Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2011 жылдың 9 ай ішіндегі жұмыс қорытындылары туралы АҚпарат



Дата18.07.2016
өлшемі76.33 Kb.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2011 жылдың 9 ай ішіндегі жұмыс қорытындылары туралы АҚПАРАТ

 Барлық  экономика және әлеуметтік салалардың дамуына байланысты іс-шаралар кешендерін жүзеге асыру нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі айтарлықтай жақсартылды. 2009 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 2798 адамнан 1518 адамға дейін қысқартылып, 37,7 %-ды құрады.


Ауданда аз қамтылған азаматтар санының азаюы бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
«Қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданның демеушілерімен тұрақты қайырымдылық көмегі көрсетілуде. 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ауданның 2139 азаматына 4779,9 мың теңге сомада демеушілік көмек көрсетілді.
Ардагерлердің және жалғыз басты қарт зейнеткерлердің қысқы кезеңге отындарын дайындап, аулаларын жинау үшін ауданның мектептерінде 31 Тимуршылар отряды құрылды. Ауданда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне шаштараз қызметі тегін  көрсетілуде.
Бесқарағай ауылында белгіленген төмен баға бойынша өнімдерді босата отырып, аз қамтылған азаматтар, ҰОС ардагерлері және көп балалы отбасылар санатындағы адамдардан күніне 540 адамға қызмет көрсететін 1 «Ардагер» әлеуметтік дүкені жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауданның елді мекендеріндегі дүкендерде 60 әлеуметтік бұрыш ашылды. Бесқарағай ауылының аудандық орталығында жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша «Ромат» дәріханасы 10 % жеңілдікті бағамен дәрі-дәрмектер босатады.
2011 жылы ҰОС Жеңістің 66 жылдығына орай ҰОС 12 қатысушысы мен 9 мүгедегіне жергілікті бюджеттен 200,0 мың теңге (әр адамға 10,0 мың теңге)  сомада материалдық көмек көрсетілді.
Қазіргі күнге ауданның 34 зейнеткері «Уба» санаториясында денсаулықтарын жақсартты.
Семей қаласының протез зауыты ауданның мұқтаж ететін 14 мүгедегіне протездік-ортопедиялық көмек көрсетті.
2011 жылғы 1 қазанға сағат, тифломагнитолла, тифлоплеер мен тростар алған 8 адам тифло-техникалық заттармен қамтамасыз етілді.
2011 жылдың наурыз айында аудан әкімінің қабылдауы өтті:
8 Наурызды мерекелеуге орай мүгедектердің 30 зайыбы шақырылып, оларға 2000 теңгеден жалпы 60,0 мың теңге сомада ақшалай өтемақылар табыс етілді;
Наурыз мерекесін мерекелеуге орай қамқоршылар мен жетім балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршылар санатынан 30 адам шақырылып, оларға да материалдық көмек көрсетілді:
2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша соғыс жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссиямен 9 іс, оның ішінен 3 іс аудан ардагерлері Кеңесінің өтінімі бойынша қаралды. Қазіргі уақытта арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуда.
2011 жылғы 1 қазанға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде қызмет көрсетіледі:
- 51 мүгедек балаға, оның ішінен тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 19 балаға, психологиялық неврологиялық патологиямен науқастанған 32 балаға;
- психологиялық неврологиялық патологиямен науқастанған 1 және 2 топтағы 87 мүгедекке, оның ішінен тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 18 адамға, психологиялық неврологиялық патологиямен науқастанған 69 адамға;
- 95 жалғыз басты қартқа. 
Бөлімде 1 меңгеруші, әлеуметтік жұмыс бойынша 2 кеңес беруші және күту бойынша 38 әлеуметтік жұмысшы жұмыс істейді. Қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденген көлемінің шеңберінде және адамның тілегін есепке ала отырып, аптасына 2 рет қызмет көрсетілетін адамның жеке қажеттіліктері бойынша көрсетіледі. 
Мүгедектермен жұмыс істеу үшін, олардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін есепке ала отырып, әрбір адамға тоқсан сайын қаралып, өзгерістер енгізілетін 1 жылға арналған жеке жоспарлар жасалған.
Әлеуметтік жұмыс бойынша кеңес берушімен өткізілген іс-шаралар мен тоқсан сайынғы мониторингтің қорытындылары журналда/электрондық картотекада көрсетіледі.
Әрбір ауылдық округте шағымдар мен ұсыныстарға арналған кітаптар бар, олар қызмет көрсетілетін адамдардың танысуы үшін сақталады.
Апта сайын шағымдар мен ұсыныстар кітабы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісімен қаралып, оның құзыретіне кіретін шағымдар мен мәселелер бойынша сәйкес шаралар уақытында қабылданады.
     
Өңірдің 2020 жылға дейінгі даму жоспары бойынша:

2011 жылдың басынан бастап 421 адам ақылы-қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жылдық жоспар 168,4 %-ға орындалды. 2011 жылғы 1 қазанға тіркелген жұмыссыздардың саны 84 адамды құрады. Экономикалық белсенді халық санағындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,7 %-ды құрайды. Жыл басынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстар бойынша игеру 12060,0 мың теңгені құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 910,0 мың теңгеге (2010 жылға барлық шығындар – 11150,0 мың теңге) артық. 30 жұмыссыз кәсіптік дайындыққа жіберілді (оқыту бойынша жоспар 30 адам), «шаштаразшы» мамандығы бойынша 11 адам «Болашақ» кәсіптік лицейіне, «газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 5 адам Семей қаласының құрылыс колледжіне жіберілді. «Аспаз» мамандығы бойынша 2 адам, «тігінші» мамандығы бойынша 1 адам «Болашақ» кәсіптік лицейінде, «газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 5 адам, «В категориясындағы жүргізуші» мамандығы бойынша 6 адам Семей қаласындағы құрылыс колледжінде оқуларын жалғастыруда. Жұмыссыздарды жіберу бойынша 2011 жылдың жоспары 100 %-ға орындалды. Оқу үшін 470,7 мың теңге төленді, өткен жылмен салыстырғанда 35,7 мың теңгеге артық. Кәсіптік оқыту бойынша жеке тұлғаларға трансферттер 416,0 мың теңгеге төленді, өткен жылмен салыстырғанда 65,5 мың теңгеге артық.


1 қазанға 376 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар (жоспар 255 адам) 147,5 %-ға орындалды. 125 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспар (жоспар 78 жұмыс орны) 160,2 %-ға орындалды.  
16 жұмыссыз жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, жылдық жоспардан 266,6 %-ды құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне 12 жұмыссыз жіберілді. 7 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, жоспардан 116,6 %-ды құрайды, өткен жылға 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарының игерілуі 1382,0 мың теңгені құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 319,1 мың теңгеге артық.
519 адам жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірді, 2010 жылмен салыстырғанда 269 адамға кем.
     
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша:
          
2011 жылғы 1 қазанға жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының 32 түлегі Жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, бұл жылдық жоспардан (жоспар 25 адам) 128 %-ды құрайды. 2723,9 мың теңге немесе жоспардан 69,8 % игерілді. (Жоспар 3900,0 мың теңге).

Пилоттық жобалар бойынша:
 
«Біз біргеміз» және «Экологиялық туризмді ұйымдастыру»
Ауданда жұмыссыздардың санын азайтуға және аз қамтылған жұмыссыздарды кедейшілік пулынан шығаруға бағытталған екі жобаны іске асыру үшін 6 адамға жергілікті бюджеттен 1175,9 мың теңге сомада қаражат қарастырылды.
«Біз біргеміз» жобасы бойынша жұмыстар 2011 жылдың сәуір айынан бастап басталды. Саз аспаптарын (домбыра) дайындау үшін жеке кәсіпкер Б.З.Шамамбайға (Долон ауылдық округі) атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санынан 3 адам жіберілді. 
Ұлттық кәсіптік бұйымдар (құрақ көрпе, жастық, бөстек және т.б.) дайындау үшін жеке кәсіпкер Р.Зиядановаға (Семияр ауылдық округі) 3 адам жіберілді.
Осы жобаға 1000,0 мың теңге бөлінді, 900,0 мың теңге игерілді немесе 90 %.
«Экологиялық туризмді ұйымдастыру» жобасы жазғы кезеңге есептелген. 2011 жылдың маусымынан бастап жоба өз жұмысын М-Владимировка ауылының «Белуха» жастар бірлестігінде бастады. Осы жоба бойынша 2011 жылдың маусым және тамыз аралығында 4 адам жұмыс істеді. 111,9 мың теңге игерілді.
2011 жылғы 1 қазанға Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы
         
2011 жылғы 1 маусымға:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеп, есепке алу бойынша арнаулы комиссияға 1  азамат өтініш білдірді.


2011 жылғы 1 қазанға халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіліп, толық көлемде келесі әлеуметтік төлемдер төленді:
- жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша әлеуметтік төлемдер
122 адамға 1640,0 мың теңге сомада.
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына коммуналдық қызметтер.
346 алушыға 7683,0 мың теңге сомада.
      материалдық көмек көрсетілді:
Ауғанстанда қаза болған жауынгерлердің отбасыларына  
1 алушыға 45,0 мың теңге сомада.
- Қазақстан Республикасы алдында еңбегі сіңген жеке зейнеткерлерге   
1 зейнеткерге 30,0 мың теңге сомада.
- облыс алдында еңбегі сіңген жеке зейнеткерлерге
4 зейнеткерге 72,0 мың теңге сомада.
мүгедектер гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді
35 адамға 1492,4 мың теңге сомада.
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек:
157 отбасыға, оның ішінде 661 алушыға 12604,8 мың теңге сомада тағайындалып, 168 отбасыға, оның ішінде 705 алушыға 12971,2 мың теңге сомада;
2010 жылдың ұқсас кезеңіне 189 отбасыға, оның ішінде 671 алушыға 9995,3 мың теңге сомада мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 202 отбасыға, оның ішінде 731 алушыға 10415,0 мың теңге сома төленді, бұл 100 %-дан артық;
- 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар:
336 отбасыға, оның ішінен 818 балаға 9039,9 мың теңге сомада жәрдемақылар тағайындалып, 336 отбасыға, оның ішінде 818 балаға 9039,9 мың теңге сома төленді;
2010 жылдың ұқсас кезеңіне 406 отбасыға, оның ішінде 983 балаға 9705,7 мың теңге сомада жәрдемақылар тағайындалып, 407 отбасыға, оның ішінде 987 балаға 9717,3 мың теңге сома төленді, бұл 93 %-ды құрайды;
- үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балалардың материалдық қамтамасыз етілуі:  
30 отбасыға, оның ішінде 30 балаға жәрдемақы тағайындалып, 3698,6 мың теңге төленді;
2010 жылдың ұқсас кезеңіне 30 отбасыға, оның ішінде 30 балаға 3015,3 мың теңге сома тағайындалып, 30 отбасыға, оның ішінде 30 балаға 3015,2 мың теңге төленді, бұл 100 %-дан артық;
- аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегі
109 отбасыға 1650,0 мың теңге сомада көмек тағайындалып, 114 отбасыға 1669,5 мың теңге сома төленді;
2010 жылдың ұқсас кезеңіне 205 отбасыға 2720,0 мың теңге сомада тұрғын үй көмегі тағайындалып, 205 отбасыға 2720,0 мың теңге сома тағайындалды, бұл 61,4 %-ды құрайды;
- әлеуметтік көмек көрсетілді:      
- облыстың жоғары оқу орындарында оқуларын төлеу үшін аз  қамтылған отбасылардан шыққан жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға  

 36 студентке 8872,0 мың теңге сомада;
- оқу орнын аяқтағаннан кейін селолар мен ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге)
   2 маманға 225,0 мың теңге сомада
(1 мұғалімге 200,0 мың теңге сомада және 1 дәрігерге 25,0 мың теңге сомада қосымша ақы төлеу);
- біржолғы материалдық көмек:
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, 1,2 дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған және бұрында «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек (8 наурыз 5000 теңге мөлшерінде)  
559 алушыға 5525,0 мың теңге сомада.
4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен бірге тұратын көп балалы аналарға (8 наурыз және балаларды қорғау күніне орай 5000 теңге мөлшерінде)
154 алушыға 1485,0 мың теңге сомада
Халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, еңбекке қабілетсіз және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көмек есебінен халықтың қорғалмаған топтарын атаулы әлеуметтік қолдау қамтамасыз етілетін болады. Халықтың қорғалмаған топтарын әлеуметтік қолдау жалғастырылып, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын тұлғалардың саны азаяды.
Шағын несие берілген отбасылар аз қамтылған отбасылар және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан шықты. Аз қамтылған азаматтарды қолдау бойынша өңірлік қорынан шағын несие беру жалғастырылады.
Жұмыссыздық деңгейі кедейшілік деңгейінен шығу бойынша жаңа пилоттық жобаларды құру есебінен төмендетілетін болады. «Біз – біргеміз», «Экологиялық туризм» пилоттық жобалары – бұл ұлттық сувенирлер, ұлттық кәсіптік бұйымдарды дайындау және экологиялық туризмді ұйымдастырушы бойынша шеберлер ретінде аз қамтылған азаматтарды келешекте тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу.
Әлеуметтік қорғалмаған топтарды жұмыссыздықтан қорғау мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, кәсіптік дайындыққа, қайта дайындыққа және жастар іс-тәжірибесіне жіберу арқылы жұмыстар жалғастырылатын болады. 
Бұл шаралар жұмыссыздық деңгейін ұстауға және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдіргендердің санынан жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесі жаңа немесе аралас мамандықтар алу, бос орындарға сәйкес келешекте жұмысқа орналасу үшін біліктілікті арттыру, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша халыққа кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру, кәсіптік бағдарда азаматтар мен жұмыссыздарға қызмет көрсету есебінен артады.
Жұмыссыздықтың жалпы деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Туктыбаев

 
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет