Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2013 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі61.15 Kb.
#2689
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының 2013 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы

ақпарат
Алматы қаласында жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу бойынша іс-шаралар Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады.

Табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.

18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (1731 теңге). Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын немесе 11605 теңгені құрайды (II тоқсандағы мөлшер). 2013 жылдың 1 шілдесіне балалар жәрдемақысы 10,9 млн. теңгеге 683 отбасына (1618 балаға) төленді.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (II тоқсандағы мөлшері 7737 теңге).

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 17,1 млн. теңгеге 338 отбасыға (1129 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 2528 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар- балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.

Зейнеткерлер, еңбек майданының қатысушылары, бірінші топтағы мүгедектер, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруынан жапа шеккендер, жасы бойынша мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушылар, арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдар 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы қалалық жәрдемақы алады (1731 теңге). Жыл басынан бері аталған жәрдемақы 1593,5 млн. теңгеге 158349 адамға тағайындалды.

Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан бері тұрғын үй көмегі 58,5 млн.теңге сомасында 3539 адамға тағайындалды.

Мүгедек балаларды үй жағдайында оқытып тәрбиелейтін отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 11252 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Жыл басынан бері аталған жәрдемақы 14,2 млн. теңге сомасында, 675 адамға төленді.

Өмірлік қиын жағдайға кез болған 2108 адамға 13,9 млн. теңге сомасында бір жолдық материалдық көмек көрсетілді.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін 2013 жылға 368,0 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан бері 1920 адам денсаулықтарын түзеуге мүмкіндік алды.

ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүрулері үшін тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 7,9 млн. теңге сомаға 826 адамға жол жүру билеттері берілді.

Ыстық және суық суды есептейтін құралдарды сатып алу, түгендеу және орнату, сондай-ақ орнатуға кететін шығынды өтеу мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін немесе тұрғын үй көмегін алушы табысы аз азаматтарға, жасы бойынша зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек белгіленген. Аталған көмек бір құралға төрт айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде азаматтың екінші деңгейлі банктегі жеке шотына аудару жолымен көрсетілді. Есептік кезеңде 56,2 млн. теңге сомаға 4515 адамға көмек көрсетілді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 68 – жыл толуына орай ҰОС-ның ардагерлері мен қатысушыларына, соларға теңестірілгендерге, ҰОС-да қаза тапқандардың жесірлеріне, Ауғаныстандағы ұрыс қималдары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен қайта некеге тұрмаған жұбайларына жалпы сомасы 231,2 млн. теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек төленді. Аталған көмекті алушылар 5812 адамды құрады.

Ленинград қоршауында болған 1 адамға Санкт-Петербург қаласына бару және қайта оралу үшін жалпы сомасы 69,2 мың. теңге төленді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының аясында жүзеге асырылады.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Алматы қаласында мүгедектер арнайы жүріп-тұру құралдарымен, тифло-сурдоқұралдармен, есту-протездеу көмегімен, протездеу және ортездеу қызметтерімен, арнайы гигиеналық құралдармен және жеке көмекшінің қызметімен, сондай-ақ ыммен сөйлесу тілінің аудармашысымен қамтамасыз етілуде. Жыл басынан бері осынау көмектер мен қызметтердің түрімен 347,8 млн. теңге сомаға 4757 мүгедек қамтамасыз етілді.

Жүрдекше-арбашамен жүретін 212 бірінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға инватакси кызметі көрсетілді.

Сонымен қатар, 5 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшеде және екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) 100 адамға жартылай стационар жағдайында, ал үй жағдайында 1076 мүгедек балаға қызмет көрсетілуде, соның ішінде 152-і 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдар болып табылады.

Күндізгі уақытта болу бөлімшелерінде үкіметтік емес ұйымдар (АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының Қауымдастығы, «Рух» ҚБ, «Мархабат» ҚҚ) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Аталған ұйымдарда 180 мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдарға қызмет көрсетіледі. 2013 жылға 85,7 млн. теңге бөлінген.

Ағымдағы жылы жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін психоневрологиялық патологиясы бар 50 балаға арналған күндізгі уақытта болу орталығы жұмыс істей бастады.

Есептік кезеңде әлеуметтік мекемелерде 1455 адам өмір сүруде.

Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша еңбек нарығында экономикалық белсенді халыққа шаққанда 786,7 мың адамды, жұмыссыздардың саны 44,6 мың адамды, ал жұмыссыздықтың деңгейі 5,7 пайызды құрайды (2013 жылдың I тоқсанындағы мәлімет).

Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш білдіргендердің саны – 3302 адам. Соның ішінен 648 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылары атанды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы 1334 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның ішінде 361 адам нысаналы топқа жататын жұмыссыздар болып табылады. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға -1263 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 354 жұмыссыз, ал кәсіби даярлау курстарына- 242 жұмыссыз жіберілді.

Шілде айының басындағы жағдай бойынша есепке алынған жұмыссыздардың деңгейі 0,2 пайызды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен.

Биылғы жылдың 2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны – 1345 адам (2012 жылдың 1 шілдесінде 2378 адам болған).

Бұрынғысынша жұмыссыздар құрамының басым бөлігі әйелдер, олар жалпы жұмыссыздардың 68 пайызын құрайды. Жұмыссыздар құрамының басым бөлігін 21 жасқа дейінгі жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, зейнеткерлік жастың қарсаңындағы тұлғалар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген адамдар, сондай-ақ жалғызбасты көп балалы аналар, мүгедектер, табысы аз азаматтар мен басқа да нысаналы топқа жататын адамдардан құрайды.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 98,1 мың. адам жұмыс істейтін 357 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 1623 адам. Мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 1108 адам.


Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Дәлірек айтсақ қалада бағдарламаның «өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бірінші бағыты іске асырылуда.


2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша өткен жылдан ауысқан контингентті қоса есептегенде Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 1943 адамды құрады. Соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнында істегендер – 488 адам, жастар іс-тәжiрибесiне жіберілгендер - 459 адам, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберілгендер -255 адам, сондай-ақ оқу орындарында 2011 жылдан ауысқан контингенттен 741 адам кәсіби оқыту курстарынан өтуде.

Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту үшін 2013 жылға республикалық бюджеттен 59,96 млн. теңге бөлінген, әлеуметтік жұмыс орындарына -73,07 млн. теңге, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыруға 80,39 млн. теңге бөлінді. Бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі – 213,4 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша игерілгені – 61,7 млн. теңге.



Бағдарлама қатысушылары сантехник, газоэлектросварщик, темір ұстасы, шаштараз, кондитер, жүргізуші, есепші сынды басқа да мамандықтар бойынша жұмыс істеді. Жастап практикасында бітірушілер заңгер, экономист, программист, есепші сияқты мамандықтар бойынша жұмыс істеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет