометанское духовное собрание в конце ХҮШ-ХІХ вв. Уфа, 1996.

  3. Байпаков К., Оразов М. Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы.

  4. Баһаеддин Өгел. Ұлы хұн империясының тарихы. 1-2 т. Алматы, 1998.

  5. Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье: этнос, языки, религии. М., 1992.

  6. Гайнетдинов Р.Б. Тюрко-татарская политическая эмиграция: начало XX века 30-е годы. Исторический очерк. Қазань. 1997. Гилязов И.А. На другой стороне (коллабарционисты из поволжско-приуральских татар в годы второй мировой войны). Қазань. 1998.

  7. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967.

  8. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. А., 1994.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет