Жұмыс жүргізу бойынша мектеп директорларына Ақпараттық хабар



Дата07.07.2016
өлшемі59.21 Kb.
#182467
Аудандық, (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтарына,

облыстық мамандандырылған дарынды балалармен

жұмыс жүргізу бойынша мектеп директорларына
Ақпараттық хабар
Дарынды балаларды қолдау және олардың дарындылығын дамыту жағдайларын жасау мақсатында дарынды балалармен жұмыс аясындағы Халықаралық қызметтестікті кеңейте отырып, Европада Халықаралық шығармашылық мектептер қатарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қатысушылар үшін: Халықаралық КОНКОРД (Франция) академиясының және FIDJIP-EUROTALENT CONCORDE Қазақстан – Француз орталығы президенті, педагогика ғылымдарының докторы, педагогика ғылымының профессоры, МАК академигі, ФИДЖИП және КОНКОРД академиясының Қазақстан бойынша вице – президенті, ЕВРОТАЛАНТ дарынды балаларға арналған Европалық қауымдастықтың Қазақстан бойынша бас үйлестірушісі - Ахаев Андрей Васильевич, Халықаралық ФИДЖИП- ЕВРОТАЛАНТ ұйымымен бірлесе, Европа бойынша бірегей ғылыми және шығармашылық сайыстармен үндесе жүретін тартымды және танымды демалысқа шақырады. Саяхат бағдарламасында: тарихи және мәдени орындарға, әлемнің атақты мұражайларына, ғылыми кешендеріне, әлемдік орталықтар мен сарайларына бару (ЮНЕСКО, Европалық кеңес). Атлант мұхитының, Адриат және Жерорта теңіздері жағалауындағы белсенді демалыс. Математикалық және шығармашылық олимпиадаларды өткізу, ғылыми жобаларды қорғау (өзекті тақырыптар бойынша «Халықаралық мектеп қатысушысының материалдары (РDF)» бөлімі www.jipto.kz сайтынан қараңыз), түрлі сайыстарды, фестивальдарды, ЖИПТО технологиясы мен зияткерлік ойындардың мастер - кластарын өткізу, зияткерлік биатлон және зияткерлік ЖИПТО ойыны бойынша Халықаралық жарыстарға қатысу, ерекше үлгідегі медальдар мен дипломдарды, Халықаралық сертификаттарды тапсыру (БҰТ тапсыруда және Қазақстанның ЖОО-на түсуде ықпал етпейді, бірақ Халықаралық шығармашылық мектеп қатысушысына тиімді бірегей мүмкіндіктер береді, қосымшадан қараңыз).

Бүкіл саяхаттың бойында (ыңғайлы автобус – ФИДЖИП - ЕВРОТАЛАНТ жылжымалы білімділік зертханасы) бірлескен профессорлардың кеңестері мен жұмыстары жүргізіледі, шығармашылық мектептің тақырыбы бойынша дәрістер оқылады (нақты ақпарат біздің ресми сайтта www.jipto.kz, «Халықаралық ЖИПТО мектебі қатысушысының материалдары (РDF)» бөлімінде).
Көктемгі ФИДЖИП–ЕВРОТАЛАНТ шығармашылық мектеп, 2013

Келу 2013 жылдың 20 – наурызынан – 29 – наурызына дейін



Франция (Париж) – Андорра – Испания (Барселона, Мадрид)

20 наурыз
Парижге келу. Қонақ үйдегі трансфер және кездесу. Бос уақыт. Кешкі ас. Түнгі Париж бойынша автобуспен саяхат: Елисей алқаптары, Салтанатты арка, КОНКОРД алаңы, Эйфель мұнарасына тоқталу. Түнеу.
21 наурыз
Таңғы ас. Версаль кешеніне саяхат («Күн патшасы» - Людовик XIV дәуірінде жасалған). Версаль саябағы бойынша субұрқақтар мен сарайдың басты жайларына серуендеу. Шығармашылық мектептің шаралары: Халықаралық шығармашылық мектептің салтанатты ашылуы. Әлемнің атақты мұражайларының бірі - Луврға саяхат. Негізгі топтамалары Ника Самофракийская, Венера Милосская, Мона Лиза, француз шеберлерінің суреттері). Мұражайды өз бетінше зерделеу үшін бос уақыт. Жаяу Сите аралы, Париж бесігі: Нотр – Дам де Пари, Дьё қонақ үйі, Консьержери, Юстиция сарайы. Қалағандарға қосымша: Сорбонна университетіне, Люксембург саябағына, Д'артаньян тұрған Үйге бару. Кешкі ас. Түнеу.
22 наурыз
Таңғы ас. Парижден Пуатье қаласына дейін Франция бойынша саяхат. Түскі ас. Луар патшалар сарайына бару. Кешкі ас. Шығармашылық мектептің шаралары. Тунеу.
23 наурыз
Таңғы ас. Әйгілі қамал-қала Каркассон –Тулуза - Пуатье бойынша саяхат. Каркассондағы немесе жолдағы түскі ас. Кешкі ас. Шығармашылық мектептің шаралары. Тулузада түнеу.
24 наурыз
Таңғы ас. Франция мен Испания аралығында орналасқан Тулузадан Андорра князьдығына Перенейск тауларына дейін, салықсыз сауда аймағына саяхат. Князьдықтың астанасымен танысу, шопинг. Кешкі ас. Бос уақыт. Андоррада түнеу.
25 наурыз.
Таңғы ас. Каталония астанасы, Андоррадан Барселонаға дейін саяхат. Түскі асқа аялдау. Жол жөнекей жергілікті тарихи және мәдени орындарымен танысу. Кеші ас. Барселона бойынша кешкілік серуен. Бос уақыт. Түнеу.
26 наурыз
Таңғы ас. Барселонадағы күн. Қала бойынша автобуспен және жаяу серуен. Әйгілі қаланың жергілікті тарихи және мәдени орындарымен танысу, шопинг. Кешкі ас. Шығармашылық мектептің шаралары. Түнеу.
27 наурыз
Таңғы ас. Барселонадан Мадридке саяхат. Түскі асқа аялдау. Жол жөнекей жергілікті тарихи және мәдени орындарымен танысу. Кешкі ас. Бос уақыт. Түнеу.
28 наурыз
Таңғы ас. Мадридтегі күн. Мадрид қаласы бойынша автобуспен және жаяу серуендеу. Түскі ас.

Мадридтің тарихи және мәдени орындарымен танысу (басты алаң немесе Пласа Майор, көлемді ақ Патша Сарайы, де лас Декальсес Реалес монастырі). Шығармашылық мектептің салтанатты жабылуы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, қатысушыларды марапаттау. Қорытынды кешкі ас. Бос уақыт. Түнеу.


29 наурыз
Таңғы ас. Бөлмелерді босату. Мадрид әуежайына топтық трансфер. Турдың соңы. Үйге ұшу.

Назарларыңызға!!!

Бағдарламада шаралар мен саяхаттардың өтілу уақыты мен басталуында өзгерістер болуы мүмкін. Қала аралығында автобустың жүруі 3-5 сағатты қамтиды (автобуспен жүру кезінде халықаралық шығармашылық мектеп бағдарламасы бойынша дәрістер оқылады).
Тапсырыстарды 5 – ақпан 2013 жылға дейін, телефон - факс бойынша:

8/7232/552112 ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы



Қосымша
Халықаралық шығармашылық мектептің бірегей мүмкіндіктері!
Халықаралық шығармашылық мектебінің ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД әрбір қатысушыға беделді халықаралық қозғалысқа тартылуға, шығармашыл адамдарды топтастыратын әлемдік деңгейдегі ғалымдар және барлық қабілеттілер мен танымды деңгейлері жоғарылар үшін әрбір қатысушыға тиімді мүмкіндіктер береді.
ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД қозғалысы:


  • Халықаралық ЖИПТО жобасын, АТТИЛА, ВАЛЕОПОЛЬ, басқа және негіздік ғылымдар бойынша дамытады;

  • Ең салмақты Европалық серіктестіктермен, инновациялық перспективалық спорт түрлері (зияткерлік биатлон, ЖИПТОБОЛ) зияткерлік спорттың заман ағымына сай түрлерін әлем бойынша тарату және тестілеу, (ЖИПТО - ның әр түрлі нұсқалары);

  • Келешекте әлемдік деңгейде саналатын үнемі әрекеттегі ЕВРОТАЛАНТ ФИДЖИП фестивалінің шығармашылығының көптеген бағыттары бойынша нұсқалық формулаларымен өткізуді негіздейді.

  • Өнер, әдебиет, математика және басқа бағыттар бойынша Халықаралық шығармашылық сайыстарды өткізеді;

  • Ғылыми жұмыстардың сайыстары мен математикалық және шығармашылық олимпиадаларды өткізеді

  • Танымдық және ғылыми - білімділік турларды ұйымдастырады.

Турларды ұйымдастыруда ең тиімді бірегей бағаларымен кәсіби Европалық саяхатшылық фирмалар мен ЕВРОТИУМ, АЖМ Вуайаж және Шина Кен бірлестіктері қатыстырылады.

Жоғары лауазымды және жоғары мамандандырылған мүшелердің бірлескен жүйесі ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД ЮНЕСКО - ға баруды ұйымдастыруды септеседі, Европалық кеңеске, қалалар әкімдігі және Европо провинциялары, оқу орындары мен ғылыми орталықтарды қарапайым саяхатшылар үшін қол жетпейтін орындарға баруды ұйымдастырады.

Ғалымдар мен іскер адамдар үшін бұл жүйенің Халықаралық байланыстарды ұйымдастырудағы мүмкіндіктері шығармашылық және ғылыми жұмыстарды жариялауда, балалардың және жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау мен тестілеуде біздің бағдарламаның қатысушыларының көрегенділікпен қолдануына мүмкіндік береді.



Шараға қатысушылар халықаралық сертификаттар, олимпиада және турнир жеңімпаздары - жеңімпаздар дипломдары мен медальдарын, сайыс және фестиваль жеңімпаздары - лауреаттардың дипломдарын, қозғалыстың ең белсенді қатысушылары - Халықаралық мойындауға ие болған беделді белгілерді – Гранд При ЕВРОТАЛАНТ – ФИДЖИП Гёте медалі, ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕГІ Халықаралық КОНКОРД академиясының басқа да мадақтауларын алады.

Әр әйдік ғалым, суретші, жазушы, өнер қайраткері, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз, дарынды бала мен ата-анасы үшін қабілетті оқушы мен кез келген қарапайым танымды адам үшін Халықаралық шығармашылық мектеп ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД Халықаралық табыстар жолында ашық қақпа бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет