Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма



Дата22.02.2016
өлшемі82.5 Kb.
#781
Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 Б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа ДГҚ сатып алуға арналған техникалық тапсырма


  1. Тапсырыс беруші: «Нұрбанк» АҚ

  2. Нысан: Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 Б (Жұмыс объектісінің мекенжайы)

  3. Жалпы мәлімет:

Бұл техникалық тапсырма «Нұрбанк» АҚ-ға тиесілі жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 Б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа ДГҚ сатып алуға арналған техникалық және бағасының шешімін табудың негіздемесі.

Техникалық және орындаушылық құжаттамыны, Дизельді генераторлық қондырғыны (бұдан әрі – ДГҚ) таңдау, есептеу, жеткізу шараларын, жаңа ДГҚ-ны орнату және қосып-баптау жұмыстарын, сондай-ақ жұмыс істемейтін ДГҚ-ны бұзу және әкету көлік шығындарын қоса алғанда техникалық ұсыныс пен баға өтінімін әзірлеу үшін әлеуетті жеткізуші «Нұрбанк» АҚ-ның (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) Нысанын дербес және өзі есебінен зерделейді.




  1. Негізгі талаптар

    1. Әлеуетті жеткізуші 2 000 000 (Екі миллион) теңгеге жұмыс істемейтін GenPower GV 278 ДГҚ-ны сатып алуы.

    2. Жұмыс істемейтін ДГҚ-ны бұзу жұмыстарын және оны әкету көлік шығындарын әлеуетті жеткізуші өз есебінен өтеуге міндетті.

    3. Сатылатын ДГҚ-ның техникалық сипаттамалары:

Электр стансасының моделі

GenPower GV 278

Номиналды қуаты, кВА / кВт

250 / 200

Резервтік қуаттылығы, кВА / кВт

275 / 220

Қуат коэффициенті

0.8

Кернеу, В

400/230

Фазаларының саны

3

Қозғалтқыш

VOLVO Petnta (ақаулы)

Қозғалтқыштың моделі

TAD740DE




    1. Жеткізушінің БСТ қоймасында ұсынылатын ДГҚ-ға қосалқы бөлшектердің болуы міндетті. Жеткізуші өзінің БСТ қоймасындағы бар қосалқы бөлшектердің тізімін беруге міндетті.

    2. Жеткізушінің өндіруші сертификат берген екіден кем емес мамандары болуы.

    3. ДГҚ мен жүргізілетін жұмыстардың кепілдікті мерзімі ДГҚ-ны берген күннен 1 (бір) жылдан қысқа мерзімді болмауы керек. ДГҚ іске қосылуына байланысты кепілдікті кезеңде апаттық жағдайлар орын алған жағдайда ДГҚ істен шығуына себеп болған тетікті/қосалқы бөлшекті Жеткізушінің өкілдері ондай хабарламаны алған сәттен бір жұмыс күн ішінде келіп, соған ұқсас тиісті сападағы тетікке/қосалқы бөлшекке (қозғалтқыш пен генератор оларға жатпайды) өз есебінен ауыстыруға міндетті. Егер кепілдікті мерзім ішінде ДГҚ екі реттен көп рет істен шықса (генераторға, қозғалтқышқа және автоматикасына байланысты) онда Жеткізуші екі айдан аспайтын мерзім ішінде ақаулы тетікті соған ұқсас (тиісті сападағы) қосалқы бөлшекке өз есебінен ауыстыруға міндетті.




    1. Банк сатып алатын ДГҚ-ның моделі өндіруі тоқтатылмаған болуы және кестеде көрсетілген талаптарға сай келуі керек:







Сипаттама

1

2

1

Дизель-генератор жазғы және қысқы режимде қозғалтқышты жылыту инновациялық опцияларымен:

- ЕУРО-3, ЕУРО-4 еуропалық нормаларға сәйкестендірілген арнайы катализді бейтараптандырғыш жүйе.

- негізгі отын сүзгісін қорғау қызметімен отынды 2 деңгейлі алдын ала тазалау жүйесі.

- табиғи жауын-шашындардың тікелей әсерінен толық қорғау қосарланған қызметімен дыбыс деңгейі бойынша аса талаптарға сәйкес келетін гүрілді басудың қосымша жүйесі.

- қашықтан мониторингі жүргузі жүйесі;

- шаң-тозанға қарсы камералы жүйе (жұмыс жүйесінің қорғанышы);



2

Генератордың негізгі режимдегі қуаттылығы – 250 кВА/200 кВт-тан кем емес

3

Генератордың резервтік режимдегі қуаттылығы – не менее 275 кВА/220 кВт-тан кем емес

4

Генератор 4 полюстік, щеткісіз болу керек


5

Жиілілігі – 50 ГЦ

6

Шығаратын кернеуі 380 Вольт

7

Қозғалтқыш дизельді, сумен суытылатын және ауыр жағдайларда қолдануға болатын болуы керек

8

Өндірістік тұншықтырғыш және болат жен

9

Суытқыш қабатына арналған суытқыш сұйықтықты жылытқыш

10

Дизель-генератор аккумуляторды қуаттандыруға арналған аспаппен жабдықталуы тиіс.

11

Дизель-генератор суытқыш сұйықтықтың деңгейінің қадағасымен, суытқыш сұйықтық температурасының қадағасымен, май қысымының қадағасымен, майдың төменгі деңгейінің қадағасымен, СК дисплейлі бақылау аспабымен жабдықталуы тиіс, ол пайдалану дайындығының, түп-түзулігінің жай-күйін көрсетіп, генераторды автоматты түрде өшіріп ақауды көрсетеді.

12

Отын багі дизель-генератордың болат қаңқасына жапсарланып, түгелдей металдан жасалуы керек. Отын багінің сыйымдылығы 500 литрден кем болмауы керек.

13

Отынды төгіп алу үшін бекітпелі шүмекті төгу қылтасы қарастырылсын

14

Тосол мен дизельдің майын төгіп алу үшін бекітпелі шүмекті құбыршек қарастырылуы тиіс

15

Металды қанқа бітеудей дәнекерленген, еш бір бұрандасыз және/немесе шегесіз болуы керек. Қанқа да дизель-генератор жасалған кәсіпорында жасалуы тиіс.

16

Жабдық ISO 8529 нормаларына сәйкес жобаланып, ISO 9001 талаптарына сай жасалып, СЕ сертификаттарына сәйкес келуі керек

17

Қорғау тобының шуылдан оқшаулау қасиеті шуыл бойынша 2000/14/EC Еуропалық нормаларға сәйкес болуы керек. ДГҚ шуылды оқшаулағыш қорапта орнатылып, шуылдың төменгі деңгейі 72 дБ-дан аспауы керек.

18

Отын шығыны 100% жүктемеде сағатына 60 литрден аспауы керек.

18

Дизельді қозғалтқыш пен генераторды пайдалану нұсқаулығы орыс тілінде болуы.

Әр әлеуетті жеткізуші бірнеше баға (коммерциялық) ұсынысын жасауға құқылы. Баға ұсынысы келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:



  • Жабдықтардың, жұмыстардың/қызметтердің атауы мен сипаттамасы;

  • Жаңа ДГҚ-ны орнату үшін қажетті жұмыстардың тізбесін түзуімен, сондай-ақ жұмыс істемейтін ДГҚ-ны бұзу және әкету көлік шығындары (бағалар теңгемен, ҚҚС пен басқа алымдар мен салықтарды қоса) қосылған коммерциялық ұсыныс;

  • Төлем жасау шарттары (қолайлысы - жабдық үшін 100% кейіннен төлеу және нақты орындалған жұмыс үшін 100% кейіннен төлеу);

  • Ұсынылатын жабдықтар, қосалқы бөлшектер, жұмсалатын материалдар (өндірушісі, қасиеттерінің сипаттамалары) туралы ақпарат.

  • Қазақстан аумағында ұсынылатын жабдықтарға кепілдікті және сервистік қызмет көрсететін фирмалар, сервис-орталықтарының болуы;

  • Жұмсалатын материалдардың прайс-парағы;

  • ДГҚ-ға (кепілдікті және кепілдікті кезеңнен кейінгі қызмет көрсету) сервистік қызмет көрсетудің 5 жыл қызмет көрсетілімінің бағасы. Сервистік қызмет көрсететін кездегі көрсетілетін қызмет түрлерінің тізімін, қызмет көрсету мезгілін, жоспардан тыс шақыру сомасын толық көрсету.

  • (болған жағдайда) қосымша шарттар мен ұсыныстар.

Жұмыс істемейтін ДГҚ-ны және жаңа ДГҚ орнатылатын орынды тағыда шолу үшін байланыс орнататын тұлғалар:

Бас энергетик - А.Ф. Коломиец 2 599 710 ішкі 5626, 5565;

Бас энергетик - В.В. Смирнов 2 599 710 ішкі.5537.

Орындаған: А.Ф.Коломиец



Ішкі тел. 5626

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет