Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы



жүктеу 125.13 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі125.13 Kb.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы

ақпарат
Алматы қаласында жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу бойынша іс-шаралар Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландырудың 2012 жылға арналған нақтыланған жоспары - 7 393,4 млн. теңгені, ал 2012 жылдық 9 айына арналған жоспар - 5 586,6 млн. теңгені құрайды, есептік кезеңде нақты игерілгені - 5 513,5 млн. теңге (9 айға арналған жоспардың 98,7 пайызы игерілген).

Халықтың табысы төмен тобына қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар тағайындау және төлеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындалып, төленуде. Жәрдемақы адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен болған жағдайда тағайындалады. Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын немесе 11 405 теңгені құрайды (II тоқсандағы мөлшер).

2012 жылы жәрдемақы төлеуге бөлінген қаражаттың көлемі 38,6 млн. теңгені құрайды. Жыл басынан бері балалар жәрдемақысы бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1618 теңге) 1136 отбасыға (2643 балаға) 22,3 млн. теңге сомаға тағайындалды.

ҚР “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заңына сәйкес мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Аталған көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен болған жағдайда көрсетіледі. Кедейшілік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталады (III тоқсандағы мөлшері 7603теңге).

АӘК төлеу үшін 106,5 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 52,5 млн.теңгеге 587 отбасыға (1817 адамға) тағайындалды. АӘК –тің орташа мөлшері 3210 теңгені құрады (отбасының 1 мүшесіне кедейлік шегіне дейін үстемақы).

Негізгі атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың 52,8 пайызы - балалар, 32,9 пайызы - жұмыссыздар, ал 14,3 пайызы - балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, мүгедектер және өзгелер болып табылады.

Алматы қаласы мәслихатының «Арнайы қалалық жәрдемақы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № 16 шешіміне сәйкес, зейнеткерлер, арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтындар, еңбек майданының қатысушылары, бірінші топтағы мүгедектер, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруынан жапа шеккендер, жасы бойынша мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушылар, арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдар 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы қалалық жәрдемақы алады (1618 теңге). Осы мақсатқа ағымдағы жылы қалалық бюджеттен 2 743,7 млн теңге бөлінген. Жыл басынан бері аталған жәрдемақы 2 193,0 млн. теңгеге 157 088 адамға тағайындалды.

Алматы қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы «Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібі туралы» шешіміне сәйкес табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

2012 жылы тұрғын үй көмегіне 219,9 млн. теңге бөлінді. 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғын үй көмегі 38,2 млн.теңге сомасында 2898 адамға тағайындалды.

Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы «Мүгедек балаларды үй жағдайында тәрбиелеу және оқыту Ережесін бекіту туралы» №3/390 қаулысына сәйкес мүгедек балалары бар отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан жәрдемақы тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 10517 теңге төленеді. Аталған жәрдемақы әр тоқсан сайын тағайындалады. 2012 жылы аталған жәрдемақыға - 24,5 млн.теңге бөлінген. Жыл басынан бері аталған жәрдемақы 21,3 млн. теңге сомасында 720 адамға төленді.

Алматы қаласы әкімінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі «Алматы қаласындағы аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» № 1/257 қаулысына сәйкес бір жолдық материалдық көмек 26,3 млн. теңге сомасында 3974 адамға көрсетілді.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін 2012 жылға 302,4 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан бері 2775 адам 233,1 млн. теңге сомаға «Самал» демалыс үйі мен «Қазақстан», «Ақ-қайын», «Алматы» шипажайларында денсаулықтарын түзеді.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүруге арналған жеңілдігі бар жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде. Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 13,8 млн. теңге сомаға 1030 адамға жол жүру билеттері берілді.

Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 5 маусымдағы № 353 шешіміне сәйкес Ленинград қоршауында болғандарға 5 мың теңгеден жалпы сомасы 540,0 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.

Сонгдай-ақ Ленинград қоршауында болған 6 адамға Санкт-Петербург қаласына барып қайтулары үшін жалпы сомасы 438,2 мың. теңге төленді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 67 – жыл толуына орай 192,5 млн. теңге сомаға 6231 адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілді, соның ішінде:


  • 1555 ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне 35 000 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 54,4 млн. теңгеге;

  • 4568 ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 30000 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 137,0 млн. теңгеге;

  • 66 ҰОС жылдарында қаза тапқандардың жесірлеріне 10 000 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 0,6 млн. теңгеге;

  • Ауғаныстандағы ұрыс қималдары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен қайта некеге отырмаған жұбайларына10 000 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 0,4 млн. теңгеге.

Алматы қаласы мәслихатының ағымдағы жылдың 29 ақпандағы шешіміне сәйкес ыстық және суық суды есептейтін құралдарды сатып алу, түгендеу және орнату, сондай-ақ орнатуға кететін шығынды өтеу мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін немесе тұрғын үй көмегін алушы табысы аз азаматтарға, жасы бойынша зейнеткерлер мен 1-3 топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек белгіленген. Аталған көмек бір құралға төрт айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде азаматтың екінші деңгейлі банктегі жеке шотына аудару жолымен көрсетілді. Аталмыш көмекті алатындардың саны – 3,3 мың. адамды құрайды, бұл мақсатқа 60,4 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі кезде 15,8 млн. теңге сомаға 1321 адамға көмек көрсетілді (2947 есептеуіш құрал ).

«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Алматы қаласы әкімдігіне 82 көпбалалы аналардың құжаттары жіберілді, оның ішіндегі: 25-і «Алтын алқа», ал 56-сы «Күміс алқа».

Жыл басынан бері 22,7 млн. теңге сомасындағы қаражатқа 23068 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында жүзеге асырылуда.

ЗТМО-ның Алматы қалалық бөлімшесінің мәліметіне сүйенсек, 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша Алматы қаласындағы мүгедектердің саны 35 033 адамды құрайды, соның ішінде 1-2 – топтағы мүгедектер – 21 938 адам, 3 топтағылар – 8010 адам, ҰОС-ның мүгедектері – 459 адам, ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілгендер – 1301 адам, сондай-ақ «мүгедек бала» санатындағылар – 3325 адам.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту бойынша шаралар ҚР-ның «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының аясында жүзеге асырылады. Ал ҚР-ның «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Заңына сәйкес мүгедектерге мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор арқылы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында үкіметтік емес сектордың жартылай стационар жағдайындағы күндізгі уақытта болу бөлімшелері жұмыс істейді. Аталған қызметтер қоғамдық қорлары үкіметтік емес ұйымдары арқылы жалпы саны 175 адамды құрайтын 18 жастан асқан тұлғалар мен мүгедек балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Атап айтсақ, жасалынған келесім-шарт бойынша «АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының Қауымдастығы – 90 балаға, «Рух» ҚБ-і – 50 балаға, «Мархабат» ҚҚ-ы – 35 балаға қызмет көрсетуде. 2012 жылға осы мақсатқа республикалық бюджеттен 43,6 млн теңге көлемінде насыналы трансферттер, ал жергілікті бюджеттен - 36,8 млн. теңге сомасында қаражат бөлінген. Биылғы жылдың 1 қазанындағыи жағдай бойынша 60,8 млн. теңге игерілді.

Сонымен қатар, 5 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшеде және екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) 93 адамға жартылай стационар жағдайында, ал үй жағдайында 1151 мүгедек балаға қызмет көрсетілуде, қызмет көрсетіледі, соның ішінде 161-і 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдар болып табылады.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Алматы қаласында мүгедектер арнайы жүріп-тұру құралдарымен, тифло-сурдоқұралдармен, арнайы гигиеналық құралдармен және жеке көмекшінің қызметімен, сондай-ақ ыммен сөйлесу тілінің аудармашысымен қамтамасыз етілуде. Осы мақсатқа 2012 жылғы бюджет есебінен 635,1 млн. теңге қарастырылған.

Жыл басынан мүгедектер төмендегі қызмет түрлерімен қамтамасыз етілді:

- 135,2 млн. теңге сомаға 710 адам жеке көмекшінің қызметімен;

- 50,6 млн. теңге сомаға 1074 адам протездік-ортопедиялық көмекпен;


Қоғамдық көлік қызметін пайдалануға мүмкіндіктері жоқ, қозғалыста қиындық көретін бірінші топтағы мүгедектерге «Инватакси» қызметін көрсету үшін «Оңалту қызметтері орталығы» ЖШС келісім-шарт жасалынды. Үстіміздегі жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 275 адамға 13,3 млн. теңге сомаға инватакси кызметі көрсетілді.

2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша әлеуметтік мекемелерде 1307 адам өмір сүруде, соның ішінде:





Ардагерлер үйі - 315 адам



Алматы қалалық мүгедектер мен психоневрологиялық ауытқуы бар адамдарға арналған Интернат-үйі – 621 адам



Алматы қалалық балалар психоневрологиялық интернат-үйі - 145 адам



Әлеуметтік тұрғын үй- 46 адам



Тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы - 180 адам (қызмет көрсетілді).


Есептік кезеңде еңбек нарығында жұмыссыздар санның өсуі байқалған жоқ. Тоғыз айда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш білдіргендердің саны – 5836 адам. Бұл, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1032 адамға (15 пайызға аз). Өтініш білдіргендердің ішінен 1032 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысущылардың құрамына енгізілді.

Жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру еңбек нарығындағы негізгі белсенді шаралардың бірі болып табылады. Есептік кезеңде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы 2237 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның 470-і адам нысаналы топқа жататын жұмыссыздар болып табылады.

Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға -2704 аадм, әлеуметтік жұмыс орындарына -512 адам, ал кәсіби даярлау курстарына- 1137 адам жіберілді.

Аудандық әкімдіктердің жүргізген мониторингі көрсеткен мәліметтерге сүйенсек, үстіміздегі жылдың тоғыз айында 9209 жұмыс орны құрылған, соның жартысына жуығы немесе 3216-сы сауда қызметінде, әрбір төртіншісі (2482) өнеркәсіпте, ал әрбір сегізіншісі (1087) құрылыс саласында.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыссыздық деңгейінің динамикасына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Жүргізілген мониторинг нәтижесіне бойынша еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың саны – 775,9 мың. адам құраса, жұмыссыздардың саны 43,9 мың. адамды, ал жұмыссыздың деңгейі – 5,7 пайызды құрайды.

Тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 0,3 пайызды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен. Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны – 2387 адам.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,9 пайыз, жұмыссыз жастардың саны – 5,3 мың. адам, аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркеуде тұрғандардың саны – 552 адам болса, ал тіркелген жұмыссыз жастардың деңгейі 0,3 пайыз.

Бұрынғысынша жұмыссыздар құрамының басым бөлігі әйелдер, олар жалпы жұмыссыздардың 69 пайызын құрайды. Жұмыссыздар құрамының басым бөлігін 21 жасқа дейінгі жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, зейнеткерлік жастың қарсаңындағы тұлғалар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген адамдар, сондай-ақ жалғызбасты көп балалы аналар, мүгедектер, табысы аз азаматтар мен нысаналы топтқа жататын басқа да адамдардан құралады. Жасы мен кәсіби ширақтығына, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігі шектеулі болуына байланысты еңбек нарығында бәсекелестігі төмен халықтың нысаналы тобын жұмысқа орналастыру түйіткілді мәселелердің бірі болып табылады. Нысаналы топтағыларды жұмысқа ораналастыру бойынша жоспарланған міндеттің аясында тоғызай ішінде 470 адам жұмысқа ораналастырылды.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 99,6 мың. адам жұмыс істейтін 403 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 1574 адам, алдағы 2 айда босатылу қаупі бар адамдардың саны – 1218 адам. 1016 адам немесе жұмыс істеушілердің 1,1 пайызы мәжбүрлі демалысқа жіберілген, соның ішінде 796 адам (жалпы санының 78,3 пайызы) – мекеме қызметінің ішінара тоқтатылуына байланысты, ал 198 адам (19,5 пайызы) – өндіріс көлемінің азаюуына байланысты жұмыстан босатылған болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша орта мерзімді кезеңге арналған (2013-2015ж.ж.) Алматы қаласының жұмыспен қамту картасы әзірленіп, ағымдағы жылдың 8 қыркүйек айында аталған картаның таныстырылымы болып өтті. Жұмыспен қамту каратасын әзірлеудегі негізгі мақсат – қаланың еңбек нарығындағы теңгерімділік деңгейін анықтау болып табылады. Аталған карта әзірлеудің нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыс табу мақсатында еңбек нарығына шыққан жұмыс күшінің көлемін нақтылау арқылы жұмыскерлерге деген қосымша қажеттілікті анықтауға мүмкіндік туды.


Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Дәлірек айтсақ қалада бағдарламаның «өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу»атты бірінші бағыты іске асырылуда. қаржыландыру көлемі 1 127,9 млн. теңгені құрайды (биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша игерілген сома мөлшері – 785,2 млн. теңге).


Ағымдағы жылдың басынан бері Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысу үшін Жұмыспен қамту орталығына 1403 адам өтініш білдірді.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша өткен жылдан ауысқан контингентті қоса есептегенде Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 2475 адамды құрайды. Соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнында істегендер –675 адам, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберілгендер – 692 адам, сондай-ақ оқу орындарында кәсіптік оқыту курстарынан өткендер – 810 адамды құрайды (2011 жылдан ауысқан контингент), ал жастар тәжiрибесiне жіберілгендердің саны 298 адам.

2011 жылы оқуды аяқтаған Бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Есептік кезеңде аталған азаматтардың арасынан жұмысқа орналастырылғандардың саны – 525 адам, соның ішінде 506 адам тұрақты жұмыс орындарына, 19 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды (75,9 пайызы).

Апта сайын бар бос жұмыс орындары туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Срочные вакансии», «Работа для всех», «Еңбек нарығы» газеттеріне ұсынылып отырады және басқарманың веб-сайтында да бос жұмыс орындары туралы ақпарат жарияланып келеді. Сондай-ақ, апта сайын «Алматы ақшамы», «Вечерный Алматы» гезеттерінде Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылуы туралы және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының мекен-жайлары жариялануда. Орталық стадионның, Мега орталықтың, Арбат көшесінің жанында орналастырылған лед-дисплейде Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылуы туралы жарнамалық роликтер көрсетілуде.

Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 2/338 қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі калалық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді. Комиссия төрағасы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашев болып табылады.

Қаланың еңбек нарығын қорғау және шетелдік жұмыс күшін кіргізу жұмыстары шетелдік жұмыс күштерін тартуға белгіленген квота шегінде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылға Алматы қаласына 6060 бірлік квота белгілеген. Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1474 шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат берілді.

Жыл басынан бері 1487 мекеме шетелдік мамандарды тартқан, аталған мекемелерде 86,5 мың Қазақстан азаматтары және 3484 шетел азаматтары жұмыс істейді. Шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілер Қазақстан азаматтарына арнап қосымша 2173 жұмыс орындарын құрды. Сонымен қатар, отандық 1790 маман кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан, ал 2402 маман біліктілігін арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ 130 шетелдік мамандар қазақстандық мамандармен ауыстырылды.

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы мен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ жыл басынан бері газет-журнал беттерінде 93 мақала мен сұхбаттар жарияланды және «Хабар», «Ел Арна», «Алматы» «31 канал», «КТК» сынды тағы да басқа телеарналарда 69 ақпараттық хабарламалар, баяндамалар мен сұхбаттар берілді.



Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері 62 семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдерге, сондай-ақ 15 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты. Ай сайын басқарманың «Еңбек нарығы» газеті жарық көруде, жыл басынан бері аталған газеттің 7 саны жарық көрді. Ғаламторда Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша ақпараттық материалдар тұрақты түрде орналастырылуда. Ай сайын «Работа для всех» және «Срочные вакансии» газеттерінде бағдарлама қатысушыларының түйіндемелері жариялануда.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет