Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



Дата09.06.2016
өлшемі272.63 Kb.
#125031
түріЖұмыс бағдарламасы


Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы

«Жылумаңызалмасу» пәнінен

5В071700 "Жылуэнергетика" мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31








БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________Н. Ә.Пфейфер

2011 ж. «___» _________




Құрастырушы: аға оқытушы, техника магистрі_____________ Тулебаева Ж.А.


Жылуәнергетика кафедрасы
«Жылутехника» пәні бойынша 5В071700 "Жылуэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 3.08.343-2006 ҚР МЖМББС және Жылумаңызалмасу РОӘК 2006 ж. 22 маусымда бекітілген типтік бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 20 _ж. «___»__________№_____Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ Глазырин С.А.
Әнергетиктика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20 _ж. «_____»___________№____ Хаттама


ОӘК төрағасы _____________ Кабдуалиева М.М. 20 _ж. «_____»________
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _____________ Кислов А.П. 20 _ж. «_____»________


МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ Варакута А.А. 20 _ж. «_____»________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20 _ж. «_____»________ №____ Хаттама



1 Пәннің мақсаты - студенттерді жылуэнергетикалық қондырғылар мен аспаптарының және жылутәсілдемелік жылумаңызалмасу құбылыстарының түбегейлі зандары мен зандылықтарының кеңінен және терең білім беріп, талдауы мен есептеу әдістеріне үйрету.
Пәннің міндеті – жылумаңызалмасудың теориялық негіздері мен ғылыми тәжірибелік қорытындыларын және жылуқайраттық қондырғылары мен аспаптарының жылутәсілдемелік есептеуін игеру.
Пәнді оқып-білген студенттер келесілерді білуі тиіс:

- құбылыс серпіні мен маңызы және жылуының таралу заңдарын;

- бірмәндік шарттардағы жылуөткізгіштік тендеуі мен біртекті ағынды жылуалмасу тендеулер жүйесінің шешілерін;

- жылуалмасу құбылысының жылулық шекаралық қабат, физикалық ұқсастық, ақырлы айрымды, бәсендеуімен сәйкестік және үлгілеу теориялық әдістері мен шешулерін;

- тектікүй (фазалық) түрленуі мен химиялық өзгерістердегі жылуалмасуын;

- маңызалмасудың негізгі түсініктері мен заңдарын және үштік сәйкестігін; бугазды қоспалардың жылуалмасуын анықтау әдістерін;

- сәулеленулік жылуалмасуын, сәулеленулік ағынның нәтижелігін есептеу әдістерін;

- жылуөтуді қарқындыру және жылуалмасу құралдарын есептеу әдістерін;



білу:

- жылумаңызалмасудың негізгі заңдылықтарың;

қолдана білу:

- сұйықтың табиғи ерікті және еріксіз ағындарындағы және тектікүй түрленуіндегі жылуберу еселеуішін анықтауды;

- сәулелену жылуалмасу мен күрделі жылуалмасудың жылуберу еселеуішін есептеуді;

- қондырғылардың әртүрлі жылуөтуі мен түзгілерініңжылушығынын анықтауды;



игеру:

- жылуалмасудың зерттеуі және тәжірибелі мәліметтерін өндеуінің әдістерін;

- жылуалмасудың қарқындыру әдістерін.
2 Пререквизиттер

Жылумаңызалмасуды оқып-тануға Физика, Жоғары математика, химия, сұйық пен газ механикасы, жылуқозғалым пәндерінің негіздерін білу қажет.


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар курстық және дипломдық жобаны орындағанда, ары қарай еңбек қызметінде пайдаланады.




4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

Жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу нысаны



№ п/п

Тақырыптардың атауы

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәріс

практи-калық

(сем)


зерт

студиялық

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе

2




0,5










2

Жылуөткізгіштік

8

4

5,5







24

3

Жылуөту

8

5

4







18

4

Біртекті ағынның жылуалмасуы

8

2

3







22,5

5

Тектікүй ауысуы мен химиялық түрленудегі жылумаңызалмасу

6

2

2







25

6

Сәулелену жылуалмасуы

5,5

2










24

барлығы :

37,5

15

15







112,5

Сырттай орта кәсіби білім негізінде 2011 т.ж.



№ п/п

Тақырыптардың атауы

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәріс

практи-калық

(сем)


зерт

студиялық

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе

1
















2

Жылуөткізгіштік

1

2










14

3

Жылуөту

1

2










15

4

Біртекті ағынның жылуалмасуы

1

0,5










20

5

Тектікүй ауысуы мен химиялық түрленудегі жылумаңызалмасу

1

0,5










15

6

Сәулелену жылуалмасуы

1

1










14

барлығы :

6

6










78

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе

Курс пәндері және жалпы ұғым. Жылу алмасудың негізгі процестерң: жылу өткізгіштік, конвективті жылу айырбас. Жылу беру. Жылу тасымалдау. Жылу тасымалдау процесінің негізгі сандық мінездемесі бұл жылу мөлшері, жылу ағыны, жылу ағынының тығыздығы,ішкіжылу көзінің қуаты.



Тақырып 2. Жылуөткізгіштік

2.1 Фурье занымен оның қалыптасқан жылуөткізгіштікте пайдалануы

Температуралық өлке. Фурье заңы. Жылу өткізгіштік коэффициент, әртүрлі факторлардағы оның тәуелділігі. Жылу өткізгіштік процестеріне арналған шарттар, шектес шарттың біріншіні, екіншіні, үшіншіні және төртінщі түрі. Жылу өткізгіштіктердің мақсаттарын шешу әдістері туралы ұсыну.



2.2 Жылуөткізгіштіктің математикалық тұжырымы

Жылуөткізгіштіктің дифференциалдық теңдеуі. Шаққылық Фурье тендеуі (ШФТ). Ыстықтық өткізгіштік еселеуіші. ШФТ-ң бірмәндік шарттары. Жылуберу еселеуіші. Ұқсастық био саны. Жылуөткізгіштікті зерттеудің жуықты (сызба, сан, сәйкестік) әдістері.



2.3 Жылу көзді денелердің қалыптасқан жылуөткізгіштігі (ҚЖӨ)

Қуаты тұрақты жылукөзді пластинаның (тақташаның), шекті және шексіз стерженьнің (сырықтың) ҚЖӨ-гі.



2.4 Қалыптасқан жылуөткізгіштің (ҚПЖ) теория негізі

Өлшемсіз ШФТ. Фурье ұқсастық саны. Тақташаның ШФТ-ін Фурье әдісімен шешу. Табылған шешімді талдау. Дененің қажыр (энтальпия) өзгерісін анықтау әдістері. Шекті денелердің ҚПЖ-гі. Жылулық реттелген тәртіп және оның маңызы.



Тақырып 3. Жылуөту

3.1 Жылуөтудің теориялық негіздері

Жылуөту және денелер беттеріыстықтарының кейіптемелері. әртүрлі денелердің жылуөту еселеуіштері. Цилиндірдің (сырықтын) аумалылық қосөрісі. Жылуөтуді қарқындыру жолдары. Қырланған беттің жылуөтуі. Қырдың тиімділік еселеуіші. Қабырғаны қырландырудың әрекеті.



3.2 Жылуалмастырғыштардың жылулық есептелуі

Тура және қарсы ағынды жылуалмастырғыштар (ТҚАЖ) температура арындарының орта мәні. Ағындардың шығуындағы ыстықтықтарын анықтау. ТҚАЖ-ның тиімділіктерін салыстыру. Күрделі жылуалмастырғыштардың температура арындарының ортамәні.



Тақырып 4. Біртекті ағынның жылуалмасуы

4.1 Ағынды жылуалмасу теориясының жалпы түсініктері

Ағынды жылуалмасудың міндеттері. Жылуберу еселеуішінің сипаттамасы және анықтау жолдары. Жылуберу тендеуін тұтқырлық қабат ұғұмына сүйене құрастыру.



4.2 Біртекті ағынның жылуалмасу теориясының негіздері

Қайрат тендеуін құрастыру. Оның талдауы. Көтеру күшін сығылмайтын тұтқырлы сұйықтардың қозғалыс тендеулерінде жуықты ескеру. Аз сығылатың тұтқырлы сұйықтардың ыстықтығы аз өзгеретін ағынды жылуалмасуының дифференциалдық (шаққылық) тендеулерінің жүйесі мен бірмәндік шарттары. Жылуалмасусыз сығылудағы толық температураның көтерілуі.



4.3 Куэттің ретті ағын жылуалмасуы

Жылдамдық пен температура өрістері. Жылуалмасусыз сығылу және үйкелеу ыстықтықтарының байланысы. Қалпына келтіру еселеуіші. Ыстықтықтың ең үлкен мәні.



4.4 Ағынды жылуалмасудың ұқсастық теориясы

Ағынды жылуалмасудың дифференциалдық тендеулерін өлшемсіз түрге келтіру. Ұқсастық сандар мен тендеулер.Үлгілендіру. ұқсастық тендеулердің тәжрибелік анықтау әдісі.



4.5 Жылулық шекаралық қабаттың (ЖШҚ) теориялық негіздері

Бастапқы түсініктер. Қоғалымдық ШҚ теорясының негізгі қортындылары. Ретті ЖШҚ- тың қайрат теңдеуін шығару және екі өлшемдік дифференциалдық тендеулерін сипаттау.



4.6 Ретсіз ағынды жылуалмасудың теориялық негіздері

Серпін мен жылулықтың ретсіз таралуы. Жылулық ретсіз шекаралық қабаттың шаққылық тендеулерін құрастыру және интегралдық қатынасын тендеуін шығару. Ағынның ретті тәртібінен ретсіз тәртібіне өтуі. өтпелі тәртіпті жылуалмасуды бәсендеу әдісімен есептеу. Жылулық шекаралық қабаттың құрылысы. Ыстықтық өрістін логарифмдік заңы.



4.7 Жылуалмасудың сұйық қозғалымдық теориясы

Физикалық және ретсіздік Прандтль сандары. Рейнольдс ұқсастығы. Прандтль-Тейлор және Карман теңдеулері. Райхард формуласы.



4.8 Тақташаның еріксіз ағынды жылуалмасуы

Тақташаның ретті ағымды қозғалымдық мәселелерінің жалпы жағдайы мен дәл және жуықты шешулерінің негізгі ұғымдары мен қортындылары. ТРА-дағы жылулық есептерінің дәл және жуықты шешулері.

Ағынның ыстықтық тұрақсыздығының жылуберуге тиетін ықпалы. Ыстықтық ықпал. Акад. М.А. Михеевтің түзету еселеуші. Ыстықтығы өзгермелі тақташаның жылуберуі. Бас жағы қыздырылмайтың тақташанын жылуберуі. Тақташаның ретсіз және өтпелі тәртіптеріндегіжылуберуі.

4.9 Құбырдың ішкі еріксіз ағынды жылуберуі

Оның ерекшеліктері. Лайон тендеуі. Ретті, ретсіз және өтпелі тәртіпте ағынды құбырдың жылуберуі. Ішкі ағынды имек, шоғырлы не қимасы әртүрлі құбырлардың жылуберуі.



4.10 Денелердің ерікті ағынды жылуалмасуы

Денелердің ерікті ағынды жылуберуінің дәл шешімдері мен тәжірибелік мәліметтері.



4.11 Құбырлардың сыртқы ағынды жылуалмасуы

Жеке және шахматты мен дәлізді орналасқан құбырлардың сыртқы ағынды жылуберуі.



Тақырып 5. Тектікүй ауысуы мен химиялық түрленудегі жылумаңызалмасу

5.1 Таза будың шықтануындағы жылуалмасуы

Оның ерекшеліктері. Бу конденсациясының пайда болу шарттары. Пленкалы және тамшылық конденсация. Конденсация коэффициенті. Фазалық асудың термиялық кедергісі. құрғақ қанған бу конденсаттың тік қабырғаларда; қабыршақтың ламинарлық және турбулентті ағымы; жылу берудің теориялық есеп-қисабының қабыршақ ламинарлық ағымы; қабыршақтың толқындық қозғалысына түзеу; бетінде ламинарлық және турбулентті қабыршағы бар ортаның жылу беру есеп-қисабы. Құбырлардың ішіндегі будың жылдамдығының жылу беруге ықпалы.



5.2 Сұйықтық қайнаған кезіндегі жылуалмасуы

Көпіршік пайда болуының ең кіші өрісі мен жұмысы. Қайнаудың көріну шарттары. Сұйықтың қайнау механизмі; сұйықтық қызып кетуі және бу түзілу орталықтарының шарттар сияқты булы фазаның пайда болуы; бу көпіршіктерінің түзілуі. Қабырғаны сұйықтықпен дымқылдаудың ықпалы. Будың өсу шегі, үзілімі және көпіршіктердің қозғалысын. Бу түзілу орталық минимальды радиусы; бу түзілу орталықтарының жұмыс істейтін саны. Көпіршік диаметрінің уақытқа байланысты өзгертуі. Үзілмелі диаметр. Қабырға аралық және сұйық фазамен жылу айырбас, сұйық және булы аралық фазалармен.

Жылу беру коэффициентінің және жылу ағынының тығыздығының көпіршекті қайнау аймағы үшін үлкен көлемде қайнау кезіндегі температуралық қысымнан тәуелділігі.

5.3 Қостекті ортадағы және химиялық түрленудегі жылумаңызалмасу

Диффузия тетігі, түрлері және заңдары. Жылумаңызберу. Стефан ағыны. Жылу ағынының бірінші және екінші межелі тығыздықтары. Газбу қоспасының буы шықтанғандағы ЖМА.Газбу қоспасындағы судың буланғандығы ЖМА. Химиялық түренудегі ЖМА.



Тақырып 6. Сәулелену жылуалмасуы

6.1 Жылулық сәулеленудің теориялық негіздері

Жылулық сәулелену негізгі заңдары. Негізгі ұғымдар және анықтамалар: сәулелену ағыны; сәулелену ағынының үстіңгі және спектрлік жазықтары; сәулеленудің интенсивтілігі (жарықтығы); дененің сіңіргіштік, шағылдырғыштық және сорғыштық қабілеттері. Сәулелену ағындарының түрлері. Екі сұр денелерден тұратын тұйық жүйедегі сәулеленумен жылу айырбас: жалпы түрі; біреуі екіншісінің қуысында орналасқан денелер; жалпақпараллельді бетті денелер. Жылусақтау қалқаларының әрекеті.



6.2 жартылай мөлдір ортадағысәулелену жылуалмасу

Газдардың сәулелену және сіңдіру ерекшеліктері. Жаңну өнімдерінің жылулық сәулелену есебі. Жалынның жылуылқ сәулеленуі.


4.3 Пракикалық сабақтың мазмұны мен тізімі
Тақырып 2. Жылуөткізгіштік

1, 2 сабақ. Газдарда, сұйықтықтарда, металдарда, қатты диэлектриктерде жылу өткізгіштік процестің механизмі. Температуралық өлке. Фурье заңы. Жылу өткізгіштік коэффициент, әртүрлі факторлардағы оның тәуелділігі. Жылу өткізгіштіктің дифференциалдық теңдеуі.

3 сабақ. Жылу өткізгіштік процестеріне арналған шарттар, шектес шарттың біріншіні, екіншіні, үшіншіні және төртінщі түрі. Жылу беруге арналған Ньютон-Рихман заңы. Жылу өткізгіштіктердің мақсаттарын шешу әдістері туралы ұсыну.

4 сабақ. Жалпақ қабырға арқылы жылу тасымалдау. Жылу өткізгіштіктің тұрақты және өзгергіш коэффициентіндегі жіңішке қабырғадағы температураның таралуын анықтау.

Тақырып 3. Жылуөту

5, 6 сабақ. Жылу жеткізу коэффициенті және термиялық кедергілер және олардың талдауы және анықтауы. Көп қабатты жалпақ қабырғаны есептеу.

7, 8 сабақ. Жалпақ қабырға арқылы жылу тасу: ұзын цилиндр қабырғасында температураның жылу өткізгіштік коэффициентінде тұрақты және өзгергіш таралуы, олардың талдауы және формуламен анықталуы.

9 сабақ. Көп қабатты цилиндрлік қабырға, жылулы оңашалауланған құбырдың сындық диаметрі. Көлденең қиманың оқтамасында тұрақты жылу өткізгіштік.

Тақырып 4. Біртекті ағынның жылуалмасуы

10 сабақ. Жылу беруді есептеу. Жылу беру негізгі түрлері: бірфазалы сұйықтықтарда және фазалық айналуларда, амалсыз және табиғи конвекцияда жылу беру. Гидродинамикалық және жылу ұғымы шекаралары туралы қабаттар.

11 сабақ. Сұйықтық ағынының ламинарлық және турбулентті түрі және жылу алмасумен байланысы. Турбулентті ағындағы жылдамдықтың және температураның соғулары. Жылдамдықтардық пен температуралардың орталану.

Тақырып 5. Тектікүй ауысуы мен химиялық түрленудегі жылумаңызалмасу

12 сабақ. Нусселтің формуласы бойынша жылуберуді еспетеу. Шықтану коэффициенті. Қабыршақтың ламинарлық және турбулентті ағымы; жылу берудің теориялық есеп-қисабының қабыршақ ламинарлық ағымы; қабыршақтың толқындық қозғалысына түзеу; бетінде ламинарлық және турбулентті қабыршағы бар ортаның жылу беру есеп-қисабы.

13 сабақ. Маныңзберу тендегі. Көпіршік диаметрінің уақытқа байланысты өзгертуі. Үзілмелі диаметр. Жылу беру коэффициентінің және жылу ағынының тығыздығының көпіршекті қайнау аймағы үшін үлкен көлемде қайнау кезіндегі температуралық қысымнан тәуелділігі.

Тақырып 6. Сәулелену жылуалмасуы

14 сабақ. Сәулелену ағыны; сәулелену ағынының үстіңгі және спектрлік жазықтары; сәулеленудің интенсивтілігі (жарықтығы); дененің сіңіргіштік, шағылдырғыштық және сорғыштық қабілеттері. Сәулелену ағындарының түрлері.

15 сабақ. Абсолютті қара дененің сәулелену заңдары: Планк заңы, Вин заңы, Стефан– Больцманның заңы. Сұр дене. Қаралық дәрежесі. Монохроматикалық және интегралдық сәулеленуге арналған Кирхгоф заңы. Сәулелену ағындарының геометриялық қасиеттері. Сәулеленгендік коэффициенттерін анықтау әдістері.
4.3.1 Зертханалық сабақтардың мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе

Кіріспе инструктажың өту. Зертханалық жұмыстармен танысу. Зертханалық жұмыстарды жазу мен қорғауға қатысты талаптар.




Тақырып 2. Жылуөткізгіштік

Цилиндрлік қабат әдісімен жылу өткізгіштік коэффицентін анықтау. Цилиндрлік материалдың жылу өткізгіштік коэффицентін тәжірибе арқылы анықтау әдістемесімен танысу.

Жұмыр қабат әдісімен жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау. Екі қабатты жұмыр қабырғаның жылу өткізгіштік коэффициентін және изоляцияның межелі диаметрін анықтаудың тәжірибелік әдістемесімен танысу.

Жүйелі тәртіп әдісімен температура өткізгіштік коэффициентін анықтау. Температура өткізгіштік коэффициентін анықтау әдістемесімен танысу.

Әртүрлі материалдардың жылу өткізгіштіктерін салыстыру. Тұрақты қималы оқтаманың жылу өткізгіштігін тәжірибелік анықтау әдістемесі.

Тақырып 3. Жылуөту

Жылуөтуді қарқындыру жолдары қарастыру. Қырланған беттің жылуөтуі. Қырдың тиімділік еселеуіші. Қабырғаны қырландырудың әрекеті.



Тақырып 4. Біртекті ағынның жылуалмасуы

Жылдамдық пен температура өрістері. Жылуалмасусыз сығылу және үйкелеу ыстықтықтарының байланысы. Қалпына келтіру еселеуіші. Ыстықтықтың ең үлкен мәні.

Ағынды жылуалмасудың дифференциалдық тендеулерін өлшемсіз түрге келтіру. Ұқсастық сандар мен тендеулер.Үлгілендіру. ұқсастық тендеулердің тәжрибелік анықтау әдісі.

Шектелмеген көлемдегі бос конвекция кезінде жылу беруді зерттеу. н жылу өткізгіштік коэффициент тәжірибелік анықтамалары және коэффициенттердің теңдеу критериальнойы азат конвекция жанында көлеммен шектелмеген .

Жылу айырбас процестерді үлгілеу. Электрлік үлгілерге күрделі түр денелердің температуралардың таралуын зерттеу.

Цилиндрдің амалсыз көлденең айнала ағып жылу беруі зерттеу.

Цилиндр көлденең айнала ағу кезіндегі критериальдық теңдеуден жылу беру коэффициентін және С тұрақтысын анықтау .

Тақырып 5. Тектікүй ауысуы мен химиялық түрленудегі жылумаңызалмасу

Таза будың шықтануындағы жылуалмасуы

Бу конденсациясының кезіндегі жылуберуді қарастыру. Құбырлардың ішіндегі будың жылдамдығының жылу беруге ықпалы.

Сұйықтық қайнаған кезіндегі жылуалмасуы. Көпіршік пайда болуының ең кіші өрісі мен жұмысы. Сұйықтың қайнау механизмі; сұйықтық қызып кетуі және бу түзілу орталықтарының шарттар сияқты булы фазаның пайда болуы.


4.4 СӨЖ мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі

жалпы орта білім негізіндегі күндізгі нысаны






СӨЖ түрлері

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

10


2

Тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20


3

Аудитиориялық сабақтардын мазмұнына кірмеген материалды зерттеу

конспект

қорғау

14

4

Зертханалық жұмыстарды орындау

Есеп

Жұмысты қорғау

14

5

Үйге берілген тапсырмаларды орындау

Есеп тапсыру

Қорғау

22

6

Бақылау жұмыстарды орындап қорғау

Бақылау жұмысы

Қорғау

22

7

Глоссари дайындау

Дәптер

Қорғау

10

8

Бақылау шараларына дайындық




АБ 1, АБ 2,

Емтихан


8




Барлығы







120

Сырттай орта кәсіби білім негізіндегі





СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағаттағы шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Конспекті тексеру

25

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20

3

Зертханалық жұмыстарды орындау

Есеп

Жұмысты қорғау

14

4

Дәріс сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

Конспекті тексеру

25

5

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2МБ, емтихан

5




Барлығы







78


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
Тақырып 2. Жылуөткізгіштік

Ұсақ саңылаулы қабырға туралы ұғым және жылу өткізгіштіктің ішкі жылу қайнарлар жалпақ қабырға, цилиндрлік және жұмыр қабырғалар үшін. Жұмыр қабырға арқылы жылу тапсыру. Көп қабатты цилиндрлік қабырға, жылулық құбыр изоляциясының межелі диаметрі. жұмыр қабырға арқылы жылу тапсыруы. Тұрақты және өзгергіш қима оқтамасында жылу өткізгіштік, жуандығы тұрақты дөңгелек қабырғасы. Жылу жеткізу процесін интенсификациялау [1, 9-20 б.].

Стационарлық тәртіптегі жылу өткізгіштік

Жалпақ біркелкі және көп қабатты қабырғаның жылу өткізгіштігі . Біркелкі және көп қабатты цилиндрлік қабырғаның жылу өткізгіштігі . 1- ші , 2- ші және 3- ші шектес шарттың стационарлық жылу өткізгіштігі [1, 24-38 б.].



Тақырып 3. Жылуөту

Жылуөтуді қарқындыру жолдары. Қырланған беттің жылуөтуі. Қырдың тиімділік еселеуіші. Қабырғаны қырландырудың әрекеті. Ағындардың шығуындағы ыстықтықтарын анықтау. ТҚАЖ-ның тиімділіктерін салыстыру. Күрделі жылуалмастырғыштардың температура арындарының ортамәні. [1, с. 108-124 ], [6, с. 332 -343 ].



Тақырып 4. Біртекті ағынның жылуалмасуы

Оның ерекшеліктері. Лайон тендеуі. Ретті, ретсіз және өтпелі тәртіпте ағынды құбырдың жылуберуі. Ішкі ағынды имек, шоғырлы не қимасы әртүрлі құбырлардың жылуберуі.

Жылуберу еселеуішінің сипаттамасы және анықтау жолдары. Жылуберу тендеуін тұтқырлық қабат ұғұмына сүйене құрастыру.

Қайрат тендеуін құрастыру. Оның талдауы. Көтеру күшін сығылмайтын тұтқырлы сұйықтардың қозғалыс тендеулерінде жуықты ескеру. Аз сығылатың тұтқырлы сұйықтардың ыстықтығы аз өзгеретін ағынды жылуалмасуының дифференциалдық (шаққылық) тендеулерінің жүйесі мен бірмәндік шарттары. Жылуалмасусыз сығылудағы толық температураның көтерілуі.

Жылдамдық пен температура өрістері. Жылуалмасусыз сығылу және үйкелеу ыстықтықтарының байланысы. Қалпына келтіру еселеуіші. Ыстықтықтың ең үлкен мәні.

Ағынды жылуалмасудың дифференциалдық тендеулерін өлшемсіз түрге келтіру. Ұқсастық сандар мен тендеулер.Үлгілендіру. ұқсастық тендеулердің тәжрибелік анықтау әдісі.

Жеке және шахматты мен дәлізді орналасқан құбырлардың сыртқы ағынды жылуберуі. [6, с. 62 -211 ].

Тақырып 5. Тектікүй ауысуы мен химиялық түрленудегі жылумаңызалмасу

Бу конденсациясының пайда болу шарттары. Пленкалы және тамшылық конденсация. Конденсация коэффициенті. Фазалық асудың термиялық кедергісі. құрғақ қанған бу конденсаттың тік қабырғаларда; қабыршақтың ламинарлық және турбулентті ағымы; жылу берудің теориялық есеп-қисабының қабыршақ ламинарлық ағымы; қабыршақтың толқындық қозғалысына түзеу; бетінде ламинарлық және турбулентті қабыршағы бар ортаның жылу беру есеп-қисабы.

Қабырғаны сұйықтықпен дымқылдаудың ықпалы. Будың өсу шегі, үзілімі және көпіршіктердің қозғалысын. Бу түзілу орталық минимальды радиусы; бу түзілу орталықтарының жұмыс істейтін саны. Көпіршік диаметрінің уақытқа байланысты өзгертуі. Үзілмелі диаметр. Қабырға аралық және сұйық фазамен жылу айырбас, сұйық және булы аралық фазалармен. [6, с. 231 -302].

Тақырып 6. Сәулелену жылуалмасуы

Жылулық сәулелену негізгі заңдары. Негізгі ұғымдар және анықтамалар: сәулелену ағыны; сәулелену ағынының үстіңгі және спектрлік жазықтары; сәулеленудің интенсивтілігі (жарықтығы); дененің сіңіргіштік, шағылдырғыштық және сорғыштық қабілеттері. Екі сұр денелерден тұратын тұйық жүйедегі сәулеленумен жылу айырбас: жалпы түрі; біреуі екіншісінің қуысында орналасқан денелер; жалпақпараллельді бетті денелер. Жылусақтау қалқаларының әрекеті.

Газдар арасындағы сәулелену. Абсолютті қара дененің сәулелену заңдары: Планк заңы, Вин заңы, Стефан– Больцманның заңы. Сұр дене. Қаралық дәрежесі. Монохроматикалық және интегралдық сәулеленуге арналған Кирхгоф заңы. Сәулелену ағындарының геометриялық қасиеттері. Сәулеленгендік коэффициенттерін анықтау әдістері. [6, с. 305 -331 ].





Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





5В071700 "Жылуэнергетика" мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы «Жылумаңызалмасу»

Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кредиттер

Академиялық сағат

кредиттер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сын.

КЖ-а

КЖ-с

барлығы

Дәр

пр.

зерт

барлығы

СОӨЖ

Күндізгі жалпы орта білім негізінде

4

180

67,5

112,5

4


































4

4

67,5

37,5

15

15

112,5




























Сырттай орта кәсіби білім негізінде

2

90

12

78

3










2,3


2


12

6


6




78




Кафедра меңгерушісі _________________ Глазырин С.А.

Әдебиеттер тізімі
Негізгі:


  1. Тепломассообмен. Краткий конспект лекций / Тулебаева Ж.А. – Павлодар: изд-во «Кереку», 2007 – 54 с.

  2. Жылумаңызалмасу. Қысқаша дәрістер конспектісі/ Тулебаева Ж.А. – Павлодар: изд-во «Кереку», 2006 – 57 б.

3 Тепломассообмен. Методические указания к лабораторным работам / Тулебаева Ж.А. – Павлодар: изд-во «Кереку», 2010 – 41 с.
Қосымша:


  1. Темирбаев Д.Ж. Тепломассообмен: Решение задач с использованием ЭВМ. – Алматы: АИЭС, 2004. – 64 с.

  2. Темирбаев Д.Ж. Тепломассообмен: Лабораторный практикум. – Алматы: АИЭС, 2003. – 44 с.

6 Е. Нұрекен. Сұйық және газ механикасы.- Алматы: АЭЖБИ, 2005, 193б

7 А.К. Қадырбаев Сұйық және газ механикасы, гидропневможетектер.Оқулық. - Алматы.: Бастау, 2008 – 270 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет